6) жер үстi су көздерiнiң ресурстарын пайдаланғаны үшiн төленетін төлем;
7) орманды пайдаланғаны үшiн төленетiн төлем;
8) жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төленетiн төлем болып табылады.
2. Облыстық бюджетке түсетiн салықтық емес түсiмдер:
1) коммуналдық меншiктен түсетiн кiрiстер:
облыстық әкiмдiктiң шешiмi бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табысы бөлiгiнiң түсiмдерi;
облыстық коммуналдық меншiктегi мемлекеттiк акциялар пакеттерiне дивидендтер;
облыстық коммуналдық меншiктегi заңды тұлғаларға қатысу үлесiне кiрiстер;
облыстық коммуналдық меншiк мүлкiн жалға беруден түсетiн түсiм;
облыстық бюджеттен берiлген кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер);
уақытша бос бюджет ақшасын депозитке орналастырудан алынған сыйақылар (мүдделер);
облыстық коммуналдық меншiктен түсетiн басқа да кiрiстер;
2) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуiнен түсетiн түсiмдер;
3) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттiк сатып алулар өткiзуден түсетiн ақша түсiмдерi;
4) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер салатын айыппұлдар, өсiмпұл, санкциялар, өндiрiп алулар;
5) облыстық бюджетке түсетiн салықтық емес басқа да түсiмдер болып табылады.
3. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлiп берiлген мемлекеттiк мүлiктi сатудан түсетiн ақша негiзгi капиталды сатудан облыстық бюджетке түсетiн түсiмдер болып табылады.
4. Облыстық бюджетке түсетiн ресми трансферттердiң түсiмдерi:
1) аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнен түсетiн ресми трансферттер;
2) республикалық бюджеттен түсетiн ресми трансферттер болып табылады.
5. Облыстық бюджеттен берiлген кредиттердi өтеуден, мемлекеттiң oблыстық коммуналдық меншiктегi қаржы активтерiн сатудан, облыстардың жергiлiктi атқарушы органдарының қарыздарынан түскен түсiмдер облыстық бюджетке есептеледi.
48-бап. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiне түсетiн түсiмдер
1. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiне түсетiн салықтық түсiмдер:
1) жеке табыс салығы;
2) әлеуметтiк салық;
3) жеке тұлғалар, жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардың мүлкiне caлынатын салық;
4) жер салығы;
5) бiрыңғай жер салығы;
6) жеке және заңды тұлғалардың көлiк құралдарына салынатын салық;
7) мыналарға:
Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген спирттiң барлық түрiне;
Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген алкоголь өнiмiне;
Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген темекi бұйымдарына;
Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген құрамында темекi бар басқа да бұйымдарға;
Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген бекiре және қызыл балық уылдырығына;
Қазақстан Республикасының аумағында шығарылған атыс және газ қаруына (мемлекеттiк билiк органдарының мұқтаждары үшiн сатып алынғаннан басқа);
ойын бизнесiне;
лотерея ойынын ұйымдастыруға және өткiзуге;
Қазақстан Республикасының аумағында шығарылған жеңiл автомобильдерге (мүгедектер үшiн арнайы жасалған қолмен басқарылатын автомобильдерден басқа);
бензинге (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынына акциздер;
8) жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiнтөленетiн төлем;
9) орманды пайдаланғаны үшiн төленетiн төлем;
10) қоршаған ортаны ластағаны үшiн төленетiн төлем;
11) жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төленетiн төлем;
12) жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төленетiн төлем;
13) жеке кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алым;
14) қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн алынатын лицензиялық алым;
15) заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алым;
16) аукциондардан алынатын алым;
17) республикалық маңызы бар қаланың, астананың ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдары арқылы жүрiп өткенi үшiн алынатын алым;
18) консулдық алымнан және республикалық бюджеттiң есебiне алынатын мемлекеттiк баждардан басқа, мемлекеттiк баж;
19) жылжымайтын мүлiкке және олармен жасалатын мәмiлелерге құқықтарды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алым;
20) механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алым;
21) қалалық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде және елдi мекендерде сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастырғаны үшiн төленетiн төлем болып табылады.
2. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiне түсетiн салықтық емес түсiмдер:
1) коммуналдық меншiктен түсетiн кiрiстер:
республикалық маңызы бар қала, астана әкiмдiктерiнiң шешiмi бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табысы бөлiгiнiң түсiмдерi;
республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншiгіндегi мемлекеттiк акциялар пакетiне дивидендтер;
республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігіндегi заңды тұлғаларға қатысу үлестерiне кiрiстер;
республикалық маңызы бар қаланың, астананың өкiлдi органдарының шешiмдерi бойынша өткiзiлетiн мемлекеттiк лотереялардан түскен кiрiстердiң түсiмдерi;
республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншiгiнiң мүлкiн жалға беруден түсетiн кiрiстер;
республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiнен берiлген кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер);
уақытша бос бюджет ақшасын депозитке орналастырудан алынған сыйақылар (мүдделер);
жер учаскесiн жалдау құқығын сатқаны үшiн төленетiн төлем;
республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншiгiнен түсетiн басқа да кiрiстер;
2) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердің тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) өткізуiнен түсетiн түсiмдер;
3) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттiк сатып алулар өткiзуден түсетiн ақша түсiмi;
4) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер салатын айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiп алулар;
5) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiне түсетiн салықтық емес басқа да түсiмдерi болып табылады.
3. Негiзгi капиталды сатудан республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiне түсетін түсiмдер:
1) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлiп берiлген мемлекеттiк мүлiктi сатудан түсетiн ақша;
2) жер учаскелерiн сатудан түсетiн түсiмдер болып табылады.
4. Республикалық бюджеттен түсетiн ресми трансферттер республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiне түсетiн ресми трансферттердiң түсiмдерi болып табылады.
5. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiнен берiлген кредиттердi өтеуден, республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншiгiндегi мемлекеттiк қаржы активтерiн сатудан, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының қарыздарынан түсетiн түсiмдер республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiне есептеледi.
49-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне түсетiн түсiмдер
1. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне түсетiн салық түсiмдерi:
1) облыстық мәслихат белгiлеген кiрiстердi бөлу нормативтерi бойынша жеке табыс салығы;
2) облыстық мәслихат белгiлеген кiрiстердi бөлу нормативтерi бойынша әлеуметтiк салық;
3) жеке тұлғалардың, жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардың мүлкiне салынатын салық;
4) жер салығы;
5) бiрыңғай жер салығы;
6) жеке және заңды тұлғалардың көлiк құралдарына салынатын салық;
7) мыналарға:
Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген спирттiң барлық түрiне;
Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген алкоголь өнiмiне;
Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген темекi бұйымдарына;
Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген құрамында темекi бар басқа да бұйымдарға;
Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген бекiре мен қызыл балық уылдырығына;
Қазақстан Республикасының аумағында шығарылған атыс және газ қаруына (мемлекеттiк билiк органдарының мұқтаждары үшiн сатып алынғаннан басқа);
ойын бизнесiне;
лотерея ойынын ұйымдастыруға және өткiзуге;
Қазақстан Республикасының аумағында шығарылған жеңiл автомобильдерге (мүгедектер үшiн арнайы жасалған қолмен басқарылатын автомобильдерден басқа);
бензинге (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынына акциздер;
8) жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төленетiн төлем;
9) жеке кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алым;
10) қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн алынатын лицензиялық алым;
11) заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алым;
12) аукциондардан алынатын алым;
13) механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алым;
14) жылжымайтын мүлiкке және олармен жасалатын мәмiлелерге құқықтарды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алым;
15) аудандық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде және елдi мекендерде сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастырғаны үшiн төленетiн төлем;
16) консулдық алымнан және республикалық бюджеттiң есебiне алынатын мемлекеттiк баждардан басқа, мемлекеттiк баж болып табылады.
2. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне түсетiн, салықтық емес түсiмдер:
1) коммуналдық меншiктен түсетiн кiрiстер:
аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiктерiнiң шешiмi бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табысы бөлiгiнiң түсiмдерi;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншiгiндегi мемлекеттiк акциялар пакетiне дивидендтер;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншiгiндегi заңды тұлғаларға қатысу үлестерiне кiрiстер;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) өкiлдi органдарының шешiмдерi бойынша өткiзiлетiн мемлекеттiк лотереялардан түсетiн кiрiстердiң түсiмдерi;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншiгiнiң мүлкiн жалға беруден түсетiн кiрiстер;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiнен берiлген кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер);
жер учаскесiн жалдау құқығын сатқаны үшiн төленетiн төлем;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншiгiнен түсетiн басқа да кiрiстер;
2) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) өткiзуiнен түсетiн түсiмдер;
3) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттiк сатып алуды өткiзуден түсетiн ақша түсiмдерi;
4) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер салатын айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiп алулар;
5) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне түсетiн басқа да салықтық емес түсiмдер болып табылады.
3. Негiзгі капиталды сатудан аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне түсетiн түсiмдер:
1) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлiп берiлген мемлекеттiк мүлiктi сатудан түсетiн ақша;
2) жер учаскелерiн сатудан түсетiн түсiмдер болып табылады.
4. Облыстық бюджеттен түсетiн ресми трансферттер аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне түсетiн ресми трансферттердiң түсiмдерi болып табылады.
5. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнен берiлген кредиттердi өтеуден, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншiгiндегi мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының қарыздарынан түсетiн түсiмдер аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне есептеледi.
8-тарау. Шығыстарды бюджеттер деңгейлері арасында бөлу
50-бап. Республикалық бюджеттiң шығыстары
1. Республикалық бюджеттiң шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызмет көрсетулер:
Қазақстан Республикасының Президентiн және оның отбасын қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету және күзету;
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң жұмыс iстеуi;
сайлаулар мен референдумдар өткiзу;
Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуын стратегиялық және орта мерзiмдi жоспарлау;
мемлекеттiк бюджеттi болжау және республикалық бюджеттi жоспарлау;
салық қызметi органдарының қызметi;
республикалық бюджеттiң атқарылуын және жергiлiктi бюджеттердiң есеп-кассалық қызмет көрсетуiн ұйымдастыру;
республикалық меншiктi басқару;
қайта ұйымдастыруды, таратуды және банкроттықты жүргiзудi ұйымдастыру;
мемлекеттiк сатып алудың бiрыңғай жүйесiн ұйымдастыру;
мемлекеттiк қаржы бақылауы;
кеден қызметi;
мемлекеттiң сыртқы саяси қызметi;
iргелi ғылыми зерттеулер жүргiзу;
мемлекеттiк статистикалық есеп;
мемлекеттiк қызметтiң бiрыңғай жүйесiн ұйымдастыру;
ғылыми кадрларды мемлекеттiк аттестаттау;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметтiң әртүрлi салалары мен аяларында мемлекеттiк сыйлықтар беру және мемлекеттiк наградалармен марапаттау;
2) қорғаныс, қоғамдық тәртiп, қауiпсiздiк:
мемлекеттiң қорғанысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
орталық атқарушы органдар өткiзетiн жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру;
мемлекеттiк материалдық резервтердi қалыптастыру және сақтау;
ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
терроризмге және экстремизм мен сепаратизм көрiнiстерiне қарсы күрес;
мемлекеттiк құпиялардың қорғалуын қамтамасыз ету;
облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана және аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнен қаржыландырылатын iс-шараларды қоспағанда, жалпыға бiрдей әскери мiндеттi орындауға байланысты iс-шараларды ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасының аумағында қоғамдық тәртiптi қорғау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
күдiктi және айыпталушы адамдарды ұстау;
паспорт және виза жұмысын жүзеге асыру;
көлiк құралдарын және оларды жүргiзу құқықтарын тiркеудi жүзеге асыру;
мемлекеттiк объектiлердi күзету, қамауға алынғандар мен сотталғандарды күзетпен алып жүру;
жедел-iздестiру, тергеу қызметi;
табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы қызметтi ұйымдастыру;
жаhандық немесе аймақаралық ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын-алу және оларды жою;
кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдарының iс-әрекетiн ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
мемлекеттiк өртке қарсы күрес қызметiнiң жұмысын қамтамасыз ету;
азаматтық қорғаныс жүйесiн ұйымдастыру;
азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарына мемлекеттiк кадастр жүргiзу;
экономикалық және қаржы салаларындағы құқық қорғау қызметi;
3) құқық, сот, қылмыстық-атқару қызметi:
әдiлет саласындағы қызмет;
азаматтар мен мемлекеттiң мүдделерiн құқықтық қорғау;
заңдылықты және құқық тәртiбiн қамтамасыз ету;
мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу;
сот сараптамасы қызметi;
сот жүйесiнiң жұмыс iстеуi;
қылмыстық-атқару жүйесiне қызметiн ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
4) бiлiм беру:
республикалық бiлiм беру ұйымдарында дарынды балаларға жалпы бiлiм беру;
республикалық мектеп олимпиадаларын өткiзу;
республикалық деңгейде орта кәсiптiк бiлiмi бар мамандар даярлау;
жоғары кәсiптiк және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiмi бар мамандар даярлау;
республикалық деңгейде кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және оларды қайта даярлау;
республикалық бiлiм беру ұйымдарын оқулықтармен қамтамасыз ету;
оқулықтар, оқу-әдiстемелiк кешендер, көмекшi оқу құралдарын, бағдарламалар әзiрлеу;
республикалық маңызы бар бiлiм беру ұйымдарында балаларды оңалту;
5) денсаулық сақтау:
жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету;
табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезiнде республикалық деңгейде шұғыл медициналық көмек қызметiн ұйымдастыру;
республикалық маңызы бар мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық оңалту;
психиатриялық бұзылулардан (аурулардан) зардап шегiп жүрген және қатаң бақылауға алу талап етiлетiн адамдарға медициналық көмек көрсету;
сот-медицина және сот-психиатрия сараптамасын жүргiзу;
ауру адамдарды шетелде емдеудi ұйымдастыру;
ерекше қатерлi инфекцияларға қарсы әрекет;
республикалық денсаулық сақтау ұйымдары үшiн қан, оның компоненттерi мен препараттарын өндiру;
санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын республикалық деңгейде және мемлекеттiк шекара мен көлiкте қамтамасыз етуi;
Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес әскери қызметшiлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне, олардың отбасы мүшелерiне, сондай-ақ әскери қызметшiлердiң, құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң арасынан шыққан зейнеткерлерге және азаматтардың басқа да санаттарына медициналық қызмет көрсету;
жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын шығыстардан басқа, азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы қызмет;
6) әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру:
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарына сәйкес зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтарға бюджет қаражаты есебiнен зейнетақы төлемдерi;
мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар;
мемлекеттiк арнаулы жәрдемақылар;
арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;
зейнеткерлердi, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiн, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген мемлекеттiк жәрдемақы алушыларды жерлеуге жәрдемақы;
баланың туылуына байланысты әлеуметтiк төлемдер;
экологиялық апат аймақтарында тұрып жатқан адамдарға Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген әлеуметтiк көмек;
әскери қызметшiлердiң, құқық қорғау, мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң отбасыларына Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген әлеуметтiк төлемдер;
саяси қуғын-сүргiн құрбандарына және одан зардап шеккендерге Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген әлеуметтiк төлемдер;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мiндеттемелерi болып табылатын әлеуметтiк төлемдер;
көшi-қон iс-шаралары;
7) мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк:
қазақтың ұлттық мәдениетi мен басқа да ұлттық мәдениеттердi қайта өркендету, сақтау, дамыту және тарату;
республикалық маңызы бар театр және музыка өнерiн қолдау;
мәдениет және мемлекеттiк жастар саясаты саласында әлеуметтiк маңызы бар iс-шаралар өткiзу;
республикалық маңызы бар тарихи-мәдени мұраның сақталуын қамтамасыз ету;
республикалық деңгейде спорттың ұлттық және бұқаралық түрлерiнiң дамуын қолдау;
жоғары жетiстiктер спортын дамыту;
Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командалары мүшелерiнiң халықаралық спорттық жарыстарға дайындалуы және қатысуы;
Қазақстан және оның туристiк мүмкiндiктерi туралы ақпарат әзiрлеп, халықаралық туристiк рынокта және мемлекеттiң iшiнде тарату;
республикалық маңызы бар мұрағат қорының сақталуын қамтамасыз ету;
республикалық кiтапханалардың жұмыс iстеуi;
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы республикалық деңгейде мемлекеттiк ақпарат саясатын жүргiзу;
мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан халықтарының басқа да тiлдерiн дамыту;
8) ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары:
жергілiктi бюджеттен қаржыландырылатын шығыстардан басқа, ауыл шаруашылығы саласындағы қызмет;
су ресурстарын қорғауды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, су шаруашылығы баланстарын, су ресурстарын кешендi пайдалану және қорғау схемаларын әзiрлеу, су ресурстарын пайдалану мен қорғауды болжау, су ресурстарын пайдаланудың ақпараттық-талдау жүйесiн қамтамасыз ету;
су беруге байланысты емес трансшекаралық су шаруашылығы құрылыстарын және республикалық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану;
ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне су жеткiзiп беру және республикалық меншiктегі ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық сумен жабдықтау жүйесiнен ауыз су беру бойынша көрсетiлетiн қызметтердiң құнын субсидиялау;
авариялық қаупi ерекше республикалық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары мен гидромелиорациялық жүйелердi қалпына келтiру;
суармалы жерлердiң мелиорациялық жай-күйiнiң мониторингi және оны бағалау;
республикалық маңызы бар орман қорының, жануарлар дүниесiнiң, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк есебiн, табиғи ресурстардың мемлекеттiк кадастрларын жүргiзу, ормандар мен жануарлар дүниесiнiң мемлекеттiк мониторингі;
орман орналастыру;
орман тұқым шаруашылығы және селекция;
мемлекеттік орман кадастрын, жануарлар дүниесiнiң, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастрларын жүргізу;
ормандарды өрттен қорғау, зиянкестерден және орман ауруларынан қорғау жөнiндегi авиациялық жұмыстар;
балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау және молайту;
балық аулауды мемлекеттiк реттеу және балық қорларын қорғау;
республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұстау, мемлекеттiк табиғат-қорық қорын қалпына келтiру;
қоршаған ортаның мемлекеттiк мониторингi;
республикалық деңгейдегi табиғат қорғау iс-шаралары;
гидрометеорологиялық мониторинг;
трансшекаралық және экологиялық қауiптi объектiлердiң мемлекеттiк экологиялық сараптамасын жүргiзу;
облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана шекарасын белгiлеу кезiнде жүргiзiлетiн жерге орналастыру;
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң паспорттарын жасау;
мемлекеттiк жер кадастрын, жер мониторингiн жүргізу;
топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар;
9) өнеркәсiп, жер қойнауын пайдалану, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi:
мемлекеттiк өнеркәсiп саясатын iске асыру;
отын-энергетика кешенiн дамыту;
энергияны сақтау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;
жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану, сейсмологиялық ақпарат мониторингi;
мемлекеттiк геологиялық зерттеу;
геологиялық ақпаратты қалыптастыру;
кенiштер мен шахталарды жабу және жою, техногендiк қалдықтарды көму; республикалық мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын жүргiзу;
құрылыс нормалары мен стандарттарын иелену және әзiрлеу;
10) көлiк және коммуникациялар:
халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және ұстау;
су көлiгi қызметiн ұйымдастыру және реттеу;
кеме қатынасы жолдарын, шлюздердi ұстау және кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
теңiз жолдарын навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз ету;
әуе және су көлiгiн мемлекеттiк реттеу;
әлеуметтiк маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастыру;
магистралды темiр жолдарды дамыту;
аэроғарыш қызметi;
радиожиiлiк спектрi мен радиоэлектрондық құралдар мониторингi;
11) экономикалық қызметтi реттеу:
стандарттау, метрология және сертификаттау;
патенттердi, тауар белгiлерiн тiркеу және қорғау;
мемлекеттiк инновациялық саясат;
мемлекеттiк экспорттық және импорттық бақылау;
саудалық және демпингке қарсы реттеу;
бәсекелестiктi қорғау және табиғи монополияларды реттеу;
12) басқа да бағыттар:
облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерiне берiлетiн ресми трансферттер;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына берiлетiн ресми трансферттер;
үкiметтiк борышқа қызмет көрсету және оны өтеу;
мемлекеттiк кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындау.
2. Республикалық бюджеттен, сонымен қатар:
1) кадрларды қайта даярлауды және аталған мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыруды қоса алғанда, осы баптың 1-тармағында көрсетiлген қызмет түрлерiн орындайтын орталық мемлекеттiк органдар мен басқа да мемлекеттiк мекемелердiң қызметiн қамтамасыз етуге;
2) осы баптың 1-тармағында көрсетiлген бағыттар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобалар мен бағдарламаларға, халықаралық ынтымақтастыққа, сондай-ақ қолданбалы ғылыми зерттеулерге;
3) орталық мемлекеттiк басқару органдарының Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де функцияларына жұмсалатын шығыстар қаржыландырылады.
3. Орталық мемлекеттiк органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерiн ұстауға арналған шығындар Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiмен бекiтiлетiн штат санының лимитi және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн заттай нормалар негiзiнде жоспарланады.
51-бап. Облыстық бюджеттiң шығыстары
1. Облыстық бюджеттiң шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызмет көрсетулер:
облыстық деңгейдегi жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың жұмыс icтeуi;
облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуын орта мерзiмдi жоспарлау;