Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне темір жол көлiгi
мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы Қазақстан Республикасының 2001 ж.
6 желтоқсандағы № 260-ІІ Заңы
1. Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат):
17-1-баптың үшiншi бөлiгi алып тасталсын;
2) "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" 1995 жылғы 20 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 13, № 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 18, 367-құжат; 1997 ж., № 11, 144-құжат; № 12, 189-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 4, 46-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 20, 717-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 142-құжат; № 10, 244-құжат; № 18, 338-құжат):
154-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Темір жол станциясындағы кеден органдары өз қызметін темір жол станциясымен келісілген жұмыс режимiмен жүзеге асырады.";
195-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының ?кіметi белгiлейтiн тiзбе бойынша ерекше сақтау жағдайларын қажет ететiн (тез бүлiнетiн) тауарларға қатысты кедендiк декларация тапсырудың мерзiмi оларды Қазақстан Республикасының кеден органына табыс еткен күннен бастап үш күннен аспауға тиiс.";
3) Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2707 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416, 920-құжаттар; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 17-18, 245-құжат):
11-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгi алып тасталсын;
34-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
4) "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат):
4-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) магистральдық темір жол желісінiң қызметi;";
5) 1999 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат):
699-бапта:
тақырыптағы "Жүк жөнелтушiнiң" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Жүк алушы ерекше сақталу жағдайларын қажет ететiн (тез бүлiнетiн) жүктi алу жөніндегі мiндеттемелердi орындаудан жалтарған кезде, мұндай жүктi сақтау мүмкiн болмаған және оның бүлiнуiне әкеп соғуы ықтимал жағдайда жүк жөнелтушiнiң оған қалай иелiк ету керектiгi жөнiнде нұcқауы болмаса, тасымалдаушының жүктi сатуға құқығы бар.
Жүктi сатудан түскен сома тасымалдаушыға тиесiлi соманы шегергеннен кейiн нотариустың атына депозит шартымен салынады.";
6) "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 24, 1068-құжат):
26-баптың 9) тармақшасының екiншi абзацы "немесе өрт қауiпсiздiгi" деген сөздерден кейiн "не көлiктегi жүрiс қауiпсiздiгi" деген сөздермен толықтырылсын.
Қазақстан Республикасының