Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне iшкi iстер
органдары қызметiнiң мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінiң күшi
жойылды деп тану туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізiлсiн:
1. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерi туралы" 1992 жылғы 23 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 11-12, 290-құжат; № 24, 592-құжат; 1993 ж., № 8, 179-құжат; 1995 ж., № 1-2, 17-құжат; № 23, 155-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 20, 257-құжат; № 24, 336-құжат):
1) бүкiл мәтiн бойынша "мерзiмнен тыс қызметтегі қызметшiлерге" және "мерзiмнен тыс қызметтегі қызметшiлерiн" деген сөздер тиiсiнше "келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткерiп жүрген әскери қызметшiлерге" және "келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткерiп жүрген әскери қызметшiлерiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 2-баптың екiншi бөлiгі мынадай мазмұндағы жетiншi және сегiзiншi абзацтармен толықтырылсын:
"арнайы мақсаттағы бөлiмшелер;
iшкi әскерлердiң әскери полициясы;";
3) 4-баптың үшiншi бөлiгі мынадай редакцияда жазылсын:
"Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың iшкi iстер департаменттерiнiң бастықтары тиiстi облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумақтарында орналасқан және қоғамдық тәртiптi қорғау, түзеу мекемелерiн күзету жөніндегі және төтенше жағдайлар кезіндегі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында iшкi әскерлерге жүктелген басқа да тапсырмаларды шешу жөніндегі мiндеттердi орындайтын iшкi әскерлер бөлiмдерi мен құрамаларының командирлерiне қатысты аға оперативтiк бастықтар болып табылады.";
4) 8-баптың үшiншi абзацындағы "мiндеттi" деген сөз алып тасталсын;
5) 12-баптың екiншi бөлiгiндегі "Көлiк және коммуникация министрлігі" деген сөздер "Байланыс саласындағы уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 13-бапта:
тақырыбы мен бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"13-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және
астананың iшкi iстер департаменттерiнiң бастықтары
Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың iшкi iстер департаменттерiнiң бастықтары:";
екiншi абзацта:
"Iшкi әскерлер Қолбасшысының" деген сөздер "Iшкi iстер министрiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
"(жағдаяттардың)" деген сөз алып тасталсын, "жағдаяттардың" деген сөз "жағдайлардың" деген сөзбен ауыстырылсын;
7) 16-бапта:
екiншi бөлiктегi "мiндеттi" деген сөз алып тасталсын, "әскери атағы" деген сөздер "әскери атақтары" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi бөлiктегi "еңбек туралы заңдармен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңнамасымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 20-бапта:
бiрiншi бөлiктегi "қолданылып жүрген заңдарға" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөліктегі "келтiрiлген залалдың орнын Заңда белгiленген тәртiппен толтыруға" деген сөздер "келтiрiлген залалдың орнын Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен толтыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 21-баптың үшiншi абзацында мемлекеттік тiлдегi мәтiн өзгермейдi;
10) 23-баптың бесiншi бөлiгіндегі "заңда" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 27-бапта:
"IIБ-лар бастықтары" деген сөздер "облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың iшкi iстер департаменттерiнiң бастықтары" деген сөздермен ауыстырылсын;
"iшкi әскерлер Қолбасшысының" деген сөздер "Iшкi iстер министрiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 33-баптың екiншi бөлiгіндегі "мемлекеттік және ведомстволық тұрғын үй қорының" деген сөздер "мемлекеттік тұрғын үй қорының" деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 34-баптағы "тиiстi бюджеттер қаражаттары" деген сөздер "бюджет қаражаттары" деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 38-баптағы "республикалық бюджет" деген сөздер "бюджет қаражаттары" деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 39-баптың төртiншi бөлiгіндегi "бюджеттік қаражаттың," деген сөздер "бюджет қаражаттарының және" деген сөздермен ауыстырылсын, ", сондай-ақ жергiлiктi бюджеттiң" деген сөздер алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2707 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат, № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат):
1) актiнiң нысаны және тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы";
2) кiрiспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Ocы Заң Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының мәртебесiн, құрылымын, өкiлеттiктерiн және қызметiн ұйымдастыруды айқындайды.";
3) мәтіндегі "Жарлықпен", "Жарлықта", "Жарлыққа", "Жарлықты", "Жарлықтың", "Жарлықтан", "Жарлық" деген сөздер тиiсiнше "Заңмен", "Заңда", "Заңға", "Заңды", "Заңның", "Заңнан", "Заң" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тараулардағы "I-VIII" деген цифрлар тиiсiнше "1-8" деген цифрлармен ауыстырылсын;
5) 4-баптың бiрiншi бөлiгiндегі "басқармалары" деген сөз "департаменттерi" деген сөзбен ауыстырылсын;
6) 4-3-бапта:
екiншi бөлiктегi "гарнизон бойынша" деген сөздер алып тасталсын;
төртiншi бөлiктегi ", оларды пайдалану мен ұстау шығындарын да солар көтередi" деген сөздер алып тасталсын;
7) 5-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгіндегі "басқармаларының" деген сөз "департаменттерiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын;
8) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"7-бап. Iшкi iстер органдары лауазымды адамдарының
iшкi әскерлермен өзара iс-қимылы
Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың iшкi iстер департаменттерiнiң бастықтары тиiстi облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумақтарында орналасқан iшкi әскерлер бөлiмшелерiнiң, бөлiмдерi мен құрамаларының командирлерiне қатысты, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың iшкi iстер департаменттерiнiң құрылымына кiрмейтiн өзге де iшкi iстер органдары мен бөлiмшелерiнiң басшыларына қатысты, ал төтенше жағдайлар кезiнде - оларға берiлген барлық күштер үшiн аға оперативтiк бастықтар болып табылады.";
9) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"9-бап. Iшкi iстер органдары қызметiнiң құқықтық негiзi
1. Iшкi iстер органдары қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілері құрайды.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.";
10) 10-баптың 1-тармағының 27) тармақшасы "ic-шараларды" деген сөзден кейiн ", оның iшiнде төтенше жағдайлар кезiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
11) 11-баптың 1-тармағында:
33) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"33) заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тiзбелер бойынша түрлi-түстi бейнедегi көбейту-көшiру техникасын, жарылғыш, күштi әсер ететiн улы заттарды сатып алуға, сақтауға, тасымалдауға, әкелуге, әкетуге; азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын, азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды пайдалану арқылы жасалған бұйымдарды сақтауға, тасымалдауға, әкелуге, әкетуге; есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласында объектiлердi және үй-жайларды пайдалануға, атыс тирлерi мен стендтерiн ашуға, ал жеке тұлғаларға - азаматтық қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтап қоюға, сақтауға және алып жүруге, әкелуге, әкетуге рұқсат беруге;
азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды пайдалану арқылы жасалған бұйымдарды сақтаудың, есепке алудың, пайдаланудың, тасымалдаудың, жоюдың, әкелудiң, әкетудiң ережелерiн белгiлеуге;";
33-3) тармақшадағы ", санитарлық нормалар мен ережелердi" деген сөздер алып тасталсын;
33-4) тармақша алып тасталсын;
12) 17-баптың 1-тармағында:
5) тармақша "бұзуға" деген сөзден кейiн "не оның мерзiмiнiң өтуiне" деген сөздермен толықтырылсын;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9) әскери-қызметтiк тәртiптi өрескел бұзғаны үшiн;";
13) мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:
"17-1-бап. Қызмет өткеруден бас тартуға байланысты
шығындарды өтеу
1. Iшкi iстер министрлігі оқу орындарының күндiзгi бөлiмдерiн бiтiрген iшкi iстер органдарының қызметкерлерi iшкi iстер органдарында кем дегенде бес жыл жұмыс iстеуге мiндеттi.
Iшкi iстер органдарының қызметкерi Iшкi iстер министрлігінiң оқу орнын бiтiргеннен кейiн iшкi iстер органдарында одан әрi қызмет өткеруден бас тартқан не келісім-шартты мерзiмiнен бұрын бұзған жағдайда ол өзiн оқыту кезеңiнде стипендия төлеуге, тамақтануға, мүлiктiк ризыққа жұмсалған бюджет қаражаттарын мемлекетке өтеуге мiндеттi. Ұсталуға жататын сома келісім-шарттың мерзiмi аяқталғанға дейiн әрбiр толық өткерiлмеген айға бара-бар есептеледi.
2. Әскерге шақыру жасына толған және үлгермеуi, тәртiпсiздiгi үшiн, сондай-ақ өз қалауы бойынша оқудан шығарылған Iшкi iстер министрлігі оқу орындары күндiзгi бөлiмдерiнiң курсанттары (тыңдаушылары), егер олар оқу орнына түскенге дейiн мерзiмдi әскери қызметтiң белгiленген мерзiмiн өткермеген болса, арнайы есептен шығару үшiн тұрғылықты жеріндегі әскери басқарманың органдарына жiберiледi. Олар өздерiн оқыту кезеңiнде стипендия төлеуге, тамақтануға, мүлiктiк ризыққа жұмсалған бюджет қаражаттарын мемлекетке өтеуге мiндеттi. Ұсталуға жататын сома оқу орнында болудың әрбiр толық айына бара-бар есептеледі.";
14) 19-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртiппен iшкi iстер органдарының кадрларында қалдырыла отырып, мемлекеттік органдарға және халықаралық ұйымдарға қызметке жiберiлуi мүмкiн.";
15) 20-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Iшкi iстер органдарындағы қызмет - Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекет және Қазақстан халқы алдындағы қызметтiк мiндеттерi мен қызметтiк борышын атқаруына байланысты мемлекеттік қызметтiң айрықша түрi.";
2-тармақтың екiншi сөйлемi алып тасталсын;
16) мынадай мазмұндағы 20-1-баппен толықтырылсын:
"20-1-бап. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң арнаулы
атақтары
1. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне мынадай арнаулы атақтар берiледi:
қатардағы құрам:
полицияның қатардағы қызметкерi;
1) кiшi басшы құрам:
полиция кiшi сержанты;
полиция сержанты;
полиция аға сержанты;
полиция старшинасы;
2) орта басшы құрам:
полиция кiшi лейтенанты;
полиция лейтенанты;
полиция аға лейтенанты;
полиция капитаны;
3) аға басшы құрам:
полиция майоры;
полиция подполковнигi;
полиция полковнигi;
4) жоғары басшы құрам:
полиция генерал-майоры;
полиция генерал-лейтенанты.
2. Жоғары басшы құрамның арнаулы атақтарын Iшкi iстер министрiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бередi.
3. Жоғары басшы құрамды арнаулы атақтарынан айыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Қатардағы, кiшi, орта және аға басшы құрамға арнаулы атақтар берудiң және одан айырудың тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруi туралы ережеде айқындалады.";
17) мынадай мазмұндағы 23-1-баппен толықтырылсын:
"23-1-бап. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне
қолданылатын көтермелеулер
1. Лауазымдық мiндеттерiн үлгiлi орындағаны, мiнсiз қызметi, аса маңызды әрi күрделi тапсырмаларды орындағаны үшiн және жұмыстағы өзге де жетiстiктерi үшiн iшкi істер органдарының қызметкерлерi:
1) бiржолғы ақшалай сыйақымен;
2) алғыс жариялаумен;
3) бағалы сыйлықпен марапаттаумен;
4) кезектi арнаулы атақты мерзiмiнен бұрын берумен;
5) сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де көтермелеу түрлерiмен көтермеленуi мүмкiн.
2. Айрықша сiңiрген еңбегi үшiн iшкi iстер органдарының қызметкерлерi Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталады.";
18) мынадай мазмұндағы 24-1-баппен толықтырылсын:
"24-1-бап. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне
қолданылатын жазалаулар
1. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне мынадай тәртiптiк жазалаулар:
1) ескерту;
2) сөгіс;
3) қатаң сөгіс;
4) қызметке толық сай еместігi туралы ескерту;
5) атқарып жүрген лауазымынан босату;
6) арнаулы атағын бiр саты төмендету;
7) iшкi iстер органдарынан босату қолданылуы мүмкiн.
2. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне қолданылатын тәртiптiк жаза терiс қылық анықталған күннен бастап бiр айдан және терiс қылық жасалған күннен бастап алты айдан кешiктiрiлмей қолданылады.";
19) 26-бапта:
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң қалауы бойынша оларға нысанды және арнайы киiм-кешектiң орнына ақшалай өтем төленуi мүмкiн.";
6-тармақтың бiрiншi абзацындағы ", жұмысшылар мен қызметшiлерден басқасының" деген сөздер алып тасталсын;
20) 27-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне кезектi, қысқа мерзiмдi, қосымша демалыстар, сырқаттануына байланысты, жүктi болуына және бала тууына байланысты демалыстар уақытында, демалысын өткізу орнына баратын және керi қайтатын жолға берiлетiн уақытты қоса алғанда, ақшалай ризық атқаратын лауазымы бойынша еңбек демалысына кеткен күнiне алатын мөлшерде төленеді.";
21) 28-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
"8. Қызметтiк мiндеттерiн не қызметтiк борышын атқару кезiнде қаза тапқан iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң балаларына олар кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн ведомстволық денсаулық сақтау мекемелеріндегі медициналық және санаторий-курорттық қызмет көрсетуге құқық сақталады.";
22) 30-баптың 4-тармағындағы "Тiзбе бойынша Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейтiн", "жедел iздестiру, тергеу, саптағы бөлiмшелерiнiң", "олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiн есепке ала отырып," деген сөздер алып тасталсын.
2-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілерінiң күшi жойылды деп танылсын:
1) "Iшкi iстер органдары қатардағы және бастықтар құрамының арнаулы атақтары туралы" 1992 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 6, 122-құжат; № 18, 443-құжат; 1993 ж., № 17, 420-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 185-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қатардағы және бастықтар құрамы Антының тексiн бекіту туралы" 1992 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 6, 121-құжат).
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. НАЗАРБАЕВ
Астана, 2004 жылғы желтоқсанның 29-зы. № 26-III ҚРЗ