міндетті сақтандыруды қолдану туралы нормаларды қамтитын салалық заңдарды әзірлеуді шектеу қажеттілігі.
Көлік құралдары иелерінің АҚЖ-ын міндетті сақтандыру сақтандырудың бұқаралық түрлерінің бірі болып табылады, бұл көлік құралдары иелерінің және жол қозғалысының басқа қатысушыларының мүдделерін қозғайды. Сондықтан сақтандыру нарығында осы сақтандырудың проблемалары неғұрлым өткір сезіледі.
Жақын арадағы жылдары сақтандыру нарығының инфрақұрылымын дамыту бөлігіндегі маңызды мәселе өзара сақтандыру жүйесін дамыту болады. Өзара сақтандыру қазіргі заманғы сақтандыру нарығы элементтерінің бірі болып табылады. Өзара сақтандырудың қажеттігі, ең алдымен әрқилы себептерге: көп шығынға, сақтандыру сомаларының жоғары мәніне байланысты коммерциялық сақтанушылар сақтандыруға қабылдаудан бас тартатын тәуекелдердің көп болуымен негізделген.
Бұдан басқа, сақтандыру ұйымдарында тәуекелдерді басқару жүйесі дамытуды талап етеді.
Негізгі шаралар
1. Сақтандыру ұйымдары қызметінің ашықтық деңгейін арттыру (шоғырландырылған қадағалауды жүзеге асыру) - осы сәтте қолданыстағы шоғырландырылған қадағалау туралы заңнамада қаржы ұйымының нақты меншік иесін, қаржы ұйымының шешімдерін анықтайтын аффилиирленген тұлғалар тобын анықтау мүмкіндігі көзделді, қаржы ұйымы қабылдайтын шешімдерге елеулі әсер ететін қаржы ұйымдарының акционерлерін анықтау бөлігінде банктермен сақтандыру және зейнеткерлік заңнаманы біріздендіру жүргізілді.
Жүйелік тәуекелдері бар неғұрлым ірі сақтандыру ұйымдары банк конглометрлеріне жатады және оларды шоғырландырылған негізде реттеу банк конглометрі арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар банк конгломератына жатқызылмаған 24 сақтандыру ұйымына шоғырландырылған негізде пруденциялық реттеуді жүзеге асыру мүмкіндігі аз қолданылады.
Бұл кең көлемде олардың арасында қаржы кангломератын құрайтын заңды тұлғалар тобының іс жүзінде жоқтығымен түсіндіріледі.
Осылайша осы бағыттағы келесі саты осы сақтандыру ұйымдары мен олар құрған топтар үшін шоғырландырылған негізде пруденциалдық реттеуді жүзеге асыру болады.
2. Міндетті сақтандыру жүйесінің тиімділігін арттыру
Қазіргі уақытта Қазақстанда міндетті сақтандыру жүйесі, тұтастай алғанда қалыптасты. Міндетті сақтандырудың енгізілген түрлері субъектілердің ауқымды шеңберін түрлі, оның ішінде қаржылық, әлеуметтік, экологиялық, табиғи, техногендік тәуекелдерден сақтандырумен қамтиды.
Сонымен қатар, міндетті сақтандырудың ұлттық жүйесінің өзінің барлық әлеуетін толық көлемде пайдалануға мүмкіндік бермейтін бірқатар проблемалары бар.
Міндетті сақтандыру жүйесін неғұрлым нақты ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі мақсатында мыналар:
сақтандыру ұйымдарының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиялар алу үшін шарттар анықтау;
қаржылық есептілік нысандарын жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру;
Үкімет тарапынан сақтандырушылардың міндетті сақтандыру туралы заңнаманы сақтауын мемлекеттік бақылау жүйесін ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдау жөніндегі бірқатар шаралар жүргізілетін болады.
Осымен бір уақытта міндетті сақтандыру жөніндегі заңнаманы жетілдіру бойынша шараларды қабылдау қажет.
Көлік құралдары иелерінің АҚЖ сақтандыру өзекті мәселелерінің бірі сақтандыру тарифтері мөлшерінің республикадағы жол қозғалысы тәуекелдерінің деңгейіне барабарлығы мәселесі болып отыр. Төмен рентабельдікке, ал кейбір сақтандыру ұйымдарында сақтандырудың осы түрі бойынша операциялардың шығындылығына байланысты сақтандыру ұйымдарының сақтандыру төлемдерін жүзеге асырудан бас тартатын, сақтандыру шарттарын жасасудан бас тартатын, агенттік пункттер санын қысқартатын жағдайлар орын алып отыр, бұл сайып келгенде, сақтандырушыларға және жол-көлік оқиғасының нәтижесінде зардап шеккен тұлғаларға келеңсіз әсер етеді.
Жолдарда апаттардың жоғары деңгейін, елдің автопаркінің икемсіз өсуін және сақтандыру төлемдерінің көлеміне әсер ететін өзге факторларды ескере отырып, көлік құралдары иелерінің АҚЖ сақтандыруының және тарифтерге байланысты проблемаларға жедел әрекет етудің тұрақты мониторингін ұйымдастыру қажеттілігі туындайды.
Көлік құралдары иелерінің АҚЖ сақтандыру жөніндегі, оның ішінде сақтандыру жағдайын қарау тәртібін жеңілдету және қысқарту және сақтандыру төлемін жүзеге асыру мақсатында заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет. Халықаралық тәжірибені және осы жүйені қолдану практикасын ескере отырып, шығындарды тікелей реттеу жүйесін енгізу мүмкіндігі әзірленетін болады.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Президентінің 2006 жылғы 11 сәуірдегі № 86 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы әзірленген болатын, оның негізгі мақсаттары көлік-коммуникациялық кешенін одан әрі дамыту, сондай-ақ Қазақстанның көлік жүйесін дүниежүзілік көлік жүйесімен ықпалдастыру болып табылады.
Жоғарыда көрсетілген стратегия атап айтқанда Қытай мен Ресей сияқты елдерді қамтитын пайдалы, сенімді және қол жетімді транзиттік бағыттарды құра отырып, елдер арасында өсіп отырған сауда байланыстарын қамтамасыз етуге бағытталған.
Осыған байланысты Еуразия экономикалық қоғамдастығы (ЕурАзЭҚ), немесе Шанхай ынтымақтастығы ұйымы (ШЫҰ) шеңберінде қолданыстағы «Жасыл карта» халықаралық автосақтандыру жүйесіне ұқсас көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін сақтандырудың халықаралық жүйесін құру мүмкіндігі әзірленетін болады. ЕурАзЭҚ немесе ШЫҰ шеңберінде көлік құралдары иелерін сақтандырудың халықаралық жүйесін енгізу Қазақстанның «Жасыл карта» жүйесіне қосылуы жөніндегі жұмысты жалғастыруға, сондай-ақ мемлекетаралық автомобиль қатынасы проблемасын шешуге мүмкіндік береді.
Отандық практиканы және халықаралық тәжірибені ескере отырып, қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүргізу ережелері мен тәртібін одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет. Бұл ретте экономикалық қызмет түрлерін кәсіби тәуекел топтарына жатқызу тізбесін нақтылау және сақтандырудың осы түрінің басқа шарттарын жаңғырту қажет. Жұмыс берушінің жауапкершілігін сақтандыру сақтандырудың міндетті түрі болып табылатындығын ескере отырып, оның жүргізудің барлық шарттары айқын және осы құқық қатынастарының барлық қатысушылары үшін түсінікті болуы тиіс. Осыған байланысты сақтандырудың осы түрі бойынша аннуитетті өнімдерге қатысты бірыңғай ең төменгі міндетті талаптарды белгілеу мүмкіндігі зерделенетін болады.
3. Міндетті сақтандыру түрлерін жүзеге асыру кезінде дауларды шешудің соттан тыс тетіктерін құру
Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға байланысты дауларды жою жөніндегі проблемаларды шешу мақсатында сақтандыру омбудсман түрінде соттан тыс тетіктерді құру қажеттілігі туындады. Дауларды шешуде мұндай тетікті қолдану икемділікке негізделген, ол тұтынушылардың да, сақтандырушылардың да мұқтаждарына неғұрлым сәйкес келеді, атап айтқанда: төмен шығындар, рәсімдердің жылдамдығы мен формалдық емес сипаты, сақтандырушылардың қабылданған шешімді міндетті орындауы.
Сақтандыру омбудсманы институттарын қолданудың дүниежүзілік тәжірибесі үкіметтік агенттіктердің, заңнамалық комитеттердің, сақтандыру ұйымдары өкілдерінің және сақтандыру қызметтері тұтынушыларының тұтынушылар тарапынан сақтандыру қарым-қатынастарын бақылау мақсатында оларды құру жөніндегі мүдделерін біріктіруге негізделген.
4. Сақтандыру нарығының инфрақұрылымын дамыту
Сақтандыру нарығын дамыта отырып сақтандыру нарығының дамыған инфрақұрылымының болуы үлкен әсер алып отыр. Осыған байланысты сюрвейер, андеррайтер, апат комиссарлары және т.с.с. сияқты сақтандыру нарығы қатысушыларының өкілеттіктерін заңнамалық бекіту талап етіледі. Аталған нарық қатысушыларын дамыту сақтандырылатын тәуекелдерді және сақтандыру жағдайы басталу нәтижесінде келтірілген зиянның мөлшерін нақты бағалауды жүзеге асыру қажеттілігімен шартталған.
Сақтандыру ұйымдарының делдалдары - агенттер желісін дамытуға ерекше көңіл бөлінетін болады. Сақтандыру агенттерінің тиімді жұмыс істейтін желісін құру сақтандыру ұйымдарына өз сақтандыру өнімдеріне сату көлемін ұлғайтуға және сақтандырушыларды неғұрлым кең қамтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Агенттік желісін құрудағы маңызды сәт агенттердің кәсіби даярлығын ұйымдастыру болып табылады. Қандай да бір сақтандыру өнімінің біліктілік, білім, оның ар-намысын көрсету деңгейіне тұтастай алғанда сақтандыруды дамыту және атап айтқанда өмірді сақтандыру тәуелді. Қолданыстағы заңнамаға сақтандыру нарығының аталған қатысушыларының мәртебесін, біліктілік талаптарын, қызметінің шарттары мен жауапкершілігін анықтайтын тиісті түзетулерді енгізу қажет.
Сақтандыру агентінің жеке кәсіпкерлікке жатқызу мәселесін қарау ұйғарылады. Жеке кәсіпкер ретінде сақтандыру агенті қызметінің басымдықтары мыналар болып табылады. Сақтандыру агенттері салық салудың оңайлатылған жүйесін алатын болады, сақтандыру ұйымдары пайда тартуға бағытталған өз қызметінде мүдделі білікті агенттерді алады, ол түптеп келгенде сақтандыру қызметін кеңейтуге және ұсынылатын сақтандыру өнімдер санының артуына, қызметтер ұсыну сапасының жақсаруына әсер етеді. Мемлекеттің атынан уәкілетті органдар сақтандыру ұйымының ішкі құрылымының айқын моделін алады.
Осылайша сақтандыру нарығы инфрақұрылымының бір бөлігі ретінде өзара сақтандыру жүйесін дамытуға көңіл бөлінетін болады. Өзара сақтандыру қазіргі заманғы сақтандыру нарығы элементтерінің бірі болып табылады. Өзара сақтандыру қажеттілігі ең алдымен коммерциялық сақтандырушылар түрлі себептерге: таза шығындар, сақтандыру сомаларының жоғары мәніне байланысты сақтандыруға қабылдаудан бас тартатын тәуекелдердің көп санының болуымен шартталған.
Сақтандыру нарығының инфрақұрылымын дамыту бөлігінде маңызды мәселе сақтандыру нарығының түрлі қатысушыларын біріктіретін қоғамдық ұйымдарды құру және дамыту болып табылады. Мұндай ұйымдарға оқу бағдарламаларын дайындау, әзірлеу жөніндегі өкілеттіктерді жүктеу және сақтандыру нарығында қызметті жүзеге асыруға пиғылды тұлғаларды оқытуды жүргізу, сондай-ақ сақтандыру нарығына қатысушылардың, оның ішінде сақтандыру агенттерінің, андеррайтерлер мен т.б. қызметін сертификаттау қажет.
Сақтандыру секторын дамытудың маңызды сатысы кепілдік беру институттарының қызметін одан әрі жетілдіру, оны халықаралық практикаға сәйкес келтіру болып табылады.
Кепілдікті схемаларды құру мақсаты сақтандыру қызметінің тұтынушылары және сақтандыру нарығының тұрақтылығын сақтау үшін сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату зардаптарын жұмсартуға негізделген.
Сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп таратқан жағдайда сақтандырушылардың құқықтары мен мүліктік мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету қолданыстағы «Сақтандыру төлемдерін кепілдендіру қоры» акционерлік қоғамының негізгі міндеті болып табылады. Қор міндетті сақтандырудың неғұрлым жаппай түрлері бойынша, атап айтқанда көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру төлеміне кепілдік береді. 31 сақтандыру ұйымы Қордың қатысушылары болып табылады.
Қордың және сақтандыру ұйымдарының тікелей өзара байланысын ескере отырып Қорды акцияландыру туралы мәселені қарау қажет. Бұл Қордың жұмысын нарық қажеттілігіне бағыттауға, үлкен икемділік пен басқарушылық алуға мүмкіндік береді, бұл Қордың өзінің де, тұтастай алғанда сақтандыру нарығының да елеулі дамуына әкеп соқтырады.
Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесін одан әрі кеңейту мақсатында сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне сақтандырудың басқа міндетті түрлерін, сондай-ақ өмірді сақтандыруды кезең-кезеңмен енгізуге бағытталған шараларды қабылдау қажет, өйткені осы сәтте оның барлығынан да артық жоғары әлеуметтік мәнге ие болуына байланысты осындай кепілдіктерге мұқтаж.
Кепілдік беру резерві сомасының сақталуы мен көбеюін қамтамасыз ету үшін оларды инвестициялауға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін кеңейту қажет.
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 ақпандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңында сақтандыру ұйымдарына өз қызметін «ипотекалық сақтандыру» сыныбы бойынша жүзеге асыру мүмкіндігі берілген. Осымен қатар, «Қазақстандық ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының қызметін одан әрі жетілдіру шеңберінде оның қызметін халықаралық тәжірибеге сәйкес келтіру ұйғарылады, ол сақтандыру ұйымына оны қайта ұйымдастыру дегенді білдіреді.
5. Сақтандыру ұйымдарын одан әрі капиталдандыру
5-8 жыл бойы сақтандыру нарығының іс жүзінде өмір сүруі және дамуы кезінде сақтандыру нарығында сақтандыру ұйымдарының банкроттық мысалдары іс жүзінде жоқ. Ішінара бұл уәкілетті органның сақтандыру ұйымын капиталдандыру деңгейіне қоятын талаптарының тұрақты артымен шартталған, оны барлық сақтандыру ұйымдары уақтылы қамтамасыз ете алмайды. Осыған байланысты, мәжбүрлеп таратудың себебі жеке меншік капиталдың жеткіліктігі бөлігінде пруденциалдық нормативтерді орындамау, болып табылады. Бұған бірнеше себептер ықпал етеді: акционерлердің мөлшерінің аздығына байланысты капиталдың талап етілетін мөлшерін төлей алмауы (мәжбүрлеп таратылған сақтандыру ұйымдарының көп бөлігі шағын акционерлері бар үлкен емес болып табылады), сондай-ақ жеке меншік капиталдың жеткілікті жоғары өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейтін барабар емес тарифтік саясаты, жылдам пайда алу үшін ашылған бірқатар сақтандыру ұйымдарының алыпсатарлық бағыттылығы және өзге объективті және субъективті факторлар.
Бұл ретте жеке меншік капиталдың ең аз мөлшеріне қойылатын талаптарды арттырудың негізгі міндеттері жеке меншік капитал өсімінің тиісті қарқынымен қамтамасыз етілмеген жиналатын сақтандыру сыйақылары көлемі өсуінің жоғары қарқыны, ЕС Директиваларында белгіленген талаптарға, атап айтқанда 2-3 млн. eypo жақындауы. Жеке меншік капиталдың ең аз мөлшерінің осы сомасы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын капиталдандырудың кезең-кезеңмен үш жылдық жоспарын аяқтағаннан кейін 2008 жылдың басына қамтамасыз етілетін болады.
Кейіннен сақтандыру ұйымдарын капиталдандыруды сақтандыру ұйымдарының акционерлері тікелей жүргізетін болады, ол объективті себептермен, атап айтқанда сақтандыру ұйымы қызметінің өсуімен шартталған.
6. Сақтандыру ұйымдарын пруденциалдық реттеуді одан әрі жетілдіру
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 ақпандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес пруденциалдық нормативтер ЕС Директиваларына (Solvency) және IAIS қағидаттарына сәйкес келтірілді. Risk based supervision енгізу жолымен пруденциалдық реттеуді одан әрі жетілдіру және Solvency II төлем қабілеттілігі жүйесіне көшу талап етіледі. Мұның бәрі сақтандыру нарығын реттеуге және сақтандыру ұйымының тәуекелдерін басқару жүйесін орнатуға жағдайлар жасайды.
7. Сақтандыру статистикасының базасын қалыптастыру, сақтандыру тарифтерін реттеу
Қазіргі сәтте Агенттікке сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарифтерін есептеу әдістемесін қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген. Көрсетілген өкілеттік объективтік қажеттілікпен шартталған. Айталық, көптеген сақтандыру ұйымдары клиенттерді тарту мақсатында сақтандырудың ерікті түрлері бойынша тарифтердің деңгейін кірістіліктің жеткілікті деңгейін және тиісінше сақтандыру ұйымының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін мәннен төмен азайтуға мүмкіндік береді.
Осыған байланысты, сақтандыру статистикасының толыққанды базасы қалыптастырылатын болады, жиналатын деректерді, бірінші кезекте міндетті сақтандыруда сақтау және өңдеу осы сәтте сақтандыру нарығын дамытудың маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.
Сақтандыру статистикасының деректерін жинау үшін сақтандыру ұйымдарынан өзге мемлекеттік органдар, оның ішінде ішкі істер, мемлекеттік статистика, еңбек және әлеуметтік қорғау органдары тартылатын болады.
8. Сақтандыру қызметтерін сатуда жаңа технологияларды дамыту
Бүгінде сақтанушылар неғұрлым алданғандар болып барады және кез келген уақытта сақтандыру қызметтерін беруді талап етеді. Мұның шешімі Интернет-сақтандыру бола алады, ол тұтастай алғанда, әсіресе ерекше консультацияларды талап етпейтін қарапайым сақтандыру өнімдерін тікелей сату мәнін арттырады.
Кейбір деректер бойынша жыл сайынғы дүниежүзілік сақтандыру нарығының интернет-айналымы 250 млн. долларға жетеді, ол Интернет-сатудың жалпы көлемінің 2-2,5%-ын құрайды. Қазіргі уақытта сақтандыру ұйымдары кірістерінің 2 %-ы электрондық коммерцияға келіп отыр. Сондықтан, Қазақстанда Интернет-сақтандыруды дамыту мәселелері әзірленетін болады.
9. Сақтандыру ұйымдарының тәуекел-менеджменті жүйесін жетілдіру
Сақтандыру ұйымдарының қызметі айқын еместікке негізделетіндігін назарға ала отырып, сақтандыру ұйымдары оның ағымдағы және алда күтілетін қаржы жағдайын қозғауы мүмкін барлық міндеттемелер спектрін ескеру қажет. Осыған байланысты, бүгінгі күні сақтандыру ұйымдарының тәуекелдерін басқару жүйесін құру мәселесі өзекті болып отыр.
Тәуекелдерді басқару жүйесі тиісті корпоративтік саясат пен рәсімдерді дамытуды, тәуекелдерді өлшеудің сандық әдістерін пайдалануды, олардың тәуекелдеріне сәйкес өнімдер мен қызметтерді бағалауды, тәуекелдердің шектерін белгілеуді, ырықтандыру және хеджерлеу арқылы тәуекелдерді басқаруды, шығындарды жабу үшін «қауіпсіздік жастығын» құруды (міндеттемелер мен капитал тарапынан) қамтиды. Бұл құралдарды қолдану тәуекел түріне және қадағалау режиміне байланысты.
Сақтандыру ұйымының тәуекелдерді басқару жүйесінің негізгі мақсаты қандай-да бір тәуекелдерді қабылдау мүмкіндігін және оларды өлшеу мен басқару үшін көзқарастарды белгілеуді анықтау болып табылады.
4.4. Валюта нарығы және бағалы қағаздар нарығы
4.4.1. Валюта нарығы
Мақсаттары мен міндеттерi
Орта мерзімді кезеңге валюта нарығын дамытудың мынадай негізгі мақсаттары мен міндеттері айқындалатын болады:
ұлттық валютаның құбылмалы айырбас бағамы режимінің одан әрі тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
мерзімді валюта нарығын (форвардтар, своптар, фьючерстер нарығын) дамытуға қажетті шаралар қабылдау;
спот валюта нарығының және мерзімді валюта нарығының заңнамасын жетілдіру.
Ағымдағы жағдай
Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығы Қазақстан қор биржасының (ҚҚБ) валюталық сегментімен, банкаралық валюта нарығымен және қолма-қол шетелдік валюта нарығымен (банктер мен заңды тұлғалардың айырбас пункттері желісі) берілген.
ҚҚБ-да және банкаралық валюта нарығында сауда-саттық АҚШ доллары, еуро және ресей рублі бойынша жүргізіледі.
2003-2006 жылдары валюта нарығындағы жағдай АҚШ долларына шаққанда теңгенің нығаю үрдісімен сипатталды.
2003-2005 жылдары және 2006 жылдың І жарты жылдығында дүниежүзілік валюта нарықтарындағы ахуалмен, экспорттық пайданың және банк секторының сыртқы қарыз алуымен шартталған АҚШ долларына шаққанда теңгенің атаулы нығаю үрдісі байқалды.
Шілденің үшінші онкүндігінен бастап валюта нарығында ахуал АҚШ долларына шаққанда теңгенің әлсіреуімен сипатталады. Теңге бағамының серпініндегі үрдістің ауысуы Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру және пайдалану тетігінің өзгеруіне, ең аз резервтік талаптар бойынша жаңа ережелерді енгізуге, ҚҚА-ның екінші деңгейдегі банктердің сыртқы қарыз алу деңгейін тартуына жекелеген шектеулер енгізуіне байланысты.
Негізгі шаралар
Алға қойылған мақсаттарды іске асыру үшін мынадай шараларды жүргізу қажет:
қазақстандық теңге бағамының күрт ауытқуын жеңілдету мақсатында өзгермелі айырбас бағамының басқарылатын режим саясатын жалғастыру;
доллар бойынша тәуекелдерді ырықтандыру мақсатында ҚҚБ еуро/теңге бағамына баға белгілеуді бастау.
4.4.2. Бағалы қағаздар нарығы
Мақсаты мен міндетi
Орта мерзімді перспективада бағалы қағаздар нарығының негізгі мақсаттары мен міндеттері:
қор нарығы арқылы несие капиталына қатынауды кеңейту;
бағалы қағаздар нарығында, оның ішінде халықтың есебінен инвесторлар тізбесін арттыру;
бағалы қағаздар нарығында инвесторлардың құқықтарын, оның ішінде миноритарлық акционерлердің құқықтарын қорғау;
бағалы қағаздар нарығында жаңа және өтімді қаржы құралдарын, оның ішінде бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды (секьюрителендіру тетіктері), өтімді бағалы қағаздарды, инфрақұрылымдық облигацияларды, мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген борыштық бағалы қағаздарды енгізу;
Ағымдағы жағдай
Қазақстанның қор нарығының ағымдағы жай-күйі акциялар нарығының дамымағандығымен сипатталады. Ресми тізім акциялары атауларының шамамен үштен біріне нарықта қол жеткізу мүмкін емес. Олардың арасында қазақстандық экономикада жетекші болып табылатын аса ірі компаниялардың бағалы қағаздары бар.
Бағалы қағаздар айналымның салалық құрылымы Қазақстандық қор биржасының (ҚҚБ) ресми тізімінің құрылымына жауап бермейді. Қор биржасының жалпы айналымындағы акциялардың қайталама нарығының үлесі мардымсыз әрі төмендеу үстінде. Шарттық мәмілелердің басым болуы басты проблема болып табылады. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі мен ҚҚБ тікелей мәмілелерге қарсы күрес жөнінде шаралар қабылдауда, алайда олардың көлемдік және сандық мәндегі үлесі жоғары болып қалуда.
Негізгі шаралар
1. Акциялар нарығын дамыту
Дүниежүзілік тәжірибе куәландырып отырғандай үлестік нарықты табысты дамыту үшін қажетті шарттар акционерлердің құқықтарын қорғаудың мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету, қатаң есептілік стандарттарын сақтау, сыбайлас жемқорлықтың төменгі деңгейде болуы, акциялар нарығында жекелей инвесторлардың бұқаралығы болып табылады.
Сондықтан акциялар нарығын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының корпоративтік заңнамасын жетілдіру Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын (ХҚЕС) енгізу жолымен толық шамада ақпаратты ашу режимін оңтайландыруға бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізу; қолданыстағы корпоративтік заңнаманы құру, корпоративтік басқару саласында заңнаманың сақталуын бақылау жүйесін құру ұйғарылады.
2. Ұсынылатын қаржы құралдарының спектрін кеңейту
Қазақстандық бағалы қағаздар нарығының негізгі міндеттерінің бірі инвестициялау үшін мүмкіндіктерді арттыру мақсатында ұсынылатын қаржы құралдарының спектрін кеңейту болып табылады.
Осы мәселені шешу үшін мыналар басым бағыттар болады:
бағалы қағаздар нарығын одан әрі дамыту, оның ішінде қор нарығында тиісті бағдарды белгілеу үшін тұрақты деңгейде үкіметтік қарыз алуды жүзеге асыру мүмкіндігін қарау, сондай-ақ республиканың ішкі нарығында қаржы құралдарының барлық спектрі бойынша нақты қисық кірістілікті құру;
мемлекеттің кепілдігімен және мемлекеттің кепілгерлігімен бағалы қағаздарды шығару және оның айналымы туралы заңнаманы, көрсетілген кепілдемелер мен кепілдіктерді пайдалану тетіктерін іске асыру бөлігінде жетілдіру;
секьюрителендіру тетіктерін іске қосу;
мемлекеттің кепілдігі бар облигацияларды шығару жолымен мемлекеттік-жеке серіктестік (МЖС) тетіктерін дамыту;
өтімді қаржы құралдар нарығын дамыту жөніндегі тиімді шараларды қабылдау, заңнаманы одан әрі жетілдіру және деривативалар нарығын дамытуға кедергі келтіретін заңнамалық нормаларды жою жоспарланады.