Корпорациялық басқаруды жетілдіру жөнінде жоспарланған жұмыстың мақсаты қазақстандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін және инвестициялық тартымдылығын арттыруға септігін тигізетін кешенді және тиімді жүйені қалыптастыру, сондай-ақ корпорациялық қатынастардың айқындылығы мен транспаренттілігін қамтамасыз ету болуы тиіс.
Бұл ретте, корпорациялық басқаруды жетілдіру халықаралық заңнама стандарттарымен және, атап айтқанда, ОЭСР корпорациялық басқару принциптерімен неғұрлым жақындастыруға бағытталуы тиіс.
Қазақстанда корпорациялық басқару проблемалары
Республикадағы корпорациялық қатынастар мен корпорациялық басқарудың ағымдағы жағдайына шолу жасау қазақстандық компаниялардың инвестициялық тартымдылығын арттыруға және қаржы секторының экономикада қаржы ресурстарын бөлудің тиімді агенті ретінде одан әрі қалыптасуына бөгет болатын бірқатар негізгі проблемаларды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:
сот бақылауының жеткіліксіз тиімділігімен байланысты құқыққа қарсы басып алудан компаниялардың меншік иелерінің мүдделерін әлсіз қорғау;
заңды тұлғалардың басқару органдары мүшелерінің жеке жауапкершілігі тетіктерінің пысықталмауы;
заңнамада корпорациялық шешімдер мен мәмілелердің дау айту және заңсыздығының нақты өлшемдерінің болмауы, бұл елеулі бұрмалаушылыққа және асыра пайдалануға, атап айтқанда, активтерді заңсыз шығаруға және т.б. алып келеді;
акционерлік қоғамдарға қатысты да, басқа заңды ұйымдарға қатысты да ақпаратты (оның ішінде қаржылық есеп беруде де) ашуға қойылатын талаптарды жетілдіру қажеттілігі;
инсайдер ақпаратын, нарықты басқару және қаржы айлаларын пайдалануға жол бермеу жүйесі пысықталмаған;
активтер қозғалысының, шешімдер қабылдау рәсімінің айқындылығы және т.б. бөлігінде біріктірілген бизнес-құрылымдарды (холдингтерді) реттеу саласы пысықталмаған.
Бұдан басқа, Қазақстанда шаруашылық жүргізетін заңды тұлғалар құрудың басым құқықтық нысаны жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып табылады, бұл ақпаратты ашу, корпорациялық басқару заңды ұйымдар саласында осы ұйымдарға қойылатын жұмсақ талаптармен байланысты, бұл ретте, олар капиталды тарту саласында акционерлік қоғамдар сияқты осыған ұқсас мүмкіндіктерді пайдаланады.
Қалыптасқан жағдай қаржы секторының формальды тетіктері арқылы инвестициялау тәуекелін арттырады, транзакциялық ұстап қалуларды ұлғайтады, корпорациялық қатынастарға қатысушылар үшін расталған ақпаратты таратуды шектейді, қор нарығын дамытуға кедергі болады.
2007-2011 жылдарға арналған негізгі міндеттер
Осыған байланысты, алдағы кезеңге Үкіметтің, Ұлттық Банкінің және Агенттіктің тиісті заңнама жұмыстарында көрініс табатын корпорациялық басқаруды дамытудың негізгі бағыттары мыналар болады:
1. Корпорациялық жанжалдар мен даулар ішінде реттеу, корпорациялық меншікті және активтерді заңға қарсы басып алудың алдын алу бөлігінде заңнаманы жетілдіру.
2. Компанияның басқару органдарының құрылымы саласында корпорациялық басқаруды жетілдіру, құзыретті бөлу және басқару органдары мүшелерінің жауапкершілігі.
3. Даулы корпорациялық шешімдер мен мәмілелерді қарау, басқару органдарының заңсыз іс-әрекеттерімен келтірілген акционерлерге және басқа тұлғаларға зиянды өтеу тәртібін реттейтін құқықтық нормалар құру.
4. Жария компаниялар өлшемдерін белгілеу және тиісті реттеу жүйесін қалыптастыру.
3.8. Халықтың қаржы секторының қызметтері туралы хабардар болу
деңгейін арттыру және олардың қол жетімділігін арттыру
Халықтың қаржы секторының қызметтері туралы хабардар болу деңгейін арттыру
Мақсаты мен міндетi
Қаржы секторын және оның бәсекеге қабілеттілігін дамыту мәселелері қаржы қызметтерін негізгі тұтынушы ретінде халықтың қаржылық мәдениетінің деңгейін арттыру қажеттілігімен тығыз байланысты. Қаржылық мәдениетті арттыру ағымдағы даму кезеңінде негізгі мәселелердің бірі болып табылады.
Осы мәселені шешу инвесторларды - жеке тұлғаларды қазақстандық бағалы қағаздар нарығында оқыту арқылы, оның ішінде ұжымдық инвестициялар жүйесі, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қаржылық мәдениетті насихаттау арқылы қаржы қызметтерін пайдаланушылардың білім деңгейін арттыруды, халықтың жеке жинақтарын жұмылдыруды қоса алғанда бірқатар іс-шаралармен қамтамасыз етіле алады.
Негізгі шаралар
1. Қаржы қызметтерін пайдаланушылардың білім деңгейін арттыру
Осы мәселені іске асыру үшін осы ақпаратты халық және шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында пайдалануды одан әрі жандандыра отырып, барлық қаржы нарығына қатысушылардың қызметін сипаттайтын негізгі көрсеткіштерді (өлшемдерді) анықтау қажет.
Бұдан басқа, қаржы қызметтерін тұтынушыларды ақпараттандыру мақсаты үшін ақпарат таратудың қол жетімді құралын пайдалану арқылы нарыққа қатысушылар тарапынан да, мемлекеттік органдар тарапынан да халық арасында ақпараттық компаниялар жүргізілетін болады.
2. Инвесторларды - жеке тұлғаларды қазақстандық бағалы қағаздар нарығында оқыту арқылы, оның ішінде ұжымдық инвестициялар жүйесі арқылы халықтың жеке жинақ ақшасын жұмылдыру
Инвесторлардың қор рыногының құралдарына жоғары сенімділік деңгейі дамыған қаржы нарықтарының маңызды сипаттарының бірі болып табылатыны белгілі. Сондықтан, халықтың жеке жинақ ақшасын жұмылдыру мақсатында ұжымдық инвестициялау саласын дамытуды ынталандыру, ұсақ жеке инвесторлардың тәуекелдерін төмендетудің тиімді тетігі ретінде инвестициялардың ұжымдық нысандарын насихаттау және халықты қаржы нарығының мүмкіндіктері туралы кеңінен хабардар ету жүзеге асырылады.
3. Сақтандыру нарығына кәсіби қатысушылардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің және ел халқының сақтандыру мәдениетін арттыру
Халықтың сақтандыру мәдениетін арттыру үшін өмірді сақтандыру жөніндегі сақтандыру ұйымдары зейнетақылық қамтамасыз ету (зейнетақылық аннуитеттер) шеңберінде қоғамның сақтандыру өмірінде елеулі роль ойнайтынын ескере отырып, сақтандыруды, негізінен өмірді сақтандыруды, танымал ету жөнінде іс-шаралар жүргізу қажет.
Халықтың сақтандыру қызметтеріне төмен сұранымының себептерінің бірі сақтандыру ұйымдары көрсететін қызметтердің көпшілік бөлігі және сақтандыру өнімдері туралы және олардың қаржылық жай-күйі туралы жеткіліксіз хабарлануы болып табылады.
Сақтандыру ұйымдарына және олардың бірлестіктеріне бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-әрекетті жандандыру, бұқара халыққа білім беру және оқыту бағдарламаларын ұйымдастыру, сақтандыру қызметтеріне халық сұранымын зерттеу және жаңа сақтандыру өнімдерін әзірлеуді қамтамасыз ету қажет.
Бұдан басқа, ақпарат ашудың айқын және нақты өлшемдері әзірленеді. Сақтандыру саласының ақпараттық айқындылығы көпшілік халыққа сақтандыру ұйымдарының қызметі және қаржылық тұрақтылығы туралы мәліметтің қол жетімділігін қамтамасыз етуі тиіс, ақпарат тұтынушыларға қол жетімді және түсінікті форматта ұсынылуы тиіс.
Сақтандыру ұйымдарының көрсетілген мәселелерін шешу Сақтандыру этикасы кодексін қабылдау қызмет етуі тиіс, оның негізі бизнесті әділ жүргізу, көрсетілетін қызметтер сапасын қамтамасыз ету, сондай-ақ сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың мүддесін қорғау принциптері болуы тиіс.
4. БАҚ арқылы қаржылық мәдениетті насихаттау
Қаржылық мәдениетті арттыру мәселелерінде бұқаралық ақпарат құралдары маңызды роль ойнайды: газеттер, журналдар, телевидение, радио. Бұл бағытта қаржы нарығы, онда жүргізілетін реформалар саласында заңнама мақсаттарын насихаттау және түсіндіру жөніндегі жұмыс, қаржылық қызметтерді тұтынушыларды қорғауға бағытталған өзге шараларды жүзеге асыру күшейтіледі.
Халыққа қаржы секторы қызметтерінің қол жетімділігін қамтамасыз ету
Мақсаты мен міндетi
Халыққа қаржы секторы қызметтерінің қол жетімділігін қамтамасыз ету қажеттілігі Елбасы белгілеген стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу жолындағы маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Осы мәселені шешу халықтың қызметтерге қол жеткізуіндегі өңірлік дисбалансты жоюдан тұрады, бұл, өз кезегінде, олардың тізбесін кеңейтуді, сондай-ақ осы қызметтердің сапасын арттыруды ескере отырып, қаржылық қызметтер нарығында бәсекелестікті арттыруға септігін тигізеді. Осы мәселелерді шешудегі маңызды бағыттар қаржы секторында қызмет көрсетудің электрондық нысандарына көшу, кредит серіктестіктерін, микрокредит ұйымдарын, сақтандыру ұйымдарын, трансфер-агенттік қызметтерді дамыту, инвестициялаудың ұжымдық нысандарын жетілдіру, республиканың қаржы нарығында қызметтердің жаңа түрлерін дамытуды ынталандыру болып табылады.
Негізгі шаралар
1. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың жұмысында электрондық сандық қол қоюға көшу және оны пайдалану
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы «Электрондық құжат айналымы және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңы бұрын қабылданған, алайда оның басымдықтарын нақты толыққанды пайдалану қазіргі уақытта қиындау. Ақшаны электрондық байланыс құралдары арқылы басқаруға беру үшін клиент қолының түпнұсқалығын растау рәсімі аса маңызды.
Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының қызметтеріне қол жеткізуді және сапасын арттыру мақсатында электрондық сандық қол қоюды бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының жұмысына енгізу тетігі әзірленеді.
2. Зейнетақы секторында халыққа қызмет көрсетудің электрондық жүйесіне көшу
«Электрондық» үкімет құру жөніндегі бағдарламаны қоса алғанда, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде электрондық карточка негізінде алыс өңірлерді қоса алғанда, барлық халыққа қол жетімді электрондық қаржылық қызметтер ұсынуға көшу жөнінде жұмыс ұйымдастырылады және оның базалық қосымшаларының бірі ретінде азаматтарды зейнетақылық қамтамасыз ету жөніндегі электрондық қызметтерді қарастыру қажет. Бұл салымшыны сәйкестендіруге және үнемі оның жеке зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы ақпарат беруі, электрондық қызметтер шеңберінде аударымдар мен төлемдерді ұйымдастыруы бойынша оған зейнетақы қызметтерін көрсетуге мүмкіндік береді.
3. Инвестициялаудың ұжымдық нысандарын жетілдіру
2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті H. Назарбаев елімізде тұрғын үйді жалға беру рыногын әлемдік стандарттарға сай дамытып, оны мемлекет үшін ашық, бизнес үшін тартымды ету керек деп атап өтті.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үйді жалға беру секторын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды. Осы Заңды іске асыру мақсатында жылжымайтын мүлік қорларының активтерін құрайтын қаржы құралдарының тізбесін анықтайтын нормативтік құқықтық акті қабылданады деп болжамдалуда.
Инвестициялық қорларды дамыту бөлігінде заңнаманы одан әрі жетілдіру және инвестициялық қорлар құруға және дамытуға кедергі болатын заңнама нормаларын жою жоспарлануда. Атап айтқанда, пайларды сауда биржа жүйесінде айналымға жіберу, жылжымайтын мүлікке пай инвестициялық қорлар құқығын тіркеу, жерді пайдалану және жер қойнауын пайдаланушылар құқығы, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші серіктестіктерге қатысу үлесі.
4. Кредит серіктестіктерін, микрокредит ұйымдарын, сақтандыру ұйымдарын, трансфер-агенттік қызметтерін дамыту
Қазіргі уақытта қаржы нарығын дамытуда нақты дисбаланс проблемасы орын алады, бұл республиканың жеке, көбінесе алыс өңірлер халқының қаржылық қызметтерге қол жеткізе алмайтынымен не төмен қол жетімділігімен білінеді. Екінші деңгейдегі банктердің филиал желілерін кеңейткеннен басқа, осы мәселенің шешіміне кредит серіктестіктерін, микрокредит ұйымдарын, сақтандыру ұйымдарын, трансфер-агенттік қызметтерін дамыту септігін тигізе алады, осылайша, қаржы нарығында бәсекелестікті дамытуға жағдай жасайды.
Осы мақсаттарда орта мерзімді перспективада кредит серіктестіктер мен микрокредит ұйымдар ұсынатын қызметтер спектрін кеңейтуге жағдай жасау, сақтандыру нарығын инфрақұрылымын дамыту трансфер-агенттік қызметтерді дамыту болжамдалады.
5. Қызметтердің жаңа түрлерін дамытуға жағдай жасау
Халықаралық нарықтарда қалыптасқан дәстүрлі ұғымда инвестициялық банктер - бұл компанияларды біріктіру және жою мәселелері бойынша андеррайтинг, дилерлік және брокерлік операциялар, инвестициялық кеңес беру саласында бағалы қағаздар нарығында толық қызметтер тізбесін ұсынатын брокерлік-дилерлік компаниялар. Инвестициялық банктер осы қызмет түрлерін компанияларға, мемлекеттік органдарға, коммерциялық емес корпорацияларға және жеке тұлғаларға көрсетеді. Инвестициялық банк консультациялық қызметтер көрсетеді. Консультант ретінде ол бірқатар функцияларды орындайды. Ол қаржы құралдарын (акциялар, облигациялар және т.б.) дайындау және шығару кезінде делдал болып табылады, шығарылған қаржы құралдарын сатуды және орналастыруды ұйымдастырады, қаржы нарығындағы жағдайға байланысты инвестициялар жөнінде ұсынымдар береді, қажет қаржылық зерттеулер жүргізеді.
Қазақстанда инвестициялық банкингті дамыту мәселелері бойынша ағымдағы кезеңде тиісті нормативтік құқықтық актілерге кейбір өзгерістер енгізілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1385 Қаулысымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру шеңберінде іске асырылатын осы жұмыс жалғасын табады, бұл инвестициялық банкингті реттеу жөніндегі қолданыстағы нормативтік құқықтық базаны, жетілдіруде білінетін болады.
Қазіргі уақытта, отандық қаржы нарығына қатысушылар үшін ислам қаржыларының түрлі нысандарын пайдалану және Қазақстан ислам банкингін енгізу мүмкіндігі туралы мәселелер үлкен қызығушылық білдіреді.
Инвестициялар, қаржылық қызметтер және қаржы өнімдері шариғат принциптеріне сәйкес құрылымдалған ислам капитал нарығының пайда болуы ислам қаржы қызметтер индустриясының өсіміндегі табиғи прогресс нәтижесі болып табылады. Бүгінгі күні инвестицияларды шариғат принциптеріне сәйкес іздеген тұлғалардың мұқтажын қанағаттандыру үшін ислам капитал нарығының көптеген өнімдері мен қызметтері бар. Мұнда шариғатпен рұқсат берілген акциялар, ислам облигациялары, ислам қорлары және тәуекелдерді басқарудың ислам өнімдері кіреді. Ислам капитал нарығы өсіп едәуір дамыды. Өнімдерді құрылымдаудың, жобаларды қаржыландырудың ислам нысандары, биржа істері, активтерді басқару және венчурлік капитал қызметтері кеңінен қол жетімді болуда.
Ислам қаржысының ғаламдық қаржылық қауымдастықтарға әсері ұқыпты және толық қарастыруды және зерттеуді талап етеді.
Орта мерзімді перспективада Қазақстан ислам банкингін дамыту тетіктері әзірленді.
6. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету
Орта мерзімді перспективада қаржы нарығын реттеу және қадағалау саясаты мен тәжірибесінің сабақтастығы сақталады, қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз етуге және тұтастай алғанда, қаржы жүйесіне сенімді нығайтуға септігін тигізеді. Қаржылық қызметтерді тұтынушыларды біріктіретін қауымдастықтар мен бірлестіктер рольдері күшейтіледі.
3.9. Қаржы нарығы үшін кәсіби кадрлар дайындау
Қаржы секторын дамыту мәселелерінде осы салада кәсіби кадрларды даярлау аспектісі маңызды рөл ойнайды. Отандық қаржы нарығын жеделдетіп дамыту және оның дүниежүзілік қаржы кеңістігіне кіру қажеттілігі қаржы индустриясы кадрларының кәсіби біліктілігін түбегейлі арттыру қажеттілігін әкімшілікпен ұсынады.
Бұл нарық талаптарын ескере отырып кәсіби кадрларды даярлауды көздейді, ол өз кезегінде бұдан әрі қаржы қызметтерінің сапасын және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды ынталандыратын болады.
Бұл мақсатта халықаралық стандарттарға сәйкес білім беру бағдарламаларын, курстарды ұйымдастыруды, оқу орталықтарын, оқу-практикалық конференциялар мен семинарларды және оқытудың басқа нысандарын қайта қарауды ескере отырып орта және жоғары кәсіби білім беру жүйесі арқылы қаржы саласында кәсіби кадрларды даярлау жөніндегі ұсыныстар әзірленетін болады.
Сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасы бойынша басым мамандықтардың тізбесіне қаржы және банк ісі, қаржы талдамашысы, банктерде тәуекел-менеджмент, сақтандыру құқығы, андеррайтер, сақтандыру ұйымында тәуекелдерді басқару қаржы консультанты сияқты мамандықтарды енгізу жөніндегі мәселе шешімін табатын болады. Алайда осы бағдарлама бойынша қаржыландыру көлемін арттыру және кандидаттарға қойылатын талаптарды жұмсарту қажет.
Сақтандыру саласында оқыту Қазақстанның қоғамдық сақтандырушылар бірлестігі жасаған тиісті оқыту бағдарламаларының негізінде жүргізілуі тиіс. Осы міндетті іске асыру мақсатында барлық сақтандыру ұйымдарының үлестік қатысуы есебінен сақтандырушылардың қоғамдық бірлестігі жанында оқу орталығын құру туралы мәселені қарау қажет.
Ұлттық Банк 2003 жылы құрылған T. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университетінің MBA бағдарламасы бойынша Магистратура жолымен мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдары үшін кадрларды даярлау және қайта даярлауға қатысуды жалғастыратын болады.
3.10. ЕурАзЭҚ және басқа ықпалдасу одақтары шеңберінде Қазақстан
қаржы секторының халықаралық қарым-қатынастарын тереңдету
Экономикалық реформаларды кезектілікпен өткізу көпжақты экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері арасында ықпалдастыру процестерін күшейту үшін алғышарттар жасап берді.
Біртұтас экономикалық кеңістік қалыптастыруды және қаржы жүйелерін ықпалдастыруды жеделдету өзара іс-қимылдың жаңа, перспективалық нысандары мен тетіктерін пайдалануға, бірлескен күш-жігермен оған қатысушылардың ортақ пайдалары мен ұлттық мүдделерін іске асыруға бағдарланған.
Қазақстан үшін алдағы орта мерзімді кезеңге арналған негізгі мақсаттар басталған экономикалық ықпалдастыру бастамаларын жалғастыру, ұлттық экономиканы дамыту үшін өңір елдерімен келісілген саясатты жүргізуді жалғастыру, өңір елдерінің заңнамаларын үйлестіруді жеделдету және адамдар мен капиталды жылжыту жолындағы барлық ықтимал кедергілерді алып тастау жөніндегі жұмысты жалғастыру болып табылады.
Бұрынғы Одақ елдерінің тиімді экономикалық өзара қарым-қатынасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД); Еуразия экономикалық қоғамдастығы (ЕурАзЭҚ); Біртұтас экономикалық кеңістік (БЭК); Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы кіретін Орталық-Азия ынтымақтастығы; Грузия, Әзірбайжан, Украина, Өзбекстан мен Молдова альянсы (ГӘУӨМ) сияқты ықпалдастыру бірлестіктерінің жұмыс істеу шеңберінде дамуда.
Экономикалық ықпалдасудың жаңа сатысы Белоруссия, Қазақстан, Ресей мен Украина президенттерінің БЭҚ қалыптастыруға дайындық туралы 2003 жылғы 23 ақпандағы өтінішінен бастау алды.
Өңірлік ынтымақтастық жолындағы көптеген қиыншылықтар оның «қаржылық құрамдас бөлігінің» дамымауымен байланысты.
Қазіргі заманғы жағдайларда валюталық қарым-қатынастар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту ТМД қатысушы мемлекеттердің ұлттық экономикасын дамыту және олардың сыртқы қаржылық ауытқуларға осалдығының дәрежесін төмендету факторы ретінде үлкен мәнге ие болып келеді. Бұл ретте, валюталық-қаржы саласында өзара іс-қимылды нығайту кезеңділік қағидатына негізделеді.
Валюталық ықпалдастыру мәселелері 2003-2006 жылдарға және одан кейінгі жылдарға арналған ЕурАзЭқ-ті дамытудың басым бағыттарында көрініс тапты, оларда жалпы қаржы нарығы мен валюталық ықпалдастыруды қалыптастыру қағидаттары мен шарттары айқындалған.
Біртұтас экономикалық кеңістік құру мен дамыту және қаржы жүйелерін ықпалдастыру кезең-кезеңмен және сауда-экономикалық қатынастарды дамыту, кәсіпкерлік пен инвестицияларды дамыту, ақша-кредиттік, қаржы және валюталық қатынастарды дамыту, заңнамаларды кезеңмен үйлестіру, келісілген әлеуметтік саясатты жүргізу бағытында жүргізілуі тиіс. Көрсетілген кезең сақтандыру нарығын дамыту жөніндегі ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің ұлттық бағалы қағаздар нарығына қол жеткізуінің тең шарттарын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру болып табылады.
Нарықтық қатынастарды қалыптастыру және дамыту жолындағы маңызды кезең Еуразия даму банкін құру болып табылады, оны құру туралы келісімге 2006 жылғы 12 қаңтарда қол қойылды.
Банктің стратегиялық мақсаты инвестициялық қызметті жүзеге асыру жолымен қатысушы елдерде нарықтық экономиканың дамуына, олардың экономикалық өсуіне және инвестициялық қызметті жүзеге асыру жолымен өзара сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге жәрдемдесу болып табылады. Банк біртұтас экономикалық кеңістіктің қаржы инфрақұрылымының біріктіруші элементі, терең интеграциялық процестерге қатысушы елдердің серіктесі болуға танылған.
2007-2011 жылдар ішінде валюталық одақты құру жөніндегі жұмыс жалғасады. Ол үшін мыналар алғышарттар болып табылады: экономикалық саясатты үйлестіру, барлық валюталық шектеулер мен капиталдың қозғалысына қойылатын шектеулерді алып тастау және және валюталық одаққа әлеуетті қатысушы елдердің экономикалық саясатының арасын біртіндеп жақындату.
4. Қаржы секторын дамытудың негізгі бағыттары
4.1. Кредиттік ұйымдарды дамыту
4.1.1. Банк секторы
Мақсаты мен міндеттерi
Орта мерзімді перспективада банк секторын дамытудың негізгі мақсаттары мен міндеттері мыналар болып табылады:
халықтың банк өнімдеріне қатынауын кеңейту және қаржы қызметтерін тұтынушыларды қорғау деңгейін арттыру;
халықтың банк секторына сенімділігін арттыру мақсатында отандық екінші деңгейдегі банктер қызметінің айқындық деңгейін арттыру;
бәсекелестікті дамыту және шетелдік банктердің отандық қаржы нарығына қатынауын ырықтандыру;
үздік халықаралық практика негізінде банктік қадағалауды жетілдіру және елдің банк секторының сыртқы қарыз алуын басқару тиімділігін арттыру.
Ағымдағы жағдай
Әлемдік экономикаға неғұрлым тығыз кірігу жолында отандық банк жүйесін одан әрі жетілдіру түйінді рөл атқарады. Банк секторын ырықтандыру капиталды басқаруда озық шетелдік тәжірибені енгізуге, менеджмент сапасын және тиісінше, банк жүйесін дамыту деңгейін арттыруға ықпал етеді.
Банк секторын ырықтандыру мәселесі Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі келіссөз процесі шеңберінде қаралады. Осыған байланысты одан әрі ырықтандыру, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметіне тең жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасының резидент еместерінің қазақстандық банк нарығына кіруі жөніндегі бірқатар шектеулер жойылды.
Банк жүйесі қызметінің ашықтығын арттыру мақсатында Банк қызметінің ашықтығын арттыру мәселелері бойынша ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жасау туралы меморандум әзірленіп, банктерге қол қоюға ұсынылды, онда банктің шынайы меншік иелері туралы, банк бақылайтын ұйымдардың тізбесі туралы, банктің аффилиирленген тұлғалары және олармен жасалатын мәмілелер туралы, банк бизнесін дамытудың жақын арадағы бес жылға арналған стратегиясы туралы ақпаратты банктердің ашуы көзделеді.
Экономиканың үздіксіз өрлеуі, елдегі қолайлы инвестициялық ахуал, соңғы жылдары банк секторының орнықты дамуы халықаралық кредиторлар тарапынан сенімнің нығаюына және соның нәтижесінде сыртқы қарыздардың ағылуына ықпал етті, бұл өз кезегінде банк секторының шетелден алынатын қарыздарға тәуелділігін күшейтуі мүмкін.
Сырттан қарыз алудың өсуі банк секторының айтарлықтай валюталық тәуекелге бейімділік дәрежесін арттыруға алып келуі мүмкін екенін атап өткен жөн, оның келеңсіз әсері банктердің валюталық міндеттемелерін қайта бағалауға, сондай-ақ қайта қаржыландыру тәуекелдеріне, пайыздық тәуекелге және өтімділік тәуекеліне әкеп соғуы мүмкін.