Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына
жеңілдіктер беру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының
1999 жылғы 7 сәуірдегі № 374-I Заңы
1-бап. Республиканың мынадай заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. "Қазақ КСР-інде ауылды, селоны және аграрлық-өнеркәсіптік кешенді басым дамыту туралы" 1991 жылғы 13 ақпандағы Қазақ КСР-інің Заңына (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Ведомостары, 1991 ж., № 8, 93-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 13-14, 327-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат, № 12, 184-құжат):
1) 35-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Ауылдық жерлерде тұратын және жұмыс істейтін полицияның учаскелік инспекторларына осы Заңның 44-бабының 3-тармағында көзделген жеңілдіктер қолданылады.";
2) 44-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт ұйымдарының ауылдық жерлерде тұратын және жұмыс істейтін мамандарына тиісті жылға арналған республикалық бюджетте белгіленген мөлшерде және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен бір жолғы ақшалай төлем беріледі.".
2. "Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" 1991 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1991 ж., № 26, 345-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 9-10, 158-құжат; № 15, 208-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; № 17-18, 219-құжат; 1998 жылы 25 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 3-баптың екінші бөлігі алып тасталсын;
2) 35-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"35-бап. Әлеуметтік көмектің түрлері
Мүгедектерге әлеуметтік көмек жәрдемақылар, протез-ортопедия бұйымдарымен және аяқ киіммен, арнаулы шрифтісі бар баспа басылымдарымен, дыбыс күшейткіш аппаратурамен және сигнализаторлармен, компенсаторлық техникалық құралдармен қамтамасыз ету түрінде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен беріледі.
Мүгедектерді әлеуметтік және кәсіптік оңалту, оларға тұрмыстық қызмет көрсету мен өзге де көмек жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша беріледі.
Мүгедектер білікті медициналық жәрдеммен Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етіледі.";
3) 36-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"36-бап. Мүгедекке техникалық немесе өзге де құрал беру"
Мүгедекке техникалық немесе өзге де құрал Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жеке сауықтыру бағдарламасына сәйкес беріледі.";
4) 39-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"І және ІІ топтағы мүгедектерге коммуналдық қызмет көрсетулерге (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, қоқыс шығару, лифтілерге қызмет көрсету), отынға, тұрғын үйді ұстауға жұмсалған шығындарды төлеу үшін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.
Мүгедектердің жекелеген санаттарына қосымша тұрғын үй алаңына құқық беріледі. Қосымша тұрғын үй алаңын беру ережесі және оны алуға құқығы бар мүгедектер санаттарының тізбесі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.";
5) 40-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"40-бап. І және ІІ топтағы мүгедектерге телефон орнату жөніндегі жеңілдіктер
І, ІІ топтағы мүгедектердің пәтер телефонын кезектен тыс орнатуға құқығы бар.";
6) 41-бап алып тасталсын;
7) 44-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"44-бап. Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың мүгедектерді әлеуметтік қолдау жөніндегі құқықтары
Жергілікті өкілді және атқарушы органдар тиісті бюджеттер қаражатының есебінен өз құзыретінің шегінде:
тұтыну бағалары индексінің өсуіне сәйкес мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларға қосымша ақылар;
басқа адамның көмегін қажет ететін жалғызілікті мүгедектердің күтіміне берілетін мемлекеттік жәрдемақыларға жұмсалатын қосымша үстеме ақылар;
санаторий-курорттық ем алу жөнінде жеңілдіктер белгілейді.".
3. " Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері туралы" 1992 жылғы 23 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 11-12, 290-құжат; № 24, 592-құжат; 1993 ж., № 8, 179-құжат; 1995 ж., № 1-2, 17-құжат; № 23, 155-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; № 13-14, 205-құжат):
1) 33-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тізбе бойынша Ішкі әскерлердің әскери қызметшілеріне (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқасына) еңбек еткен жылдарына қарамастан, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін ескере отырып, тұрғын үй қорының кімге тиесілі екендігіне қарамастан тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсетулерге (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау) жұмсалатын шығындарды төлеу үшін тиісті жылға арналған республикалық бюджетте белгіленген мөлшерде ақшалай өтемақы төленеді.";
2) 34-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"34-бап. Ішкі әскерлер әскери қызметшілерінің жол жүруі жөніндегі жеңілдіктері
Жергілікті өкілді органдар тиісті бюджеттер қаражаты есебінен ішкі әскердің әскери қызметшілерін қала ішінде, қала маңына және жергілікті жерлерде қатынайтын қоғамдық көліктің барлық түрінде (таксиден басқа) жол жүру ақысын төлеуден тиісті бюджеттер қаражаттары есебінен босатуға құқылы.".
4. "Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" 1992 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 13-14, 348-құжат; 1994 ж., № 8, 140-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; № 21, 274-құжат; 1998 жылы 25 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 13-баптың 2-тармағының, 15-баптың, 16-баптың қолданылуы 2000 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын;
2) 14-бап алып тасталсын;
3) 19-баптың 3) тармақшасы алып тасталсын.
5. "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 23, 560-құжат; 1994 ж., № 8, 140-құжат; № 20, 252-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; № 22, 334-құжат; 1998 жылы 25 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 12-бапта:
"ең төмен жалақы" деген сөздер "айлық есептік көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Бірінші кезекте бір жолғы ақшалай өтемақы алу құқығын зейнетақы жасына жеткен азаматтар пайдаланады.".
"Сонымен қатар бұл азаматтар мүгедектігі ядролық сынақтар салдарынан болған мүгедектер үшін емделу курсынан өткен кезде жолдамаға немесе көлік шығынына 100 процент мөлшерінде жыл сайын емделуге берілетін жәрдемақы беріледі немесе ең төмен жалақының 10 есе сомасы мөлшерінде төлем алуға құқылы." деген соңғы азатжол алып тасталсын.
2) 14-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Сырқат баланы күту жөніндегі жұмысқа жарамсыздық парағына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ата-ананың біреуіне немесе олардың орнындағы адамдарға, жұмыс стажына қарамастан, бүкіл сырқаттанған кезеңге ақы төленеді.";
3) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"19-бап. Азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі шараларды қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Азаматтарды осы Заңда көзделген әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар:
республикалық және жергілікті бюджеттердің;
кәсіпорындардың қаражаты;
қайырмалдықтардың, қайырымдылық көмектің, сондай-ақ халықаралық қорлардың қаражаты есебінен қаржыландырылады.
Халықты медициналық сауықтыру және аумақтарды әлеуметтік- экономикалық дамыту нысаналы мемлекеттік бағдарламалар негізінде жүзеге асырылады.".
6. "Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1993 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., № 2, 32-құжат; № 18, 429-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; № 22, 133-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат):
1) 12-баптың он екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Әскери қызметшілерге (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқасына) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тізбе бойынша, еңбек еткен жылдарына қарамастан, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін ескере отырып, тұрғын үй қорының кімге тиесілі екендігіне қарамастан тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсетулерге (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау) жұмсалатын шығындарды төлеу үшін тиісті жылға арналған республикалық бюджетте белгіленген мөлшерде ақшалай өтемақы төленеді.";
2) 13-бапта:
алтыншы бөліктегі "Бұл орайда аталған әскери қызметшілерге жыл сайын жолдаманың орташа құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төленеді. Олардың отбасы мүшелері жолдамаға жолдама құнының 50 проценті мөлшеріндегі жеңілдікті жағдайда ақы төлейді. Бұл құқық қайтыс болған аға және жоғары офицерлердің жұбайларына да сақталады." деген сөздер "Бұл орайда қызметтік міндеттерін атқару кезінде жарақат алған аталған әскери қызметшілерге бір ай мерзімге жолдаманың орташа құны мөлшерінде біржолғы ақшалай өтемақы төленеді.";
жетінші бөлік алып тасталсын;
3) 16-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Офицерлердің, прапорщиктердің, мичмандардың, әскери қызметші әйелдердің және шарт бойынша қызметін өтеуші адамдардың Қазақстан Республикасының аумағында қызмет бабымен орын ауыстырғанда және әскери қызметтен босағанда темір жол, әуе қатынасы, су және автомобиль көлігімен тегін жүру, бұған қоса он тоннаға дейін өз мүлкін тегін тасымалдау құқығы бар.";
екінші бөліктегі "демалысқа, соның ішінде емделуге барып, қайтқанда, сондай-ақ" деген сөздер алып тасталсын;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Жергілікті өкілді органдар мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге қала ішінде, қала маңына және жергілікті жерлерде қатынайтын қоғамдық көліктің барлық түріне (таксиден басқа) жол жүруге жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жеңілдіктер беруге құқылы.";
бесінші, жетінші бөліктер алып тасталсын.
7. "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" 1993 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., № 10, 242-құжат; 1994 ж., № 8, 140-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; № 17-18, 220-құжат; № 22, 334-құжат; 1998 жылы 25 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін негізсіз қуғын-сүргінге ұшыраған адамдарға ақшалай өтем төлеуді қоспағанда, 22 және 23-баптардың қолданылуы 2003 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатыла тұрсын;
2) 24-бапта:
бірінші бөлікте:
төртінші - сегізінші азатжолдар алып тасталсын;
он үшінші азатжол мынадай редакцияда жазылсын:
"протез-ортопедия бұйымдарымен жеңілдікті қамтамасыз ету;".
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына, мүгедек болып қалған және зейнеткер болып табылатын, саяси қуғын-сүргіндер салдарынан зардап шеккен адамдарға тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызмет көрсетулер (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, қоқыс шығару, лифтілерге қызмет көрсету) үшін, телефонды пайдаланғаны үшін, қалалық жолаушылар көлігінің барлық түрімен (таксиден басқа) жүруге және темір жолда, су, әуе, қалааралық көлікте жылына бір рет жүруге жұмсалатын шығындарды төлеу үшін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.".
Ескерту. 7-тармақ өзгерді Қазақстан Республикасының 19.01.01 ж. № 145-II Заңымен.
7-тармақ өзгерді Қазақстан Республикасының 24.12.01 ж. № 275-II Заңымен.
8. Қазақстан Республикасы Президентінің "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 6, 45-құжат; № 14, 98-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; № 22, 334-құжат):
1) 11-бапта:
6-8, 12, 14-17, 22, 26-29-тармақтар алып тасталсын;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен көрсетілетін білікті медициналық көмек.";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Протездермен (тыс протездерінен басқа) және протез-ортопедия бұйымдарымен тегін қамтамасыз ету.";
мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын:
"21-1. Тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсетулерге (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, қоқыс шығару, лифтілерге қызмет көрсету), отынға жұмсалатын, телефонды пайдалану, дәрі-дәрмекпен, оптикалық көзілдірікпен қамтамасыз ету, жалпы жұрт пайдаланатын көліктің барлық түрімен (таксиден басқа) жүру жөніндегі шығындарды төлеу үшін, жергілікті мерзімді баспасөзге жазылу кезінде олардың біреуіне жазылуға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.";
2) 12-бапта:
2-4, 6 және 7-тармақтар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
"8. Тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсетулерге (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, қоқыс шығару, лифтілерге қызмет көрсету), отынға жұмсалатын, телефонды пайдалану, дәрі-дәрмекпен, оптикалық көзілдірікпен қамтамасыз ету, жалпы жұрт пайдаланылатын көліктің барлық түрімен (таксиден басқа) жүру жөніндегі шығындарды төлеу үшін, жергілікті мерзімді баспасөзге жазылу кезінде олардың біреуіне жазылуға, кресло-қоларба бөлуге, бензинге, қосалқы бөлшектерге, автомобильдер мен мотоарбаларды жөндеуге және оларға техникалық қызмет көрсетілуіне өтемдік төлемдерге, Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне темір жолда, әуе, су және қалааралық автомобиль көлігінде жылына бір рет жүру үшін, сондай-ақ І топтағы мүгедекті алып жүретін адамның жол шығындарына арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.";
3) 13-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
4) 14-бапта:
бірінші азатжол мынадай редакцияда жазылсын:
"Жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша соғысқа қатысқандарға теңестірілген адамдарға әлеуметтік қорғау шаралары ретінде осы Жарлықтың 11-бабының 1-5, 9, 10, 11, 13, 18-20, 23-25, 31, 33 және 34-тармақтарына сәйкес жеңілдіктер мен кепілдіктер беріледі, сондай-ақ, тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсетулерге (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, қоқыс шығару, лифтілерге қызмет көрсету), отынға жұмсалатын шығындарды төлеу үшін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.";
1-3 және 7-тармақтар алып тасталсын;
5) 15-бапта:
бірінші азатжол мынадай редакцияда жазылсын:
"Жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша соғыс мүгедектеріне теңестірілген адамдарға әлеуметтік қорғау шаралары ретінде осы Жарлықтың 11-бабының 1-5, 9-11, 13, 18-21, 23-25, 31, 33 және 34-тармақтарына, 14-бабының 4-6-тармақтарына сәйкес жеңілдіктер мен кепілдіктер беріледі, сондай-ақ, Чернобыль АЭС-індегі апаттың салдарынан мүгедек болып қалған, жыл сайынғы санаторий-курорттық емделу құқығын пайдаланбаған адамдарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсетулерге (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, қоқыс шығару, лифтілерге қызмет көрсету), отынға жұмсалатын, пәтер телефонын пайдалану жөніндегі, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету жөніндегі шығындарын төлеу үшін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.";
1, 4-7-тармақтары алып тасталсын;
6) 16-бапта:
1-тармақта:
бірінші азатжол мынадай редакциядан жазылсын:
"Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларының осы Жарлықтың 11-бабының 1-5, 9-11, 13, 18-20, 23, 31, 33 және 34-тармақтарына, 12-бабының 5 тармағына сәйкес жеңілдіктер мен кепілдіктерге құқығы бар, сондай-ақ, Чернобыль АЭС-індегі апаттың салдарынан мүгедек болып қалған, жыл сайынғы санаторий-курорттық емделу құқығын пайдаланбаған адамдарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсетулерге (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, қоқыс шығару, лифтілерге қызмет көрсету), отынға жұмсалатын шығындарын төлеу үшін ақшалай өтемақы төлеудің орнына, әкімшілік аумақтық бөлініс (аудан, қала) шегінде жалпы жұрт пайдаланатын көліктің барлық түрлерінде (таксиден басқа) жүру үшін 1988-1989 жылдарда Чернобыль АЭС-індегі апат зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға бір жолғы материалдық көмек төлеудің орнына арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.";
екінші, үшінші азатжолдар және екінші бөлік алып тасталсын;
2-тармақтың екінші, үшінші азатжолдары алып тасталсын;
3-тармақтың үшінші және төртінші азатжолдары мен екінші бөлігі алып тасталсын;
7) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"17-бап. Жеңілдіктер мен әлеуметтік қорғауды қаржыландыру
Соғысқа қатысқандарға, соғыс мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғауды қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің, сондай-ақ қайырымдылық қорларының есебінен жүзеге асырылады.
Ұйымдар аталған адамдарға материалдық көмек көрсетуге құқылы.".
9. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан республикасының мемлекеттік наградалары туралы" 1995 жылғы 12 желтоқсандағы № 2676 заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 143-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 18, 366-құжат; 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат):
1) 36-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Алтын алқа" алқасымен наградталған немесе бұрын "Ардақты ана" атағын алған көп балалы аналар белгіленген нормалар бойынша тұрғын үй алаңымен бірінші кезекте қамтамасыз етіледі. Отбасы мүшелерімен бірге тұрғын үйді ұстау, сондай-ақ коммуналдық қызмет көрсетулер (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, қоқыс шығару, лифтілерге қызмет көрсету) шығындарын төлеу үшін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.";
2) 44-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"44-бап. Жергілікті өкілді органдар осы Жарлық күшіне енгенге дейін "Отан", "Даңқ" ордендерімен наградталған, "Халық қаһарманы" жоғары атағына, Республиканың құрметті атақтарына ие болған азаматтарға қала ішінде, қала маңына және жергілікті жерлерде қатынайтын қоғамдық көліктің барлық түрімен (таксиден басқа) жүруге, тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсетулерге жұмсалатын шығындарды төлеу жөнінде жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жеңілдіктер беруге құқылы.".
10. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2707 заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 жылы 28 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 1998 жылы 15 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының анықтау мен тергеуді жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органдары туралы" және "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тергеу комитеті және оның органдары туралы" заң күші бар Жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; 1998 жылы 26 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 26-баптың 6-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын;
2) 28-баптың 7-тармағы алып тасталсын;
3) 30-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Тізбе бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін ішкі істер органдарының жедел іздестіру, тергеу, саптағы бөлімшелерінің қызметкерлеріне олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін есепке ала отырып, тұрғын үй қорының тиістілігіне қарамастан тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсетулерге (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау) жұмсалатын шығындарды төлеуге ақшалай өтемақы республикалық бюджетте тиісті жылға белгіленген мөлшерде төленеді.";
11. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2709 заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 156-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 1998 жылы 8 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" заң күші бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
53-баптың 10-тармағының 1) тармақшасы мен алып тасталсын.
12. Қазақстан Республикасы Президентінің "Әлеуметтік мемлекеттік кепілдіктерді реттеу жөніндегі шаралар туралы" 1996 жылғы 23 қаңтардағы № 2788 заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 176-құжат; № 20-21, 401-құжат; 1997 ж., № 7, 79-құжат, № 12, 184-құжат):
1) ІІ бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
"ІІ Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсетулерге (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, қоқыс шығару, лифтілерге қызмет көрсету), отынға жұмсалатын шығындарды төлеу үшін, сондай-ақ жылына бір рет темір жолмен, әуе жолымен, қалааралық автомобиль көлігімен жол жүруге арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.";