облыс деңгейiнде бюджеттiк жоспарлау;
облыстық бюджеттiң атқарылуын ұйымдастыру;
облыстық коммуналдық меншiктi басқару;
2) қорғаныс, қоғамдық тәртiп, қауiпсiздiк:
облыстық ауқымдағы жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру;
облыстық ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою;
су-құтқару қызметiнiң жұмысын қамтамасыз ету;
облыс аумағында қоғамдық тәртiптi сақтау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
облыстық ауқымдағы азаматтық қорғаныс iс-шаралары;
облыстық әскери комиссариаттарды жабдықталған әскерге шақыру (жинау) пункттерiмен, дәрi-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медициналық және шаруашылық мүлiкпен, автомобиль көлiгiмен, байланыс құралдарымен, медициналық және техникалық қызметкерлермен, қызмет көрсететiн адамдармен қамтамасыз ету жөнiнде жалпыға бiрдей әскери мiндеттi атқару шеңберiндегi iс-шаралар және медициналық комиссиялар құру;
3) бiлiм беру:
мемлекеттiк облыстық бiлiм беру ұйымдары үшiн оқулықтар сатып алу және оларды жеткiзу;
балалар мен жеткiншектерге спорт бойынша қосымша бiлiм беру;
бастапқы кәсiптiк бiлiм;
арнаулы бiлiм беру бағдарламалары бойынша жалпы бiлiм беру;
мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарында дарынды балаларға жалпы бiлiм беру;
облыстық ауқымдағы мектеп олимпиадаларын өткiзу;
орта кәсiптiк бiлiм беру;
жергiлiктi деңгейде кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және оларды қайта даярлау;
балалар мен жасөспiрiмдердiң психикалық денсаулығын зерттеу және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету;
өсiп-жетiлуiнде қиындықтарға душар болған балалар мен жасөспiрiмдердi оңалту және әлеуметтiк бейiмдеу;
4) денсаулық сақтау:
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн қамтамасыз ету;
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету;
вакциналарды, иммунобиологиялық және басқа да медициналық препараттарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сатып алу;
жергiлiктi денсаулық сақтау ұйымдары үшiн қан, оның компоненттерi мен препараттарын өндiру;
республикалық - бюджеттен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы басқа да iс-шаралар;
5) әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру:
жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыру;
мүгедек балаларды қоса алғанда, қарттар мен мүгедектердi әлеуметтiк қамсыздандыру;
6) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық:
елдi мекендердi газдандыру;
7) мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк:
жергiлiктi маңызы бар театр және музыка өнерiн қолдау;
мәдени-демалыс жұмысын қолдау;
жергiлiктi маңызы бар тарихи-мәдени мұраның сақталуын және оған қолжетiмдi болуын қамтамасыз ету;
республикалық және халықаралық спорт жарыстарына спорттың әр түрi бойынша облыстық құрама командалардың мүшелерiн дайындау және олардың қатысуы;
облыстық деңгейде спорт жарыстарын өткiзу;
жергiлiктi деңгейде туристiк қызметтi реттеу;
жергілiктi маңызы бар мұрағат қорының сақталуын қамтамасыз ету;
облыстық кiтапханалардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жергiлiктi деңгейде мемлекеттiк ақпарат саясатын жүргізу;
мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан халықтарының басқа да тiлдерiн жергiлiктi деңгейде дамыту;
жастар саясаты саласындағы аймақтық бағдарламаларды iске асыру;
8) ауыл, су, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесiн қорғау, жер қатынастары:
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жергiлiктi деңгейде асыл тұқымды мал шаруашылығы мен құс шаруашылығын дамыту;
өсiмдiк шаруашылығында пайдаланылатын арнаулы қоймаларды (көмiндiлердi) салу, күтiп-ұстау;
коммуналдық меншiктегі су шаруашылығы құрылыстарының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
су қорғау аймақтарын, су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарының белдеулерiн белгiлеу;
авариялық қаупi ерекше облыстық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары мен гидромелиорациялық жүйелердi қалпына келтiру;
облыстық маңызы бар су құбырларының құрылысын салу және реконструкциялау;
ормандарды сақтау, қорғау, молайту және орман өсiру;
жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күтiп-ұстау және қорғау;
экологиялық бақылауды қамтамасыз ету, табиғат қорғау iс-шараларын өткiзу;
республикалық бюджет есебiнен қаржыландыру жүзеге асырылатын сараптамаларды қоспағанда, мемлекеттiк экологиялық сараптаманы қамтамасыз ету;
жануарлар дүниесiн қорғау;
аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың шекарасын белгілеу кезiнде жүргізiлетiн жерге орналастыру;
9) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi:
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын шығыстарды қоспағанда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн ұйымдастыру және бақылау;
10) көлiк және коммуникациялар:
әлеуметтiк маңызы бар ауданаралық (қалааралық) қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастыру;
облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп-ұстау;
11) экономикалық қызметтi реттеу:
кәсiпкерлiк қызметтi қолдау;
12) басқа да бағыттар:
аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiне берiлетiн pecми трансферттер;
республикалық бюджетке берiлетiн ресми трансферттер;
жергiлiктi атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету.
2. Облыстық бюджеттерден:
1) кадрларды қайта даярлауды және көрсетiлген мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыруды қоса алғанда, осы баптың 1-тармағында көрсетiлген қызмет түрлерiн орындайтын мемлекеттiк мекемелердiң қызметiн қамтамасыз етуге;
2) осы баптың 1-тармағында көрсетiлген бағыттар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобаларға (бағдарламаларға);
3) облыстың жергіліктi мемлекеттiк басқару органдарының Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де функцияларына жұмсалатын шығындар да қаржыландырылады.
3. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жергiлiктi атқарушы органдарды ұстауға арналған шығындар Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн штат санының жалпы лимитi және заттай нормалар негiзiнде жоспарланады.
52-бап. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң шығыстары
1. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң шығыстары мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызмет көрсетулер:
республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының жұмыс iстеуi;
республикалық маңызы бap қаланың, астананың әлеуметтiк-экономикалық дамуын орта мерзiмдi жоспарлау;
республикалық маңызы бар қала, астана деңгейiнде бюджеттiк жоспарлау;
республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуын ұйымдастыру;
республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншiгiн басқару;
салық салу мақсатында мүлiктi бағалауды жүргiзу;
2) қорғаныс, қоғамдық тәртiп, қауiпсiздiк:
республикалық маңызы бар қаланы, астананы жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру;
әскери комиссариаттарды жабдықталған шақыру (жинау) пункттерiмен, дәрi-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медициналық және шаруашылық мүлiкпен, автомобиль көлiгiмен, байланыс құралдарымен, медициналық және техникалық қызметкерлермен, қызмет көрсететiн адамдармен қамтамасыз ету жөнiнде жалпыға бiрдей әскери мiндеттердi атқару шеңберiндегi iс-шаралар және медициналық комиссиялар құру;
республикалық маңызы бар қала, астана ауқымындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою;
су-құтқару қызметiнiң жұмысын қамтамасыз ету;
республикалық маңызы бар қала, астана аумағында қоғамдық тәртiптi қорғау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
республикалық маңызы бар қаланың, астананың азаматтық қорғаныс iс-шаралары;
медициналық айықтырғыштардың, кәмелетке толмағандарға, белгiлi бiр тұрғылықты орны мен құжаттары жоқ адамдарға, әкiмшiлiк тәртiппен қамауға алынған адамдарға арналған қабылдау орындарының жұмыс iстеуi;
елдi мекендерде жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
3) бiлiм беру:
балаларды мектепке дейiнгi тәрбиелеу және оқыту;
оқытудың кешкi (ауысымдық) нысанын және интернат үлгiсiндегi ұйым арқылы орта бiлiм берудi қоса алғанда, мемлекеттiк оқу орындарында азаматтарға мiндеттi тегiн орта бiлiм берудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
арнаулы бiлiм беру бағдарламалары бойынша жалпы бiлiм беру;
мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарында дарынды балаларға жалпы бiлiм беру;
республикалық маңызы бар қала, астана ауқымындағы мектеп олимпиадаларын өткiзу;
бастауыш кәсiптiк бiлiм беру;
орта кәсiптiк бiлiм беру;
жергілiктi деңгейде кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және оларды қайта даярлау;
балалар мен жасөспiрiмдердiң психикалық денсаулығын зерттеу және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету;
өсiп-жетiлуiнде қиындықтарға душар болған балалар мен жасөспiрiмдердi оңалту және әлеуметтiк бейiмдеу;
балалар мен жасөспiрiмдерге арналған қосымша бiлiм беру;
республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдары үшiн оқулықтар сатып алу және жеткiзу;
4) денсаулық сақтау:
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн қамтамасыз ету;
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы басқа да iс-шаралар;
вакциналарды, иммунобиологиялық және басқа да медициналық препараттарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сатып алу;
жергiлiктi денсаулық сақтау ұйымдары үшiн қан, оның компоненттерi мен препараттарын өндiру;
5) әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру:
тұрғын үй көмегi;
мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтiк көмек көрсету;
белгiлi бiр тұрғылықты орны жоқ адамдарды әлеуметтiк бейiмдеу;
жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыру;
мүгедек балаларды қоса алғанда, қарттар мен мүгедектердi әлеуметтiк қамсыздандыру;
халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;
мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек;
жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек;
6) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық:
республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру;
тұрғын үй қорын түгендеу;
Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн жер учаскелерiн алып қою, соның iшiнде сатып алу жолымен алып қою және осыған байланысты жылжымайтын мүлiктi иелiктен айыру;
коммуналдық меншiктегi сумен жабдықтау объектiлерiн, тазарту, сорғыту жүйелерiн, кәрiз, жылу және электр желiлерiн құру және реконструкциялау;
елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз ету;
жерлеу орындарын күтiп-ұстау және туысы жоқтарды жерлеу;
елдi мекендердегі көшелердi жарықтандыру;
елдi мекендердi абаттандыру және көгалдандыру;
елдi мекендердi газдандыру;
республиканың сейсмикалық қауiптi аймақтарында орналасқан тұрғын үйлердiң сейсмикалық берiктiгiн қолдауға бағытталған, Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес iс-шаралар;
коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысы;
авариялық және ескiрген тұрғын үйлердi Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес бұзу;
7) мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк:
жергiлiктi маңызы бар театр және музыка өнерiн қолдау;
жергiлiктi маңызы бар тарихи-мәдени мұралардың сақталуын және оған қолжетiмдi болуын қамтамасыз ету;
мәдени-демалыс жұмысын қолдау;
зоопарктер мен дендропарктердiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
жергiлiктi деңгейде спорттық жарыстар өткiзу;
республикалық және халықаралық спорт жарыстарына әртүрлi спорт түрлерi бойынша республикалық маңызы бар қала, астана құрама командаларының мүшелерiн дайындау және олардың қатысуы;
жергіліктi деңгейде туристiк қызметтi реттеу;
жергiлiктi маңызы бар мұрағат қорының сақталуын қамтамасыз ету;
қалалық кiтапханалардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жергiлiктi деңгейде мемлекеттiк ақпарат саясатын жүргiзу;
жергiлiктi деңгейде мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан халықтарының басқа да тiлдерiн дамыту;
жастар саясаты саласындағы аймақтық бағдарламаларды iскеасыру;
8) ауыл, су шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары:
өсiмдiк шаруашылығы мен мал шаруашылығында пайдаланылатын арнаулы қоймаларды (көмiндiлердi) салу, ұстау;
ауру жануарларды санитарлық союды ұйымдастыру;
республикалық маңызы бар қала, астана су құбырларының құрылысын салу және реконструкциялау;
су қорғау аймақтарын, ауызсумен қамтамасыз ету көздерiнiң санитарлық қорғау белдеулерi мен аймақтарын белгiлеу;
республикалық маңызы бар қалалардың, астананың авариялық қаупi ерекше су шаруашылығы құрылыстарын және гидромелиорациялық жүйелерiн қалпына келтiру;
жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күтiп-ұстау және қорғау;
экологиялық бақылауды қамтамасыз ету, табиғат қорғау iс-шараларын өткiзу;
қаржыландыру республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылатын сараптаманы қоспағанда, мемлекеттiк экологиялық сараптаманы қамтамасыз ету;
жердi аймақтарға бөлу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;
қаладағы аудандар шекарасын белгiлеу кезiнде жүргiзiлетiн жерге орналастыру;
ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне ауыстыру жөнiндегi жұмыстар;
елдi мекендердi жер-шаруашылық орналастыру;
9) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi:
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын шығыстарды қоспағанда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн ұйымдастыру және бақылау;
10) көлiк және коммуникациялар:
әлеуметтiк маңызы бар iшкi қатынастар бойынша жолаушы тасымалдарын ұйымдастыру;
жергiлiктi маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп-ұстау;
11) экономикалық қызметтi реттеу:
кәсiпкерлiк қызметтi қолдау;
12) басқа да бағыттар:
республикалық бюджетке берiлетiн ресми трансферттер;
жергiлiктi атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына берiлетiн ресми трансферттер.
2. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнен:
1) кадрларды қайта даярлауды және көрсетiлген мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыруды қоса алғанда, осы баптың 1-тармағында көрсетiлген қызмет түрлерiн орындайтын мемлекеттiк мекемелердiң қызметiн қамтамасыз етуге;
2) осы баптың 1-тармағында көрсетiлген бағыттар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобалар мен бағдарламаларға;
3) республикалық маңызы бар қаланың, астананың, жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген өзге де функцияларына жұмсалатын шығындар да қаржыландырылады.
3. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнен қаржыландырылатын жергiлiктi атқарушы органдарды ұстауға арналған шығындар Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн штат санының жалпы лимитi және заттай нормалар негiзiнде жоспарланады.
4. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң құрамында қаладағы ауданның бюджеттiк бағдарламалары мынадай бағыттар бойынша көзделедi:
1) қаладағы аудан әкiмi аппаратының жұмыс iстеуi;
2) шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асыру;
3) азаматтық хал актiлерін тiркеу жөнiндегi қызметтi қамтамасыз ету;
4) мектепке дейiнгi тәрбие беру мекемелерiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
5) ерекше жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрiгерлiк көмек көрсететiн ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткiзудi ұйымдастыру;
6) мұқтаж азаматтарға үйiнде әлеуметтiк көмек көрсету;
7) елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз ету;
8) жерлеу орындарын күтiп-ұстау және туысы жоқ адамдарды жерлеу;
9) елдi мекендерде көшелердi жарықтандыру;
10) елдi мекендердi абаттандыру мен көгалдандыру;
11) мәдениет мекемелерiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
53-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң шығыстары
1. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң шығыстары мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызмет көрсетулер:
аудандық (қалалық) деңгейдегi жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың жұмыс iстеуi;
аудандық (қалалық) деңгейде экономикалық және бюджеттiк жоспарлау;
аудандық (қалалық) бюджеттiң атқарылуын ұйымдастыру;
салық салу мақсатында мүлiктi бағалауды жүргiзу;
аудандық (қалалық) деңгейдегi коммуналдық меншiктi басқару;
2) қорғаныс, қоғамдық тәртiп, қауiпсiздiк:
әскери комиссариаттарды жабдықталған шақыру (жинау) пункттерiмен, дәрi-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медициналық және шаруашылық мүлiкпен, автомобиль көлiгiмен, байланыс құралдарымен, медициналық және техникалық қызметкерлермен, қызмет көрсететiн адамдармен қамтамасыз ету жөнiнде жалпыға бiрдей әскери мiндеттердi атқару шеңберiндегi iс-шаралар және медициналық комиссиялар құру;
аудандық (қалалық) ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын-алу және оларды жою;
аудан (облыстық маңызы бар қала) аумағында қоғамдық тәртiптi қорғау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
медициналық айықтырғыштардың, кәмелетке толмағандарға, белгілi бiр тұрғылықты орны мен құжаттары жоқ адамдарға, әкiмшiлiк тәртiппен қамауға алынған адамдарға арналған қабылдау орындарының жұмыс iстеуi;
елдi мекендерде жол жүрiсi қауiпсiздiгін қамтамасыз ету;
3) бiлiм беру:
балаларды мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен оқыту;
оқытудың кешкi (ауысымдық) нысанын және интернат үлгiсiндегi ұйым арқылы мiндеттi тегiн орта бiлiм берудi қоса алғанда, мемлекеттiк оқу орындарында азаматтарға мiндеттi тегiн орта бiлiм берудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
аудандық (қалалық) ауқымдағы мектеп олимпиадаларын өткiзу;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдары үшiн оқулықтар сатып алу және жеткiзу;
балалар мен жасөспiрiмдерге арналған қосымша бiлiм беру;
4) әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру:
тұрғын үй көмегi;
мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтiк көмек көрсету;
белгiлi бiр тұрғылықты орны жоқ адамдарды әлеуметтiк бейiмдеу;
халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;
мемлекеттiк атаулы әлеуметтік көмек;
жергіліктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек;
5) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық:
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру;
тұрғын үй қорын түгендеу;
азаматтардың жекелеген санаттарын Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес тұрғын үймен қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн жер учаскелерiн алып қою, оның iшiнде сатып алу жолымен алып қою және осыған байланысты жылжымайтын мүлiктi иелiктен айыру;
авариялық және ескiрген тұрғын үйлердi Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес бұзу;
коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерiн салу;
республиканың сейсмикалық қауiптi аймақтарында орналасқан тұрғын үйлердiң сейсмикалық берiктiгiн қамтамасыз етуге бағытталған, Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес iс-шаралар;
коммуналдық меншiктегi сумен жабдықтау объектiлерiн, тазарту, сорғыту жүйелерiн, кәрiз, жылу және электр желiлерiн құру, және реконструкциялау;
елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз ету;
жерлеу орындарын күтiп-ұстау және туысы жоқтарды жерлеу;
елдi мекендердегi көшелердi жарықтандыру;
елдi мекендердi абаттандыру және көгалдандыру;
6) мәдениет және спорт:
жергiлiктi деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау;
аудандық (қалалық) кiтапханалардың жұмыс iстеуi;
зоопарктер мен дендропарктердiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
спорттың ұлттық және бұқаралық түрлерiн дамыту;
аудан (облыстық маңызы бар қала) деңгейiнде спорт жарыстарын өткiзу; облыстық спорт жарыстарына спорттың әр түрi бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) құрама команда мүшелерiн дайындау және олардың қатысуы;
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жергiлiктi деңгейде мемлекеттiк ақпарат саясатын жүргiзу;
жергiлiктi деңгейде мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан халықтарының басқа да тiлдерiн дамыту;
жергiлiктi деңгейде жастар саясатын жүргiзу;
7) ауыл шаруашылығы, жер қатынастары:
мал шаруашылығында пайдаланылатын арнаулы қоймаларды (көмiндiлердi) салу, күтiп-ұстау;
ауру жануарларды санитарлық союды ұйымдастыру;
жердi аймақтарға бөлу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;
аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердiң шекарасын белгiлеу кезiнде жүргiзiлетiн жерге орналастыру;
ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне ауыстыру жөнiндегi жұмыстар;
елдi мекендердi жер-шаруашылық орналастыру;
8) көлiк және коммуникациялар:
аудандық (қалалық) маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп-ұстау;
кент iшiндегi (қала iшiндегi) және аудан iшiндегi қоғамдық жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру;
9) басқа да бағыттар:
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына берiлетiн ресми трансферттер;
облыстық бюджетке берiлетiн ресми трансферттер.
2. Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнен:
1) осы баптың 1-тармағында көрсетiлген қызмет түрлерiн орындайтын мемлекеттiк мекемелердiң қызметiн қамтамасыз етуге;
2) осы баптың 1-тармағында көрсетiлген бағыттар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобалар мен бағдарламаларға;
3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де функцияларына жұмсалатын шығындар да қаржыландырылады.
3. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнен қаржыландырылатын жергiлiктi атқарушы органдарды ұстауға арналған шығындар Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн штат санының жалпы лимитi және заттай нормалар негiзiнде жоспарланады.
4. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң құрамында қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң бюджеттiк бағдарламалары мынадай бағыттар бойынша көзделедi:
1) қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкiмi аппаратының жұмыс iстеуi;
2) шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асыру;
3) азаматтық хал актiлерiн тiркеу жөнiндегi қызметтi қамтамасыз ету;
4) мектепке дейiнгі тәрбие беру мекемелерiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
5) ауылдық (селолық) жерлерде балаларды мектепке дейiн тегiн алып баруды және керi алып келудi ұйымдастыру;
6) ерекше жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрiгерлiк көмек көрсететiн ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткiзудi ұйымдастыру;
7) мұқтаж азаматтарға үйiнде әлеуметтiк көмек көрсету;
8) аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру;
9) елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз ету;
10) жерлеу орындарын күтiп-ұстау және туысы жоқ адамдарды жерлеу;
11) елдi мекендерде көшелердi жарықтандыру;
12) елдi мекендердi абаттандыру мен көгалдандыру;
13) мәдениет мекемелерiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
14) аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда (селоларда), ауылдық (селолық) округтерде автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау.
3-бөлім. Бюджеттік қатынастарды реттеу
саласындағы мемлекеттік басқару
9-тарау. Мемлекеттік басқару органдарының бюджеттік қатынастарды
реттеу саласындағы құзыреті
54-бап. Мемлекеттiк басқарудың бюджеттік қатынастарды реттеу саласындағы құрылымы
Мемлекеттiк басқарудың бюджеттiк қатынастарды реттеу саласындағы құрылымын:
Қазақстан Республикасының Президентi;
Қазақстан Республикасының Парламентi;
Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi;
Қазақстан Республикасының Үкiметi;
экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган;
бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган;
бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган;
iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган;
мәслихат;
жергiлiктi атқарушы орган құрайды.
55-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң құзыретi
Қазақстан Республикасының Президентi бюджеттiк қатынастарды реттеу саласында:
1) республикалық бюджеттi әзiрлеу және оның атқарылуы туралы есеп беру тәртiбiн айқындайды;
2) Республикалық бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ереженi бекiтедi, оның құрамын айқындайды;