7. Лауазымды адамдардың заңсыз iс-әрекеттерiнен келтiрiлген зиянның заңдарда белгiленген ережелерге сәйкес орны толтырылуға тиiс.
37-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау
634-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғаудың дәлелдерi мен
негiздемесi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғауға:
1) уәкiлеттi лауазымды адамның әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiн тiкелей анықтауы;
2) құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардан, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан түскен материалдар;
3) жеке және заңды тұлғалардың хабарламалары немесе мәлiмдемелерi, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар себеп болады.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерiн көрсететiн жеткiлiктi деректердiң болуы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау үшiн негiздеме болады.
3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғаны туралы хаттама жасалған немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау туралы прокурор қаулы шығарған кезден бастап әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған болып саналады.
2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара ); 2006.22.06. № 147-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 635-бап өзгертілді
635-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама
1. Осы Кодекстiң 639-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғаны туралы хаттаманы оған уәкiлеттi лауазымды адам жасайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада оның жасалған күнi мен орны, хаттаманы жасаған адамның лауазымы, аты-жөнi; ic қозғалған тұлға туралы мәліметтер (жеке тұлғалар үшін - тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, айы, жылы, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен реквизиттері, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер, жұмыс орны; заңды тұлғалар үшін - атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу нөмірі және тіркелген күні, салық төлеушінің тіркеу нөмірі және банк реквизиттері); әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалған орны, уақыты мен мәнi; осы Кодекстiң ерекше бөлiмiнiң аталған құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылық көзделетiн бабы; егер олар бар болса, куәлардың және жәбiрленушiлердiң аты-жөнi, мекен-жайы; өзiне қатысты iс қозғалған жеке адамның не заңды тұлғаның заңды өкiлiнiң түсiнiктемесi; егер ол әкiмшiлiк құқық бұзушылықты анықтау және көрсету кезiнде пайдаланылса, метрологиялық тексерудiң атауы, нөмiрi, күнi, техникалық құралдың айғақтары; iстi шешу үшiн қажеттi өзге де мәлiметтер көрсетiледi , сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісін растайтын құжаттар қоса беріледі.
3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезде өздерiне қатысты iс қозғалған жеке адамға немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiне, сондай-ақ iс жүргiзудiң басқа да қатысушыларына олардың осы Кодексте көзделген құқықтары мен мiндеттерi түсiндiрiлiп, бұл туралы хаттамада белгi жасалады.
4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға оны жасаған адам және осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам қол қояды. Жәбiрленушiлер мен куәлар болған кезде, сондай-ақ куәгерлер қатысқан жағдайда хаттамаға сол адамдар да қол қояды.
4-1. Соттар қарайтын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша, тиісті түрде хабарланған әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам жоқ болған немесе келмеген жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамның жоқтығы немесе келмеуі туралы белгі қоя отырып, оны толтырған адам қол қояды.
5. Өздерiне қатысты iс қозғалған жеке адамға немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiне әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамамен танысуға мүмкiндiк берiлуге тиiс. Аталған адамдар хаттаманың мазмұны бойынша түсiнiктеме беруге және ескерту жасауға, сондай-ақ оған қол қоюдан өзiнiң бас тарту себебiн баяндауға құқылы, олар осы хаттамаға қоса тiркеледi. Бұл адамдар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда хаттамаға тиiстi жазба жасалады.
6. Осы бөлікте көзделген жағдайларды қоспағанда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалғаннан кейін, оның көшірмесі қолхат алынып, өздеріне қатысты іс қозғалған жеке тұлғаға, заңды тұлғаның заңды өкіліне, сондай-ақ жәбірленушіге дереу тапсырылады.
Осы баптың 4-1-бөлігінде көзделген жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама өзіне қатысты іс қозғалған адамға хабарлана отырып, тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберіледі.
12.07.01 ж. № 240-II; 28.03.03 ж. № 398-II (бұр. ред. қара); 03.06.03 ж. № 428-II; 03.07.03 ж. № 464-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 06.05.04 ж. № 551-II (бұр. ред. қара); 06.07.04 ж. № 572-II; 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара); 2005.13.04 № 40-III (бұр. ред. қара); 2005.08.07 № 67-III (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара); 2005.21.10. № 80-III (бұр.ред.қара); 2005.22.11 № 90-III (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара ); 2006.02.03. № 131-III (бұр. ред. қара); 2006.05.05 № 139-III (бұр. ред. қара); 2006.22.06. № 147-III (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 636-бап өзгертілді
636-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
хаттама жасауға құқығы бар лауазымды адамдар
1. Соттар қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша мыналардың құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға құқығы бар:
1) мыналардың:
iшкi iстер органдарының (79-1, 79-3, 79-4, 86, 96, 111, 112, 115, 135-1, 136, 143, 159 (екiншi бөлiгi) 162, 163, 203, 283 (бiрiншi бөлiгi), 298 (екiншi бөлiгi), 298-1 (екiншi бөлiгi), 314 , 318-321, 330-332, 335, 336 (үшiншi бөлiгi), 336-1 (үшiншi бөлiгi), 338 (бiрiншi бөлiгi), 339, 340, 344, 354-1, 355-357, 362, 363, 366, 368, 369 (екiншi бөлiгi), 370 (екiншi бөлiгi), 371 (екiншi бөлiгi), 372, 373, 374 (бiрiншi-төртiншi бөлiктерi), 374-1, 388, 394 (екiншi бөлiгi), 446 (екiншi бөлiгi), 461 (үшiншi бөлiгi), 462 (екінші және үшінші бөліктері), 463 (1-1 бөлігі) , 464 (екiншi бөлiгi), 465, 466, 467 (бiрiншi-үшiншi, бесiншi бөлiктерi), 468 (бірінші және екінші бөліктері) , 469, 471, 477 (үшiншi бөлiгi), 484, 501, 518, 521, 524, 531-баптар);
төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы орган органдарының (314, 356-баптар);
жекелеген жерлер комендатураларының (362, 363-баптар);
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі органдарының: әскери автомобиль полициясының (жиынға шақырылған әскери қызметшiлер мен әскери мiндеттiлер жасаған құқық бұзушылық туралы, (388, 461 (үшiншi бөлiгi), 462 (екінші, үшінші бөліктері) , 464 (екiншi бөлiгi), 465, 466, 467 (бiрiншi-үшiншi, бесiншi бөлiктерi), 468 (екiншi бөлiгi), 469, 471, 477 (үшiншi бөлiгi)-баптар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң көлiк құралдарын жүргiзушi (жиынға шақырылған әскери қызметшiлер мен әскери мiндеттiлерден басқа) адамдар жасаған барлық жол қозғалысы ережелерiн бұзушылық туралы;
су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкілетті органның (124 (бірінші бөлігі), 278 (бірінші бөлігі), 356-баптар);
ветеринария саласындағы уәкілетті органның (137, 310-баптар);
орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы органдардың (283 (бiрiншi, үшiншi бөлiктерi), 298 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 298-1 (екiншi бөлiгi), 304 (екiншi бөлiгi), 305 (екiншi бөлiгi), 306 (екiншi бөлiгi), 356-баптар);
қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау органдарының 246 (екінші бөлігі), (283 (бiрiншi бөлiгi) (бұл құқық бұзушылықтар орман қорына кiрмейтiн аумақтарда жасалған кезде), 304 (екiншi бөлiгi), 305 (екiншi бөлiгi), 306 (екiншi бөлiгi), 356-баптар);
жер қойнауын зерделеу және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау органдарының (124 (бұл құқық бұзушылықтар санитариялық-гигиеналық ережелер мен нормаларды, сондай-ақ атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі талаптарды бұзу болмаған кезде), 356-баптар);
денсаулық сақтау органдарының (85, 322, 324 (екінші және үшінші бөліктері) 325-328 -баптар);
мәдениет, ақпарат және спорт саласындағы уәкiлеттi органның (81, 82-баптар);
көшi-қон жөніндегі органдардың (396 (екiншi бөлiгi), 397-баптар);
өсiмдiктер карантинi және оларды қорғау жөніндегі органдардың (308-бап);
тұқым шаруашылығы және астық рыногын реттеу саласындағы органдардың, (309-2 (төртiншi бөлiгi) - баптар);
энергетика, және минералды ресурстар саласындағы уәкiлеттi органның (127, 223, 224-баптар);
мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарының (231 (екiншi бөлiгi), 232, 233, 235 (екiншi бөлiгi), 237, 278 (бiрiншi бөлiгi) - баптар);
төтенше жағдайлар жөніндегі органдардың (225-1, 229-баптар);
санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының (85, 140 (екiншi бөлiгi), 161 (төртінші және бесінші бөліктері), 163, 222 (бiрiншi бөлiгi), 231, 233, 235 (екiншi бөлiгі), 278 (бiрiншi бөлiгi), 304 (екiншi бөлiгi), 315, 324, 326-328, 356, 362, 494 (екінші бөлігі) - баптар;
ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті органның (356, 357-1, 357-2 (екінші бөлігі), 492 (екінші бөлігі), 494 (екінші бөлігі), 496 (екінші бөлігі), 498 (екінші бөлігі) - баптар);
көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органның (356, 357-1, 442, 445-баптар);
көлiк бақылау органдарының 356, 357-1, 357-2 (екінші бөлігі), 453 (екінші бөлігі), 454 (бірінші-үшінші бөліктері), 467-1, 484, баптар);
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі органдарының (175 (екінші бөлігі) (бұл бұзушылықтарды аудиторлық ұйымдар жасаса), 177, 177-1, 177-2, 177-3, 177-4, 179, 183, 184 баптар);
қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның (158, 167-1 (екінші және үшінші бөліктері), 184, 184-1 (үшінші бөлігі), 190, 192, 194, 197, 199, 200, 202-баптар);
акцизделетiн өнiм өндiрудi және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі органдардың (163, 213, 214-баптар);
қаржы полициясы органдарының (140 (екінші бөлігі), 143, 151, 153-157, 159 (екінші бөлігі), 161 (төртінші және бесінші бөліктері), 162, 163, 176 (бірінші бөлігі), 179, 195, 200, 203, 211, 213, 214, 217, 355, 357-1, 357-2 (бірінші бөлігі), 357-3, 514-519, 521, 522, 529, 532-535-баптар);
салық органдарының (154-157, 168-1, 213, 214, 357-1, 359, 361, 374 (бесiншi, алтыншы, сегiзiншi, тоғызыншы бөлiктерi), 532-535-баптар);
кеден органдарының (140 (екiншi бөлiгi), 188, 405 (бiрiншi бөлiгi), 409, 410, 413-415, 417, 418 , 421, 423, 424, 426-430, 432-434 -баптар);
әдiлет органдарының (129, 175 (екінші бөлігі) (осы бұзушылықтарды жекеше нотариустар жасаған кезде), 353, 354, 354-2, 356, 357-1, 357-4, 376 баптар);
заңдарға сәйкес лицензиарлар болып табылатын органдардың, 140 (екінші бөлігі) 192, 193, 196, 231 (екiншi бөлiгi), 232, 233, 235 (екiншi бөлiгi), 237, 302 (үшiншi бөлiгi), 342 (екiншi бөлiгi), 343 (бiрiншi бөлiгi), 356, 356-1, 357-1, 357-2 (екінші бөлігі), 357-3 , 396 (екiншi бөлiгi), 477 (үшiншi бөлiгi), 493 (екiншi бөлiгi) - баптар);
монополияға қарсы органның (147 (үшiншi бөлiгi), 153, 356 , 357-3-баптар);
мемлекеттік монополия саласындағы уәкілетті органның (147-1-бабы);
шағын бизнестi қолдау жөніндегі органдардың (153, 356 , 357-3-баптар);
техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы органдар мен оның аумақтық органдарының (161 (төртінші бөлігі), 356, 496 (екінші бөлігі), 501-баптар);
мемлекеттiк энергетикалық қадағалау органдарының (127-1, 223-225-баптар);
заңды тұлғаларды, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, бағалау қызметін реттеу, Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеу мен құжаттандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның (356, 357-1, 357-4, 376-баптар);
қарамағында газ құбыры бар ұйымдардың (127, 226-229-баптар);
атом энергетикасы жөніндегі органдардың (222, 315, 316-баптар);
шекара қызметi органдарының (298 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 298-1 (екiншi бөлiгi), 303 (екiншi бөлiгi), 304 (екiншi бөлiгi), 305 (екiншi бөлiгi), 306 (екiншi бөлiгi), 391 (екiншi бөлiгi), 391-1 (үшiншi бөлiгi), 393, 394-баптар;
мемлекеттік құпияларды қорғау органдарының (344-бап (үшiншi бөлiгi) (мемлекеттік құпияларға байланысты құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн), 386-бап (үшiншi бөлiгі) ;
Республикалық Ұланның, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң (388-бап);
күзету іс-шараларын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің (135-1, 136, 160, 220, 312, 323, 330, 331, 332, 333, 336, 355, 368, 369, 370, 371, 373, 388, 460, 463, 465, 472, 473, 529-баптар);
Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiнiң және мәслихаттардың тексеру комиссияларының (177, 177-1, 177-2, 177-3, 177-4, 356-баптар);
мемлекеттік еңбек инспекциясы органдарының (356, 396 (екiншi бөлiгi) баптар;
жергілікті атқарушы органдардың (облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) (130, 230, 231 (бірінші бөлігі), 234, 235 (бірінші бөлігі), 236, 238, 239, 342, 343, 357-2 (бірінші бөлігі), 346-352-баптар) соған уәкілетті лауазымды адамдары;
2) сот төрағасы немесе сот отырысында төрағалық етушi уәкiлдiк берген сот орындаушылары, сот приставтары және соттардың басқа да қызметкерлерi (513-531-баптар);
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюталық операциялар жүргiзуге бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi қызметкерлерi ( 158, 179, 183, 357-1-баптар).
2. Осы Кодекстiң 543 - 576-3-баптарында көрсетiлген органдардың қарауына жатқызылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасауға осы органдардың оған уәкiлдiк берiлген лауазымды адамдарының құқығы бар. Одан басқа, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасауға:
көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдарының (175-баптың екінші бөлігі (осы бұзушылықтарды жолаушыларды тасымалдаушылар жасаған кезде), 451-баптың екiншi бөлiгi, 452-бап, 453-баптың екiншi және үшiншi бөлiктерi, 454-бап, 455-баптың үшiншi бөлiгi, 457-бап), 477-баптың төртінші бөлігі, 478, 479-баптар, 480-баптың үшінші және төртінші бөліктері, 481-бап (автомобиль көлігінде және электр көлігінде құқық бұзушылық жасағаны үшін);
тиiстi сайлау комиссиясы мүшесiнiң (98-101-баптар);
түзеу мекемелеріндегі немесе тергеу изоляторларындағы бақылаушының (367-бап);
орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдардың мамандандырылған ұйымдарының лауазымды адамдарының (121, 125, 126, 250, 252, 282 - 298-1, 299, 302 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 304 (бiрiншi және екiншi бөлiктерi), 305 (бiрiншi және екiншi бөлiктерi), 306 (бiрiншi және екiншi бөлiктерi) - баптар);
жануарлар дүниесiн қорғау мәселелерiмен айналысатын аңшылық және балық аулау шаруашылығы қорықшыларының, директорларының (298, 298-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерi) - баптар) құқығы бap.
09.08.02 ж. № 346-II; 13.03.03 ж. № 394-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 09.07.04 ж. № 583-II 637-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара ) ҚР Заңдарымен 637-бап өзгертілді
637-бап. Прокурордың әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғауы
1. Прокурор осы Кодекстiң 80-87, 89-110-1, 151, 342-344, 346-352, 353, 356-1, 357-3, 366, 375, 381-1 513, 521-1, 531, 536, 537-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау жөнiнде қаулы шығарады.
2. Прокурор өзге де әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау жөнiнде қаулы шығаруға құқылы.
3. Прокурордың әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау жөніндегі қаулысында осы Кодекстiң 635-бабында көзделген мәлiметтер болуы тиiс.
ҚР 12.07.01 ж. № 240-II 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара) ; 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара ) ҚР Заңдарымен 638-бап өзгертілді
638-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасау мерзiмдерi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалу фактiсi ашылғаннан кейiн дереу, ал салық салу не бюджет қаражатын пайдалану саласындағы , сондай-ақ техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық бойынша - тиiстi тексеру аяқталғаннан кейiн жасалады.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың мән-жайларын, өзiне қатысты iс қозғалған жеке адамның өз басын немесе заңды тұлға туралы мәлiметтердi және заңды тұлғаның заңды өкiлiнiң жеке басын қосымша анықтау талап етiлген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама үш тәулік ішінде, ал осы Кодекстің 182, 187 және 188-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық бойынша құқық бұзушылық немесе оны жасаған адам ашылған кезден бастап он тәулік ішінде жасалады.
3. Сараптама жүргiзу талап етiлетiн жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама сараптама қорытындысы алынған сәттен бастап бiр тәулiк iшiнде жасалады.
4. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген талаптар жеке адамның анықталмауына байланысты атқарылмауы мүмкiн жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама осы бапта белгiленген мерзiмдерде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсi бойынша жасалады.
5. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдар бойынша дәлелдеме ретінде құқық бұзу фактісін және құқық бұзушының жеке басын дұрыс анықтауға мүмкіндік беретін сертификатталған, арнайы техникалық бақылау-өлшем құралдарының және метрологиялық тексеруден өткен құқық бұзушылықты бақылау мен тіркеу аспаптарының, фото-, бейне аппаратураның деректері пайдаланылған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама құқық бұзушы болмағанда да жасалуы мүмкін.
2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара ) ҚР Заңымен 639-бап өзгертілді
639-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайтын
жағдайлар
1. Ескерту немесе айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдануға әкеп соғатын әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жағдайда, егер айыппұл бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспаса және адам (жеке тұлға, орган немесе заңды тұлғаның басқару функциясын жүзеге асыратын адам) құқық бұзушылық жасау фактісін мойындаса, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайды. Ескерту түріндегі жазаны соған уәкілеттік берілген лауазымды адам әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жерде ресімдейді. Айыппұл түрінде жаза қолданылған жағдайда қатаң қаржылық есептілік құжаты болып табылатын, белгіленген үлгідегі түбіртек беруді соған уәкілеттік берілген лауазымды адам әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жерде жүзеге асырады.
Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам ескертудің немесе төлем құжатының екінші данасына қол қою арқылы қолданылған жазаға өзінің келісетінін растайды.
2. Жеке тұлғалар бұзылған құқықтарын қалпына келтiру туралы арыз жазған жағдайда осы Кодекстiң 80-113-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi сот құқық бұзушылық туралы хаттама жасамай-ақ қарайды. Хаттама әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу прокурор қаулысымен қозғалған жағдайларда да жасалмайды.
3. Егер адам осы баптың бiрiншi бөлiгiнде белгiленген тәртiппен өзiне қолданылған жазаға дауласса, осы Кодекстiң 635-бабына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 640-бап өзгертілді
640-бап. Хаттаманы (прокурордың қаулысын) iстi қарау үшiн жiберу
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама (прокурордың қаулысы) қарау үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлдiк берiлген судьяға, органға (лауазымды адамға) жасалған кезден бастап үш тәулiк iшiнде жiберiледi.
2. Жасағаны үшiн жауаптылығы әкiмшiлiк қамауға алуды қолдануға әкеп соғуы мүмкiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама (прокурордың қаулысы) ол жасалғаннан кейiн дереу судьяға жiберiледi.
3. Хаттаманы құқығы жоқ адам жасаған, хаттама дұрыс жасалмаған және iстiң басқа материалдары дұрыс ресiмделмеген жағдайларда, сондай-ақ осы Кодекстiң 646-бабының 4) тармақшасында көзделген өзге де жағдайларда хаттаманың және басқа материалдардың кемшiлiктерi оларды әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қараушы судья, орган (лауазымды адам) алған күннен бастап үш тәулiктен аспайтын мерзiмде жойылады. Түзетiлген хаттама және iстiң басқа материалдары оларға енгiзiлген өзгерістерiмен қоса әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қараушы судьяға, органға (лауазымды адамға) кемшiлiктерi жойылған күннен бастап бiр тәулiк iшiнде қайта жiберiледi.
641-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi iстi қарауға
бергенге дейiн қысқарту
Осы Кодекстiң 580, 581-баптарында көзделген мән-жайлардың тым болмаса бiреуi болған жағдайда iстi жүргiзiп жатқан лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қысқарту жөнiнде қаулы шығарады.
38-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) ; 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара ) ҚР Заңдарымен 642-бап өзгертілді
642-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарайтын орын
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс оның жасалған жерi бойынша қаралады.
2. Осы Кодекстiң 246, 247, 447, 447-1, 447-3, 461-487-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер көлiк құралдары, кемелер, соның iшiнде шағын көлемдi кемелер есепке алынған жер бойынша немесе өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамның тұрғылықты жерi бойынша да қаралуы мүмкiн.
3. Осы Кодекстiң 295, 296, 298, 298-1, 335 және 336-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер олар жасалған жер бойынша немесе өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамның тұрғылықты жерi бойынша қаралуы мүмкiн.
4. Кәмелетке толмағандардың, олардың ата-аналарының немесе ата-аналарын ауыстыратын адамдардың әкiмшiлiк құқық бұзушылығы туралы iстер өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамның тұрғылықты жерi бойынша қаралады.
643-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға әзiрлеу
Судья, алқалы орган мүшесi, лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға әзiрлеу кезiнде мына мәселелердi:
1) бұл iстi қарау өзiнiң құзыретiне жататынын;
2) бұл iстi судьяның, алқалы орган мүшесiнiң, лауазымды адамның қарау мүмкiндiгiн болдырмайтын мән-жайлардың болуын;
3) осы Кодексте көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама мен басқа хаттамалардың дұрыс жасалғанын, сондай-ақ iстiң өзге де материалдарының дұрыс ресiмделгенiн;
4) iс жүргiзудi болдырмайтын мән-жайлардың, сондай-ақ адамды әкiмшiлiк жауапқа тартпауға мүмкiндiк беретiн мән-жайлардың болуын;
5) өтiнiштердiң және бас тартудың болуын;
6) осы Кодекстiң 584-588-баптарында аталған адамдарға iс қаралатын орын мен уақыт туралы хабарланғанын анықтайды.
644-бап. Судьяның, алқалы орган мүшесiнiң, лауазымды адамның
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау мүмкiндiгiн
болдырмайтын мән-жайлар
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қарауға берiлген судья, алқалы органның мүшесi, лауазымды адам, егер ол адам:
1) жауапқа тартылып отырған адамның немесе жәбiрленушiнiң, олардың заңды өкiлдерiнiң, қорғаушысының немесе өкiлiнiң туысы болса;
2) iстiң шешiлуiне жеке басы, тiкелей немесе жанама түрде мүдделi болса, бұл iстi қарай алмайды.