Алайда, ақша-кредит және фискалдық саясатты үйлестіру олардың бір-біріне тәуелді болуын болжамдамайды. Ұлттық Банкінің өкілді және атқарушы өкімет органдарынан тәуелсіздігі Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңында бекітілген.
2007-2011 жылдарға арналған негізгі мәселелер
Теңдестірілген ақша-кредит және фискалдық саясатты жүргізу мақсатында мынадай шаралар қабылдау болжамдалады:
мемлекеттік экономикалық саясаттың бірыңғай ұзақ мерзімді мақсатын және олардың басымдығын белгілей отырып қысқа мерзімді кезеңдегі мақсаттарын анықтау төмен тұрған мақсаттардың жоғары тұрғандарға тәуелділігін сақтау;
негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер болжамдарының және әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарының параметрлерінің, орта мерзімді фискалдық саясаттың және Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатының негізгі бағыттарының негізінде, сондай-ақ осы болжамдарды түзету негізінде жататын бірыңғай жорамалдар мен жол берулерді келісу жөніндегі тетікті жетілдіру;
әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарының, орта мерзімді фискалдық саясаттың және Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатының негізгі бағыттарының шеңберінде жарияланатын көрсеткіштер мен параметрлер тізбесін анықтау;
мақсаттарға қол жеткізу жөнінде келісілген шаралар қабылдау бойынша Ұлттық Банкі мен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің өзара іс-әрекетінің тетігін жетілдіру.
3.4. Қазақстанда бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық
есеп беру жүйесін дамыту және жетілдіру
Ағымдағы жағдай
2003 жылдан бастап барлық қаржы ұйымдары бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді және қаржылық есеп беруді жасауды ХҚЕС бойынша жүзеге асырады, бұл тәуелсіз аудиторлық компаниялардың қорытындыларымен расталады. ХҚЕС қаржылық тәуекелдерді бағалауға, ашуға және басқаруға қатысты неғұрлым тиімді құралдардың бірі ретінде мойындалады, себебі стандарттардың негізгі мақсаты - бұл дайындалатын қаржылық есеп берудің айқындылығы мен растылығы, осыған байланысты отандық қаржы мекемелері үшін ақпарат берудің танымал көзқарастарын пайдалану салдарынан шетел инвесторларымен өзара іс-әрекет мәселесі едәуір оңайлатылады.
2007-2011 жылдарға арналған негізгі міндеттер
Республиканың қаржы секторында бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін одан әрі дамыту мақсатында мыналарға бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізу болжамдалады:
қаржы секторының бухгалтерлерінің, ЖОО жас мамандарының біліктілік деңгейін арттыруға және сертификатталған бухгалтерлерді дайындауға, ХҚЕС қолдану мәселелері бойынша жалпыға қол жетімді оқу практикалық материалдар мен құжаттамаларды арттыруға;
ХҚЕС-пен реттелмеген, алайда олармен анықталған тұжырымдамалар мен принциптер шеңберіндегі қазақстандық экономика мен заңнама ерекшелігі үшін қаржылық ұйымдар жүзеге асыратын операциялардың белгілі спектрін есепке алуға қатысты талаптар әзірлеуге;
ХҚЕС бойынша бухгалтерлік есепке алуды және қаржылық есеп беруді жасауды автоматтандыру деңгейін, қаржылық есеп беру растылығы мен сапасын бақылау жүйесін арттыруға, «адам факторын» алып тастауға.
Бухгалтерлік есепке алу саласында мамандардың біліктілік деңгейін арттыру мақсатында "ХҚЕС" тақырыбы бойынша конференциялар, семинарлар және тренингтер өткізу арқылы қаржылық ұйымдар бухгалтерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі бағдарламаларды іске асыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында да, шетелдерде де халықаралық ұйымдармен (СРА, ACCA, СМА) мамандардың кәсіби сертификатталуына қатысты оларды ынталандыруға және қолдауға күш жұмсау болжамдалады. Бұдан басқа, жария мүдде ұйымының бас бухгалтерінің лауазымын атқару үшін кәсіби бухгалтер сертификатының болуын талап ету енгізу болжамдалады.
Басым бағыттардың бірі Республиканың ЖОО-ларының базасында жас мамандар дайындау, жалпыға қол жетімді телекоммуникация құралдарын пайдалана отырып таратылатын студенттер үшін қажет әдістемелік және оқу материалдарын, кәсіби бухгалтерлер үшін практикалық материалдар әзірлеу болып табылады.
Алдағы жылдарға арналған дамудағы келесі бағыт - ХҚЕС қазақстандық қаржы жүйесінің талаптарына одан әрі үйрету жүргізу. Бүгінгі таңда, отандық қаржы жүйесінің серпінді дамуы қазақстандық экономика мен заңнама ерекшеліктеріне негізделген ерекшелігі бар бірқатар институттардың пайда болуына алып келді. Мысал ретінде, чили жүйесінің принциптеріне құрылған және, тиісінше, бухгалтерлік есепке алуды жүргізудің негізгі рәсімдерін әзірлеуді талап ететін жинақтаушы зейнетақы қорларын атауға болады, себебі ХҚЕС қаржылық есеп беруді жасаудың қолайлы концептуалдық негіздер жиынтығын білдіре отырып, отандық экономиканың талаптарына тиісінше үйретілмей пайдаланыла алмайды. Бұдан басқа, қазақстандық бағалы қағаздар нарығының және өзге қаржы институттарының жеткіліксіз белсенділігі мен дамуы салдарынан республиканың қаржы институттарының активтерін барабар бағалау мәселесі өзекті болып отыр. Осылайша, пайдаланылатын бағалаудың субъективтілігі қаржылық ұйымдар қызметі тиімділігінің бұрмалануына, сондай-ақ олардың қаржылық көрсеткіштерін объективті салыстыру және сәйкестендіру мүмкіндігінің болмауына алып келеді. Осы мәселені шешу мақсатында дамыған экономикасы бар түрлі елдердің тәжірибесін, қаржылық есеп берудің шетел стандарттарын зерттеу жөнінде нысаналы жұмыс жүргізу, бухгалтерлік есепке алу саласында сарапшылармен кеңестер өткізу болжамдалады. Жүргізілген жұмыстар нәтижелері бойынша бағалау әдіснамасын құрудың және қаржы құралдарының бухгалтерлік есепке алуын жүргізудің түрлі нұсқалары ұсынылады.
Сондай-ақ, бухгалтерлік есепке алу жүргізу және қаржылық есеп беруді жасау бөлігінде ақпараттық жүйелерді автоматтандыру процесі де аса маңызды мәселе болып табылады. Бухгалтерлік есепке алуды автоматтандыру процесін іске асыру мақсатында ұйымдарда ұйымдардың автоматтандырылған ақпараттық жүйелерінде енгізілген көмекші бухгалтерлік есепке алуды және Бас бухгалтерлік кітабын жүргізуге қойылатын талаптарды одан әрі жетілдіру жоспарланады.
Бағалы қағаздар нарығын ойдағыдай дамыту үшін нақты сектор кәсіпорындарында ХҚЕС енгізу маңызды фактор болып табылады. Осы үшін ХҚЕС тездетіп енгізу талап етіледі, бұл ретте, нақты сектор кәсіпорындарының ХҚЕС-ке көшу кезінде асыра сілтеу жағдайының қайталануына жол бермеу және тиімді көшуді қамтамасыз ету мақсатында тек үкімет тарапынан мемлекеттік бақылауды ғана емес, сонымен қатар, консультациялық қоғамдық ұйымдар базасында кері байланыс тетігін де жетілдіру талап етіледі.
Мынадай талаптардың орындалуын бақылауды қосымша қамтамасыз ету қажет:
олар үшін аудит міндетті болып табылатын қарыз алушылардың қарызды беру кезінде соңғы қаржы жылы ішінде қаржылық есеп берудің ХҚЕС-ке сәйкес келуі туралы көзқарас білдірілетін аудиторлық есеп беру, сондай-ақ шығарылатын бағалы қағаздар шығарылымын тіркеу кезінде ХҚЕС-ке сәйкес жылдық қаржылық есеп беруді ұсынған шығарылған бағалы қағаздар шығарушылары туралы ақпарат беру;
табиғи монополияларды ХҚЕС талаптарына сәйкес келуіне реттеу мәселелері жөніндегі заңнаманы талдау;
ХҚЕС ерекшелігін білетін мамандар дайындау: ХҚЕС бойынша оқулықтар әзірлеу; ХҚЕС-ке және халықаралық аудит стандарттарына сәйкес «Бухгалтерлік есепке алу, қаржылық есеп беру және аудит» курсы бекітілді; оқытушы құрамын және студенттерді ХҚЕС-ке оқыту жөнінде шаралар қабылдау;
акционерлік қоғамдар мен мемлекеттік кәсіпорындар арасында ХҚЕС-ке көшу бөлігінде бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталу қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу және ұйымның ХҚЕС-ке көшу жағдайы туралы ақпарат беру.
3.5. Қаржы нарығына және қаржы құралдарына
қатысушыларға салық салуды жетілдіру
Мақсаты мен міндетi
Еуропа одағының стандарттарына көшу қазіргі уақытта түрлі қаржы құралдары бойынша өмір сүретін салықтық жеңілдіктер мен преференцияларды жою болжамдайды. Уақытша жеңілдіктер енгізу экономиканың басым секторларында, оның ішінде қаржы секторында, мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асырумен аса байланысты қандай да бір жаңа қаржы құралдарын дамытуды ынталандыру мақсатында расталған. Кейін бұл жеңілдіктер қаржы нарығында жаңа құралдардың қалыптасуына жеткілікті уақыттың белгілі кезеңі өткеннен кейін күшін жоюы тиіс.
Қазақстан Республикасының қор нарығын жандандыру Қазақстан үшін деривативтер сияқты жаңа қаржы құралдарының пайда болуына алып келді. Дұрыс пайдаланған жағдайда пайда болған құралдар (деривативтер) тәуекелдерді басқару құралы болып табылады. Оларды тиімді пайдалану үшін деривативтерге салық салуды жетілдіруде одан әрі жұмыс істеу талап етіледі.
Қазіргі уақытта қаржы нарығын реформалау мен ырықтандыру жөнінде жұмыс жүргізілді, олармен қаржы жұмыстары жұмыс істей алатын және оларға активтер шоғырлана алатын қаржы құралдарының тізбесі үздіксіз қайта қаралады және кеңейтіледі. Осылайша, ҚҚА қаулысына сәйкес зейнетақы қорларына зейнетақы активтері бойынша ықтимал құны немесе ақшалай ағынының өзгеру тәуекелінен қорғау үшін хеджирлеу құралын сатып алуға рұқсат берілген.
Акция шығарушыларға салық салуды жетілдіру
Ағымдағы жағдай
Қазақстанның қор нарығының қазіргі жағдайы акция нарығының дамымағандығымен сипатталады. Акциялардың бақылау пакеттері акцияларды миноритарлық акционерлерге сатуға мүдделі емес стратегиялық инвесторлар қолдарында болады. Нарықта еркін айналатын акциялар көлемі (free float) 1 %-дан аспайды. Бұдан басқа, KASE-те жасалатын акциялармен мәмілелердің жартысынан астамы тікелей мәмілелер режимінде өтеді.
Негізгі шаралар
Бағалы қағаздар нарығында акциялардың жария ұсынымдарын, ынталандыру үшін және акциялардың қажет айналымын және өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында халықаралық тәжірибені ескере отырып, акциялары KASE-те және/немесе Алматы қаласының Өңірлік Қаржы Орталығының арнайы сауда ауданында айналатын және жария компаниялар өлшемдеріне жауап беретін бағалы қағаздар шығарушылар үшін жеңілдіктер енгізудің орындылығы мүмкіндігін қарастыру ұсынылады.
Депозиттер және борыштық бағалы қағаздар бойынша жеке тұлғалардың табыстарына салық салу
Ағымдағы жағдай
Қазіргі уақытта банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын банктерде және ұйымдарда салымдар бойынша сыйақы және жеке тұлғаларға төленетін борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы салық салудан босатылады. Бұл халық қаражатын қаржы жүйесіне тартудың басқа мүмкіндігінің болмауы кезінде банк жүйесіне халық салымын ынталандыру мақсатында жасалды.
Негізгі шаралар
Нарықта халық үшін жаңа қаржы құралының пайда болу шартында депозиттер және борыштық бағалы қағаздар бойынша жеке тұлғалардың табыстарына салық салуды оңтайландыру туралы мәселені қарау болып табылады.
Мемлекеттік және агенттік бағалы қағаздар бойынша сыйақыға салық салу
Ағымдағы жағдай
Қазіргі уақытта мемлекеттік бағалы қағаздармен (МБҚ) жасалатын операциялар және олар бойынша сыйақы салық салудан босатылды. Бұл осы қаржы құралына инвестициялауды неғұрлым тартымды етеді. Сондай-ақ, айналымды ынталандыру үшін салық салудың жеңілдетілген режимін талап ететін Қазақстанның қаржы секторы үшін жаңа қаржы құралдарының бірі қаржы агенттіктерінің агенттік бағалы қағаздары болып табылады. Агенттік бағалы қағаздарына салық салу тәртібі 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап МБҚ-ға қатысты қолданылатын тәртіпке пара пар болып табылады.
Негізгі шаралар
Болашақта, нарықтарының қалыптасу шамасына қарай МБҚ және агенттік бағалы қағаздар бойынша сыйақы төлем көзінен ұсталатын табысқа салынатын салық салынатын болады, бұл Еуропа Одағының, АҚШ-тың барлық елдерін, Канаданы қоса алғанда, көптеген дамыған елдер үшін қатысты. Бұл түрлі бағалы қағаздар шығарушылар үшін, ол Үкімет, агенттік немесе мемлекеттік емес бағалы қағаздар шығарушылар болса да, жағдайда теңестіруге мүмкіндік береді.
Екінші деңгейдегі нарықтың қалыптасу шамасына қарай, екінші деңгейдегі банктер өтімділігін реттеу жөніндегі Ұлттық Банкінің операцияларын қоспағанда, мемлекеттік бағалы қағаздармен және агенттік бағалы қағаздарымен жасалатын операциялар кезінде құн өсіміне салық салуды енгізу мүмкіндігін қарастыру қажет.
Биржаның ресми тізіміне енгізілген акциялармен және облигациялармен жасалатын операциялар кезінде құн өсіміне салық салу
Ағымдағы жағдай
Қор биржасының ресми тізіміне енгізілген акциялар мен облигацияларды іске асыру кезінде құн өсімінен алынатын табысқа салынатын салықтан босату жөніндегі салық жеңілдігінің жұмыс істеу тәжірибесі осы бағалы қағаздармен операциялар жасайтын тұлғалар тарапынан асыра пайдаланудың болғандығы туралы болжам жасау негізін беретін бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығының көрсеткіштерінің белгілі ауытқуға алып келді.
Осылайша, «Қазақстандық қор биржасы» АҚ-ға жасалатын акциялармен мәмілелердің жартысынан астамы (KASE) тікелей мәміле режимінде жүргізіледі, себебі мұндай мәмілелер салықтық жоспарлаудың қолайлы құралы болып табылады.
KASE-тің ресми тізіміне енгізілген акциялар мен облигациялардың айқындығын төмендету жүріп жатыр және оларды бағалармен еркін іс-әрекеттер жасау мүмкіндігіне жол беріледі.
KASE-ке «тікелей» мәміле жасау және осындай операциялар арқасында бағалы қағаздардың нарықтық бағасына алыпсатарлық әсер ету арқылы салық сызбасын асыра пайдалануды болдырмау мақсатында «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне өткізілетін күні листингтің ең жоғары және ең жоғарыдан кейінгі санаттары бойынша қор биржасының ресми тізімдерінде тұрған акциялар мен облигацияларды қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезіндегі құн өсімінен түскен табысты салық салудан босатуды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осы өзгеріс 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізгі шаралар «А» және «Б» санаттағы листингілік компаниялардың акцияларымен және облигацияларымен жасалатын операциялар кезінде құн өсімінен табысқа салық салуды оңтайландыру мүмкіндігі туралы қарау.
Пайда болатын құралдарға салық салуды жетілдіру
Ағымдағы жағдай
Пайда болатын құралдар (деривативтер) дүниежүзінде капиталды тарту тәуекелді хеджирлеу түсімді арттыру және инвестициялық қоржынды диверсификациялау үшін пайдаланылатын тиімді қаржы құралы болып табылады. Қазақстан Республикасында қаржы құралдарының нарығы төмен өтімділігі және нарыққа белсенді қатысушылардың жоқ болуымен форвард, своп, доллар/теңге опциондары және т.б. сияқты бірінші өнімнің пайда болуымен сипатталатын қалыптасу деңгейінде тұр. Осы нарықты одан әрі дамыту үшін бүгінгі күні деривативтер ұғымын анықтау Қазақстанда нарықты дамыту ерекшелігін ескере отырып, оларды бағалау жүйесін әзірлеу, олардың айналымы, кейін оған пайда болатын құралдарға салық салу жүйесі негізделетін бухгалтерлік есеп беруді жүргізу әдіснамасы жөніндегі қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу талап етіледі.
Негізгі шаралар
Пайда болатын қаржы құралдарының нарығын одан әрі дамыту мақсатында дамыған қор нарығы бар елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қажет өзгерістерді әзірлеу үшін Қазақстанның Қаржыгерлер қауымдастығының, қаржы ұйымдарының және ҚҚА өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобы құрылатын болады.
Жинақтаушы сақтандыруға салық салу және ұзақ мерзімді перспективаға актуарлық бағалауды жетілдіру жүйесін жетілдіру
Ағымдағы жағдай
Өмірді жинақтаушы сақтандыру халық ақшасын жинақтау құралдарының бірі болып табылады, алайда осы нарық сегментінің даму деңгейі банктікпен салыстырғанда салыстыруға келмейді.
Елімізде өмірді жинақтаушы сақтандыруды дамытуға бағытталған тетіктерді ойдағыдай енгізу тек сақтандырушылар ғана емес, тұтастай алғанда, мемлекет үшін де пайдалы болады, бұл мемлекеттік-әлеуметтік қорғаудан жеке мойындалған экономикалық дәлелге бағдарланған іс-шараларға көшуге мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта «өмірді сақтандыру» саласында қызметтерін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының қызметін жандандыруға байланысты республика халқының қаражаты мен жинақтарының құралы ретінде өмірді жинақтаушы сақтандыру тартымдылығын арттыру мақсатында салық заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі туралы мәселе өзекті болып отыр.
Негізгі шаралар
Атап айтқанда, банктер, зейнетақы қорлары, пай қорлары және инвестициялық қорлар клиенттері үшін инвестициялық табысқа салық салу талаптарымен тең «өмірді сақтандыру» саласында қызметтерін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының клиенттері үшін инвестициялық табысқа салық салу талаптарын құру жөніндегі мүмкіндік қарастырылады. Сондай-ақ, сақтандыру төлемдеріне салық салу мәселесі де әзірленеді. Бұл ретте, мұндай өзгерістердің барлық оң және теріс жақтарын, сондай-ақ ең жақсы халықаралық тәжірибені ескеру қажет.
3.6. Төлем жүйелерін дамыту
Ағымдағы жағдай
Қазіргі уақытта Қазақстанның төлем жүйелері төлемдер мен ақша аударымын қазіргі заманға сай жүргізуде экономиканың, банктердің және қаржы нарығына басқа қатысушылардың нақты секторының мұқтажын қамтамасыз етеді, сондай-ақ мемлекеттің ақша-кредит саясатын тиімді іске асырылуына және мемлекеттік бюджеттің атқарылуына септігін тигізеді. Бүгінгі күні Қазақстанның төлем жүйелері халықаралық қаржы ұйымдары дамыған елдердің төлем жүйелеріне қоятын барлық талаптарға жауап береді. Бұл ретте, төлем жүйелерінде пайдаланылатын нормативтік база мен технологиялар үнемі жетілдіріліп отырады.
Төлем жүйелерін құрған сәттен бастап жүйелермен өңделетін төлемдер саны мен көлемдері өсімінің тенденциясы сақталады. Осылайша, 2006 жылы 2002 жылмен салыстырғанда, қолма-қол емес төлемдер саны мен көлемі 2 есеге және 3,3 есеге тиісінше артты. Бұл ретте, елде қолма-қол емес төлемдердің барлық көлемі Қазақстанның төлем жүйелері арқылы өтетіндігін ескерсек, Қазақстанның экономикасын тиімді дамытуға олардың маңызды рөлін атап өту қажет.
Төлемдер ағымының жоспарлы өсімімен қатар төлем жүйелерінде ел халқы қолма-қол емес төлемдерді жүзеге асыру үшін кеңінен таралған және ыңғайлы құрал болып табылатын төлем карточкалары бойынша төлемдер саны мен көлемінің едәуір өсімі байқалды. Осылайша, 2005 жылы 2002 жылмен салыстырғанда, төлем карточкалары бойынша транзакция саны мен көлемінің өсімі 2,4 есені және 3,4 есені тиісінше құрады. Бұл ретті, төлем карточкаларының нарығы елдің қаржы рыногының едәуір серпінді дамып келе жатқан сегменттерінің бірі болып табылады. Жыл сайын айналымдағы карточкалар, карточкаларды ұстаушылар саны өсуде, төлем карточкалары нарығының инфрақұрылымы кеңеюде. Бүгінгі күні, елдің экономикалық жағынан белсенді халықтың 45%-ы төлем карточкаларының нарығына тартылған, ал 3 жыл бұрын осы ара қатынас 20,4%-ды құрады.
Алайда, сонымен қатар, қазіргі уақытта бөлшек сауда саласында қолма-қол ақша айналымының басымдылығымен, сондай-ақ төлем карточкаларына қызмет көрсету үшін инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуымен байланысты белгілі проблемалар да бар. Бұдан басқа, төлем жүйелерінің операциялық сенімділігі мен қауіпсіздігін одан әрі арттыру жөнінде шаралар қабылдау шеңберінде шешім талап ететін мәселелердің бірі жаңа Төлем жүйелерінің резерв орталығын құру болып табылады, бұл төлем жүйелерінің негізгі және резерв орталықтарының орналасқан жерлерінің жеткіліксіз алшақтығына байланысты (Алматы қаласында).
2007-2011 жылдарға арналған негізгі міндеттер
Ұлттық Банкінің орта мерзімді кезеңге арналған төлем жүйелерін дамыту саласындағы негізгі мәселесі Қазақстан экономикасының түрлі субъектілері арасында төлем жүйелерінің жұмысын төлемдер мен ақша айналымын қауіпсіз және уақтылы өткізуді қамтамасыз ететін жоғары технологиялық деңгейде қолдау болып қалады.
Бұл ретте, 2007 жылдан бастап 2011 жылды қоса алғандағы кезеңге Ұлттық Банк төлем жүйелерін дамытуды мынадай бағыттар бойынша жүзеге асыруды болжамдайды:
Қолданыстағы төлем жүйелерінің техникалық инфрақұрылымын одан әрі жетілдіру және жаңғырту. Осы саясат шеңберінде жаңа Төлем жүйелерінің резерв орталығын құру жөнінде жұмыс жүргізілетін болады. Ұлттық Банкінің төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі негізгі мәселелерінің бірі оның үздіксіз және тиімді жұмысын қолдау болып табылады. Бұл жағдайларда, төлем жүйелерінің негізгі орталығы орналасқан ауданда төтенше жағдайдың туындауы жағдайында төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жаңа Төлем жүйелерінің резерв орталығын құру мәселесі Ұлттық Банкінің олардың жұмыс істеуінің үздіксіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мәселені тиімді орындау үшін ерекше маңызға ие.
Осылайша, бөлшек қолма-қол емес төлемдерді одан әрі кеңейту жөнінде жұмыс жалғасатын болады. Инфрақұрылымды дамытуға және тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге есеп айырысқанда төлем карточкаларын кеңінен пайдалануға қажет жағдай жасауға аса назар аударылады.
Бөлшек қолма-қол емес төлемдерді дамыту саласында басым бағыттар мыналар болуы тиіс:
спектрді кеңейту және халыққа көрсетілетін бөлшек банк қызметтерінің сапасын арттыру;
төлем қызметтерінің нарығын дамыту және инновациялық технологияларды енгізу үшін құқықтық тосқауылдарды жою;
бәсекелес нарықтық жағдайды қолдау;
қажет инфрақұрылымды дамыту және төлем карточкаларын пайдалану үшін тиісті жағдай жасау.
Бөлшек қолма-қол емес төлемдерді дамыту мақсатында қазіргі заман технологияларын - төлем карточкаларын, Интернет-банкингті, мобильдік банкингті және т.б. пайдалану негізінде қолма-қол емес төлемдерді енгізуге және кеңейтуге септігін тигізетін нормативтік базаны жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғасын табады.
Бөлшек қолма-қол емес төлемдер саласын кеңейту және банк өнімдерінің жаңа өспелі түрлерін дамыту осы бағыттағы банктің белсенді қызметіне байланысты. Осыған байланысты, бөлшек банк қызметтерін ұсынудың принципиалды жаңа деңгейіне шығу үшін банктерге төлем карточкалары нарығының дамыған инфрақұрылымын құру, төлем карточкаларын ұстаушыларға көрсетілетін қызметтер сервисін кеңейту, банкоматтар мен ақпараттық өз-өзіне қызмет көрсету киоскілері, мобильді байланыс құралдары және басқа инновациялар негізінде инновациялық технологиялар мен алыс қол жеткізу жүйелерін енгізу және дамыту жөніндегі күшті шоғырландыру қажет.
Сонымен қатар, карточкалар нарығын одан әрі дамыту шеңберінде мынадай міндеттерді кеңейту үшін банк жүйесінің құрылып жатқан «электрондық үкімет» жүйесімен біріктіруді қамтамасыз ететін «төлем шлюзінің» жобасын іске асыру болжамдалады:
екінші деңгейдегі банктер шоттарында орналастырылған халықтың және заңды тұлғалардың қаражаты есебінен «электрондық үкімет» қызметтеріне қолма-қол емес оn-line төлемін іске асыру;
«электрондық үкімет» қызметтеріне қол жеткізу үшін төлем карточкаларына қызмет көрсету жөніндегі банктердің терминал желілерін пайдалану.
Қазақстанның қаржы жүйесін басқа елдердің қаржы институттарымен біріктіру жөніндегі жалпы тенденция шеңберінде нақты уақыт режимінде есеп айырысудың ұлттық жалпы жүйелеріне негізделген ЕурАзЭҚ елдері арасында жалпы төлем жүйесін құру жөніндегі жұмысқа қатысу жалғасын табады. Ұлттық Банк пайдаланушыларға SWIFT жүйесі арқылы төлем жүйесіне хабарды қабылдау және жіберудің қосымша арналарын ұсыну үшін SWIFT жүйесін Қазақстанның төлем жүйелерімен біріктірудің ықтимал жолдарын зерттейді. Жаңа қаржы институттарын қосу арқылы SWIFT сервис бюросын одан әрі дамыту болжамдалады.
Қазақстанның төлем жүйелерін танымал ету үшін төлем жүйелері және ТМД елдерінің бағалы қағаздарын есептеу жүйелері (CISPI) бойынша Дүниежүзілік Банк Бастамасы саласында халықаралық институттармен қарым-қатынасты және төлем жүйелерін құруда тәжірибемен алмасуды одан әрі дамыту болжамдалады.
3.7. Корпорациялық басқару сапасын арттыру
Қаржы жүйесінің тиімділігін арттыру, экономикалық процестер дамуына және халықаралық корпорациялық стандарттардың бизнес ортаға енуіне әсерін арттыру мәтініндегі маңызды мәселе республикада корпорациялық басқаруды жетілдірудің жаңа кезеңін жүргізу болып табылады.