11.07.97 ж. № 154-1; 29.06.98 ж. № 236-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 11-бап өзгертілдi
11-бап. 2005.12.23 № 107-III ҚР Заңымен алып тасталды ( бұр. ред. қара)
.
ҚР 02.03.01 ж. № 162-II Заңымен 11-1 баппен толықтырылды; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) заңымен 11-1-бап өзгертілді ; 2005.12.23 № 107-III ҚР Заңымен жаңа редакцияда ( бұр. ред. қара) ; 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 11-1-бап өзгертілдi
11-1-бап. Банктердің еншілес ұйымдары және ұйымдардың
жарғылық капиталдарына банктердің қомақты қатысуы
1. Банк осы Заңның 8-бабында өзіне берілген өкілеттіктерді жүзеге асыру мақсатында уәкілетті органның рұқсаты болғанда ғана еншілес ұйым құра алады немесе оны иелене алады.
Еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.
Акциялары және жарғылық капиталға қатысу үлестері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес кепіл ретінде қабылданған жағдайда, банктің меншігіне өтетін заңды тұлғалар банктің еншілес ұйымына жатқызылмайды, бұл ретте осындай акцияларды және жарғылық капиталға қатысу үлестерін өткізу мерзімі бір жылдан аспауға тиіс.
2. Банктердің еншілес ұйымдары еншілес ұйым құруға және (немесе) оларды иеленуге құқылы емес.
Банктің еншілес ұйымы өзінің толық атауында "еншілес" деген сөзді көрсетуге және бас банктің атауын пайдалануға міндетті.
3. Рұқсат алуға берілген өтінішке мынадай құжаттар қоса тіркелуге тиіс:
1) еншілес ұйымның құрылтай құжаттары, жарғының бекітілгені туралы хаттамалар;
2) банктің уәкілетті органының еншілес ұйым құру немесе оны сатып алу туралы шешімі;
3) еншілес ұйымның басшы қызметкерлері туралы ақпарат;
4) еншілес ұйымның ұйымдық құрылымы және аффилиирленген тұлғалар туралы мәліметтер.
Банкте банк холдингі болмаған жағдайда:
осы ұйымдар қауымдастығы меморандумының немесе ережелерінің шарттарына сәйкес олардың қызметін бірлескен негізде басқаруға;
егер аталған ұйымдардың директорлар кеңесі немесе басқармасы құрамының үштен бірінен астамын сол белгілі бір тұлғалар құрайтын болса, еншілес ұйымға байланысты ұйымдар туралы ақпарат қосымша беріледі;
5) бизнес-жоспарын табыс ете отырып, еншілес ұйым қызметінің түрі немесе түрлері туралы ақпарат;
6) құрылатын еншілес ұйымның құрылтайшылары енгізетін акцияларды алдын ала төлеу мөлшері туралы ақпарат;
7) құрылатын еншілес ұйымның жарғылық капиталына банктің қатысу үлесі мен сомасы, сондай-ақ олар сатып алатын акциялар саны және акцияларды алдын ала төлеу мөлшері туралы ақпарат;
8) еншілес ұйымды сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер;
9) аудиторлық ұйымның есебі және сатып алынатын еншілес ұйымның аудиторлық ұйым куәландырған қаржы есептілігі;
10) сатып алынатын еншілес ұйымның заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткендігі туралы куәлігінің нотариат куәландырған көшірмесі;
11) сатып алынатын еншілес ұйымның жарғылық капиталының мөлшері туралы (егер мұндай ақпарат аудиторлық есепте болмаса), сондай-ақ банктің жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе еншілес ұйымның сатып алынатын акцияларының саны, оларды сатып алу бағасы туралы ақпарат;
12) банк жарғылық капиталға қатысу үлесін немесе акцияларын иемдену арқылы еншілес ұйымын иемденген заңды тұлға туралы:
заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жерін;
құрылтайшысы (қатысушысы) банк болып табылатын заңды тұлғаның жарғылық капиталына банктің қатысу үлесінің мөлшері, оны сатып алу бағасы туралы мәліметті;
акционері банк болып табылатын заңды тұлғаның акциялар саны, оларды сатып алу бағасы, олардың орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алғандары шегеріле отырып) жалпы санына проценттік арақатынасы туралы мәліметті;
заңды тұлғаның (оның құрылтайшысы, қатысушысы, акционері банк болып табылатын) басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесінің мөлшері, оны сатып алу бағасы туралы мәліметті;
акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) банк болып табылатын заңды тұлға сатып алған акциялар саны, сатып алу бағасы, олардың орналастырылған акциялардың (артықшылықты және қоғам сатып алғандары шегеріле отырып) жалпы санына проценттік арақатынасы туралы мәліметті қамтитын деректер;
13) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйым қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екенін растайтын құжаттар;
14) еншілес ұйымды бақылауды және бақылау негіздерін растайтын құжаттар.
4. Банк соңғы аяқталған екі қаржы жылының қорытындылары бойынша оның қызметі шығынсыз болған жағдайда және уәкілетті органға рұқсат алуға өтініш берілген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде уәкілетті орган белгілеген пруденциалдық нормативтерді сақтаған жағдайда, еншілес ұйым құруға құқылы.
5. Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға рұқсат беруден бас тартуға:
1) рұқсат алуға қажетті құжаттардың табыс етілмеуі;
2) еншілес ұйымның басшы қызметкерлерінің (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылған кандидаттардың) осы Заңның 20-бабының 2-тармағы 3)-5) тармақшаларының талаптарына сай келмеуі;
3) банктің көзделетін еншілес ұйымдарының болуы нәтижесінде құрамына банк кіретін банк конгломератының пруденциалдық нормативтерді сақтамауы;
4) еншілес ұйымның қызметі немесе банк жоспарлаған инвестициялар салдарынан банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауы және (немесе) банк салымшыларының мүдделеріне нұқсан келтіру көзделетін қаржылық салдарларды талдау;
5) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйым қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екенін растайтын табыс етілген құжаттардың уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелеріне қоятын талаптарына сәйкес келмеуі;
6) банктің уәкілетті органға рұқсат алуға өтініш берген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде және/немесе өтінішті қарау кезеңінде белгіленген пруденциалдық нормативтерді және басқа да сақталуға міндетті нормативтер мен лимиттерді, сақтамауы;
7) өтініш берілген күнгі банкке қатысты қолданылған шектеулі ықпал ету шараларының және санкцияларының болуы негіз болып табылады.
6. Уәкілетті орган өтініш берілгеннен кейін үш ай ішінде рұқсат беруге немесе рұқсат беруден бас тартуға міндетті.
Рұқсат беруден бас тартқан жағдайда уәкілетті орган өтініш берушіге бас тартудың негіздері туралы жазбаша хабарлауға міндетті.
7. Банктің еншілес ұйымы құрылтай құжаттарына енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
8. Уәкілетті органның рұқсатын алмаған жағдайда банк еншілес ұйымның өзіне тиесілі акцияларын (қатысу үлестерін) үш ай мерзім ішінде осы банкпен ерекше қарым-қатынасы жоқ тұлғаларға иелігінен шығаруға не еншілес ұйым қабылдайтын шешімдерді айқындау мүмкіндігінен бас тартуға және растайтын құжаттарды уәкілетті органға беруге міндетті.
9. Банктің ұйымның жарғылық капиталына қомақты қатысуына уәкілетті органның рұқсаты болғанда ғана жол беріледі.
Ұйымның жарғылық капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен белгіленеді.
10. Рұқсат алуға берілетін өтініш осы баптың 3-тармағының 2), 3), 5)-8) тармақшаларында көзделген құжаттар қоса тіркеле отырып табыс етіледі.
Ұйымның жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тарту осы баптың 5-тармағында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйым қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екенін растайтын табыс етілген құжаттардың уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелеріне қоятын талаптарына сай келмеуі ұйымның жарғылық капиталға қомақты қатысуына рұқсат беруден бас тарту үшін негіз болып табылмайды.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда
2-тарау. Банк құру және банк қызметiн жүзеге асыру
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 10.07.98 ж. № 282-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 12-бап өзгертілдi; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) заңымен 12-бап алынып тасталды
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 13-бап жаңа редакцияда; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) заңымен 13-бап өзгертілді
13-бап. Уәкiлеттi органның банк ашуға рұқсат беруi
1. Банк ашуға рұқсат беру тәртібі мен оған рұқсат беруден бас тарту негiздерi банк заңдарында белгiленедi.
2. Банк ашуға берiлген рұқсаттың банк операцияларын жүргiзуге банкке лицензия беру туралы уәкiлеттi орган шешiм қабылдағанға дейiн заңды күшi болады.
Банк ашуға берiлген рұқсатты уәкiлеттi орган керi қайтарып ала алады.
3. Банк операцияларын жүргiзуге лицензия берiлген жағдайда немесе банктiң қызметiн тоқтату туралы сот шешiм қабылдаған жағдайда, сондай-ақ осы Заңның 49-бабының 2-тармағында көзделген негiздер бойынша рұқсат керi қайтарып алынған жағдайда банк ашуға берiлген рұқсатты банк уәкiлеттi органға қайтаруға тиiс.
4. Банк өзiне банк ашуға берiлген рұқсатты ерiктi түрде қайтаруға және заңда белгiленген тәртiппен қайта тiркелуге құқылы.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 14-бап өзгертiлдi
14-бап. Банкінің құрылтай құжаттары
1. Банк Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында заңды тұлғалар үшiн белгiленген тәртiппен, банк заңдарында белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып құрылады.
2. Банк құру жөніндегі құрылтай шартында, қолданылып жүрген заңдарда көзделген мәлiметтерден басқа, мiндеттi түрде:
толық атауы мен олардың әрқайсысының тұрған жерiн қоса құрылтайшылар туралы мәлiметтер, сондай-ақ олардың мемлекеттік тiркеуден өткендiгi жөніндегі деректер (заңды тұлғалар үшiн), аты-жөнi, азаматтығы, тұрғылықты жерi мен жеке өзiн (жеке адамдар үшiн) куәландыратын құжат деректерi;
акциялардың саны, санаттары мен орналастыру бағалары туралы мәлiметтер көрсетiлуге тиiс.
3. Банк жарғысында, қолданылып жүрген заңдарда көзделген мәлiметтерден басқа, мiндеттi түрде:
банкінің толық және қысқартылған атауы;
банк қорларын (резервтік капиталын) құру түрлерi мен тәртібі туралы мәлiметтер;
банк органдарының шешiм қабылдау тәртібі.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 15-бап өзгертiлдi
15-бап. Банктiң ұйымдық-құқықтық нысаны және атауы
1. Банктер акционерлік қоғамдар нысанында құрылады.
1-1. Банк өз жарғысында жазылған атауды өзiнiң атауы ретiнде пайдаланады.
Банктiң атауында "банк" деген сөз немесе одан туындаған сөз болуға тиiс.
2. Ұлттық Банкiден басқа банкiлердiң бәрiне өзiнiң атауында кез келген тiлде толық және қысқарған түрiнде "ұлттық", "орталық" деген сөздердi қолдануға тыйым салынады.
3. Банктердiң бәрiне өзiнiң атауында кез келген тiлде толық және қысқарған түрiнде "мемлекеттік" деген сөздi қолдануға тыйым салынады.
4. Бұрын құрылған банкiлердiң, еншiлес банктердi қоспағанда соның iшiнде Қазақстан Республикасының резиденттерi емес банкiлердiң атауымен бiрдей немесе орнын ауыстырған дәрежеде ұқсас таңбаларды атау ретiнде қолдануға жол берiлмейдi.
Еншiлес банктер өзiнiң атауына негiзгi банктердiң атауын пайдалануға мiндеттi.
ҚР 07.12.96 ж. № 50-1; 11.07.97 ж. № 154-1; 10.07.98 № 282-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара) ; 2005.12.23 № 107-III ( бұр. ред. қара) ; 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 16-бап өзгертiлдi
16-бап. Банктiң жарғылық және меншiк капиталы
1. Банктiң жарғылық капиталы акцияларды сату есебiнен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен қалыптастырылады.
2. Банк акциялары орналастырылған кезде тек қана ақшамен төленуге тиiс.
3. 2005.12.23 № 107-III Заңымен алып тасталды ( бұр. ред. қара)
4. ҚР 2005.08.07. № 72-III Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
5. Жаңадан құрылған банкінің жарғылық капиталына оның акционерлерi Әдiлет министрлігі банкіні тiркейтiн кезге қарай елу процент мөлшерiнде және тiркеген күннен бастап бiр күнтiзбелiк жыл iшiнде толық төлем жасауға тиiс.
Екiншi деңгейдегі банктердiң жарғылық және меншiктi капиталдарының ең аз мөлшерi туралы ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 2 маусымдағы № 190 қаулысын қара
6. алынып тасталды
7. Банктің меншікті капиталын және инвестициясын есептеу әдістемесін уәкілетті орган айқындайды.
Егер банк міндеттемелерінің сомасы оның активтерінің құнынан артық болған жағдайда, банктің меншікті капиталы теріс капитал болады.
8. Банктің меншікті капиталының терiс мөлшерi анықталған жағдайда уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісім бойынша оның акционерлерiнiң акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдауға және оларды банк капиталының ұлғаюына, инвестор алған мiндеттемелердi ескере отырып оның қалыпты жұмыс iстеуiне кепiлдiк беретiн шарттармен жаңа инвесторға сатып алынған баға бойынша дереу сатуға құқылы.
Банк акцияларын уәкiлеттi органның мәжбүрлеп сатып алуы банк акцияларын (акционерлердiң үлесiн) кейiннен жаңа инвесторға сату мақсатында мәжбүрлеп сатып алу туралы ол шешiм қабылдаған күнгi оның міндеттемелерінің сомасы шегеріле отырып банк активтерінің құнын негiзге ала отырып белгiленетiн баға бойынша жүзеге асырылады. Банктiң сатып алынған акцияларын олар сатып алынған баға бойынша дереу сатады. Банктiң мәжбүрлеп сатып алынған барлық акциялары иелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi жаңа инвесторға көшедi.
Банкке талаптар қойылуы мүмкiн мiндеттемелердi орындау мерзiмi басталған жағдайда, бiрақ ол талаптар банктiң акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдағанға дейiн қойылмаса, жеке және заңды тұлғалардың депозиттерi бойынша талаптарды қоспағанда, мұндай талаптар өтелген болып есептеледi.
Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алудың және оларды кейiннен инвесторларға мiндеттi түрде сатудың тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.
ҚР Президентінің 27.01.96 ж. № 2830 Жарлығымен; 07.12.96 ж. № 50-1; 11.07.97 ж. № 154-1; 29.06.98 ж. № 236-1; 10.07.98 № 282-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 25.04.01 ж. № 179-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 178-III (бұр. ред. қара) ; 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 17-бап өзгертiлдi
17-бап. Банкінің құрылтайшылары мен акционерлерi
1. Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резиденттерi емес заңды және жеке тұлғалар (осы баптың 5 және 6-тармақтарында және осы Заңның 18-бабында белгiленген шектеулердi ескере отырып) банкінің құрылтайшылары мен акционерлерi бола алады.
2. Мемлекет тек Yкімет атынан ғана банктің құрылтайшысы және акционері бола алады. Қазақстан Даму Банкінің ғана акционері бола алатын ұлттық басқарушы компанияны қоспағанда, мемлекеттік кәсіпорындар және жарғылық капиталдарына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының елу процентінен астамы мемлекетке тиесілі ұйымдар банктің құрылтайшылары және акционерлері бола алмайды.
3. алынып тасталды
4. Банк несие берушiлерiнiң мүдделерiн қорғау және республика банк жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісім бойынша капиталының терiс мөлшерi болған ретте банк акцияларын банктiң қаржы жағдайының қажетiнше жақсартылуына кепiлдiк беретiн жаңа инвесторға сатып алынған баға бойынша кейiннен мiндеттi түрде дереу сату шартымен мәжбүрлеп сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.
5. Оффшорлық аймақтарда тіркелген немесе оффшорлық аймақтарда тіркелген аффилиирлендірілген тұлғалары бар заңды тұлғалар, немесе уәкiлеттi орган тізбесін белгілейтін, оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалардың қатысушылары (құрылтайшылары, акционерлері) болып табылатын жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының резидент-банктерінің дауыс беретiн акцияларын тiкелей немесе жанама иелене және (немесе) пайдалана және (немесе) оған билiк ете алмайды.
Аталған шектеу уәкiлеттi орган тізбесін белгілейтін рейтинг агенттіктерінің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі бар банктерге қолданылмайды.
6. 2005.12.23 № 107-III Заңымен алып тасталды ( бұр. ред. қара)
7. Ұлттық холдинг пен ұлттық басқарушы компанияны қоспағанда, тікелей немесе жанама түрде банктiң акцияларын иеленетiн не банк акционерi қабылдайтын шешiмдерге ықпал ететiн тұлғалар уәкiлеттi органның талап етуі бойынша банктің ірі қатысушыларын және олардың қаржылық жай-күйiн айқындау үшін құрылтай құжаттарын және басқа да қажетті ақпарат беруге міндетті.
ҚР 02.03.01 ж. № 162-II Заңымен 17-1 баппен толықтырылды; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 17-1-бап өзгертілді ; 2005.12.23 № 107-III Заңымен 17-1- бап жаңа редакцияда ( бұр. ред. қара) ; 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара) Заңымен 17-1-бап өзгертiлдi
17-1-бап. Банк холдингі және банктің ірі қатысушысы
1. Бірде-бір тұлға уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп банк холдингі, банктің ірі қатысушысы бола алмайды.
Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғалар рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төменгі рейтингі болған кезде банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесін алу үшін уәкілетті органның келісімін ала алады. Ең төменгі рейтинг және рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
Банктің орналастырылған акцияларының он немесе одан да көп процентін тікелей иеленуші немесе ең төменгі талап етілетін рейтингі бар банктің дауыс беретін он немесе одан да көп акцияларымен дауыс беру мүмкіндігіне ие банктің ірі қатысушысының акцияларын (қатысу үлестерін) иелену (акцияларымен дауыс беру) арқылы банктің орналастырылған акцияларының он немесе одан да көп процентін жанама иеленуді немесе банктің дауыс беретін акцияларының он немесе одан да көп акцияларымен жанама дауыс беруді көздейтін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға үшін аталған рейтингтің болуы талап етілмейді.
Банктің ірі қатысушылары - жеке тұлғалар банк акцияларын өздеріне меншік құқығымен тиесілі мүліктің құнынан аспайтын мөлшерде төлейді.
2. Банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін алуға келісім беру, оны кері қайтарып алу ережелерін, осы келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды.
3. Банктің ірі қатысушысы болғысы келетін тұлға келісім алу үшін уәкілетті органға осы баптың 4-7-тармақтарында айқындалған құжаттар мен мәліметтерді қоса тіркей отырып, банктің ірі қатысушысы мәртебесін алу туралы өтініш беруге міндетті.
4. Банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім алу үшін жеке тұлға мынадай құжаттарды:
1) растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса тіркей отырып, акцияларды сатып алуға жұмсалатын ақша көздері мен қаражаттардың сипаттамасын қоса алғанда, банктің акцияларын сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді;
2) өтініш берушінің мүддесін білдіру тапсырылатын өтініш берушінің өкіліне (ол бар болғанда) берілген сенімхатты;
3) өзі ірі қатысушы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімін және олардың құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін;
3-1) банктің қаржы жағдайының ықтимал нашарлауы жағдайларында банкті қайта капиталдандыру жоспарын;
3-2) растайтын құжаттар көшірмелері қоса тіркелген мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді;
3-3) жеке тұлға тұратын елдің салық органдары немесе өзге де уәкілетті тұлғалары растаған кірістер мен мүлік туралы мәліметтерді;
4) білімі, еңбек қызметі туралы мәліметтерді қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш беруші туралы қысқаша деректерді;
5) Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлға тұратын елдің тиісті мемлекеттік органының Қазақстан Республикасының резидент-банкінің акцияларды сатып алуға осы ел заңнамасында рұқсат етілгені туралы жазбаша растауын не тиісті елдің уәкілетті органының көрсетілген құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіндігі туралы мәлімдемесін табыс етеді.
5. Банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті - заңды тұлға мынадай құжаттарды:
1) өтініш берушінің жоғары органының банк акцияларын сатып алу туралы шешімінің көшірмесін;
2) осы баптың 4-тармағының 1), 2), 3) және 3-1) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;
2-1) өзінің басшы қызметкерлерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді;
3) өтініш берушінің құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмесін, оның ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ өтініш берушінің ірі қатысушыларының ірі қатысушылары туралы қысқаша деректерді;
4) білімі туралы, еңбек қызметі туралы мәліметтерді қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш берушінің басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректерді;
5) аяқталған соңғы екі қаржы жылының аудиторлық ұйым куәландырған жылдық қаржылық есептілігін, сондай-ақ тиісті өтінішті табыс етер алдындағы аяқталған соңғы тоқсанның қаржы есептілігін;
6) өтініш берушінің және банктің мәртебе алғаннан кейінгі болжамды есеп айырысу балансын қоса алғанда, банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуының қаржылық салдарларының талдамасын, іс-шаралар жоспарын және ұйымдық құрылымды қоса алғанда, өтініш берушінің банк активтерін сату, қайта ұйымдастыру немесе банк қызметіне немесе оны басқаруға айтарлықтай өзгерістер енгізу жөніндегі жоспарлары мен ұсыныстарын, егер олар бар болса, табыс етеді.
6. Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім алу үшін мына құжаттарды:
1) осы баптың 4-тармағының 1), 2), 3) және 3-1) тармақшаларында және 5-тармағының 1), 2-1), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында аталған мәліметтер мен құжаттарды;
2) осы баптың 1-тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі берген заңды тұлғаның кредит рейтингі туралы мәліметтерді табыс етеді.
7. Банктің ірі қатысушы мәртебесін алуға келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті емес - қаржы ұйымы мынадай құжаттарды:
1) осы баптың 6-тармағында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;
2) өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органының өтініш беруші қаржылық қызметін осы ел заңнамасының шеңберінде жүзеге асыруға уәкілетті екендігі туралы жазбаша растауын не өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органының осы елдің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіндігі туралы мәлімдемесін табыс етеді.
8. Жиынтығында банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) он және одан астам процентін иеленетін немесе банк акцияларының он немесе одан астам процентімен тікелей немесе жанама дауыс беруге мүмкіндігі бар және:
1) банк қабылдайтын шешімдерге өздерінің арасында жасалған шартқа орай не өзгеше түрде бірлесіп ықпал ететін;
2) жеке алғанда немесе өзара бір-бірінің ірі қатысушылары болып табылатын;
3) олардың бірі лауазымды тұлға немесе басқа тұлғаның өкілі болып табылатын;
4) олардың бірі өздерінің арасында жасалған шартқа сәйкес екінші тұлғаға банк акцияларын сатып алу мүмкіндігін берген;
5) жақын туыстар немесе ерлі-зайыптылар болып табылатын тұлғалар бірлесіп банктің ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалар деп танылады.
9. Уәкілетті органның банктің ірі қатысушысы болғысы келетін тұлғаларға келісім беруден бас тартуына:
осы Заңның 20-бабы 2-тармағының 3)-5) тармақшалары талаптарының (жеке тұлғаға немесе өтініш беруші заңды тұлғаның басшы қызметкерлеріне қатысты) сақталмауы;
өтініш берушінің қаржылық жай-күйінің тұрақсыздығы;