Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 10 наурыздағы № 378 және
2002 жылғы 23 қаңтардағы № 84 қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 29 сәуірдегі № 488 қаулысы
(2008.23.12. берілген өзгерістерімен)
ҚР Үкімеітінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 56 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгiзiлсiн:
1) "Қосылған құн салығынан босатылатын дәрiлiк заттардың, оның iшiнде дәрiлiк субстанциялардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың, сурдотифлотехника мен медицина (ветеринария) техникасының, дәрi-дәрмек және диабеттiк құралдарды өндiруге арналған материалдар мен жиынтықтаушылардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың және медицина (ветеринария) техникасының тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 10 наурыздағы № 378 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 15, 145-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қосылған құн салығынан босатылатын дәрілiк заттардың, оның iшiнде дәрiлiк субстанциялардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың, сурдотифлотехника мен медицина (ветеринария) техникасының, дәрi-дәрмек және диабеттiк құралдарды өндiруге арналған материалдар мен жиынтықтаушылардың, протездiң-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың және медицина (ветеринария) техникасының тiзбесiнде:
ескертудiң екiншi абзацы "әкелiнетiн тауарлардың мақсатты пайдаланылатыны туралы мiндеттеме кеден органына тапсырылады." деген сөздерден кейiн мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Бұл ретте бұл тауарларды мақсаты бойынша пайдаланатын өзге тұлғаларға осы тауарларды одан әрi сату мақсатты пайдалануға жатпайды.";
2) ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1229 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді және ресми түрде жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 29 сәуірдегі
№ 488 қаулысына
қосымша
4-қосымша
Кедендiк бақылау департаментiнiң
(кеденнiң) бастығына
________________________________
________________________________
Қаржы лизингi шарттары бойынша қаржы лизингiне беру мақсатында
әкелiнген негiзгi құралдарды
мақсатты пайдалану туралы
мiндеттеме
Мен, _________________________________________________________
____________________________________________________________________
__________________________________________________________________,
(атауы, CTH-i, мекен-жайы, банктiк деректемелерi не аты-жөнi
және лизинг берушiнiң паспорттық деректерi)
қаржы лизингi шарттары бойынша қаржы лизингiне беру мақсатында
негiзгi құралдар ретiнде мыналарды әкелдiм:
NN _______________________________ кеден (-дiк) декларация (лар)ға
сәйкес ____________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(тауарлардың атауы)
Осыған байланысты көрсетiлген тауарларды қатаң түрде олардың
мақсатты пайдаланылуына сәйкес пайдалануға мiндеттенемiн.
Көрсетiлген тауарларды өзге мақсатта пайдаланған кезде,
кезеңдiк рәсiмдеу кезiнде төлемеген __________ теңге мөлшерiндегi
салықтар мен өсiмпұлдарды Қазақстан Республикасының салық заңнамасына
сәйкес төлеуге мiндеттенемiн.
Қолы _________/ _________ / Күнi 200__ жылғы "__" ________
Ескерту. Қаржы лизингi шарттары бойынша қаржы лизингiне беру
мақсатында әкелiнген негiзгi құралдарды салықтар мен өсiмпұлдарды төлемей
өзге мақсаттарда пайдаланылған жағдайда, тиiстi сома Қазақстан
Республикасының кеден және салық заңнамасына сәйкес жауаптылық шаралары
қолданыла отырып өндiрiп алынатын болады.