Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1229 қаулысы
(2011.20.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 11 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 255-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К.МӘСІМОВ |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1229
қаулысымен бекітілген
Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату
ережесі
ҚР Үкіметінің 2010.19.08. № 824 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі - Кодекс) 255-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату тәртібін айқындайды.
Осы Ереженің күші Кеден одағының кеден аумағына тауарлар әкелуді жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі -заңды және жеке тұлғалар) қолданылады.
2. Осы Ережемен көзделген тиісті құжаттарды Қазақстан Республикасының кеден органына беру кезінде тауарлар импорты қосылған құн салығынан босатылады.
ҚР Үкіметінің 2010.19.08. № 824 Қаулысымен (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.20.05. № 549 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Ізгілік көмек ретінде әкелінетін тауарлар импорты кезінде акцизделетіндерін қоспағанда, мынадай құжаттар:
1) тауарға ілеспе құжаттар және/немесе ізгілік көмек ретінде әкелінетін тауарлардың мәртебесін көрсете отырып, дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктердің растамасы;
2) тауарларды жөнелтушінің, оның ішінде тауарларды өтеусіз беру фактісін растайтын шет тілінде жасалған растамасы;
3) осы Ережеге 1-қосымшада белгіленген нысан бойынша толтырылатын халықтың өмірі мен тұрмыс жағдайларын жақсартуға арналған тауарларды ғана мақсатты пайдалану туралы алушының, сондай-ақ әскери, экологиялық, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою міндеттемесі беріледі.
ҚР Үкіметінің 2010.19.08. № 824 Қаулысымен (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.20.05. № 549 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Мемлекеттер, мемлекеттер үкіметтерінің, халықаралық үйымдардың желілері бойынша қайырымдылық мақсатында әкелінетін акцизделетіндерін қоспағанда, тауарлардың импорты кезінде техникалық жәрдем көрсетуді қоса алғанда, мынадай құжаттар:
1) мемлекеттер мен мемлекеттер үкіметтерінің және халықаралық ұйымдардың желілері бойынша қайырымдылық мақсатында әкелінетін тауарлар үшін:
тауарға ілеспе құжаттар және/немесе қайырымдылық мақсатында әкелінетін тауардың мәртебесін көрсете отырып, дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктердің растамасы;
қайырымдылық мақсатында тауарлар әкелуді белгілейтін тиісті келісімдер, шарттар;
заңды тұлғалар үшін - коммерциялық емес үйым ретінде заңды түлғаны тіркеуді растайтын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі, сондай-ақ жарғының көшірмесі;
2) техникалық жәрдем ретінде әкелінетін тауарлар үшін:
орындалуы үшін тауарларды әкелу жүзеге асырылатын бағдарламаның атауы мен техникалық жәрдемдесу жөніндегі жобаның (келісімшарттың) деректемелері көрсетілуі тиіс тауарға ілеспе құжаттар және/немесе дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктердің растамасы;
оларды орындау үшін тауарлар жеткізілетін жобаның (техникалық жәрдемдесу жөніндегі келісім-шарттың) көшірмесі беріледі.
Бұл ретте техникалық жәрдемдесу бағдарламасының орындалуын бақылайтын қазақстандық тараптың құзыретті органы Қазақстан Республикасының орталық кеден органына жобаның орындалуы туралы ақпаратты береді. Әкелінетін тауарларды берілген жобаларда әкелуі көзделген тауарларға сәйкестендіруді қамтамасыз ету мақсатында осы жобалардағы тауарлардың тізбесі жеке көрсетілуі тиіс.
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 321 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.20.05. № 549 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Кез келген нысандағы дәрілік заттар, оның ішінде протездік- ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, субстанция-дәрілер;
сурдотифлотехника және медициналық (ветеринариялық) техника, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдар; кез келген нысандағы дәрілік заттарды шығаруға арналған материалдар, жабдықтар мен жинақтаушы материалдар, оның ішінде протездік-ортопедиялық бүйымдарды қоса алғанда, субстанция-дәрілер және медициналық (ветеринариялық) техника, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бүйымдар импорты Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес қосылған құн салығынан босатылады.
Тауарлардың импортын қосылған қүн салығынан босату мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының кеден органына осы Ереженің 2-қосымшасында белгіленген нысан бойынша жасалған әкелінетін тауарларды мақсатты пайдалану туралы міндеттемені ұсыну және мынадай шарттарды сақтау қажет:
*дәрілік зат, медициналық техника, медициналық мақсаттағы бұйымдар ретінде Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркелуінің болуы;
дәрілік заттардың айналымы саласындағы мемлекеттік органның дәрілік заттарды, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды Қазақстан Республикасына әкелуге келісімі;
**дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіруге немесе көтерме саудада өткізуге лицензиясының болуы;
дәрілік заттардың айналымы саласындағы мемлекеттік органның дәрілік заттарды, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды Қазақстан Республикасына әкелуге келісімі;
***дәрілік заттардың айналымы саласындағы мемлекеттік органның дәрілік заттарды, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды Қазақстан Республикасына әкелуге келісімі.
Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар шеңберінде тауарлар импорты жағдайында жоғарыда көрсетілген құжаттардың орнына кеден органдарына импортты жүзеге асыратын тапсырысшы мен жеткізуші арасында жасалған шарт ұсынылады.
6. Қазақстан Республикасы Үлттық Банкі және оның ұйымдары жүзеге асыратын ақша белгілерін шығару үшін шикізаттың импорты кезінде мынадай құжаттар:
1) ақша белгілерін шығару үшін әкелінетін шикізаттың мақсаты туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің растамасы;
2) осы Ережеге 3-қосымшада белгіленген нысан бойынша жасалған әкелінетін шикізатты мақсатты пайдалану туралы жүк алушының міндеттемесі беріледі.
ҚР Үкіметінің 2010.19.08. № 824 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Мемлекеттер, мемлекеттер үкіметтері мен халықаралық үйымдардың желілері бойынша берілген гранттар қаражаты есебінен жүзеге асырылатын тауарлар импорты кезінде мынадай құжаттар:
1) Қазақстан Республикасына грант беру туралы шетелдік мемлекетпен (немесе мемлекеттермен) не Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге енгізілген халықаралық үйыммен жасалған Қазақстан Республикасының халықаралық шартының көшірмесі (ол болған жағдайда);
2) халықаралық шарт жасаусыз халықаралық ұйымның грант беруі жағдайында - оған берілген грант қаражаты есебінен тауарлар импорты туралы халықаралық үйымның растамасы;
3) халықаралық шартқа сілтеменің болуымен тауарға ілеспе құжаттар (оны жасасқан жағдайда);
4) бенефициардың (грант алушының) әкелінетін тауар туралы растамасы беріледі.
ҚР Үкіметінің 2010.19.08. № 824 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Осы Ереженің 3, 4, 5, 6 және 7-тармақтарында көрсетілген Кеден одағының кеден аумағына әкелінетін тауарлар салық жеңілдіктері берілетін мақсаттармен байланысты ғана пайдаланылуы тиіс. Импорттаушы көрсетілген тауарларды өзге мақсаттарға пайдаланған жағдайда кедендік тазарту кезінде төленбеген қосылған қүн салығы салық заңнамасына сәйкес бюджетке төлеуге жатады.
ҚР Үкіметінің 2010.19.08. № 824 Қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Кеден баждары мен салықтарын төлеуден босатуды көздейтін кеден рәсімдері шеңберінде тауарлардың импорты бойынша қосылған қүн салығынан босату Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
10. Кодекстің 255-бабының 1-тармағының 1), 2), 5) және 8) тармақшаларында айқындалған тауарлар импорты бойынша қосылған құн салығынан босату Кодекске сәйкес тікелей қолданылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1229
қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесі
1. «Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларды қосылған құн салығынан босату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 84 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 4, 24-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 84 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 қыркүйектегі № 1071 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 32, 349-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 наурыздағы № 378 және 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 84 қаулыларына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 қазандағы № 1135 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы.
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 84 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 ақпандағы № 183 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 8, 91-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 наурыздағы № 378 және 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 84 қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 сәуірдегі № 488 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 19, 248-құжат).
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 наурыздағы № 378 және 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 84 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 желтоқсандағы № 1258 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 48, 604-құжат).
7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 наурыздағы № 378 және 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 84 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 желтоқсандағы № 1271 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 48, 609-құжат).
8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 наурыздағы № 378 және 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 84 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 606 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 310-құжат).
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 84 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 16 наурыздағы № 197 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 8, 93-құжат).
ҚР Үкіметінің 2010.19.08. № 824 Қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Тауарлар импортын қосылған
құн салығынан босату ережесіне 1-қосымша
__________________Кедендік бақылау
департаментінің (кеденнің) бастығына
Кеден одағының кеден аумағына әкелінетін ізгілік көмекті мақсатты пайдалану туралы
міндеттеме
Мен,______________________________________________________________________________________________________
(жүк алушының атауы, СТН-і (ЖСН/БСН олар бар болған жағдайда), мекен-жайы, банк деректемелері не аты-жөні мен паспорттық деректері)
№(№) тауарлар декларациясына (декларацияларына) сәйкес
__________________________________________________________________________________ ізгілік көмек ретінде әкелдім.
(тауар атауы)
Осыған байланысты көрсетілген тауарларды халықтың өмірі мен тұрмыс жағдайларын жақсарту, сондай-ақ әскери, экологиялық, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою үшін ғана пайдалануға және коммерциялық пайда алу үшін пайдаланбауға міндеттенемін.
Көрсетілген тауарларды өзге мақсаттарға пайдалану үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының және Кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес _______теңге мөлшерінде кедендік тазарту кезінде төленбеген кеден төлемдерін, салықтарды және олардан алынатын өсімпұлдарды төлеуге міндеттенемін.
Қолы _________ / ________ / Күні 20___ жылғы «___» ________
(аты-жөні)
ҚР Үкіметінің 2010.19.08. № 824 Қаулысымен 2-қосымша өзгертілді (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Тауарлар импортын қосылған құн салығынан
босату ережесіне 2-қосымша
________________Кедендік бақылау
департаментінің (кеденнің) бастығына
Кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде субстанция-дәрілерді; протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы; кез келген нысандағы дәрілік заттарды шығаруға арналған материалдарды, жабдықтар мен жинақтаушы материалдарды, оның ішінде субстанция-дәрілерді; протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы мақсатты пайдалану туралы міндеттеме
Мен,_____________________________________________________________________________________________________,
(жүк алушының атауы, СТН-і (ЖСН/БСН олар бар болған жағдайда), мекен-жайы, банк деректемелері не аты-жөні мен паспорттық деректері)
№(№) тауарлар декларациясына (декларацияларына) сәйкес _________________________________________________________
(тауар атауы)
кез келген нысандағы дәрілік заттар, оның ішінде субстанция-дәрілер; протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдар, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техника; кез келген нысандағы дәрілік заттарды шығаруға арналған материалдар, жабдықтар мен жинақтаушы материалдар, оның ішінде субстанция-дәрілер; протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдар және медициналық (ветеринариялық) техника ретінде әкелдім.
Осыған байланысты көрсетілген тауарларды қатаң түрде олардың нысаналы мақсатына сәйкес пайдалануға міндеттенемін.
Көрсетілген тауарларды өзге де мақсаттарға пайдалану үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының және Кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес ____теңге мөлшерінде кедендік тазарту кезінде төленбеген салықтарды және олардан алынатын өсімпұлдарды төлеуге міндеттенемін.
Қолы _________ / ________ / Күні 20___ жылғы «___» ________
(аты-жөні)
ҚР Үкіметінің 2010.19.08. № 824 Қаулысымен 3-қосымша өзгертілді (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Тауарлар импортын қосылған құн салығынан
босату ережесіне 3-қосымша
__________________Кедендік бақылау
департаментінің (кеденнің) бастығына
Ақша белгілерін шығаруға арналған шикізатты мақсатты пайдалану туралы міндеттеме
Мен,____________________________________________________________________________________________________________,
(жүк алушының атауы, СТН-і (ЖСН/БСН олар бар болған жағдайда), мекен-жайы, банк деректемелері немесе аты-жөні мен паспорттық деректері)
_________________________________________________________________________________________________________________
№(№) тауарлар декларациясына (декларацияларына) сәйкес
_________________________________________________________________________________________________________________
(тауар атауы)
ақша белгілерін шығару үшін шикізат ретінде әкелдім.
Осыған байланысты көрсетілген тауарларды олардың мақсатты бағытталуына сәйкес қатаң пайдалануға міндеттенемін.
Көрсетілген тауарларды өзге мақсаттарға пайдалану үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының және Кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес _____теңге мөлшерінде кедендік тазарту кезінде төленбеген салықтарды және олардан алынатын өсімпұлдарды төлеуге міндеттенемін.
Қолы _________ / ________ / Күні 20___ жылғы «___» ________
(аты-жөні)