Қазақстандық банктер сыртқы қарыздарды негізінен құбылмалы пайыздық ставка бойынша тартатынын айрықша атап өту қажет. Өз кезегінде, әлемдік нарықтағы ахуал мен кредиттік келісімдердің шарттары күрт өзгерген жағдайда банктер өз міндеттемелері бойынша жауап беруге қабілетсіз болуы мүмкін, бұл жекелеген банктің де, республиканың бүкіл банк жүйесінің де рейтингіне келеңсіз ықпал етуі мүмкін.
Ағымдағы жылы банктердің сырттан қарыз алуын шектеу мақсатында пруденциалық сипаттағы тиісті жанама шаралар қабылданды.
Отандық банк жүйесін жетілдіру жөніндегі қабылданып жатқан шараларға қарамастан, осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыру қажет.
Банк секторын одан әрі дамыту мақсатында, сондай-ақ алдағы Қазақстанның ДСҰ-ға кіруін ескере отырып, халықаралық стандарттарды ескере отырып банк заңнамасын жетілдіру, бәсекелестікті дамытуды және шетелдік банктердің отандық қаржы нарығына кіруін ырықтандыруды дамыту тәуекелдерді бағалау негізінде шоғырландырылған қадағалауды жетілдіру бойынша шараларды қабылдау (ҚР-дағы қолданыстағы кангломераторларды және осыған байланысты тәуекелдердің туындауын ескере отырып), банктердің сыртқы нарықтарға экспансиясына, тұтынушылық кредит берумен және шағын бизнеске кредит берумен байланысты банк тәуекелдерін төмендету, қаржы статистикасын жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу ұйғарылады.
Негізгі шаралар
1. Шетелдік банктердің отандық қаржы нарығына кіруін ырықтандыру
Жаһандандыру процесін, Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға кіру перспективасын ескере отырып, банк жүйесінде ырықтандыру және бәсекелестікті арттыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру орынды болып табылады.
Шетелдің қатысуы бар, банктердің қызметі үшін алынған шектеулерден өзге (шетелдің қатысуы бар банктердің жиынтық жарғылық капиталына, Басқарма құрамына, қаражатты ішкі активтерге орналастыру жөніндегі талаптарға, сондай-ақ персоналға қатысты) өтпелі кезеңді және елдің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге танылған шарттарды сақтаған кезде Қазақстан Республикасының аумағында олардың филиалдарының қызметіне рұқсат беру мүмкіндігін ұйғарылады.
2. Шоғырландырылған қадағалауды жетілдіру және оның әлемдік нарықтарға кіруін жеделдету мен белсенді халықаралық ынтымақтастық үшін ұлттық банк секторының айқындылығын қамтамасыз ету
Шоғырландырылған қадағалауды жетілдіру және банк секторында айқындылықты қамтамасыз ету мақсатында шоғырландырылған қадағалау, меншік иелері құрылымы, аффилиирлендірілген тұлғалармен қарым-қатынас жасасу бөлігінде банктердің заңнама талаптарын орындауын қамтамасыз етуге бағытталған банктік қадағалау рәсімдері жетілдірілетін болады.
3. Жылжымайтын мүлікке кредит беру көлемінің өсуіне, банктердің сыртқы нарықтарға экспансиесіне, тұтыну кредитін беруге және шағын бизнеске кредит беруге, сондай-ақ банк қызметтерінің тізбесін дамыту мен кеңейтуге байланысты банк тәуекелдерін азайту үшін шаралар қабылдау
Екінші деңгейдегі банктердің кредит тәуекелдерін, сондай-ақ жоғарыда санамаланған тәуекелдерді қажеттілігіне қарай бағалау мақсатында және экономикалық орындылықты ескере отырып қолданыстағы банк заңнамасы, әсіресе пруденциалдық реттеу және екінші деңгейдегі банктердің активтерін сыныптау әдістемесі бөлігінде жетілдірілетін болады.
4. Халықаралық стандарттарды ескере отырып банк заңнамасын жетілдіру
Қазақстанның банк секторын реттеуді халықаралық стандарттарға жақындату мақсатында Қазақстанның банк жүйесінің Банктік қадағалау жөніндегі Базель комитетінің "Капитал есебінің және капитал стандарттарының халықаралық конвергенциясы" (International Convergence of Capital Measurment and Capital Standars) (Базель II) капитал барабарлығының жаңа келісіміне көшуін жүзеге асыру жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады. Орта мерзімді перспективада Базель II көшуді аяқтау жөніндегі жұмыс жүргізілетін болады, ол бірқатар шараларды жүзеге асыруды ұйғарады, атап айтқанда:
1) Агенттіктің Базель II көшу кестесін Базель II енгізу жөніндегі Топтың (Accord Implementation Group) өкілдерімен келісу;
2) Базель II қағидаттарымен кеңінен танысу және оларды көбінен түсіну мақсатында Агенттіктің ресми сайтында оның мәтінінің орыс тіліндегі нұсқасын орналастыру;
3) елдердің қадағалау органдарына олардың Базель II көшу ойлары мен шарттары туралы тиісті сұрау салулар жіберу;
4) отандық банктердің орталықтандырылған рейтингтер әдісін пайдалану орындылығын қарастыру;
Бұдан басқа, банктердің қызметіне қойылатын талаптарды арттыру, халықаралық практиканы ескере отырып екінші деңгейдегі банктерде тәуекелдерді басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыстар жалғастырылатын болады.
5. Қадағалау ақпаратымен алмасу үшін шетелдік мемлекеттердің қадағалау органдарымен өзара іс-әрекет жасасу
Халықаралық стандарттарды ескере отырып, банк заңнамасын әсіресе Қазақстанның банк жүйесінің Базель II көшуін жүзеге асыру бөлігінде жетілдіру жөніндегі шаралар шеңберінде елдердің Қазақстанда қаржы ұйымдарының еншілес қаржы ұйымдары бар барлық реттеу органдарымен (АҚШ, Нидерланды) және тиісінше Қазақстанның қаржы ұйымдарының еншілес ұйымдары мен филиалдары бар елдермен ынтымақтастық пен ақпарат алмасу туралы меморандумдарды жасасу жөніндегі жұмыстарды жеделдету, сондай-ақ Қазақстанда еншілес банктері бар бас банктердің (атап айтқанда, АҚШ, Нидерланды, Ұлыбритания) қадағалау органдарымен бас банктердің Базель II ережелерін қолдануда өзара іс-әрекет стратегиясын әзірлеу, оның ішінде техникалық ынтымақтастық саласында шет елдердің қадағалау органдарымен қарым-қатынастарды орнату ұйғарылады.
6. Депозиттерді міндетті кепілдендіру жүйесін дамытуды жетілдіру
Қазақстандық депозиттерді кепілдендіру жүйесінің (бұдан әрі - Жүйе) үздік халықаралық практикаға сәйкес келуі мақсатында мынадай негізгі шараларды жүзеге асыру қажет:
үздік әлемдік тәжірибені және Халықаралық депозиттерді сақтандыру жүйелері қауымдастығының (ІАВІ) ұсынымдарын ескере отырып, Жүйені одан әрі жетілдіру;
2007 жылдан бастап Жүйеге қатысушы банктер үшін міндетті күнтізбелік жарналардың әртараптандырылған ставкаларын енгізу;
мәжбүрлеп таратылған банктің міндеттемелері мен мүлкінің бір бөлігінің екінші банкке (банктерге) бір уақытта берілуі жөніндегі операцияларды жүргізу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық базаны әзірлеуге қатысу.
7. Елдің банк секторының сыртқы қарыз алуын басқару тиімділігін арттыру
Ағымдағы жылы қабылданған халықаралық қаржы ұйымдарының ұсынымдарын ескере отырып, халықаралық практиканы зерделеуге негізделген банктердің сыртқы қарыз алуын шектеу жөніндегі шараларды, перспективада, қалыптасқан жағдай шеңберінде және көрсетілген шаралардың банк секторының сыртқы қарыз алу көлеміне әсер етуін назарға ала отырып, қажет болған кезде банктердің қызметін пруденциялық реттеуді жетілдіру шеңберінде осы бағыттағы жекелеген нормативтер мен лимиттерді қайта қарау мүмкін.
8. Қаржы статистикасын жетілдіру
Экономиканың қаржы секторының ұзақ мерзімді кредит беру статистикасының жоқтығы банк жүйесінің өнеркәсіптің негізгі құралдарын құру және жаңғыртуға инвестициялық кредит беруін тиісінше бағалауды жүргізуге мүмкіндік бермейді.
4.1.2. Банктік емес ұйымдардың секторы
Мақсаты мен міндетi
Қазақстан Республикасында да, шет елдерде де банктік емес ұйымдарды дамыту мен олардың қызметінің негізгі мақсаты халықты, шағын және орта кәсіпкерлерді кредиттік ресурстармен қамтамасыз ету осы ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығының деңгейін арттыру болып табылады.
Банктік емес ұйымдар қаржылық қызметтер нарығындағы екінші деңгейдегі банктер жасауы мүмкін ақауларды толтыруға ықпал етуге тиіс.
Ағымдағы жағдай
Банктік емес ұйымдардың секторын одан әрі жетілдіруді қамтамасыз етуде қаржы жүйесін елеулі тәуекелдерден, ал халықты - бір жағынан қағидатсыз іс-әрекеттерден қорғау, екінші жағынан - инновацияны дамыту және кәсіпкерлікті дамыту үшін кедергілерді жеңу арасында балансқа қол жеткізу қажеттілігі маңызды рөл ойнайды.
Негізгі шаралар
1. Ипотекалық ұйымдар қызметін реттеудің заңнамалық және нормативтік базасын одан әрі жетілдіру
Ипотекалық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және тәуекелдерін ырықтандыру мақсатында оларды Базель комитетінің банктік қадағалау жөніндегі ұсынымдары мен Еуродирективаларға сәйкес пруденциалдық реттеу көзделген.
3 жылға есептелген олардың мөлшерін кредит ұйымдары үшін 2000 жылғы 20 наурыздағы 2000/12/EC директивасымен көзделген 2009 жылдың 1 қаңтарына 800 млн. теңгеге дейін жеткізе отырып, ипотекалық ұйымдардың жарғылық және жеке меншік капиталын арттыруды жүзеге асыру ұйғарылады. Бұл түпкілікті сатыда ипотекалық нарықта төмен капиталдандырылған ипотекалық ұйымдардың қатысу болжамын жоюға мүмкіндік береді.
Перспективада ипотекалық ұйымдар қызметінің нәтижелерін талдау негізінде, оларды тиімді қалыптасуы мен жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасау мақсатында реттеуші төрелік пен бәсекелестіктегі кедергілерді болдырмауға негізделген ипотекалық ұйымдардың қызметін реттеудің заңнамалық және нормативтік базасын жетілдіру ұйғарылады.
Бұдан басқа, ипотекалық компаниялардың тәуекел-менеджменті жүйесін жетілдіру мәселелеріне көңіл бөлінетін болады.
2. Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беруге құқықты ұйымдардың тізбесі бойынша шектеулерді енгізу
«Қазақстан Республикасында банктер мен банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңында банктік қарыз операцияларын жүзеге асыруға, оның ішінде ипотекалық қарыздар беруге құқықты ұйымдардың (банктер, ипотекалық ұйымдар, брокерлер және (немесе) жалғыз акционері (қатысушысы) мемлекет болып табылатын атаулы ұстаушы және заңды тұлға ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар дилерлер).
Бұл ретте мемлекеттік даму институттарын қоспағанда, барлық көрсетілген ұйымдар үшін олардың қызмет ерекшелігін ескере отырып пруденциалдық реттеу көзделді. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде құрылған мемлекеттік даму институттары үшін пруденциялық реттеу көзделмеген, өйткені нормативтік реттеуді енгізу осы бағдарламаларды іске асыруға кедергі келтіруі мүмкін.
Пруденциялық реттеу көзделген және осы реттеу көзделмеген ұйымдардың қаржы қызметтерінің бір нарығында қызметі біріншісін теңсіздік жағдайына қояды. Бұдан басқа, ипотекалық кредит беру нарығының, атап айтқанда қарыз алушының төлем қабілетсіздігіне және жылжымайтын мүлік нарығында, атап айтқанда тұрғын үй нарығында бағаның мүмкін күрт ауытқуларына байланысты жоғары тәуекелдер тән ерекшелігін ескеру қажет.
Осыған байланысты, заңнамалық деңгейде екінші деңгейдегі банктер мен ипотекалық ұйымдарды енгізе отырып, ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беруге құқықты ұйымдардың тізбесін шектеген жөн.
3. Жылжымайтын мүлікпен жасалатын алыпсатарлық мәмілелердің көлемін тежеу жүйесін енгізу
Жылжымайтын мүлік нарығының дамуын талдау Қазақстанда коммерциялық (офистер, қоймалар) және тұрғын үй жылжымайтын мүліктің түрлі секторларына салымдар бойынша кірістілік орташа есеппен алғанда жылдық 12-16%-ды құрайтындығын куәландырып отыр, ол банк салымдары бойынша кірістіліктен асып түседі. 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда жеке тұлғалардың мерзімді салымдары бойынша орташа өлшемді пайыздық ставка соңғы 2 жылда тұрғын үйге бағаның өсуі жылына 48%-ды құрағандығына қарамастан, теңгемен жылдық 9,4%-ды шетел валютасымен 5,9%-ды құрайды.
Бұдан басқа, жылжымайтын мүлікті жалға беру кірістілігін талдауды жүргізу кезінде республикада алыпсатарлықтың негізгі объектісі құны 50 мың АҚШ долларынан асатын жылжымайтын мүлік болып табылатындығы анықталды, ол жалға берушіге орташа алғанда жылдық 17,2% кірісті қамтамасыз етеді.
Мұндай ахуал тұрғын үй нарығында сақталып отырған бағаның өсу үрдісімен қатар кейіннен сату және құнының өсуінен кіріс алу мақсатында тұрғын үйді сатып алуға мүдделікті ынталандырады. Тұрғын үйге сұраныс пен ұсыныс арасында тепе-теңдіктің болмауы, тұрғын үйді сатып алу-сатумен айналысатын делдал ұйымдардың көптігі, делдал және құрылыс компанияларының қызметіне қатаң мемлекеттік бақылаудың болмауы және т.б. сияқты факторлармен қатар тұрғын үй алыпсатарлығы «сабынды көпіршік» қаупін және тұрғын үйге бағаның «құлау» қауіптілігін тудырады, ол ипотекалық кредиттер бойынша кепіл құнын төмендету мағынасында қаржы ұйымдары үшін шынайы қауіптілікті білдіреді.
Тұрғын үймен алыпсатарлық мәмілелерді жасауды азайту мақсатында мынадай шараларды енгізу орындылығы қарастырылатын болады:
1) қосымша тұрғын үй сатып алушылар үшін қосымша біржолғы салық және/немесе мұндай салыққа жоғары салық салу;
2) сатып алғаннан кейін екі-үш жылдың ішінде тұрғын үй сатушылар үшін салық салуды (оның ішінде капиталдың өсімінен) қатаңдандыру.
4.2. Жинақтаушы зейнетақы қорлары
Мақсаты мен міндетi
Орта мерзімді перспективада жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізгі мақсаттары мен міндеттері:
жинақтаушы зейнетақы қорлары арасында бәсекелестікті дамыту;
Қазақстанның бүкіл халқы үшін зейнетақы қызметтерінің қол жетімділігі мен сапасын арттыру;
жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялау жөніндегі мүмкіндіктерін арттыру;
зейнетақы жинақтауларының сақталуын қамтамасыз ету және зейнетақы, төлемдері мен аударымдары жүйесінің салымшылары мен алушыларының құқықтарын қорғау жөніндегі тетіктерді одан әрі жетілдіру;
міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жүйесінің жұмыс істеу тиімділігін арттыру болып табылады.
Ағымдағы жағдай
Қазіргі уақытта зейнетақы қорлары ішкі бағалы қағаздар нарығындағы аса ірі институционалдық инвесторлардың біріне айналды. Соңғы уақытта Қазақстан Республикасының қор нарығында тартымды, сонымен бірге сенімді әрі өтімді бағалы қағаздардың тапшылығы аясында зейнетақы активтері инвестициялануы мүмкін бағалы қағаздардың кірістілігін азайту жөніндегі орнықты үрдіс байқалды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1359 қаулысымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес салымшылардың әрқилы топтары үшін бір-бірінен инвестициялық портфельді әртараптандыру дәрежесімен, кірістілігімен және инвестициялық тәуекел дәрежесімен ерекшеленетін зейнетақы жоспарларын енгізу көзделген. Осыған байланысты таңдап алынған инвестициялық стратегияның сипатына негізделе отырып, жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері портфеліндегі қаржы құралдарының тізбесіне қойылатын талаптарды белгілеу қажет.
Бір-бірінен инвестициялық портфельді әртараптандыру дәрежесімен ерекшеленетін зейнетақы жоспарларын енгізу шеңберінде зейнетақы активтерінің бір бөлігін басқару үшін резидент еместерді тарту мүмкіндігін қарау, портфельді мұндай басқарушылар үшін ең төменгі қажетті рейтингті белгілеу жоспарланып отыр.
Негізгі шаралар
1. ЖЗҚ қызметін бағалауды енгізу жолымен бәсекелестікті ынталандыру
Қазіргі уақытта жинақтаушы зейнетақы қорының орташа өлшемді атаулы кірістілігінің көрсеткішін қоспағанда, қорды таңдау үшін нақты бағдарға зейнетақы қорларының сомасы және салымшылардың саны жоқ. Портфель тәуекелін бағалау мүмкіндігін беретін көрсеткіштер жүйесін әзірлеудің негізді қажеттілігі бар. Бір-бірінен инвестициялық портфельді ырықтандыру деңгейімен, салымшылардың түрлі топтары үшін инвестициялық тәуекел кірістілігімен және деңгейімен ерекшеленетін зейнетақы қорлары инвестициялық портфельдерінің сапасын қолдау мақсатында салымшылар үшін зейнетақы активтерін басқару тиімділігінің көрсеткіштерін жүйесін жетілдіру мүмкіндігін, сондай-ақ салымшының инвестициялық портфельдердің түрлі нұсқаларын таңдау мүмкіндіктерін кеңейту мәселесін қарау ұйғарылады.
Бұдан басқа, инвестициялар портфелінің кірістілігі мен тәуекелі негізінде жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін көрсететін көрсеткіштерді енгізу.
2. Қаржы құралдарының, оның ішінде зейнетақы активтерін инвестициялау үшін валюталық және өзге тәуекелдерді хеджерлеу жөніндегі спектрін кеңейту және бағалы қағаздар нарығында өтімділікті арттыру үшін ынталандырулар жасау
Қаржы құралдарының, оның ішінде зейнетақы активтерін инвестициялау үшін валюталық және өзге тәуекелдерді хеджерлеу жөніндегі спектрін кеңейту және бағалы қағаздар нарығында өтімділікті арттыру үшін ынталандырулар жасау өзекті мәселе болып қалып отыр. Осыған байланысты Yкіметтің кепілдері және/немесе кепілдемелері негізінде басым жобаларды, секьюрителендіру мәмілелерінің негізінде басым жобаларды қаржыландыру үшін ЖЗҚ активтерін пайдалану, сондай-ақ қорлардың активтерін хеджерлеу экономикалық дамудың басым бағыттарына да, зейнетақы активтерінің сапасын арттыруға да сәйкес келетін болады. Алайда осы міндеттерді шешу үшін осы өнімдерді бағалау мен есепке алудың әдістемесі жөніндегі нормативтік реттеуді, активтерді қаржы құралдарының көрсетілген түрлеріне инвестициялаудың және оларды іс жүзінде қолданудың практикалық тетігі жөніндегі әдіснамалық аспектілерді әзірлеу қажет.
3. Халықты қамтуды кеңейту, сондай-ақ әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру мақсатында жинақтау жүйесінде қатысу үшін ынталандыру жасау
Әлеуметтік шаралар ретінде кезекті көлеңкелі жұмыспен қамтуды қысқарту мақсатында жауапкершілікті мемлекет, жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасында ұтымды бөлуді ұйғаратын, формалды секторда - жұмыспен қамтамасыз ету уәждемесін ынталандыратын әлеуметтік қамсыздандырудың үш сатылы жүйесін қалыптастыру жоспарланып отыр.
Сондай-ақ нашарлап бара жатқан демографиялық жағдайда зейнетақы жасындағы азаматтарды толық әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі міндеттемелердің бір бөлігін мемлекеттен және салық төлеушіден алып тастау мақсатында өз пайдасына да, үшінші тұлғалардың пайдасына да ерікті зейнетақы жарналарының салымшылары үшін барынша қолайлы жағдай жасай отырып, кәсіптердің шектелген тізбесі бойынша ғана емес, барлық жұмыс берушілердің өз қызметкерлерінің пайдасына ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналарын төлеу шарттарын беруін қарау қажет. Ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналары жүйесінің тартымдылығын арттыру мақсатында жинақтау мерзімдері бойынша ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналарын төлеуді жеңілдіктеу мәселесін қарау қажет.
Халықты, әсіресе өмірі үшін жоғары тәуекел деңгейі бар өнеркәсіп салаларында жұмыс істейтін қызметкерлерге қатысты әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру мақсатында міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын енгізу мүмкіндігін қарау ұйғарылып отыр.
Халықты хабардар етудің, сондай-ақ салымшылар үшін зейнетақы қорлары қызметінің айқындылығы деңгейін арттыру саласында ЖЗҚ инвестициялық декларацияларын және оларды орындау нәтижелерін жариялау жөніндегі талаптарды енгізу орынды.
4. Міндетті зейнетақы жарналары бойынша жинақтаушы зейнетақы жүйесіне төлемдерді оңтайландыру және міндетті зейнетақы жарналары жөніндегі агенттердің берешегін азайту
Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының (МЗТО) негізінде бірыңғай есепке алу орталығын құру жолымен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп жүзеге асырылады. 2006 жылғы 1 шілдеден бастап міндетті зейнетақы жарналарын, оның ішінде берешекті аудару МЗТО тікелей жүргізіледі. МЗТО міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақылық қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорына аударады. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінде төлемдерді оңтайландыру салымшыға зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу үшін жинақтаушы зейнетақы қорын дербес іріктеу құқығын іске асыруға; салымшының, жұмыс беруші мен зейнетақы жүйесі кәсіби қатысушыларының жалпы шығындарын азайта отырып жинақтаушы зейнетақы жүйесіне ақпараттық және қаржы ағындарының өтуін оңтайландыруға мүмкіндік береді; түрлі жинақтаушы зейнетақы қорларында ашылған жеке зейнетақы шоттарының қайталануын болдырмау үшін жағдай жасау; міндетті зейнетақы жарналары есебінен соңғы шарт жасалған қорға салымшының зейнетақы жинақтауларын автоматты түрде аударуға мүмкіндік береді; міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттердің міндетті зейнетақы жарналарының сомасын аудару рәсімін жеңілдету.
Зейнетақы шартын жасасу, жинақтауларды аудару және төлеу жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде салымшының электрондық бірегейлендіруін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы технологиялар негізінде халыққа қызмет көрсетудің электрондық жүйесіне кезең-кезеңмен көшу жоспарланып отыр (пилоттық жобалар түрінде электрондық карточкаларды енгізу).
5. Жинақтаушы зейнетақы қорларын және зейнетақы активтерінің құрамына енетін құралдардың тәуекеліне байланысты зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарды капиталдандыруды арттыру, сондай-ақ тәуекелдерді басқару жүйелерін енгізу
Құралдардың тәуекелі мен кірістілігін салыстыру негізінде зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігін арттыру және инвестициялық портфельді қалыптастыру мақсатында зейнетақы активтерінің есебінен инвестициялық объектілерді іріктеу өлшемдері ретінде бағалы қағаз эмитентінде немесе бағалы қағаздың өзінде ең аз рейтингтік бағалаудың болуын пайдалану мүмкіндігін қарау және Қазақстан Республикасының немесе шетелдік мемлекеттің ұйымдастырылған нарығында міндетті айналдыру ұйғарылады.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының және басқарушы компаниялардың инвестициялық портфельдерінде қамтылған құралдардың тәуекеліне қарай көрсетілген тәуекелдерге барабар капиталды қалыптастыру тәртібі енгізілетін болады. Жинақтаушы зейнетақы қорларын және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарды зейнетақы активтерінің есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдің сапасына қарай қалыптастырылатын жеке капиталдың жеткілікті коэффициенті бөлігінде пруденциялық реттеуді одан әрі жетілдіру жоспарланады.
Сондай-ақ бұдан әрі жинақтаушы зейнетақы қорларында және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарда менеджердің де, Директорлар кеңесі мүшелері мен акционерлердің жауапкершілігін қатаңдандыра отырып, осы ұйымдардың міндеттеріне енетін инвестициялық және басқа шешімдерді қабылдауға байланысты рәсімдерді белгілеу және регламенттеу бөлігінде тәуекел-менеджменті жүйесін жетілдіру ұйғарылады. Бұдан басқа, зейнетақы активтерін сақтандырудың жекелеген элементтерін енгізу мүмкіндігін қарау орынды болып отыр.
4.3. Сақтандыру секторы
Мақсаты мен міндетi
Орта мерзімді перспективада сақтандыру нарығын дамытудың негізгі мақсаттары мен міндеттері мыналар болып табылады:
азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттің сақтандыруды қорғаудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру және мемлекет экономикасын дамыту үшін ұзақ мерзімді инвестициялық ресурстарды шоғырландыру жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру;
халықты әлеуметтік қорғаудың құралы ретінде өмірді сақтандыруды дамыту міндетті сақтандыру жүйесін жетілдіру;
халықтың сақтандыру ұйымдарына сенімін және сақтандыру қатынастары барлық субъектілерінің сақтандыру мәдениетін арттыру;
үздік халықаралық практика негізінде сақтандыру қадағалауын жетілдіру.
Ағымдағы жағдай
Соңғы жылдары республика экономикасының тұрақты өрлеуі және ұлттық сақтандыру индустриясын реформалау жөнінде мемлекет қабылдаған шаралар осы саланың шапшаң дамуына ықпал етті. Сақтандыру нарығының негізгі көрсеткіштерінің бірнеше жыл ішіндегі серпініне оң баға берілуде. Дегенмен, елде өмірді сақтандыру және жинақтаушы және ұзақ мерзімді сақтандырудың өзге түрлері нарығы жеткіліксіз дамыған. Қазіргі кезде өмірді сақтандыру жөніндегі сақтандыру ұйымдарының инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейту мәселесі өзекті болып қалып отыр. Сақтандыру ұйымдарын капиталдандыру төмен деңгейде, олар жинаған сақтандыру сыйлықақыларының басым бөлігі қайта сақтандыру арналары арқылы шет елдерге беріледі.
Бұдан басқа, міндетті сақтандыру жүйесінде бірқатар проблемалар бар. Айталық, міндетті сақтандырудың ұлттық жүйесінің өзінің барлық әлеуетін толық көлемде пайдалануға мүмкіндік бермейтін бірқатар проблемалары бар. Міндетті сақтандырудың тиімділігін төмендететін басты проблемалардың қатарына мыналарды жатқызуға болады:
сақтандырушылардың міндетті сақтандыру туралы заңнаманы сақтауын мемлекеттік қадағалау деңгейінің жеткіліксіздігі мен қолданыстағы заңнаманың жетілдірілмегендігі;