3. Осы Заңның ережелерi Ұлттық Банкiге бұл Заңға тiкелей көзделген жағдайларда ғана қолданылады.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 76-бап өзгертiлдi; ҚР 29.06.98 ж. № 236-1 Заңымен 76-бап алынып тасталды
76-бап. алынып тасталды
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 76-1-баппен толықтырылды
76-1-бап. Өтпелі ережелер
Осы Заңның 57-бабы 1-1-тармағы үшінші бөлігінің талаптары 2005 және 2006 жылдардың қорытындылары бойынша банк конгломераты қатысушыларына аудитті жүзеге асыруда қолданылмайды.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) 77-бап өзгертілді
77-бап. Ұлттық Банктiң iс-әрекетiне шағым беру
Уәкiлеттi органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банк қызметiн реттеу саласындағы iс-әрекеттерiне сот тәртібімен шағым берiлуi мүмкiн.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 78-бап өзгертiлдi
78-бап. Осы Заңның күшiне енуi
1. Осы Заң жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
2. Осы Заң күшiне енген күннен бастап, "Қазақстан Республикасындағы банкiлер туралы" 1993 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасы заңының қолданылу кезеңiнде банкiлердiң жарғылық капиталын қалыптастыру тәртібін бұзушылықтарға жол берiлгендiгi анықталған жағдайда, банкiлерге осы Заңда көзделген санкциялар қолданылады.
Қазақстан Республикасының