Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үйдің
жалға берілетін секторын дамыту мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ 2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді
1. 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 11-12, 168-құжат; 2002 ж., № 6, 73, 75-құжаттар; № 9-20, 171-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 133, 139-құжаттар; № 21-22, 160-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 4, 82-құжат; № 20, 116-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4, 5-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45, 46-құжаттар):
1) 225-баптың бірінші бөлігінің 18-тармақшасындағы «тауарларды өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.« деген сөздер «тауарларды;» деген сөзбен ауыстырылып, бөлік мынадай мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын:
«20) тұрғын үй қатынастары туралы заңнамаға сәйкес жалға берілетін үйдің үй-жайларын жалға беру жөнінде көрсетілетін қызметтер өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.»;
2) 326-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) жалға берілетін үйлерді күтіп-ұстау үшін сатып алынған жер учаскелері.».
2. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат):
1) 2-бап мынадай мазмұндағы отыз жетінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
«жалға берілетін үй - жеке және (немесе) заңды тұлғаға меншік құқығымен тиесілі тұрғын үй (тұрғын жай), жалға беруге арналған тұрғын үй-жайлар (пәтерлер);
тұрғын үйді қосымша жалдау шарты - тараптардың шарты, оған сәйкес жалдаушы қосымша жалдаушыға тұрғын үйді не оның бір бөлігін тұрақты немесе уақытша иелену және пайдалану құқығын береді;
қосымша жалдаушы - тұрғын үйді қосымша жалдау шартындағы тұрғын үйді немесе оның бір бөлігін жалдаушыдан тұрақты немесе уақытша пайдалануға алатын тарап.»;
2) 23-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Заңның 67-бабында аталған азаматтарға кейіннен беру үшін жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдауға құқылы.»;
3) 24-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тұрғын үй-жайды жергілікті атқарушы орган жалға алып берген адам оған қосымша жалдаушылар мен уақытша тұрғындарды қоныстандыруға құқылы емес.»;
4) 9-тараудың тақырыбы «қорынан тұрғын үй» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 67-бапта:
1-тармақ «қорының тұрғын үй тұрғын үйге» деген сөздер «қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй оған» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ:
«қорынан тұрғын үй» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй» деген сөздермен толықтырылсын;
«Оларға берілетін тұрғын үй» деген сөздерден кейін «, жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 70-баптың тақырыбы «қорынан тұрғын үй» деген сөздерден кейін, мәтіні «бір тұрғын үй» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 10-тараудың тақырыбы «қорынан тұрғын үй» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй» деген сөздермен толықтырылсын;
8) 71, 72, 73, 74, 75, 76, 77, 78, 79-баптардың тақырыптары және мәтіндері «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй», «мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй», «Мемлекеттік тұрғын үй қорының тұрғын үйлеріне» және «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйдің» деген сөздерден кейін тиісінше «немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй», «немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлеріне» және «немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдің» деген сөздермен толықтырылып, 74-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан (жаңадан пайдалануға берілген немесе тұрғындар босатқан) бөлек тізім бойынша тұрғын үй» деген сөздер «Бөлек тізім бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан (жаңадан пайдалануға берілген немесе тұрғындар босатқан) тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй» деген сөздермен, 79-баптағы «Егер мемлекеттік тұрғын үй қорындағы әлеуметтік жағынан қорғалатын табысы аз адамдар тұратын тұрғын үйден» деген сөздер «Егер әлеуметтік жағынан қорғалатын табысы аз адамдар тұратын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйден немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйден» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 11-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«11-тарау. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үйлерді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған үйлерді жалдаушылардың (қосымша жалдаушылардың) құқықтары мен міндеттері»;
10) 80-бапта:
тақырыбы және мәтіні «қорынан тұрғын үйді», «жалдау» деген сөздерден кейін тиісінше «немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді» және «(қосымша жалдау)» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді қосымша жалдау шарты тұрғын үй беру туралы шешімнің негізінде жергілікті атқарушы орган мен азаматтың арасында жазбаша нысанда жасалады.»;
11) 81-бапта:
тақырыбы және мәтіні «қорынан тұрғын үйді», «жалдау» деген сөздерден кейін тиісінше «немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді» және «(қосымша жалдау)» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартының нысанасы бөлек тұрғын үй болып табылады.»;
12) 82-баптың тақырыбы және мәтіні «қорынан тұрғын үйді», «жалдау» деген сөздерден кейін тиісінше «немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді» және «(қосымша жалдау)» деген сөздермен толықтырылсын;
13) 83-бапта:
тақырыбы және мәтіні «Жалға алушының», «жалға алушымен», «жалға алушының», «жалға алушы» деген сөздерден кейін тиісінше «(қосымша жалға алушының)», «(қосымша жалға алушымен)», «(қосымша жалға алушы)» деген сөздермен толықтырылсын;
«қорынан тұрғын үйді» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді» деген сөздермен толықтырылсын;
«жалдау» деген сөзден кейін «(қосымша жалдау)» деген сөздермен толықтырылсын;
14) 84-бапта:
тақырыбында және мәтінде:
«Жалға алушының», «Жалға алушы», «жалдаушының», «Жалдаушы» деген сөздерден кейін тиісінше «(қосымша жалға алушының)», «(қосымша жалға алушы)», «(қосымша жалдаушының)», «(қосымша жалдаушы)» деген сөздермен толықтырылсын;
«және басқа азаматтарды», «, басқа адамдарды» деген сөздер алып тасталсын;
«тұрғын үйге» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үй қорындағы жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ алып тасталсын;
15) 85-бапта:
тақырыбы және мәтіні «тұрғын үйдің», «тұрғын үй» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үй қорындағы жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдің», «немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй» деген сөздермен толықтырылсын;
«Жалға алушы», «жалға алушы» деген сөздерден кейін тиісінше «(қосымша жалға алушы)» деген сөздермен толықтырылсын;
16) 86-баптың тақырыбы және мәтіні «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдің», «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй», «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйге» және «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді» деген сөздерден кейін тиісінше «немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдің», «немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй», «немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге» және «немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді» деген сөздермен толықтырылсын;
17) 87-баптың тақырыбы және мәтіні «тұрғын үйді», «жалға алушының» деген сөздерден кейін тиісінше «немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді» және «(қосымша жалға алушының)» деген сөздермен толықтырылсын;
18) 88-баптың тақырыбы және мәтіні:
«Жалға алушы», «тұрғын үйді» деген сөздерден кейін тиісінше «(қосымша жалға алушы)», «немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді» деген сөздермен толықтырылсын;
бірінші және екінші бөліктер «тұрғын үйде», «тұрғын үй» деген сөздерден кейін тиісінше «немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйде» және «немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй» деген сөздермен толықтырылсын;
19) 89-бапта:
тақырыбы «жалға алушының» деген сөздерден кейін «(қосымша жалға алушының)» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қосымша жалға алушының уақытша болмауы оны жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді қосымша жалға алу шарты бойынша міндеттерді атқарудан босатпайды.»;
20) 92-бапта:
тақырыбы «тұрғын үйді», «жалдау» деген сөздерден кейін тиісінше «немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді» және «(қосымша жалдау)» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді қосымша жалдау шарты, осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, қосымша жалдаушының, оның кәмелетке толған отбасы мүшелерінің және жергілікті атқарушы органның келісімімен ғана өзгертілуі мүмкін.»;
21) 93-бапта:
тақырыбы «жалға алушылардың» деген сөздерден кейін «(қосымша жалға алушылардың)» деген сөздермен толықтырылсын;
мәтіні «тұрғын үйде» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйде» деген сөздермен толықтырылсын;
«жалдау» деген сөзден кейін «(қосымша жалдау)» деген сөздермен толықтырылсын;
22) 94-бапта:
тақырыбы «Жалға алушы», «тұрғын үйді» деген сөздерден кейін тиісінше «(қосымша жалға алушы)» және «немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді» деген сөздермен толықтырылсын;
бірінші бөлік:
«тұрғын үйде» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйде» деген сөздермен толықтырылсын;
«жалға алу» деген сөздерден кейін «(қосымша жалға алу)» деген сөздермен толықтырылсын;
23) 95-бапта:
тақырыбы және мәтіні «жалға алушы», «Жалға алушы», «Жалға алушының» деген сөздерден кейін тиісінше «(қосымша жалға алушы)», «(қосымша жалға алушының)» деген сөздермен толықтырылсын;
«жалдау» деген сөзден кейін «(қосымша жалдау)» деген сөздермен толықтырылсын;
24) 12-тараудың тақырыбы «тұрғын үйлерге» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге» деген сөздермен толықтырылсын;
25) 97-бапта:
тақырыбы «тұрғын үйді» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Азаматтардың жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлейтін ақысының мөлшерін осы жергілікті атқарушы орган белгілейді.
1-2. Жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорындағы немесе жалға берілген тұрғын үйлердегі тұрғын үйді пайдаланғаны үшін азаматтардың белгілі бір санатының шығыстарын бюджет қаражаты есебінен төлеуге құқылы.
Жеке тұрғын үй қорындағы және жалға берілген тұрғын үйлердегі тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысының шығыстары жергілікті бюджетке жүктелетін азаматтар санатын жергілікті өкілді орган белгілейді.»;
2-тармақтың екінші бөлігінде:
«қызметтерін тұтынуға ақы» деген сөздерден кейін «, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысын» деген сөздермен толықтырылсын;
«(жалгерлері)» деген сөз «(қосымша жалға алушылары)» деген сөздермен ауыстырылсын;
26) 14-тараудың тақырыбы «тұрғын үйлерді» деген сөздерден кейін «және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді» деген сөздермен толықтырылсын;
27) 102-бапта:
тақырыбы және мәтіні:
«тұрғын үйді», «жалдау» деген сөздерден кейін тиісінше «немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді» және «(қосымша жалдау)» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдаушы (қосымша жалдаушы) кез келген уақытта (кәмелетке толған отбасы мүшелерінің келісімімен) жалдау (қосымша жалдау) шартын бұзуға құқылы.»;
2-тармақ «Жалдаушы» деген сөзден кейін «(қосымша жалдаушы)» деген сөздермен толықтырылсын;
28) 103-бапта:
тақырыбы және мәтіні:
«тұрғын үйді», «жалдау», «жалдаушыны» деген сөздерден кейін тиісінше «немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді», «(қосымша жалдау)» және «(қосымша жалдаушыны)» деген сөздермен толықтырылсын;
2 және 3-тармақтар «тұрғын үйлерден», «тұрғын үй» деген сөздерден кейін «және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерден», «және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй» деген сөздермен толықтырылсын;
29) 104-баптың 1-тармағы «тұрғын үйден» деген сөздерден кейін «және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйден» деген сөздермен толықтырылсын;
30) 105-бапта:
тақырыбы «тұрғын үй қорынан» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйден» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақта:
5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шарты осы Заңның 108-бабының 2-тармағында көзделген негіздер бойынша жарамсыз деп танылса, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шарты бұзылуы, ал жалдаушы (қосымша жалдаушы) тұрмысқа жайлы басқа тұрғын үй беріліп шығарылуы мүмкін.»;
31) 106-бапта:
тақырыбы және 1-тармақ «тұрғын үй қорынан» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерден» деген сөздермен толықтырылсын;
2, 3, 5 және 6-тармақтар «жалдаушы», «жалдаушыда», «жалдаушыға», «Жалға алушының», «жалға алушыны» деген сөздерден кейін тиісінше «(қосымша жалдаушы)», «(қосымша жалдаушыда)», «(қосымша жалдаушыға)», «(қосымша жалға алушының)», «(қосымша жалға алушыны)» деген сөздермен толықтырылсын;
32) 107-бапта:
тақырыбы «тұрғын үй қорынан» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйден» деген сөздермен толықтырылсын;
бірінші абзац «Жалдаушыны» деген сөзден кейін «(қосымша жалдаушыны)» деген сөздермен толықтырылсын;
7) тармақша «жалдау» деген сөзден кейін «(қосымша жалдау)» деген сөздермен толықтырылсын;
33) 108-баптың тақырыбы және мәтіні «үй-жайды жалға алу» деген сөздер «үйді жалға алу (қосымша жалға алу)» деген сөздермен ауыстырылып, «жалға алу», «Жалдау» деген сөздерден кейін «(қосымша жалға алу)», «(қосымша жалдау)» деген сөздермен толықтырылсын.
3. «Инвестициялық қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 16, 90-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын:
«20) жылжымайтын мүлік қоры - қызметінің айрықша түрі осы Заңда белгіленген талаптарға және өзінің инвестициялық декларациясына сәйкес, осы қоғамның акционерлері оның акцияларын төлеу үшін қосқан ақшаны, сондай-ақ осындай инвестициялау нәтижесінде алынған активтерді жылжымайтын мүлікке және осы Заңмен өзге де рұқсат берілген мүлікке жинақтау мен инвестициялау болып табылатын акционерлік инвестициялық қор.»;
2) 4-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Жылжымайтын мүлік қоры оның акцияларын ұстаушысына жылына кемінде бір рет акциялар бойынша дивидендтер алуға құқық береді. Дивидендтерді төлеуге жіберілетін ақшаның ең аз мөлшері қордың таза кірісінің кемінде тоқсан процентін құрауға тиіс.»;
6-тармақ мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Жылжымайтын мүлік қоры тәуекелмен инвестицияланатын қорлар бола алмайды.»;
3) 5-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Жылжымайтын мүлік қоры болып әрекет ететін акционерлік инвестициялық қордың атауында «жылжымайтын мүлік қоры» деген сөздер болуға тиіс.»;
4) 9-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші, үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында белгіленген тыйым салу тәуекелмен инвестицияланатын акционерлік инвестициялық қорларға және жылжымайтын мүлік қорларына қолданылмайды.
Негізгі қызмет түрі жылжымайтын мүлік қорларының активтері есебінен сатып алынған жылжымайтын мүлікке қызмет көрсету болып табылатын жылжымайтын мүлік қорлары еншілес ұйымдар құруға құқылы.
Жылжымайтын мүлік қорлары қордың активтері есебінен сатып алынған жылжымайтын мүлікті жалға беруге құқылы.»;
5) 37-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігі «Акционерлік» деген сөзден кейін «(жылжымайтын мүлік қорларынан басқа)» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Жылжымайтын мүлік қорларының активтерін:
1) үйлер мен ғимараттар, сондай-ақ осы үйлер мен ғимараттар орналасқан жер учаскелері;
2) үйлер мен ғимараттарға қызмет көрсетуге қажетті өндірістік құрал-саймандар мен негізгі құралдар;
3) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін ақша және қаржы құралдары құрайды.
Жылжымайтын мүлік қорлары активтерінің құрамында жылжымайтын мүліктің салынып жатқан және қайта жаңартылып жатқан объектілері, жобалық-сметалық құжаттама болмауға тиіс.
Жылжымайтын мүлік қорының активтерін мүлікке инвестициялау кезінде (бағалы қағаздар мен ақшаны қоспағанда) тәуелсіз бағалаушы міндетті түрде оны бағалауға тиіс.»;
3-тармақтың бірінші бөлігі «Акционерлік» деген сөз «Жылжымайтын мүлік қорларын қоспағанда, акционерлік» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Жылжымайтын мүлік қорының таза активтері құнының кемінде сексен процентін жылжымайтын мүлік құрауға тиіс.
Жылжымайтын мүлік қоры активтерінің құрамына кіретін мүлік сақтандырылуға және (немесе) жылжымайтын мүлік қоры осы активтердің мөлшеріндей резервтік қор құруға тиіс.
3-2. Жылжымайтын мүлік қорының инвестициялық кірісінің кемінде елу процентін жылжымайтын мүлікті жалға беру нәтижесінде алынған кірістер құрауға тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Жылжымайтын мүлік қоры активтерінің құрамы жылжымайтын мүлік қоры акцияларының шығарылымы тіркелген күннен бастап он екі ай ішінде осы баптың талаптарына сәйкес келтірілуге тиіс.
Егер жылжымайтын мүлік қорының активтерімен қандай да бір мәмілелерді жүзеге асыру нәтижесінде жылжымайтын мүлік қоры активтерінің құрамына қойылатын талаптар және (немесе) шектеулер бұзылған жағдайда, жылжымайтын мүлік қоры осындай оқиға болған күннен кейінгі бір күн ішінде уәкілетті органды хабардар етуге және активтердің құрамын жылжымайтын мүлік қоры активтерінің құрамына осындай өзгерістер болған күннен бастап алты ай ішінде осы баптың талаптарына сәйкес келтіруге міндетті.»;
7-тармақтың 1) тармақшасы «пай қоры» деген сөздерден кейін «не жылжымайтын мүлік қоры» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 39-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы «нұсқаулар болуға тиіс.» деген сөздер «нұсқаулар;» деген сөзбен ауыстырылып, тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) жылжымайтын мүлік қоры үшін - қордың активтерін мүлікке инвестициялау кезінде туындайтын тәуекелдердің сипаттамасы, сондай-ақ оларды азайтуға бағытталған іс-шаралар болуға тиіс.»;
7) 41-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы баптың 2-тармағының төртінші бөлігінде көзделген шарттар сақталған жағдайда, осы тармақтың 6) тармақшасының талабы жылжымайтын мүлік қорларына қолданылмайды.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жылжымайтын мүлік қоры активтерінің есебінен өтелуге жататын қарыздың кез келген түрі бойынша берешектің жиынтық көлемі жылжымайтын мүлік қорының активтері құнының алпыс процентінен аспауға тиіс.».
2-бап. Осы Заң, 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 1-тармағын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Астана, Ақорда, 2006 жылғы шілденің 7-і.
№ 182-III ҚРЗ