5-тармақтың екінші абзацындағы «профессор-оқытушылар құрамының еңбекақы қорына 1,75 коэффициентін қолдана отырып, жеке нормалар бойынша» деген сөздер алынып тасталсын.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1400 қаулысына
27-қосымша
Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне үнемдеу есебінен
сыйлықақы беру жүзеге асырылатын, материалдық көмек
көрсетілетін және үстемеақы белгіленетін шығыс
түрлерінің тізбесі
Сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және үстемеақылар белгілеу шығыстардың мынадай түрлері бойынша үнемдеу есебінен жүзеге асырылады:
1) қаржыландыру жоспары бойынша үнемделген қаражаттың жалпы көлемінің 30% асырмай жыл ішінде, ал желтоқсанда - бір жылда үнемделген қаражаттың толық көлемінде:
ел ішіндегі іссапарлар және қызметтік жол жүрулер;
елден тыс жерлерге іссапарлар және қызметтік жол жүрулер;
үй-жайларды жалға алу ақысын төлеу;
коммуналдық қызметтерге ақы төлеу;
байланыс қызметіне ақы төлеу;
көлік қызметіне ақы төлеу;
электр энергиясына ақы төлеу;
жылуға ақы төлеу;
ғимараттарды, үй-жайларды, жабдықтарды және басқа да негізгі құралдарды ұстау, қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу;
өзге де қызметтер мен жұмыстар;
өзге де ағымдағы шығыстар;
2) қаржыландыру жоспары бойынша үнемделген қаражаттың толық көлемінде:
негізгі жалақы;
өтемақы төлемдері;
әлеуметтік салық;
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар;
көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға арналған жарналар;
мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің жеке басын мемлекеттік міндетті сақтандыруға арналған жарналар;
қосымша ақшалай төлемдер.
Шығыстардың қалған түрлері бойынша қаржыландыру жоспары бойынша үнемделген қаражатты сыйлықақы беруге, материалдық көмек көрсетуге және үстемеақылар белгілеуге жол берілмейді.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1400 қаулысына
28-қосымша
Қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне үнемдеу есебінен
сыйлықақы беру жүзеге асырылатын, материалдық көмек
көрсетілетін және үстемеақы белгіленетін шығыс
түрлерінің тізбесі
Сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және үстемеақылар белгілеу шығыстардың мынадай түрлері бойынша үнемдеу есебінен жүзеге асырылады:
1) қаржыландыру жоспары бойынша үнемделген қаражаттың жалпы көлемінің 30% асырмай жыл ішінде, ал желтоқсанда - бір жылда үнемделген қаражаттың толық көлемінде:
іссапарлар шығындары;
коммуналдық қызметтер;
электр энергиясы;
жылу;
байланыс қызметі;
көлік қызметі;
негізгі құралдарды ағымдағы жөндеу;
негізгі құралдар бойынша жалға алу ақысы;
несие бойынша сыйақыны (мүддені) өтеу шығындары.
2) қаржыландыру жоспары бойынша үнемделген қаражаттың толық көлемінде:
жалақы;
салықтар және бюджетке түсетін өзге де міндетті төлемдер.
Шығыстардың қалған түрлері бойынша қаржыландыру жоспары бойынша үнемделген қаражатты сыйлықақы беруге, материалдық көмек көрсетуге және үстемеақылар белгілеуге жол берілмейді.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1400 қаулысына
29-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Базалық лауазымдық жалақының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 10 желтоқсандағы № 1607 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 47, 548-құжат).
2. «Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 2-3, 14-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 шілдедегі № 854 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 25, 271-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 24 қаңтардағы № 91 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 3, 45-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты» мемлекеттік мекемесін» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот академиясы» мемлекеттік мекемесі деп қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қыркүйектегі № 1008 қаулысының 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 39, 415-құжат).
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 қарашадағы № 1191 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 45, 491-құжат).
7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 қаңтардағы № 89 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 3, 47-құжат).
8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 тамыздағы № 867 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 30, 408-құжат).
9. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 каңтардағы № 41 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 қыркүйектегі № 985 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 35, 465-құжат).
10. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 қазандағы № 1040 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 37, 493-құжат).
11. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1367 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 650-құжат).
12. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 ақпандағы № 88 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 5, 44-құжат).
13. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі № 402 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 18, 220-құжат).
14. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «А.Н.Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1032 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 37, 528-құжат).
15. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 8 желтоқсандағы № 1207 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 46, 602-құжат).
16. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 ақпандағы № 131 қаулысы.
17. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 610 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 23, 243-құжат).
18. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 қарашадағы № 1156 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 44, 479-құжат).
19. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістердің 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 1, 6-құжат).