Деривативалардың белсенді нарығын құрудың маңызды буыны Қазақстанда ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздардың өтімді нарығын қалыптастыру болып табылады.
Осыған байланысты Үкімет, Ұлттық Банк және Агенттік мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясына және өтімді нарықты құруға көзқарастар әзірлейтін болады, ол нарық субъектілері үшін қисық кірістілік индикаторларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
3. Мемлекеттік бағалы қағаздар (бұдан әрі - МБҚ) нарығын дамыту
3.1. Шығарылымдар стратегиясы және МБҚ борышын басқару
Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру және пайдаланудың орта мерзімді перспективаға арналған тұжырымдамасына сәйкес үкіметтік қарыз алу саясаты кепілдік берілген борышты ескере отырып, Ұлттық қор активтерінің нарықтық құнына қатысты үкіметтік борыштың 50-70 пайыздық арақатынасына қол жеткізуге бағдарланатын болады.
Бұл ретте, қаржы нарығын дамыту үшін бюджеттің қалыптасатын нақты атқарылуына қарамастан, МБҚ-ны бастапқыда жоспарланған көлем мен кесте бойынша тұрақты деңгейде шығару жүзеге асырылатын болады.
МБҚ бойынша қисық кірістілікті құру жөнінде қойылған міндетті іске асыру мақсатында бағалы қағаздар нарығында МБҚ жасанды сұранысты азайту жөніндегі іс-шаралар көздеу ұйғарылады. Бұдан басқа, мемлекеттің қатысуы бар ұйымдардың да, жинақтаушы зейнетақы қорларын қоса алғанда өзге нарық қатысушыларының да МБҚ сатып алуы жөніндегі міндеттерді алып тастаған жөн. Бұл ретте көрсетілген талаптарды алып тастау нарықта баламалы қаржы құралдарының пайда болуына қарай кезең-кезеңмен жүзеге асырылуы тиіс.
Мемлекеттік қаржыландыру стратегиясын анықтауға байланысты нарық отандық бағалы қағаздар нарығын дамытуды қолдау үшін елеулі тірек болып табылады. Мұндай стратегия жаңарған нарық қағидаттарын қатаң сақтауды қамтиды, бұл қол жетімділік пен айқындылық қағидаттары, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығы арқылы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін міндеттемелерді тарту және қаржы нарығында қаражатты тарту жолымен басым инфрақұрылымдарды дамытуға белсенді инвестициялау.
Мемлекет қол жетімділік пен айқындылық қағидаттары шеңберінде борыштың құрылымы, инвестициялық жобаларға қажетті қаржыландыру және нарық қатысушылар мен тұтастай алғанда қоғам үшін борышты басқару стратегиялары туралы ақпараттың жоғары сапасын жетілдіретін және қамтамасыз ететін болады.
Орта мерзімді кезеңде қаржы секторын дамыту мақсатында бағалы қағаздар нарығын дамытуға ықпал ететін төрт іргелі салаға ерекше көңіл бөлетін болады, олар мыналар:
1) инфрақұрылымның ақпараттық айқындылығы;
2) қаржы ұйымдарының беріктігі мен сенімділігі;
3) зейнетақы қорларының инвестициялық портфелін әртараптандыру және пайыздық ставкаларды ырықтандыру;
4) заңнамалық базаны жетілдіру.
Бұдан басқа, айналыс мерзімі неғұрлым ұзақ МБҚ-ны кезең-кезеңімен енгізу жүзеге асырылатын болады; сондай-ақ зейнетақы қорлары мен қор нарығына басқа қатысушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін борыштық құралдар нарығында баламалы құралдарды, әсіресе, инфрақұрылымдық облигацияларды дамыту жөнінде шаралар қабылданады.
3.2. Тиісті бэнчмарканы белгілеу және МБҚ нарығында нақты қисық кірістілікті құру
Айналыс мерзімі неғұрлым ұзақ МБҚ-ны кезең-кезеңімен енгізуді жүзеге асыру ұйғарылады. Бұл ретте, қисық кірістілікті құру үшін айналыс мерзімі бар ай және одан асатын МБҚ шығаруды жүзеге асыру ұйғарылады.
4. Бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын жетілдіру
Бағалы қағаздар нарығын дамытумен дамыған инфрақұрылымның болуы үлкен мәнге ие. Осыған байланысты бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын одан әрі дамыту жөніндегі жұмыстарды жүргізу қажет. Техникалық инфрақұрылымды жетілдіруге ерекше көңіл бөлінуі тиіс, атап айтқанда Алматы қаласы Өңірлік қаржы орталығының жұмыс істеуіне байланысты Алматы қаласының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының сауда алаңында қаржы орталығының арнайы сауда алаңын ұйымдастыру қажет. Осыған байланысты өңірлік қаржы орталығы қызметінің ерекшелігіне сәйкес ҚҚБ сауда жүйесін бейімдеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу қажет, атап айтқанда шетелдік эмитенттердің бағалы қағаздарын айналдыру, сондай-ақ сауда-саттыққа шетелдік брокер дилерлердің қатынауы "Т+3" орындау мерзімі бар сауда жүйесінде мәмілелер жасау, сондай-ақ клирингтік жүйелерді пайдалану мүмкіндігін қарауды талап етеді. Орталық депозитарий қызметінде сондай-ақ оның бағдарламалық қамтамасыз етуін ҚҚБ сауда жүйесінің мүмкіндіктеріне сәйкес келтіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу қажет.
Бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын дамытуда маңызды мәселе сондай-ақ бағалы қағаздарға құқықтарды есепке алу, сондай-ақ олар бойынша жеке меншік құқықтарының өтуін есепке алу болып табылады, ол бағалы қағаздарға құқықтарды тіркеу процесінде туындайтын тәуекелдерді азайтуға оң әсер ететін болады және бағалы қағаздар меншік иелерінің құрылымының айқындылық деңгейін арттыруға, инвесторлардың құқықтарын қорғауға ықпал ететін болады.
Бағалы қағаздардың әр түрлері бойынша қаржы құралдарының әділ (нарықтық) құнын анықтау әдісін іс жүзінде пайдалану және қолдануды жетілдіру.
5. Бағалы қағаздар нарығы кәсіби қатысушыларының қызметін пруденциалдық реттеуді жетілдіру, сондай-ақ тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу
Бағалы қағаздар нарығында тәуекелдерді басқару мәселелерін жетілдіру мақсатында тәуекелді қадағалауға бағдарланған халықаралық пруденциалдық реттеу стандарттарына сәйкес бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының қызметін пруденциалдық реттеуді жетілдіру және оларда тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу ұйғарылады.
Тәуекелдерді басқару жүйесінің негізгі мақсаты қандай-да бір тәуекелдерді қабылдау мүмкіндігін және оларды өлшеу мен басқару үшін көзқарастарды белгілеу болуға тиіс.
6. Өтімді бағалы қағаздар нарығын дамыту
Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай қаржылық секторды дамыту деңгейі қор нарығының өтімділігі және өтімді қаржы құралдарының нарығын дамыту деңгейіне барабар. МБҚ нарығында нақты қисық кірістілікті құру өтімді қаржы құралдары нарығын дамытуға негіз болуы тиіс.
Ағымдағы сәтте қолданыстағы Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамыту тұжырымдамасында қойылған өтімді қаржы құралдары ұғымын, олардың айналымы мен салық салу тәртібін анықтау жөніндегі мәселе шешілмегендігін атап өту қажет. Мүмкін осы факт, сондай-ақ мәмілелердің үлкен көлемін қолдауға дайын маркет-мейкерлердің болмауы көбіне өтімді қаржы құралдары нарығының дамымағандығын түсіндіреді.
Өтімді қаржы құралдары нарығын дамыту бойынша бірінші қадам Ұлттық Банктің банкаралық валюта нарығында негізгі маркет-мейкер ретінде әрекет етуі болмақ, ол басқа нарық қатысушыларын ынталандыруы және неғұрлым өтімді құралдардың (опциондардың) туындауына ықпал етеді.
Қажетті шаралар:
Қазақстан Республикасының заңнамасына (Азаматтық Кодекс, Салық кодексі, Бағалы қағаздар нарығы туралы заң) өзгерістер мен толықтырулар енгізу жолымен өтімді қаржы құралдары ұғымын, олардың айналыс және салық салу тәртібін анықтау;
1 жылға дейін мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша қисық кірістілікті құру;
банкаралық валюта нарығында оларды бір жылға дейінгі мерзіммен одан әрі бүкіл қисық кірістілік бойынша белгілеу перспективасымен 1 айға дейінгі мерзімі бар мерзімді келісім-шарттарды белгілеуді жүзеге асыру.
4.5. Микроқаржыландыру: сектордың Қазақстан Республикасы
қаржы жүйесінің бір бөлігі ретінде міндеттері мен оны дамыту
Мақсаты мен міндеттерi
Микроқаржы қызметтеріне қол жеткізу арқылы халықтың әлеуметтік осал топтарының және қазіргі уақытта банк секторының қаржылық қызметтерімен қамтылмаған шағын кәсіпкерлік субъектілерінің мүмкіндігін кеңейту, ол мыналарға мүмкіндік береді:
кәсіпкерлік бастамасын дамыту;
жұмыспен қамтылуын арттыру;
өмір сүру деңгейін көтеру;
қаржылық білімділік деңгейін көтеру.
Ағымдағы жағдай
Қазақстанда бірқатар микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) жұмыс істейтініне қарамастан, олар ұсынатын қызметтердің саласы мен көлемі әлі де шектеулі. Қазақстанда МҚҰ микрокредиттерді ғана ұсынады және олардың қызметінің қамтуы әзірше шағын.
Қазақстанда микроқаржы қызметтері ұйымдардың төрт түрін ұсынады: коммерциялық банктер (УВRD бағдарламалары арқылы), банктік емес қаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер мен микрокредиттік ұйымдар.
Кредиттік серіктестіктер нарығының дамуын талдау қадағаланып отырған үрдістердің нарық қажеттіліктеріне сәйкес келмейтінін көрсетеді. Кредиттік серіктестіктердің жиынтық кредиттік портфелі олар қамтитын клиенттер санымен қатар барынша мардымсыз әрі банктердің осыған ұқсас сипаттамаларымен салыстыруға келмейтін болып табылады.
Кредиттік серіктестіктердің, оның ішінде кредиттерді беру жөніндегі қызметі қатысушылардың тар аясымен шектелгендігін назарға ала отырып, кредиттік серіктестіктердің даму деңгейінің төмен екендігін бекітуге болады.
Осы уақытқа дейін микроқаржыландыруды тежеп отырған негізгі фактор микроқаржыландыру жүйесін дамытуға деген тұжырымдамалық көзқарастың, осы секторды мемлекет тарапынан кешенді қолдаудың болмауы болды.
Қаржы секторында бәсекені арттыру жөнінде шаралар қабылдауға шақыратын Президенттің Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бәсекені дамыту үшін жағдайлар жасау жөнінде міндеттер қойды. Кредиттік серіктестіктер мен микрокредит ұйымдары сияқты ұйымдар неғұрлым ұтқыр және мамандандырылған қаржы институттары бола отырып, банктік қызметтерге балама қызметтер ұсына алар еді.
Негізгі шаралар
Халықтың қаржы ресурстарына қол жеткізуін, кредиттік серіктестіктер мен микрокредит ұйымдары ұсынатын қызметтердің спектрін кеңейту, қосымша жұмыс орындарын құру, кедейлік деңгейін төмендету және халықтың табысын ұлғайту жолымен әлеуметтік проблемаларды шешу, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, қаржы нарығында бәсекені ынталандыру, МҚҰ-ларды қаржыландыру көздерімен қамтамасыз ету, республиканың қаржы жүйесінің бір бөлігі ретінде орнықты микроқаржы секторын құру мақсатында орта мерзімді перспективада мынадай шараларды қабылдау қажет:
кредиттік серіктестіктер мен микрокредит ұйымдарын мемлекеттік қолдау тетігін одан әрі жетілдіру;
микроқаржы ұйымдарының кәсіби қызметтер мен ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ететін көмекші қызметтер мен инфрақұрылымды дамыту үшін ынталандырушылар жасау;
кредиттік серіктестіктер мен микрокредит ұйымдарының қызметін мониторингтеуді жүргізу сапасын арттыру, оның ішінде олар статистика органдарына беретін есеп нысандарын жетілдіру.
5. Қаржы лизингi
Ағымдағы жағдай
2005 жылы лизингтік компаниялар 1358 қаржы лизингі шартын жасасты, ол бойынша 4191 бірлік мүлік сатылды. Қаржы лизингі шарттары бойынша берілген мүліктің іс жүзіндегі құны 20,8 млрд. теңгеден астамды құрады. Соңғы жылдары лизингтік мәмілелер портфелінің көлемі 6 есеге дерлік өсті және бағалау бойынша 350,0 млн. АҚШ долларынан асты. Жасалған лизинг шарттар санының төрт еседен астамға артқандығы байқалды. Негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлеміндегі лизингтің үлесі 1,8%-ға өсті. Лизингтік қызметтер нарығы инвесторлар үшін де, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді өндірушілер үшін де барған сайын тартымды болып отыр.
Соңғы жылдардың ішінде лизингтің ең аз мөлшерін 2004 жылға дейін шектеу лизингті дамытудың тежеуіш факторларының негізгі болып табылды. Пайдалану қызметінің мерзімі 10 - 20 жылды құраған негізгі қаражатты іс жүзінде лизингке беру мүмкін болмады. Лизинг мерзімі 8 - 16 жылдан кем болмауы тиістігіне және меншік құқығы осы мерзім аяқталғаннан кейін ғана лизинг алушыға берілуі мүмкін болғандығына байланысты. Бұл мәміле бойынша тәуекелді елеулі арттырды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаржы лизингін дамыту үшін түрлі шаралар қабылдады. Атап айтқанда, бұл 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының «Бюджетке салықтар және басқа міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) кодексіне өзгерістер мен толықтыруларды қабылдау. Бұл Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы лизингі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы. Салық және азаматтық заңнамада қаржы лизингін реттеу халықаралық стандарттарға жақындатылған, бұл шағын және орта бизнесті дамытуға, кәсіпорындарда негізгі қаражатты жаңарту қарқынын жеделдетуге ықпал етеді. Мынадай өзгерістер мен толықтырулар неғұрлым маңызды болып табылады: лизинг мерзімін 3 жылға дейін қысқарту бөлігінде қаржы лизингінің анықтамасы; «қайталама лизинг» ұғымын енгізу, бұл теріс пиғылды лизинг алушылардан алу кезінде лизинг заттарын қайталап беру мүмкіндігін береді, бұл лизинг берушілер тәуекелін азайтады; бұйрық өндірісі тәртібімен теріс пиғылды клиенттерден лизинг заттарын алып қою; лизинг мерзімін анықтау, мысалы, лизинг берушіде меншік құқығын сақтаған кезде лизинг шартын бұзу лизинг мерзімін бұзуға әкеп соқтырмайды, бұл лизинг затын бір лизинг алушыдан қайтарған және екіншісіне берген жағдайда өте маңызды, сондай-ақ лизинг шартын бұзуға және мүмкін салық шығындарына байланысты лизинг берушінің тәуекелдері азайтылды; жылжымайтын мүлік және көлік бөлігінде тіркелуі басқа заңнамалық актілермен көзделгендерді қоспағанда, лизинг шарттарын міндетті тіркеуді жою.
Тұтастай алғанда азаматтық-құқықтық мәселелерді және лизингтік операцияларға салық салуды реттейтін жеткілікті оң заңнамалық база құрылды.
Негізгі шаралар
Салық саясаты, тіркеу рәсімдері, статистикалық мәліметтер мәселелерін, қоса алғанда лизингтік операцияларды одан әрі жетілдіру.