206-бап. Салық есептілігін, сондай-ақ салық төлеушінің мониторингін жүргізуге қажетті құжаттарды табыс етпеу
1. Салық төлеушінің, осы баптың екінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде салық органына салық есептілігін табыс етпеуі, -
жеке тұлғаларға - он бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - отыз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық бec, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Салық төлеушінің салық есептілігін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мұндай есептілікті табыс ету мерзімінен тоқсан күн өткенше салық органына табыс етпеуі, -
жеке тұлғаларға - отыз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - қырық, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға тоқсан айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Салық төлеушілердің мониторингін жүргізу үшін қажетті құжаттарды (оның ішінде электрондық түрдегі), сондай-ақ электрондық мониторинг бойынша салық есептілігін салық төлеушінің уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген мерзімде табыс етпеуі не оны табыс етуден бас тартуы, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - отыз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік), -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2005.22.11 № 89-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 207-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 207-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара)
207-бап. Салық салу объектiлерiн жасыру
1. Салық төлеушiнiң салық салу объектiлерiн жасыруы, -
лауазымды адамдарға - жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, жеке тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға жасырылған салық салу объектісі бойынша төленуге жататын салық және басқа да міндетті төлемдер сомасының жүз елу проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, (әрекетсіздік) —
лауазымды адамдарға - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, жеке тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға - жасырылған салық салу объектісі бойынша төленуге жататын салық және басқа да міндетті төлемдер сомасының екі жүз проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 208-бап жаңа редакцияда; 2006.11.12. № 201-III (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен 208-бап өзгертілді
208-бап. Кірістерді, шығыстарды және салық салу объектілерін есепке алу ережелерін бұзу
1. Салық төлеушіде кірістер, шығыстар және салық салу объектілері есебінің болмауы немесе осы баптың үшінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, оның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпті бұза отырып жүргізілуі, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - есепке алынбаған тауарлар (жұмыстар, көрсетілген қызметтер) құнының бес проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға он проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - есепке алынбаған тауарлар (жұмыстар, көрсетілген қызметтер) құнының он проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) есепке алу және сату жөніндегі операциялардың есеп құжаттамасында көрсетілмеуі, -
дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - есепке алынбаған тауарлар (жұмыстар, көрсетілген қызметтер) құнының бес проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға он проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Бухгалтерлік есептің бастапқы құжаттарының және (немесе) шот-фактураларының және (немесе) тіркелімдерінің болмауы, бухгалтерлік есептің шоттарында және қаржы есептілігінде салық төлеушінің активтері мен міндеттемелерінің дер кезінде немесе дұрыс көрсетілмеуі осы баптың мақсаты үшін кірістерді, шығыстарды және салық салу объектілерін есепке алу ережелерін бұзу деп түсініледі.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 208-1-баппен толықтырылды ; 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 208-1-бап өзгертілді
208-1-бап. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi
төлемдердiң есептелген (үстеп есептелген)
сомасын төлеуден жалтару
Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген берешектi төлеу мерзiмiнен тоқсан күннен асқан берешегi болған жағдайда, салық төлеушiнiң касса не үшiншi тұлғалардың банк шоты арқылы өзара есеп айырысуды жүзеге асыруы арқылы салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есептелген (үстеп есептелген) сомасын төлеуден жалтару, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданатын әрекет белгiлерi болмаса, -
жеке тұлғаларға - он бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүргізілген есеп айырысу сомасының отыз проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
25.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.07.07. № 177-III (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.11.12. № 201-III (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2007.26.07. № 312- III ҚР Заңдарымен 209-бап өзгертілді
209-бап. Салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасын кемiтiп көрсету
1. Салықтың және басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасын декларацияда, есепте кемiтiп көрсету, -
жеке тұлғаларға - он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің үстеп есептелген сомасының отыз проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Корпоративтiк табыс салығын немесе жеке табыс салығын салу мақсатын көздеп, шеккен залал сомасын декларацияда өсiрiп көрсету, -
дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - декларацияда өсіріп көрсетілген шығын сомасынан есептелген корпоративтік табыс салығы немесе жеке табыс салығы сомасының отыз проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға декларацияда өсіріп көрсетілген шығын сомасынан есептелген корпоративтік табыс салығы сомасының қырық проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Салық төлеушiнiң бюджетке төленетiн ағымдағы төлемдер сомасын кемiтiп көрсетуi, -
дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - ағымдағы төлемдердің кемітіп көрсетілген сомасының отыз проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Салық кезеңi үшiн iс жүзiнде есептелген корпорациялық табыс салығы немесе жеке табыс салығы сомасының салық кезеңi iшiнде төленген аванстық төлемдер сомасынан жиырма процент мөлшерде асып түсуi ic жүзіндегі салықтың асып түскен сомасының қырық процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. алынып тасталды
6. Бюджетпен патент негiзiнде есеп айырысуды жүргiзетiн ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi-заңды тұлғаның патент құнының есебiне кiретiн салық сомасын кемiтiп көрсетуi, -
патент құнының есебi кезiнде азайтылмай, кемiтiп көрсетiлген салық сомасының отыз процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту.
1. Осы баптың бiрiншi бөлiгіндегі мақсаттар үшiн қосымша құнға салынатын салық бойынша салық мөлшерiн декларацияда кемiтiп көрсету де есепке жатқызылған, қосымша құнға салынатын салық сомасын өсiрiп көрсетудi бiлдiредi.
1-1. Осы баптың бірінші бөлігіндегі мақсаттар үшін салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің үстеп есептелген сомасы да қосылған құн салығының есепке жатқызылған сомасын өсіріп көрсетуді білдіреді.
2. Екiншi бөлiкте көзделген әкiмшiлiк жазаны қолдану кезiнде осы баптың мақсаттары үшiн өсiрiп көрсетiлген залал сомасынан есептеп шығарылған салық корпоративтiк табыс салығының ставкалары бойынша немесе жеке табыс салығының ең жоғары ставкалары бойынша айқындалатын болады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) ; 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 210-бап өзгертілді
210-бап. Салық агентiнiң және өзге де уәкiлеттi органдардың
(ұйымдардың) салықты және бюджетке төленетiн басқа да
мiндеттi төлемдердi ұстап қалу және (немесе) аудару
жөніндегі мiндеттердi орындамауы
1. Салық агенттерiнiң және өзге де уәкiлеттi органдардың (ұйымдардың) салық заңдарына сәйкес ұсталып қалуға және бюджетке аударылуға тиiстi салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасын ұстап қалмауы немесе толық ұстап қалмауы, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - салықтың және басқа да міндетті төлемдердің ұсталмаған сомасының отыз проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Салық агенттерiнiң және салық заңдарында белгiленген өзге де уәкiлеттi органдардың (ұйымдардың) салық заңдарына сәйкес бюджетке аударылуға салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң ұсталып қалған сомасын аудармауы немесе толық аудармауы, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - салықтың және басқа да міндетті төлемдердің аударылмаған сомасының отыз проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) ; 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 211-бап өзгертілді
211-бап. Жалған шот-фактура жазып беру
Салық төлеушiнiң жалған шот-фактура жазып беруi, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - шот-фактураға енгізілген қосылған құн салығы сомасының жүз жиырма проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Қосылған құн салығы бойынша есепте тұрмаған салық төлеушi, сол сияқты жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетудi, тауарлар жөнелтудi нақты жүргiзбеген тұлға жазған және қосылған құн салығы сомасын қамтитын шот-фактура жалған шот-фактура деп танылады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 212-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
212-бап. Базар аумағына жiберу тәртібін бұзу
1. Базар қызметкерлерiнiң адамдарды базар аумағында тауар сатуға, жұмыс iстеуге және қызмет көрсетуге Қазақстан Республикасы салық заңдарының талаптарын бұза отырып жiберуi, -
базар әкiмшiлiгiнiң лауазымды адамдарына айлық есептiк көрсеткiштiң он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, -
базар әкiмшiлiгiнiң лауазымды адамдарына отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 213-бап өзгертілді ; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 213-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.11.12. № 201-III (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен 213-бап өзгертілді
213-бап. Акцизделетін тауарларды және мұнай өнімдерін әкелу, тасымалдау, өндіру, декларациялау, сақтау мен өткізу ережелерін, сондай-ақ мұнай өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу ережелерін бұзу
1. Акцизделетін тауарларды және мұнай өнімдерін әкелу, тасымалдау, өндіру, декларациялау, сақтау мен өткізу ережелерін, сондай-ақ мұнай өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу ережелерін бұзу, -
акцизделетін тауарлары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -
акцизделетін тауарлары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - елуден сексенге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз елуден үш жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 25.11.03 ж. № 500-II Заңымен 214-бап өзгертілді ; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 214-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); ҚР 2006.31.01. № 125-III Заңымен 214-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
214-бап. Таңбалау тәртібі мен ережелерін бұзу
Акцизделетін тауарларды акциздік маркалармен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың заңнамада белгіленген тәртібі мен ережелерін бұзу, -
таңбалау тәртібі мен ережелері бұзылып таңбаланған тауарлары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан отызға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.11.12. № 201-III (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 215-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 215-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара)
215-бап. Фискалдық жады бар кассалық-бақылау машиналарын қолдану тәртібін бұзу
1. Фискалдық жады бар кассалық-бақылау машиналарын қолданбай не жарамсыз, салық органдарында тiркелмеген кассалық-бақылау машиналарын қолдана отырып, не фискалдық емес режимдегi фискалдық жады бар кассалық-бақылау машиналарын қолдана отырып тауарларды сату немесе қызмет көрсету жолымен фискалдық жады бар кассалық-бақылау машиналарын қолдану тәртібін бұзу, -
жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Фискалдық жады бар кассалық-бақылау машиналарын қолданған кезде салық төлеушiнiң сатып алушыға кассалық чектi бермеуi не тауар, жұмыс (көрсетiлген қызмет) үшiн төленген сома азайтылып немесе көбейтіліп көрсетiлген чектi беруi, -
жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, (әрекетсіздік) -
жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.11.12. № 201-III (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2007.28.02. № 235-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 216-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 216-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара)
216-бап. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын басқа да ұйымдар, қор биржалары лауазымды адамдарының салық заңдарында көзделген мiндеттердi орындамауы
1. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын басқа да ұйымдар, қор биржалары лауазымды адамдарының салық заңдарында көзделген мiндеттердi:
салық төлеушiлердiң - заңды тұлғалардың (заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалардың) банк шоттарын ашқаны туралы салық қызметi органдарына хабарламау, салық төлеушiлердiң өздерiнiң банк шоттарынан салық сипатындағы мiндеттi төлемдер сомаларын, оларға салық органдары берген және оны есепке қою фактiсiн растайтын құжатты табыс етпей, республикалық және жергiлiктi бюджеттерге аударуға төлемдер тапсырмасын жүзеге асыру;
салық төлеушiлердiң өздерiнiң банк шоттарынан салық сипатындағы мiндеттi төлемдердiң Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген айыппұлдар мен өсiмпұлдар сомасын республикалық және жергiлiктi бюджеттерге аударуға (төлеуге) төлемдiк тапсырмаларды бiрiншi кезекте орындамау;
банкке немесе бюджет жүйесiнiң кассалық орындалуын жүзеге асыратын басқа ұйымға салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомасын салық төлеушiнiң банк шотынан ақшаны есептен шығару жөніндегі операция жүргiзiлген күнi есептемеу (аудармау);
салық органдарының салық төлеушiлерден белгiленген мерзiмде енгiзiлмеген салықтар, айыппұлдар, өсiмпұлдар сомасын өндiрiп алу жөніндегі инкассолық тапсырмаларын бiрiншi кезекте орындамау;
салық қызметi органдарының қызметкерлерiн банк шоттары бойынша, салық төлеушiлердiң - заңды тұлғалардың (заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалардың) осы шоттарда ақшасының бар-жоғы жөнiнде жасалған (жасалатын) операцияларды, сондай-ақ нақты жеке тұлғалардың операцияларын және шоттарда, салымдарда ақшасы бар-жоғын тексеруге жiберуден бас тарту немесе осы тексерулердi жүзеге асыруда өзгеше кедергi жасау;
салық органдарының заңды тұлғалардың банк шоттары бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтата тұру жөніндегі өкiмдерiн орындамау, салық заңдарын бұзушылықтың анықталған жағдайларын жою туралы талаптарды орындамау, салық қызметi органдарына және олардың лауазымды адамдарына қаржылық есептілікті, есептер мен салықты және бюджетке төленетiн басқа да төлемдердi есептеумен және төлеумен, бағалар және тарифтер белгiлеумен және қолданумен байланысты басқа да құжаттарды тапсырмау немесе тапсырудан бас тарту;
салық органдарының сауал салулары бойынша белгiлi бiр кезеңде банк шоттары бойынша жасалған операциялар туралы, салық төлеушiлердiң осы шоттарда ақшасының бар-жоғы туралы мәлiметтердi табыс етпеу;
банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың, қор биржаларының лауазымды адамдарының салық қызметi органдарының сауал салулары бойынша салық төлеушiлердiң алдағы жыл iшіндегі қаржы операциялары туралы және уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген нысан мен мерзiм бойынша есептелген сыйақы (мүдде) туралы мәлiметтердi табыс етпеу түрiнде орындамауы, -
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, (әрекетсіздік) -
алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 217-бап өзгертілді
217-бап. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн
жүзеге асыратын ұйымдардың салық заңдарында белгiленген
мiндеттердi орындамауы
1. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың салық заңдарында белгiленген мiндеттердi:
салық төлеушiнiң (жеке тұлғалар - резидент еместерден басқа) банк шоттарын ашуы кезiнде оның тiркеу нөмiрiн есепке алмау;
салық төлеушiге - заңды тұлғаға немесе заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғаға банк шоттарының ашылғаны туралы салық органдарына үш жұмыс күнi iшiнде хабарламау;
клиенттер шоттары бойынша төлем құжаттарында (вексельдi қоспағанда) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн қоймай, операциялар жүргiзу;
салық төлеушiлердiң - заңды тұлғалардың немесе заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалардың банк шоттары бойынша барлық шығыс операцияларын салық заңдарында көзделген жағдайларда салық органдарының шешiмi бойынша тоқтатпау;
банкке немесе бюджет жүйесiнiң кассалық орындалуын жүзеге асыратын басқа ұйымға салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомасын салық төлеушiнiң банк шотынан ақшаны есептен шығару жөніндегі операция жасалған күнi есептемеу (аудармау);
салық заңдарында көзделген жағдайларда салық органдарының шешiмi бойынша тиiстi салықтарды сөзсiз аударуға қатысты нұсқауларды бiрiншi кезекте орындамау;
салық органдарының салықты және басқа да төлемдердi, өсiмпұлдар мен айыппұлдарды алу жөніндегі инкассолық тапсырмаларын (өкiмдерiн) бiрiншi кезекте орындамау түрiнде жүзеге асырмауы, -
заңды тұлғаларға салық төлеушiлердiң банк шоттары бойынша жасалған шығыс операциялары сомасының бес процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың шартты банк салымы туралы шарттар бойынша орналастырылған салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасын аудармауы немесе дер кезiнде аудармауы, -
заңды тұлғаларға шартты банк салымында орналастырылған, аударылмаған немесе дер кезiнде аударылмаған салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлем сомасының елу процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 218-бап өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
218-бап. Банк операциялары туралы көрiнеу жалған мәлiметтер табыс ету
Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың заңды немесе жеке тұлғалардың банк шоттары бойынша операциялар туралы көрiнеу жалған мәлiметтер табыс етуi, сол сияқты осы банктiң iс жүзіндегі қаржылық жай-күйiмен көрiнеу қамтамасыз етiлмеген тапсырмалар, кепiлдiктер және өзге де мiндеттемелер беруi, егер бұл iс-әрекеттер жеке немесе заңды тұлғаға не мемлекетке iрi залал келтiрмесе, -