Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1229 Қаулысы
(2013.30.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2016 жылғы 24 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 255-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К.МӘСІМОВ |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1229
қаулысымен бекітілген
Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату
ережесі
ҚР Үкіметінің 2010.19.08. № 824 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі - Кодекс) 255-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату тәртібін айқындайды.
Осы Ереженің күші Кеден одағының кеден аумағына тауарлар әкелуді жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі -заңды және жеке тұлғалар) қолданылады.
2. Осы Ережемен көзделген тиісті құжаттарды Қазақстан Республикасының кеден органына беру кезінде тауарлар импорты қосылған құн салығынан босатылады.
ҚР Үкіметінің 2010.19.08. № 824 Қаулысымен (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.20.05. № 549 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Ізгілік көмек ретінде әкелінетін тауарлар импорты кезінде акцизделетіндерін қоспағанда, мынадай құжаттар:
1) тауарға ілеспе құжаттар және/немесе ізгілік көмек ретінде әкелінетін тауарлардың мәртебесін көрсете отырып, дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктердің растамасы;
2) тауарларды жөнелтушінің, оның ішінде тауарларды өтеусіз беру фактісін растайтын шет тілінде жасалған растамасы;
3) осы Ережеге 1-қосымшада белгіленген нысан бойынша толтырылатын халықтың өмірі мен тұрмыс жағдайларын жақсартуға арналған тауарларды ғана мақсатты пайдалану туралы алушының, сондай-ақ әскери, экологиялық, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою міндеттемесі беріледі.
ҚР Үкіметінің 2010.19.08. № 824 Қаулысымен (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.20.05. № 549 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.05.06. № 574 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Мемлекеттер, мемлекеттер үкіметтерінің, халықаралық үйымдардың желілері бойынша қайырымдылық мақсатында әкелінетін акцизделетіндерін қоспағанда, тауарлардың импорты кезінде техникалық жәрдем көрсетуді қоса алғанда, мынадай құжаттар:
1) мемлекеттер мен мемлекеттер үкіметтерінің және халықаралық ұйымдардың желілері бойынша қайырымдылық мақсатында әкелінетін тауарлар үшін:
тауарға ілеспе құжаттар және/немесе қайырымдылық мақсатында әкелінетін тауардың мәртебесін көрсете отырып, дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктердің растамасы;
қайырымдылық мақсатында тауарлар әкелуді белгілейтін тиісті келісімдер, шарттар;
заңды тұлғалар үшін - заңды тұлғаның коммерциялық емес ұйым ретінде тіркелгенін растайтын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесі, сондай-ақ жарғының көшірмесі;
ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
2) техникалық жәрдем ретінде әкелінетін тауарлар үшін:
орындалуы үшін тауарларды әкелу жүзеге асырылатын бағдарламаның атауы мен техникалық жәрдемдесу жөніндегі жобаның (келісімшарттың) деректемелері көрсетілуі тиіс тауарға ілеспе құжаттар және/немесе дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктердің растамасы;
оларды орындау үшін тауарлар жеткізілетін жобаның (техникалық жәрдемдесу жөніндегі келісім-шарттың) көшірмесі беріледі.
Бұл ретте техникалық жәрдемдесу бағдарламасының орындалуын бақылайтын қазақстандық тараптың құзыретті органы Қазақстан Республикасының орталық кеден органына жобаның орындалуы туралы ақпаратты береді. Әкелінетін тауарларды берілген жобаларда әкелуі көзделген тауарларға сәйкестендіруді қамтамасыз ету мақсатында осы жобалардағы тауарлардың тізбесі жеке көрсетілуі тиіс.
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 321 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.20.05. № 549 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.11.01. № 25 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.24.12. № 1668 Қаулысымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.30.11. № 1297 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Кез келген нысандағы дәрілік заттардың, оның ішінде дәрілік субстанциялардың; протездік-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдардың; кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде дәрілік субстанцияларды, протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды шығаруға арналған материалдардың, жабдықтар мен жинақтаушы материалдардың импорты Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес қосылған құн салығынан босатылады.
Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника импортын қосылған құн салығынан босату мақсаттары үшін мынадай шарттарды сақтау қажет:
1) Қазақстан Республикасының кеден органына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме саудада өткізуге берілген фармацевтикалық немесе медициналық қызметке лицензияның немесе қызметті не белгілі бір іс-қимылды жүзеге асыру басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны қабылдау туралы талонның (бұдан әрі - хабарламаны қабылдау туралы талон) көшірмелерін ұсыну;
2) дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға, медициналық техникаға тіркеу куәлігінің немесе Қазақстан Республикасында шетелдік өкілдік болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар, медициналық техника, медициналық мақсаттағы бұйымдар үшін - дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттік органның Қазақстан Республикасына дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы әкелуге келісімінің немесе «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 80-бабының 3-тармағында белгіленген жағдайларда дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттік органның Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық техниканы, медициналық мақсаттағы бұйымдарды әкелу туралы рұқсатының көшірмелерін ұсыну.
Фармацевтикалық қызметке немесе медициналық қызметке лицензияның көшірмелерін немесе хабарламаның қабылданғаны туралы талонның көшірмесін санамағанда, жоғарыда көрсетілген құжаттардың орнына мемлекеттік сатып алу туралы шарттар шеңберінде тауарлар импорты жағдайында кеден органдарына тапсырыс беруші мен импортты жүзеге асыратын өнім беруші арасында жасалған шарт ұсынылады.
Тауарлар (материалдар, жабдықтар, шикізат және жинақтаушы материалдар) кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде дәрілік субстанцияларды, протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы шығару үшін импортталған жағдайда Қазақстан Республикасының кеден органына фармацевтикалық қызметке лицензияның көшірмесін ұсыну қажет.
6. Қазақстан Республикасы Үлттық Банкі және оның ұйымдары жүзеге асыратын ақша белгілерін шығару үшін шикізаттың импорты кезінде мынадай құжаттар:
1) ақша белгілерін шығару үшін әкелінетін шикізаттың мақсаты туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің растамасы;
2) осы Ережеге 3-қосымшада белгіленген нысан бойынша жасалған әкелінетін шикізатты мақсатты пайдалану туралы жүк алушының міндеттемесі беріледі.
ҚР Үкіметінің 2010.19.08. № 824 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Мемлекеттер, мемлекеттер үкіметтері мен халықаралық үйымдардың желілері бойынша берілген гранттар қаражаты есебінен жүзеге асырылатын тауарлар импорты кезінде мынадай құжаттар:
1) Қазақстан Республикасына грант беру туралы шетелдік мемлекетпен (немесе мемлекеттермен) не Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге енгізілген халықаралық үйыммен жасалған Қазақстан Республикасының халықаралық шартының көшірмесі (ол болған жағдайда);
2) халықаралық шарт жасаусыз халықаралық ұйымның грант беруі жағдайында - оған берілген грант қаражаты есебінен тауарлар импорты туралы халықаралық үйымның растамасы;
3) халықаралық шартқа сілтеменің болуымен тауарға ілеспе құжаттар (оны жасасқан жағдайда);
4) бенефициардың (грант алушының) әкелінетін тауар туралы растамасы беріледі.
ҚР Үкіметінің 2010.19.08. № 824 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.24.12. № 1668 Қаулысымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.30.11. № 1297 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 8-тармақ жаңа редакцияда
8. Осы Ереженің 3, 4, 6 және 7-тармақтарында көрсетілген Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін тауарлар салық жеңілдіктері берілетін мақсаттармен байланысты ғана пайдаланылуы тиіс. Импорттаушы көрсетілген тауарларды өзге мақсаттарға пайдаланған жағдайда кедендік тазарту кезінде төленбеген қосылған құн салығы салық заңнамасына сәйкес бюджетке төленуге тиіс.
Осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларды денсаулық сақтау субъектілері Қазақстан Республикасында медициналық немесе фармацевтикалық қызметті жүзеге асыру үшін көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензияларға немесе медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме саудада өткізуге арналған хабарламаның қабылданғаны туралы талонға сәйкес пайдалануға тиіс.
Импорттаушы көрсетілген тауарларды Қазақстан Республикасында медициналық немесе фармацевтикалық қызметке сәйкес келмейтін мақсатта пайдаланған жағдайда мұндай тауарларды кедендік тазарту кезінде төленбеген қосылған құн салығы салық заңнамасына, сондай-ақ Кеден одағының немесе Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес бюджетке төленуге тиіс.
ҚР Үкіметінің 2010.19.08. № 824 Қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Кеден баждары мен салықтарын төлеуден босатуды көздейтін кеден рәсімдері шеңберінде тауарлардың импорты бойынша қосылған қүн салығынан босату Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
10. Кодекстің 255-бабының 1-тармағының 1), 2), 5) және 8) тармақшаларында айқындалған тауарлар импорты бойынша қосылған құн салығынан босату Кодекске сәйкес тікелей қолданылады.
ҚР Үкіметінің 2010.19.08. № 824 Қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.05.06. № 574 Қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Тауарлар импортын қосылған
құн салығынан босату ережесіне 1-қосымша
Кедендік бақылау (кеден)
департаментінің бастығы
________________________
Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін ізгілік көмекті
нысаналы пайдалану туралы міндеттеме
Мен,
________________________________________________________________________________________________________
(жүк алушының атауы, ЖСН/БСН, мекенжайы, банк деректемелері не болмаса Т.А.Ә. және паспорттық деректері)
тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы № (№) өтінішке
сәйкес _________________________________________________________________________________________________
(тауар атауы)
_______________________________________________________________________________________________________
ізгілік көмек ретінде әкелдім.
Осыған байланысты көрсетілген тауарларды халықтың өмірі мен тұрмыс жағдайларын жақсарту, сондай-ақ әскери, экологиялық, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою үшін ғана пайдалануға және коммерциялық пайда алу үшін пайдаланбауға міндеттенемін.
Көрсетілген тауарларды өзге мақсаттарға пайдалану Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының және Кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес ____________ теңге мөлшерінде осындай тауарларды әкелу кезінде төленбеген қосылған құн салығын және олардан алынатын өсімпұлдарды төлеуге міндеттенемін.
Қолы __________/____________/ Күні 20__ жылғы «___»
(Т.А.Ә.)
ҚР Үкіметінің 2010.19.08. № 824 Қаулысымен 2-қосымша өзгертілді (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-қосымша ҚР Үкіметінің 2012.24.12. № 1668 Қаулысымен алып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2010.19.08. № 824 Қаулысымен 3-қосымша өзгертілді (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.05.06. № 574 Қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Тауарлар импортын қосылған құн салығынан
босату ережесіне 3-қосымша
Кедендік бақылау (кеден)
департаментінің бастығы
________________________
Ақша белгілерін шығаруға арналған шикізатты нысаналы пайдалану туралы міндеттеме
Мен,
________________________________________________________________________________________________________
(жүк алушының атауы, /ЖСН/БСН/, мекенжайы, банк деректемелері не болмаса Т.А.Ә. және паспорттық деректері)
тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы № (№) өтінішке
сәйкес _________________________________________________________________________________________________
(тауар атауы)
___________________________________________________________________________________________________ ақша
белгілерін шығару үшін шикізат ретінде әкелдім.
Осыған байланысты көрсетілген тауарларды олардың нысаналы мақсатына сәйкес қатаң пайдалануға міндеттенемін. Көрсетілген тауарларды өзге мақсаттарға пайдалану үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының және Кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес ________ теңге мөлшерінде осындай тауарларды әкелу кезінде төленбеген қосылған құн салығын және олардан алынатын өсімпұлдарды төлеуге міндеттенемін.
Қолы __________/____________/ Күні 20__ жылғы «___»
(Т.А.Ә.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1229
қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесі
1. «Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларды қосылған құн салығынан босату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 84 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 4, 24-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 84 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 қыркүйектегі № 1071 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 32, 349-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 наурыздағы № 378 және 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 84 қаулыларына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 қазандағы № 1135 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы.
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 84 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 ақпандағы № 183 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 8, 91-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 наурыздағы № 378 және 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 84 қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 сәуірдегі № 488 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 19, 248-құжат).
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 наурыздағы № 378 және 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 84 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 желтоқсандағы № 1258 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 48, 604-құжат).
7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 наурыздағы № 378 және 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 84 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 желтоқсандағы № 1271 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 48, 609-құжат).
8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 наурыздағы № 378 және 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 84 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 606 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 310-құжат).
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 84 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 16 наурыздағы № 197 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 8, 93-құжат).