"Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 10 наурыздағы № 378 және
2002 жылғы 23 қаңтардағы № 84 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы"
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 желтоқсандағы № 1258 Қаулысы
(2008.23.12. берілген өзгерістерімен)
ҚР Үкімеітінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 56 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгізiлсiн:
1) "Қосылған құн салығынан босатылатын дәрілік заттардың, оның ішінде дәрілік субстанциялардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың, сурдотифлотехника мен медицина (ветеринария) техникасының, дәрі-дәрмек және диабеттік құралдарды өндiруге арналған материалдар мен жиынтықтаушылардың, протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың және медицина (ветеринария) техникасының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2000 жылғы 10 наурыздағы № 378 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 15, 145-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген қосылған құн салығынан босатылатын дәрілік заттардың, оның iшiнде дәрілік субстанциялардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың, сурдотифлотехника мен медицина (ветеринария) техникасының, дәрі-дәрмек және диабеттік құралдарды өндiруге арналған материалдар мен жиынтықтаушылардың, протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың және медицина (ветеринария) техникасының тiзбесiнде:
ескертудің екiншi абзацындағы "Бұл ретте бұл тауарларды мақсаты бойынша пайдаланатын өзге тұлғаларға осы тауарларды одан әрі сату мақсатты пайдалануға жатпайды" деген сөйлем алынып тасталсын;
2) ҚР Үкіметінің 2008 ж. 23 желтоқсандағы № 1229 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |