Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлерiне
және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 11 қаңтардағы № 41
қаулысы
(2006.30.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2006 ж. 30 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 24.01.03 ж. № 91 қаулысымен тақырыбы толықтырылды (бұр. ред. қара)
"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 9-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 24.01.03 ж. № 91 (бұр. ред. қара); 19.08.04 ж. № 867 қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді
1. Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлерiне және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне (бұдан әрi - мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерi) еңбекақы төлеу жүйесi уақыт бойынша еңбекақы төлеу жүйесi болып табылады, деп белгiленсiн. Уақыт бойынша еңбекақы төлеу жүйесi:
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсiпорындар қызметкерлерi лауазымдарының тiзiлiмi;
мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсiпорындар қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақыларын (ставкаларын) есептеу үшiн алынатын базалық лауазымдық жалақыға қолданылатын коэффициенттер;
қосымша ақылар, үстемеақылар мен өтемақылар ;
Қазақстан Республикасының Ресей федерациясындағы Сауда өкiлдiгі қызметкерлерiнiң шетел валютасындағы лауазымдық жалақыларының схемалары негiзiнде еңбекақы төлеудi қамтиды.
ҚР Үкіметінің 24.01.03 ж. № 91 (бұр. ред. қара);19.08.04 ж. № 867 қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді
2. Мыналар:
Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлерiнiң және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiнiң санаттар бойынша лауазымдар тiзiлiмi 1-қосымшаға сәйкес;
мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлерiне және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу шарттары 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22-қосымшаларға сәйкес;
Қазақстан Республикасының Ресей федерациясындағы Сауда өкiлдiгi қызметкерлерiне еңбекақы төлеу шарттары 23-қосымшаға сәйкес бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 24.01.03 ж. № 91 (бұр. ред. қара); 27.01.04 ж. № 89 (бұр. ред. қара); 2005.02.02. № 88 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді
3. Мыналар:
1) мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу қоры лауазымдық жалақылардан (ставкалардан); еңбек жағдайы үшiн қосылатын қосымша ақылар мен үстемеақылардан; Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен көзделген өтемақылардан белгiленедi;
заңнамаға сәйкес ерекше мәртебе берiлген мемлекеттік жоғары оқу орындары қызметкерлерiнiң жекелеген санаттарына еңбекақы төлеу лауазымдық жалақылардың (ставкалардың) белгiленген мөлшерiне жоғарылататын коэффициентпен жүзеге асырылады;
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкiлдiгi қызметкерлерiне еңбекақы төлеу қоры шетелдiк валютадағы лауазымдық жалақылары негiзге алына отырып белгiленедi;
2) мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсiпорындар қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары (ставкалары) (ЛЖ) олардың лауазымдарының лауазымдар санаттарының қай топтарына жататындығына және мамандығы бойынша жұмыс стажына, тағайындалған біліктілік разрядтарына (мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсiпорындар жұмысшылары үшiн) қарай лауазымдық жалақыларын (ставкаларын) есептеу үшiн бекітілген тиiстi коэффициенттердi Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiткен базалық лауазымдық жалақының (БЛЖ) мөлшерiне көбейту жолымен белгiленедi;
педагог қызметкерлердiң жекелеген санаттары үшiн лауазымдық жалақылар (ставкалар) заңнамада бір аптаға белгiленген нормативтiк оқу жүктемесiне қарай белгiленедi;
3) еңбек жағдайы үшiн қосылатын қосымша ақылар мен үстемеақылар әрбір жағдайда коэффициентке сәйкес есептелген лауазымдық жалақыға (ставкаға) немесе базалық лауазымдық жалақыға қарай есептеледi; заңнамалық кесiмдерде белгiленген қосымша ақылардың жекелеген түрлерi ең төменгi айлық жалақы мөлшерiне қарай есептеледi;
4) өтемақылардың мөлшерi Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес белгiленедi;
5) ҚР Үкіметінің 24.01.03 ж. № 91 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 24.01.03 ж. № 91 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Мыналар:
1) мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне арналған еңбек жағдайы үшiн осы қаулыда белгiленген шекте қосылатын қосымша ақылар мен үстемеақылардың нақты мөлшерi заңнамаға сәйкес салалық келісімде, ұжымдық шартта және (немесе) жұмыс берушінің актiсiнде белгiленедi;
2) білім беру денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт жүйесiнiң мемлекеттік мекемелерiнiң және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне арналып белгiленген еңбек жағдайы үшін қосылатын қосымша ақылар мен үстемеақылар, басқа қызмет салаларында тиiстi лауазымдарда iстейтiн және мамандығы бойынша жұмысты орындайтын мемлекеттік мекемелердiң қызметкерлерiне де қолданылады;
3) мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне жалақысындағы айырма қолданыстағы еңбекақы төлеу жүйесiне сәйкес олардың орташа жалақысы бұрын қолданылған еңбекақы төлеу жүйесi бойынша орташа жалақысынан төмен болып шыққан жағдайларда және олар дәл сол лауазымда жұмыс iстеп жүрген жағдайда төленедi;
4) мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерi үшiн мамандығы бойынша жұмыс стажын (қызмет саласының ерекшелiктерiн ескере отырып) есептеудiң тәртібі мен шарттарын орталық атқарушы және тиiстi қызмет салаларындағы өзге де уәкiлеттi мемлекеттік органдар (келісім бойынша) белгiлейдi, деп белгiленсiн.
ҚР Үкіметінің 24.01.03 ж. № 91 қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 27.01.04 ж. № 89 (бұр. ред. қара); 07.10.04 ж. № 1040 қаулыларымен 5-тармақ өзгертілді
5. Мыналарға:
1) мемлекеттік басқару органдарына:
мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсiпорындардың басшыларына олардың жұмыс нәтижелерi бойынша сыйлықақы беру, лауазымдық жалақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгiлеу, сондай-ақ қаржыландыру жоспары бойынша тиiсті мемлекеттік мекеменi ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебiнен (мемлекеттік білім беру мекемелерiнде - еңбекақы төлеуге арналған қолда бар қаражат шегiнде) немесе мемлекеттік басқару органы қазыналық кәсiпорын үшiн бекiткен еңбекақы төлеу қоры шегiнде, мемлекеттік басқару органы белгiлеген тәртiппен материалдық көмек көрсету;
2) мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсiпорындардың басшыларына:
мемлекеттік басқару органымен келісім бойынша мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлерi мен қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерi лауазымдарының санаттар бойынша тiзiлімiнде көрсетілген лауазымдар атауларына олардың қызметiнiң ерекшелiгін сипаттайтын арнаулы қосымша атауларды қолдану, сондай-ақ функционалдық мiндеттерiне қарай өзге де лауазымдар атауларын теңестiру;
кредиторлық берешек болмаған кезде қаржыландыру жоспары бойынша тиiстi мемлекеттік мекеменi ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебiнен (мемлекеттік білім беру мекемелерiнде - еңбекақы төлеуге арналған қолда бар қаражат шегiнде) немесе кредиторлық берешегi болмаған кезде мемлекеттік басқару органы қазыналық кәсiпорын үшiн бекiткен еңбекақы төлеу қоры шегiнде салалық келісімде, ұжымдық шартта және (немесе) жұмыс берушiнiң актiсiнде белгiленген тәртіппен қызметкерлердiң лауазымдық жалақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгiлеу, сыйлықақы беру және материалдық көмек көрсету құқығы берiлсiн.
ҚР Үкіметінің 24.01.03 ж. № 91 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Орталық, жергiлiктi атқарушы және өзге де мемлекеттік органдар (келісім бойынша) мемлекеттік органдар болып саналмайтын мемлекеттік мекемелердiң және қазыналық кәсiпорындардың еңбекақы төлеу, құрылымдары мен штаттық кестелерi мәселелерi жөнiнде бұрын қабылдаған кесiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру жөнiнде қажеттi шараларды қабылдасын.
7. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтыру бекітілсiн.
8. Қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
9. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң
2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысына
1-қосымша
ҚР Үкіметінің 22.05.02 ж. № 550 қаулысымен 1-қосымшаға өзгерістер енгізілді; ҚР Үкіметінің 24.01.03 ж. № 91 қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 30.09.03 ж. № 1008; 27.11.03 ж. № 1191; 27.01.04 ж. № 89 (бұр. ред. қара); 19.08.04 ж. № 867; 27.09.04 ж. № 985; 2004.24.12. № 1367; 2005.02.02. № 88 (бұр. ред. қара); 2005.29.04. № 402 ; 2005.15.10. № 1032 (бұр. ред. қара); 2006.27.02. № 131 ; 2006.30.06. № 610 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-қосымша өзгертілді
Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшi емес
қызметкерлерi мен қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерi
лауазымдарының санаттар бойынша тiзiлiмi
Ғ санатының тобы
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты;
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы;
Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры;
К. Байсейiтова атындағы ұлттық опера және балет театры;
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы;
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы;
"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағы дирекциясы;
М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры;
M. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры;
F. Мүсiрепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспiрiмдер театры;
H. Сац атындағы Орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспiрiмдер театры;
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы;
Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық би театры.
Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының "Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлігі мен Үкіметінiң Әкiмшiлiк ғимараттары дирекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны;
"Қазақстан Республикасы Парламентi Шаруашылық басқармасының Әкiмшiлiк ғимараттар дирекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық мұражайы»;
«Ә.Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер мұражайы»;
«Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы»;
«Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы».
Ғ-1
Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсiпорын басшысы
Ғ-2
Академик хатшы
Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсiпорын
басшысының бірiншi орынбасары
Ғ-3
Бас ғылыми қызметкер
Бас ғалым хатшы
Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсiпорын басшысының орынбасары
Институт (факультет); зертхана; қызмет басшысы
Ғ-4
Бас сарапшы
Институт (факультет); зертхана; қызмет басшысының орынбасары
Кафедра; кабинет жетекшiсi
Кеңесшi
Ғалым хатшы
Көркемдiк жетекшi
Ғ-5
Ғылыми жетекшi қызметкер
Жетекшi сарапшы
Профессор
Бөлiмше; зертхана; қызмет жетекшiсi
Ғ-6
Бас: әкiмшi, балетмейстер, дирижер, инженер, инспектор, конструктор, механик, редактор, режиссер, хормейстер, сақтаушы, суретшi, экономия, энергетик
Доцент
Баспасөз хатшысы
Топтың; орталықтың басшысы
Аға ғылыми қызметкер
Аға: оқытушы, сарапшы
F-7
Ғылыми қызметкер
Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсiпорын басшысының көмекшiсi
Оқытушы
Бөлiмше (бөлiм) секторының жетекшiсi
Аға консультант
Сарапшы
F-8
Ассистент
Консультант
Кiшi ғылыми қызметкер
Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсiпорын құрамындағы: мұрағаттың, мұрағат қоймасының, кiтапхананың, мұражайдың, труппаның, бөлiмнiң, (көркемдеп қою, әдеби-драмалық, музыкалық), цехтың меңгерушiсi
Ғ-9
Бiлiктілігi жоғары деңгейдегi жоғарғы санаттағы маман: аккомпаниатор, актер, әртiс, мұрағатшы, балетмейстер, библиограф, кiтапханашы, бухгалтер, дирижер, дыбыс режиссерi, барлық мамандық инженерi, инспектор, нұсқаушы, өнертанушы, концертмейстер, мастер, менеджер, әдiстемешi, музыкатанушы, қоюшы-оператор, аудармашы, продюсер, психолог, редактор, режиссер, репетитор, референт, солист, социолог, хореограф, хормейстер, барлық атаудағы суретшілер, суретшi-конструктор (дизайнер), экономист, экскурсовод, заңгер консультант
Ғ-10
Бiлiктілігi жоғары деңгейдегi бірiншi санаттағы маман: аккомпаниатор, актер, әртiс, мұрағатшы, балетмейстер, библиограф, кiтапханашы бухгалтер, дирижер, дыбыс режиссерi, барлық мамандық инженерi, инспектор, нұсқаушы, өнертанушы, концертмейстер, мастер, менеджер, әдiстемешi, музыкатанушы, қоюшы-оператор, аудармашы, продюсер, психолог, редактор, режиссер, репетитор, референт, солист, социолог, хореограф, хормейстер, барлық атаудағы суретшілер, суретшi-конструктор (дизайнер), экономист, экскурсовод, заңгер консультант
Ғ-11
Бiлiктiлігі жоғары деңгейдегi екiншi санаттағы маман: аккомпаниатор, актер, әртiс, мұрағатшы, балетмейстер, библиограф, кiтапханашы, бухгалтер, дирижер, дыбыс режиссерi, барлық мамандық инженерi, инспектор, нұсқаушы, өнертанушы, концертмейстер, мастер, менеджер, әдістемеші, музыкатанушы, қоюшы-оператор, аудармашы, психолог, редактор, режиссер, репетитор, референт, солист, социолог, хореограф, хормейстер, барлық атаудағы суретшiлер, суретшi-конструктор (дизайнер), экономист, экскурсовод, заңгер консультант
Бiлiктілігi орташа деңгейдегi жоғарғы санаттағы аға маман: аккомпаниатор, әртiс, мұрағатшы, режиссердiң ассистентi, кiтапханашы, бухгалтер, инспектор, нұсқаушы, зертханашы, мастер, менеджер, механик, программист, жобалаушы, репетитор, барлық атаудағы суретшiлер, суретшi-конструктор (дизайнер), экономист, экскурсовод, заңгер консультант
Ғ-12
Бiлiктілігi жоғары деңгейдегi санаты жоқ маман: аккомпаниатор, актер, әртiс, мұрағатшы, балетмейстер, библиограф, кiтапханашы, бухгалтер, дирижер, дыбыс режиссерi, барлық мамандық инженерi, инспектор, нұсқаушы, өнертанушы, концертмейстер, мастер, менеджер, әдiстемешi, музыкатанушы, қоюшы-оператор, аудармашы, психолог, редактор, режиссер, репетитор, референт, солист, социолог, хореограф, хормейстер, суретшi, суретшi-конструктор (дизайнер), экономист, экскурсовод, заңгер консультант
Біліктiлігі орташа деңгейдегi бірiншi санаттағы аға маман: аккомпаниатор, әртiс, мұрағатшы, режиссердiң ассистентi, кiтапханашы, бухгалтер, инспектор, нұсқаушы, зертханашы, мастер, менеджер, механик, программист, жобалаушы, репетитор, барлық атаудағы суретшiлер, суретшi-конструктор (дизайнер), экономист, экскурсовод, заңгер консультант
F-13
Біліктiлігi орташа деңгейдегi екiншi санаттағы аға маман: аккомпаниатор, әртiс, мұрағатшы, режиссердiң ассистентi, кiтапханашы, бухгалтер, инспектор, нұсқаушы, зертханашы, мастер, менеджер, механик программист, жобалаушы, репетитор, барлық атаудағы суретшiлер, суретшi-конструктор (дизайнер), экономист, экскурсовод, заңгер консультант
Бiлiктілігі орташа деңгейдегi жоғары санаттағы маман: аккомпаниатор, әртiс, мұрағатшы, маман ассистентi (көмекшiсi), режиссердің ассистентi, кiтапханашы, бухгалтер, инспектор, нұсқаушы, зертханашы, мастер, менеджер, механик, программист, жобалаушы, репетитор, барлық атаудағы техниктер, барлық атаудағы суретшiлер, суретші-конструктор (дизайнер), экономист, экскурсовод, заңгер консультант
Ғ-14
Бiлiктілігi орташа деңгейдегi санаты жоқ аға маман: аккомпаниатор, әртiс, мұрағатшы, режиссердiң ассистентi, кiтапханашы, бухгалтер, инспектор, нұсқаушы, зертханашы, мастер, менеджер, механик, программист, жобалаушы, репетитор, барлық атаудағы суретшiлер, суретшi-конструктор (дизайнер), экономист, экскурсовод, заңгер консультант
Бiлiктілігi орташа деңгейдегi бірiншi санаттағы маман: аккомпаниатор, әртiс, мұрағатшы, маман ассистентi (көмекшiсi), режиссердiң ассистенті, кітапханашы, бухгалтер, инспектор, нұсқаушы, зертханашы, мастер, менеджер, механик, программист, жобалаушы, репетитор, барлық атаудағы техниктер, барлық атаудағы суретшілер, cуpeтшi-конструктор экскурсовод, заңгер консультант (дизайнер), экономист, экскурсовод, заңгер консультант
F-15
Бiлiктілігі орташа деңгейдегi екіншi санаттағы маман: аккомпаниатор, әртiс, мұрағатшы, маман ассистентi (көмекшiсi), режиссердiң ассистентi, кiтапханашы, бухгалтер, инспектор, нұсқаушы, зертханашы, мастер, менеджер, механик, программист, жобалаушы, репетитор, барлық атаудағы техниктер, барлық атаудағы суретшiлер, суретшi-конструктор (дизайнер), экономист, экскурсовод, заңгер консультант
Ғ-16
Бiлiктілігi орташа деңгейдегi санаты жоқ маман: аккомпаниатор, әртіс, мұрағатшы, маман ассистентi (көмекшiсi), кiтапханашы, бухгалтер, инспектор, нұсқаушы, зертханашы, мастер, менеджер, механик, программист, жобалаушы, барлық атаудағы техниктер, барлық атаудағы суретшiлер, суретшi-конструктор (дизайнер), экономист, экскурсовод, заңгер консультант
Мемлекеттік мекемедегi және қазыналық кәсiпорындағы әкiмшiлiк-шаруашылық қызмет көрсетумен айналысатын құрылымдық бөлiмшенiң жетекшiсi: видеотека, гараж, кеңсе, бюро (анықтама, машиналық жазба, ақпараттық, көшiрмелiк-көбейткiш), жатақхана, қойма, ауысым, учаске, фотозертхана, фильмотека, фонотека, шаруашылық, бөлiм
Ғ-17
Техникалық орындаушылар: мұрағатшы; кезекшi әкімшi; рұқсаттама бюросының кезекшiсi; iс жүргiзушi; диктор, диспетчер; нұсқаушы; калькулятор; кассир; кодировщик; кодификатор; комендант; билеттер бақылаушысы; көшiргiш; шетел мәтiнiмен жұмыс iстеушi, диктофондық топтың, редакцияның, бюроның машинисткасы, машинистка-стенографистка; әкiмшi; дыбыс жабдықтарына, хабар беру техникасына, теледидар жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі, кассалық, дизельдiк механик; бақылаушы; байланыс жүйесi, қауiпсiздiк қызметi, бейне жазба, дыбыс жазба, телетайп, телефакс, телекс, радио, компьютерлiк техника (бағдарламалар), электрондық есептеу машиналары, компьютерлiк құрылғыларға қызмет көрсету жөніндегі, диспетчерлiк қызмет операторы; күзетшi, тiркеушi; стенографист-хатшы; статистик; стенографист; экспонат сақтаушы, сызушы, экспедитор.
G санатының тобы
Мемлекеттік мекемелер және қазыналық кәсiпорындар
G-1
Басшы: жоғары оқу орнының (ЖОО); ғылыми-зерттеу институтының (ҒЗИ); орталықтың (ұлттық, ұлттық ғылыми, ұлттық ғылыми-практикалық, ғылыми, ғылыми-зерттеу, ғылыми-клиникалық, сот сараптамасы, сот медицинасы, ақпаратты техникалық қорғау, ақпараттық қауiпсiздiк саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру, геологиялық ақпарат), сауда өкiлi;
G-2
Академик хатшы
Басшысының орынбасары: ЖОО-ның; ҒЗИ-дың; (ұлттық, ұлттық ғылыми, ұлттық ғылыми-практикалық, ғылыми, ғылыми-зерттеу, ғылыми-клиникалық, сот сараптамалық, сот медицинасы, ақпаратты техникалық қорғау, ақпараттық қауiпсiздiк саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру, геологиялық ақпарат) орталықтың
Басшы: біліктіліктi арттыру институның; ҒЗИ (орталық), ЖОО жанындағы клиниканың, сауда өкiлiнiң орынбасары;
G-3
Бас ғалым хатшы
Бас ғылыми қызметкер
Бiлiктіліктi арттыру институты басшысының орынбасары
Мәдениет және мұрағат iсi мемлекеттік мекемесiнiң және қазыналық кәсiпорнының басшысы;
Орталық (ақпараттық, ақпараттық-талдау, ақпараттық-статистикалық, оқу, оқу-тәрбие, оқу-әдiстемелiк, ғылыми-енгізу, ғылыми-педагогикалық, ғылыми-практикалық, ғылыми-өндiрiстiк, өндірiстік, жобалау-iздестiру, зейнетақы төлеу жөніндегі) жетекшiсi ЖОО оқу-есептеу орталығының басшысы
Басшы: институт (филиал, факультет); зертхана, жасау; қызмет
Су жолдары қазыналық кәсiпорнының басшысы
Қорғаныс министрлігі қазыналық кәсiпорнының басшысы
G-4
Бас сарапшы
Мәдениет және мұрағат iсi мемлекеттік мекемесi және қазыналық кәсiпорны басшысының орынбасары
Орталық (ақпараттық, ақпараттық-талдау, ақпарат-статистикалық, оқу, оқу-тәрбие, оқу-әдiстеме, ғылыми-енгізу ғылыми-педагогикалық, ғылыми-практикалық, ғылыми-өндiрiстiк, өндiрiстiк, жобалау-iздестiру, зейнетақы төлеу жөніндегі) басшысының орынбасары
Институт (факультет); зертхана; жасақ; қызмет басшысының орынбасары
Су жолдары қазыналық кәсiпорны басшысының орынбасары
Қорғаныс министрлiгінің қазыналық кәсiпорны басшысының орынбасары
Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсiпорын басшысы (мектепке дейiнгi мемлекеттік мекемеден және қазыналық кәсіпорыннан басқа)
Кафедра; кабинет; суда құтқару қызметiнiң жетекшiсi
Кеңесшi
Ғалым хатшы
Көркемдiк жетекшi
G-5
Жетекшi ғылыми қызметкер
Жетекшi сарапшы
Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсiпорын басшысының орынбасары (мектепке дейiнгі мемлекеттік мекемеден және қазыналық кәсіпорыннан басқа)
Профессор
Бөлiмше басшысы: станция, филиал, шлюз, кешен, цикл; зертхана; жасақ; қызмет; орталық; су жолдары қазыналық кәсiпорны;
Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік мекемесi
G-6
Бас: агроном, әкімшi, карантиндік зертхананың бактериологы, балетмейстер, ветеринариялық зертхананың биохимигi, карантиндiк зертхананың вирусологы, карантиндiк зертхананың гельминтологы, карантиндiк зертхананың гербологы, гидротехник, дирижер, флот жөнiндегі диспетчер, дыбыс режиссерi, инженер, инспектор, ветеринариялық зертхананың ихтиопатологы, кинооператор, конструктор, орманшы, механик, ветеринариялық зертхананың микологы, ветеринариялық зертхананың микробиологы, аң маманы, ветеринариялық зертхананың паразитологы, жұмыс өндiрушi (прораб), ветеринариялық зертхананың радиологы, редактор, режиссер, балық өсiрушi, ветеринариялық зертхананың серологы, құтқарушы, ветеринариялық зертхананың токсикологы, жаттықтырушы, хормейстер, сақтаушы суретші, карантиндiк зертхананың фитопатологы, эколог, экономист, энергетик, карантиндiк зертхананың энтомологы, ветеринариялық зертхананың эпизоотологы
Бөлiмше, станция, филиал, шлюз, кешен, цикл; зертхана; жасақ; қызмет; орталық; су жолдары қазыналық кәсіпорны, Қорғаныс министрлігінiң мемлекеттік мекемесi басшысының орынбасары
Доцент
Баспасөз хатшысы
Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсiпорын бөлiмшесiнiң, филиалының басшысы
Топ; консультация, инспекция; ЖОО кiтапханасының басшысы
Қорғаныс министрлігінiң қазыналық кәсiпорны бөлiмiнiң (қызметiнің) басшысы
Суда құтқару қызметі бөлiмiнiң, тобының басшысы
Ғылыми-практикалық орталықтың аға әдiстемешiсi
Аға ғылыми қызметкер
Аға: жоғары оқу орнының оқытушысы, сарапшы
G-7
Мемлекеттік мекеменiң және қазыналық кәсiпорнының бөлiмшесi, филиалы басшысының орынбасары
Топ; консультация; инспекция басшысының орынбасары
Қорғаныс министрлігінің қазыналық кәсiпорны бөлiм (қызмет) басшысының орынбасары
Ғылыми-практикалық орталықтың әдiстемешiсi
Ғылыми қызметкер
Жоғарғы оқу орнының; ғылыми-зерттеу институтының; Ұлттық ғылыми-практикалық орталық басшысының көмекшiсi
Жоғарғы оқу орнының және орта кәсiптiк оқу орнының оқытушысы
Мектепке дейiнгi мемлекеттік мекеменiң және қазыналық кәсiпорынның басшысы
Бөлiмше, филиал секторының, бөлiмшесiнiң (бөлiмiнiң) жетекшiсi
Қорғаныс министрлігінiң мемлекеттік мекемесi құрамындағы автоматтық станция, тренажер, гарнизондық жатақхананың басшысы
Жоғарғы оқу орнының азаматтық қорғаныс штабының басшысы
Аға: геоақпараттық қамтамасыз ету, жер қойнауын геологиялық зерделеу инженерi, консультант, жаттықтырушы, мастер
Бiлiктіліктi арттыру институтының аға әдiстемешiсi
Сарапшы
G-8
Ассистент
Геоақпараттық қамтамасыз ету, жер қойнауын геологиялық зерделеу инженерi
Консультант
Бiлiктіліктi арттыру институтының әдiстемешiсi
Әдiстемелiк кабинеттiң әдiстемешiсi
Кiшi ғылыми қызметкер
Бөлiмше, филиал секторының, бөлiмшесiнiң (бөлiмiнiң) жетекшiсiнiң орынбасары
Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік мекемесi құрамындағы автоматтық станция, тренажер, басшысының орынбасары
Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсiпорын құрамындағы: дәрiхана, мұрағат, мұрағат қоймасы, жоғарғы оқу орнының аспирантурасы, база, монша-кiр жуу комбинаты, жоғары оқу орнының бассейнi, кiтапханасы, интернаты, жоғары оқу орнының лагерi, шеберханасы, жөндеу-механикалық шеберханасы, мұражай, үйде көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек бөлiмшесi (орталығы), өндiрiс, арнаулы медициналық жабдықтау қоймасы, тылды және пайдалану-техникалық қамтамасыз ету қоймасы, спорт ғимараты, асхана, труппа, жоғары оқу орнының оқу зертханасы, (көркемдеп қою, әдеби-драмалық, музыкалық) бөлiмнiң, цехтың меңгерушiсi
Қорғаныс министрлігі мемлекеттік мекемесіндегі бассейн, клуб, тұрмыстық қызмет көрсету комбинаты, кинофильмдi жалға алу бөлiмшесi, стадион, оқу кабинетiнің меңгерушiсi
Бiлiктілігi жоғары деңгейдегi жоғары санаттағы маман: барлық мамандықтағы мұғалiмдер мен дәрiгерлер
G-9
Бiлiктiлігі жоғары деңгейдегi бірiншi санаттағы маман: барлық мамандықтағы мұғалiмдер мен дәрiгерлер
Бiлiктілігi жоғары деңгейдегi жоғары санаттағы маман: агроном, агрохимик, аккомпаниатор, актер, әртiс, археограф, мұрағатшы, сәулетшi, карантиндiк зертхананың бактериологы, балетмейстер, библиограф, кiтапханашы, биохимик, бухгалтер, карантиндiк зертхананың вирусологы, мал дәрiгерi, жетекшi, тәрбиешi, гельминтолог, геодезист, герболог, гидрогеолог, гидротехник, дирижер, әуе және автомобиль тасымалдары диспетчерi, дыбыс режиссері, зоотехник, барлық мамандықтағы инженер, инспектор, нұсқаушы, өнертанушы, ихтиолог, ихтопатолог, капитан, кинорежиссер, командир, конструктор, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, концертмейстер, корреспондент, орманшы, мастер, медициналық бике, менеджер, әдiстемешi, механик, миколог, микробиолог, музыкалық жетекшi, музыкатанушы, қоюшы-оператор, аң маманы, палеограф, паразитолог, аудармашы, провизор, продюсер, жұмыс өндiрушi (прораб), психолог, радиолог, редактор, режиссер, репетитор, референт, балық өсiрушi, селекционер, серолог, солист, социолог, құтқарушы, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, статистик, технолог, ветеринариялық зертхананың токсикологы, жаттықтырушы, химик-талдаушы, хореограф, хормейстер, мұражай қорын сақтаушы, барлық атаудағы суретшiлер, суретшi-конструктор (дизайнер), фитопатолог, эколог, экономист, экскурсовод, электроншы, карантиндiк зертхананың энтомологы, эпизоотолог, заңгер консультант