Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1229 қаулысына езгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 321 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 922 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1229 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесінде:
5-тармақта:
үшінші абзацта «медициналық» деген сөз «*медициналық» деген сөзбен ауыстырылсын;
бесінші абзацта:
«дәрілік заттарды» деген сөздер «**дәрілік заттарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
«өндіру» деген сөзден кейін «немесе көтерме саудада өткізу» деген сөздермен толықтырылсын;
жетінші абзацта «дәрілік заттардың» деген сөздер «***дәрілік заттардың» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |