Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 наурыздағы № 378 және
2002 жылғы 23 қаңтардағы № 84 қаулыларына толықтыру мен өзгеріс енгізу
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 қазандағы № 1135 қаулысы
(2008.23.12. берілген өзгерістерімен )
ҚР Үкімеітінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 56 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
1) "Қосылған құн салығынан босатылатын дәрілік заттардың, оның ішінде дәрілік субстанциялардың, протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың, сурдотифлотехника мен медицина (ветеринария) техникасының, дәрі-дәрмек және диабеттік құралдарды өндіруге арналған материалдар мен жиынтықтаушылардың, протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың және медицина (ветеринария) техникасының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 наурыздағы № 378 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 15, 145-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қосылған құн салығынан босатылатын дәрілік заттардың, оның ішінде дәрілік субстанциялардың, протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың, судротифлотехника мен медицина (ветеринария) техникасының, дәрі-дәрмек және диабеттік құралдарды өндіруге арналған материалдар мен жиынтықтаушылардың, протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың және медицина (ветеринария) техникасының тізбесінде:
ескертудің екінші абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың шеңберінде тауарлардың импорты жағдайында жарғы мен әкелінетін тауарларды мақсатты пайдалану туралы міндеттеменің орнына кеден органдарына тапсырысшы мен импортты жүзеге асыратын жеткізуші арасында жасалған шарт ұсынылады";
2) ҚР Үкіметінің 2008 ж. 23 желтоқсандағы № 1229 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |