Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру
мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер енгізу
туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 327-I Заңы
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актілеріне өзгерістер енгізілсін:
1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері туралы" 1992 жылғы 23 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 11-12, 290-құжат; № 24, 592-құжат; 1993 ж., № 8, 179-құжат; 1995 ж., № 1-2, 17-құжат; № 23, 155-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; № 13-14, 205-құжат):
38-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"38-бап. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлерін қаржыландыру
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлерін қаржыландыру республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.";
40-бап. мынадай редакцияда жазылсын:
"40-бап. Қаржылық бақылау
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлерінің қаржы-шаруашылық қызметін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бақылайды.".
2. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы" 1993 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., № 1, 1-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 275-құжат):
34-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"34-бап. Мемлекеттік шекараны күзетуді қаржылық және материалдық- техникалық жағынан қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын күзетуді қаржылық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету республикалық бюджеттің, меншік нысанына қарамастан мекемелердің, ұйымдар мен кәсіпорындардың ерікті жарналарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік жер қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Аталған қаржының бөліну және пайдалану көлемін, тәртібін, сондай-ақ жер беру тәртібін Қазақстан Республикасының үкіметі белгілейді.".
3. "Жедел-іздестіру қызметі туралы" 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 13-14, 199-құжат; 1995 ж., № 24, 167-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 275-құжат):
20-баптағы ", сондай-ақ сот үкімі негізінде Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте мемлекет кірісіне айналған мүліктерді сатудан түсіп, мемлекетке келтірілген залалдың орнын толтырған сомадан аударылатын қаржы есебінен" деген сөздер алып тасталсын;
21-баптың үшінші және төртінші азатжолдары алып тасталсын.
4. Қазақстан Республикасы Президентінің "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуірдегі № 2235 Заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 6, 43-құжат; № 12, 88-құжат; № 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180,181-құжаттар; № 11-12, 257-құжат; № 15, 281-құжат; № 23-24, 416-құжат; 1997 ж., № 4, 51-құжат; № 7, 82-құжат; № 10, 112-құжат; № 11, 144-құжат; № 12, 184, 188-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; № 20, 263-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 4, 45-құжат; 1998 жылғы 3 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентінің "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" заң күші бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 1998 жылғы 7 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентінің "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" заң күші бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 1998 жылғы 8 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (Алматы қаласының мәртебесі туралы мәселелер жөнінде)" 1998 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
178-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"178-бап. Салық қызметі органдарын қаржыландыру және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету
Салық қызметің органдарын қаржыландыру мен материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.".
5. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 1995 жылғы 20 шілдедегі № 2368 заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж. № 13, № 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 18, 367-құжат; 1997 ж., № 11, 144-құжат; № 12, 189-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 4, 46-құжат):
60-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"60-тарау. Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарын қаржыландыру, материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау";
405-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"405-бар. Қазақстан Республикасының кеден органдарын қаржыландыру мен материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасының кеден органдарын қаржыландыру мен материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.".
6. Қазақстан Республикасы Президентінің "Республикалық ұлан туралы" 1995 жылғы 5 желтоқсандағы № 2671 заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 22, 139-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184, 190-құжаттар; 1998 жылғы 30 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентінің "Республикалық ұлан туралы" заң күші бар Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" 1998 жылғы 26 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
19-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Республикалық ұланды материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.";
22-баптағы "министрлігі жанындағы Қаржы-валюта бақылау комитеті" деген сөздер "министрлігі" деген сөзбен ауыстырылсын.
7. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдар туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2707 Заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 жылғы 28 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
33-баптың 1-тармағындағы " , сондай-ақ ішкі істер органдарымен жасалған шарттар негізінде көрсетілген қызметтер үшін мемлекеттік органдардан, ұйымдар мен жеке тұлғалардан түскен қаражат есебінен жүзеге асырылады. Бұл ретте аталған қызметті көрсету тәртібін Республика Үкіметі белгілейді". деген сөздер "жүзеге асырылады". деген сөздермен ауыстырылсын.
8. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2710 Заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат):
23-баптың 1-тармағындағы "және заңдарда көзделген басқа да көздердің" деген сөздер алып тасталсын.
9. "Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы" 1997 жылғы 27 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 6, 69-құжат):
15-бапта:
екінші азатжолдағы "қаражаттарының, сондай-ақ авариялық-құтқару қызметі мен құрамаларын құрушы ұйымдардың қаржы қаражаты" деген сөздер "қаражаттары;" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші және алтыншы азатжолдар алып тасталсын.
10. 1998 жылғы 10 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
77-бапта:
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Орындаушылық санкция республикалық бюджетке аударылады.".
2-бап. Осы Заң 1999 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті