Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1229 Қаулысы
(2016.24.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2017 жылғы 9 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 255-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К.МӘСІМОВ |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1229
қаулысымен бекітілген
Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату
ережесі
ҚР Үкіметінің 2010.19.08. № 824 Қаулысымен (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.24.11. № 736 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Осы Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі - Кодекс) 255-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату тәртібін айқындайды.
Осы Ереже Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарлар әкелуді жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі - заңды және жеке тұлғалар) қолданылады.
ҚР Үкіметінің 2016.24.11. № 736 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Осы Ережеде көзделген тиісті құжаттарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органына беру кезінде тауарлар импорты қосылған құн салығынан босатылады.
ҚР Үкіметінің 2010.19.08. № 824 Қаулысымен (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.20.05. № 549 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Ізгілік көмек ретінде әкелінетін тауарлар импорты кезінде акцизделетіндерін қоспағанда, мынадай құжаттар:
1) тауарға ілеспе құжаттар және/немесе ізгілік көмек ретінде әкелінетін тауарлардың мәртебесін көрсете отырып, дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктердің растамасы;
2) тауарларды жөнелтушінің, оның ішінде тауарларды өтеусіз беру фактісін растайтын шет тілінде жасалған растамасы;
3) осы Ережеге 1-қосымшада белгіленген нысан бойынша толтырылатын халықтың өмірі мен тұрмыс жағдайларын жақсартуға арналған тауарларды ғана мақсатты пайдалану туралы алушының, сондай-ақ әскери, экологиялық, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою міндеттемесі беріледі.
ҚР Үкіметінің 2010.19.08. № 824 Қаулысымен (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.20.05. № 549 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.05.06. № 574 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.24.11. № 736 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Мемлекеттер, мемлекеттер үкіметтерінің, халықаралық үйымдардың желілері бойынша қайырымдылық мақсатында әкелінетін акцизделетіндерін қоспағанда, тауарлардың импорты кезінде техникалық жәрдем көрсетуді қоса алғанда, мынадай құжаттар:
1) мемлекеттер мен мемлекеттер үкіметтерінің және халықаралық ұйымдардың желілері бойынша қайырымдылық мақсатында әкелінетін тауарлар үшін:
тауарға ілеспе құжаттар және/немесе қайырымдылық мақсатында әкелінетін тауардың мәртебесін көрсете отырып, дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктердің растамасы;
қайырымдылық мақсатында тауарлар әкелуді белгілейтін тиісті келісімдер, шарттар;
заңды тұлғалар үшін - заңды тұлғаның коммерциялық емес ұйым ретінде тіркелгенін растайтын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесі, сондай-ақ жарғының көшірмесі;
ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
2) техникалық жәрдем ретінде әкелінетін тауарлар үшін:
орындалуы үшін тауарларды әкелу жүзеге асырылатын бағдарламаның атауы мен техникалық жәрдемдесу жөніндегі жобаның (келісімшарттың) деректемелері көрсетілуі тиіс тауарға ілеспе құжаттар және/немесе дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктердің растамасы;
оларды орындау үшін тауарлар жеткізілетін жобаның (техникалық жәрдемдесу жөніндегі келісім-шарттың) көшірмесі беріледі.
Бұл ретте Қазақстан тарапының техникалық жәрдемдесу бағдарламасының орындалуын бақылайтын құзыретті органы Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы уәкілетті органына жобаның орындалуы туралы ақпарат береді. Әкелінетін тауарларды берілген жобаларда әкелінуі көзделген тауарларға сәйкестендіруді қамтамасыз ету мақсатында осы жобалардағы тауарлардың тізбесі жеке көрсетілуі тиіс.
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 321 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.20.05. № 549 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.11.01. № 25 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.24.12. № 1668 Қаулысымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.30.11. № 1297 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.24.11. № 736 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Мынадай:
Қазақстан Республикасының Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттік тізілімінде (бұдан әрі - Мемлекеттік тізілім) тіркелген;
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде Мемлекеттік тізілімде тіркелмеген кез келген нысандағы дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың импорты қосылған құн салығынан босатылады.
Осы тармақта көрсетілген тауарлардың импорты Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес қосылған құн салығынан босатылады.
Кез келген нысандағы дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың импортын қосылған құн салығынан босату мақсаттары үшін мынадай талаптарды сақтау қажет:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органына «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Заң) белгіленген тәртіппен медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме саудада өткізуге берілген фармацевтикалық қызметке немесе медициналық қызметке лицензияның немесе қызметті не белгілі бір іс-қимылды жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны қабылдау туралы талонның (бұдан әрі - хабарламаны қабылдау туралы талон) көшірмелерін ұсыну немесе электрондық лицензиялаудың мемлекеттік дерекқорында фармацевтикалық немесе медициналық қызметпен айналысуға рұқсат беру туралы мәліметтердің болуы;
2) Мемлекеттік тізілімде тіркелгені туралы мәліметтердің болуы немесе денсаулық сақтау саласындағы заңнамаға сәйкес берілген дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға, медициналық техникаға тіркеу куәлігінің көшірмелерін немесе Мемлекеттік тізілімде тіркелген дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника үшін дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, медициналық техниканың айналымы саласындағы уәкілетті орган беретін Мемлекеттік тізілімнен үзіндіні немесе «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 80-бабының 3 және 4-тармақтарында белгіленген жағдайларда дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, медициналық техниканың айналымы саласындағы мемлекеттік органның Мемлекеттік тізілімде тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкелу туралы қорытындысын (рұқсат құжатын) ұсыну.
Тауарлар мемлекеттік сатып алу туралы шарттар шеңберінде импортталған жағдайда, мемлекеттік кірістер органдарына фармацевтикалық немесе медициналық қызметке лицензияның көшірмесін (лицензиялауға жататын қызмет түрлері үшін) немесе медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме саудада өткізуге арналған хабарламаны қабылдау туралы талонды қоспағанда, жоғарыда көрсетілген құжаттардың орнына тапсырыс беруші мен импортты жүзеге асыратын өнім беруші арасында жасалған шарт ұсынылады.
ҚР Үкіметінің 2016.24.11. № 736 Қаулысымен 5-1-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1. Ветеринария саласында пайдаланылатын (қолданылатын) дәрілік заттардың; ветеринариялық мақсаттағы бұйымдардың және ветеринариялық техниканың; мүгедектерге берілетін протездік-ортопедиялық бұйымдарды, арнаулы жүріп-тұру құралдарын қоса алғанда, сурдотифлотехниканың; протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, кез келген нысандағы дәрілік заттарды, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды шығаруға арналған материалдардың, жабдықтар мен жинақтаушылардың импорты Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес қосылған құн салығынан босатылады.
ҚР Үкіметінің 2016.24.11. № 736 Қаулысымен 5-2-тармақпен толықтырылды
5-2. Протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, кез келген нысандағы дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды шығаруға арналған материалдар, жабдықтар мен жинақтаушылар, медициналық техника, сондай-ақ мүгедектерге берілетін арнаулы жүріп-тұру құралдары импортталған жағдайда Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органына фармацевтикалық қызметке немесе медициналық қызметке арналған лицензияның көшірмесін немесе медициналық техниканы және медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме саудада өткізуге арналған хабарламаның қабылданғаны туралы талонды ұсыну қажет.
Сурдотифлотехника, протездік-ортопедиялық бұйымдар импортталған жағдайда Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органына фармацевтикалық немесе медициналық қызметке арналған лицензияның көшірмесін немесе медициналық техниканы және медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме саудада өткізуге арналған хабарламаның қабылданғаны туралы талонды, сондай-ақ заңды тұлғалар үшін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (куәліктің) көшірмесін ұсыну қажет.
ҚР Үкіметінің 2016.24.11. № 736 Қаулысымен 5-3-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5-3. Ветеринария саласында пайдаланылатын (қолданылатын) дәрілік заттардың импортын қосылған құн салығынан босату мақсаттары үшін мынадай талаптарды сақтау қажет:
1) Қазақстан Республикасында немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетте мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесін ұсыну (ветеринариялық препараттардың үлгілері тіркеу сынақтарын жүргізу үшін әкелінетін жағдайларды қоспағанда);
2) ветеринария саласындағы заңнамаға сәйкес ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосы берген Қазақстан Республикасына әкелуге рұқсаттың көшірмесін ұсыну;
3) лицензиялауға жататын ветеринария саласындағы қызмет түрлері үшін - ветеринариялық мақсаттағы препараттарды шығару жөніндегі қызметпен айналысуға немесе жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық-санитариялық сараптамасын өткізуге лицензияның көшірмесін ұсыну;
4) лицензиялауға жатпайтын ветеринария саласындағы қызмет түрлері үшін - ұйым жарғысының немесе ветеринария саласындағы заңнамаға сәйкес берілген жануарларды өсіруді, жануарларды союды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды, сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектісіне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмір беру туралы растаманың (бұдан әрі - есептік нөмір беру туралы растама) немесе Заңда белгіленген тәртіппен берілген ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаның көшірмесін ұсыну.
Тауарлар мемлекеттік сатып алу туралы шарттар шеңберінде импортталған жағдайда, осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоспағанда, жоғарыда көрсетілген құжаттардың орнына мемлекеттік кірістер органдарына тапсырыс беруші мен импортты жүзеге асыратын өнім беруші арасында жасалған шарт ұсынылады.
ҚР Үкіметінің 2016.24.11. № 736 Қаулысымен 5-4-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5-4. Ветеринариялық мақсаттағы бұйымдардың және ветеринариялық техниканың, протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, сурдотифлотехниканың; ветеринария саласында пайдаланылатын (қолданылатын) кез келген нысандағы дәрілік заттарды шығаруға арналған материалдардың, жабдықтар мен жинақтаушылардың; протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, ветеринариялық мақсаттағы бұйымдардың және ветеринариялық техниканың импортын қосылған құн салығынан босату мақсаттары үшін мынадай талаптар сақталуы қажет:
1) лицензиялауға жататын ветеринария саласындағы қызмет түрлері үшін - ветеринариялық мақсаттағы препараттарды шығару жөніндегі қызметпен айналысуға немесе жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық-санитариялық сараптамасын өткізуге лицензияның көшірмесін ұсыну;
2) лицензиялауға жатпайтын ветеринария саласындағы қызмет түрлері үшін - ұйым жарғысының көшірмесін немесе есептік нөмір беру туралы растама немесе ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаның көшірмесін ұсыну.
Тауарлар мемлекеттік сатып алу туралы шарттар шеңберінде импортталған жағдайда жоғарыда көрсетілген құжаттарға қосымша тапсырыс беруші мен импортты жүзеге асыратын өнім беруші арасында жасалған шарт ұсынылады.
6. Қазақстан Республикасы Үлттық Банкі және оның ұйымдары жүзеге асыратын ақша белгілерін шығару үшін шикізаттың импорты кезінде мынадай құжаттар:
1) ақша белгілерін шығару үшін әкелінетін шикізаттың мақсаты туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің растамасы;
2) осы Ережеге 3-қосымшада белгіленген нысан бойынша жасалған әкелінетін шикізатты мақсатты пайдалану туралы жүк алушының міндеттемесі беріледі.
ҚР Үкіметінің 2010.19.08. № 824 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Мемлекеттер, мемлекеттер үкіметтері мен халықаралық үйымдардың желілері бойынша берілген гранттар қаражаты есебінен жүзеге асырылатын тауарлар импорты кезінде мынадай құжаттар:
1) Қазақстан Республикасына грант беру туралы шетелдік мемлекетпен (немесе мемлекеттермен) не Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге енгізілген халықаралық үйыммен жасалған Қазақстан Республикасының халықаралық шартының көшірмесі (ол болған жағдайда);
2) халықаралық шарт жасаусыз халықаралық ұйымның грант беруі жағдайында - оған берілген грант қаражаты есебінен тауарлар импорты туралы халықаралық үйымның растамасы;
3) халықаралық шартқа сілтеменің болуымен тауарға ілеспе құжаттар (оны жасасқан жағдайда);
4) бенефициардың (грант алушының) әкелінетін тауар туралы растамасы беріледі.
ҚР Үкіметінің 2010.19.08. № 824 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.24.12. № 1668 Қаулысымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.30.11. № 1297 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.24.11. № 736 Қаулысымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 8-тармақ жаңа редакцияда
8. Осы Ереженің 3, 4, 6 және 7-тармақтарында көрсетілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлар салық жеңілдіктері ұсынылған жағдайларда ғана пайдаланылуы тиіс. Импорттаушы көрсетілген тауарларды өзге мақсаттарға пайдаланған жағдайда кедендік тазарту кезінде төленбеген қосылған құн салығы салық заңнамасына сәйкес бюджетке төленуі тиіс.
Осы Ереженің 5, 5-1, 5-2, 5-3 және 5-4-тармақтарында көрсетілген Еуразиялық экономикалық одақтың аумағына әкелінетін тауарларды (мүгедектерге берілетін қозғалыс құралдарының импортын қоспағанда):
1) көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензияларға немесе медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме саудада өткізуге арналған хабарламаның қабылданғаны туралы талонға сәйкес Қазақстан Республикасында медициналық немесе фармацевтикалық қызметті жүзеге асыру үшін денсаулық сақтау субъектілері;
2) ветеринариялық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияларға (тек ветеринария саласындағы лицензияланатын қызмет түрлері үшін) сәйкес, ал лицензиялауға жатпайтын ветеринария саласындағы қызмет түрлері үшін заңды тұлғаның жарғысына немесе есептік нөмір беру туралы растамаға немесе ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаға сәйкес Қазақстан Республикасында ветеринариялық қызметті жүзеге асыру үшін жеке немесе заңды тұлғалар пайдаланады.
Импорттаушы көрсетілген тауарларды (мүгедектерге берілетін арнаулы жүріп-тұру құралдарын қоспағанда) Қазақстан Республикасындағы медициналық, фармацевтикалық немесе ветеринариялық қызметке сәйкес келмейтін мақсаттарда пайдаланған жағдайда, мұндай тауарларды кедендік тазарту кезінде төленбеген қосылған құн салығы салық заңнамасына, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың немесе Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес бюджетке төленуі тиіс.
ҚР Үкіметінің 2010.19.08. № 824 Қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Кеден баждары мен салықтарын төлеуден босатуды көздейтін кеден рәсімдері шеңберінде тауарлардың импорты бойынша қосылған қүн салығынан босату Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
10. Кодекстің 255-бабының 1-тармағының 1), 2), 5) және 8) тармақшаларында айқындалған тауарлар импорты бойынша қосылған құн салығынан босату Кодекске сәйкес тікелей қолданылады.
ҚР Үкіметінің 2010.19.08. № 824 Қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.05.06. № 574 Қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Тауарлар импортын қосылған
құн салығынан босату ережесіне 1-қосымша
Кедендік бақылау (кеден)
департаментінің бастығы
________________________
Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін ізгілік көмекті
нысаналы пайдалану туралы міндеттеме
Мен,
________________________________________________________________________________________________________
(жүк алушының атауы, ЖСН/БСН, мекенжайы, банк деректемелері не болмаса Т.А.Ә. және паспорттық деректері)
тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы № (№) өтінішке
сәйкес _________________________________________________________________________________________________
(тауар атауы)
_______________________________________________________________________________________________________
ізгілік көмек ретінде әкелдім.
Осыған байланысты көрсетілген тауарларды халықтың өмірі мен тұрмыс жағдайларын жақсарту, сондай-ақ әскери, экологиялық, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою үшін ғана пайдалануға және коммерциялық пайда алу үшін пайдаланбауға міндеттенемін.
Көрсетілген тауарларды өзге мақсаттарға пайдалану Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының және Кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес ____________ теңге мөлшерінде осындай тауарларды әкелу кезінде төленбеген қосылған құн салығын және олардан алынатын өсімпұлдарды төлеуге міндеттенемін.
Қолы __________/____________/ Күні 20__ жылғы «___»
(Т.А.Ә.)
ҚР Үкіметінің 2010.19.08. № 824 Қаулысымен 2-қосымша өзгертілді (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-қосымша ҚР Үкіметінің 2012.24.12. № 1668 Қаулысымен алып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2010.19.08. № 824 Қаулысымен 3-қосымша өзгертілді (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.05.06. № 574 Қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Тауарлар импортын қосылған құн салығынан
босату ережесіне 3-қосымша
Кедендік бақылау (кеден)
департаментінің бастығы
________________________
Ақша белгілерін шығаруға арналған шикізатты нысаналы пайдалану туралы міндеттеме
Мен,
________________________________________________________________________________________________________
(жүк алушының атауы, /ЖСН/БСН/, мекенжайы, банк деректемелері не болмаса Т.А.Ә. және паспорттық деректері)
тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы № (№) өтінішке
сәйкес _________________________________________________________________________________________________
(тауар атауы)
___________________________________________________________________________________________________ ақша
белгілерін шығару үшін шикізат ретінде әкелдім.
Осыған байланысты көрсетілген тауарларды олардың нысаналы мақсатына сәйкес қатаң пайдалануға міндеттенемін. Көрсетілген тауарларды өзге мақсаттарға пайдалану үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының және Кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес ________ теңге мөлшерінде осындай тауарларды әкелу кезінде төленбеген қосылған құн салығын және олардан алынатын өсімпұлдарды төлеуге міндеттенемін.
Қолы __________/____________/ Күні 20__ жылғы «___»
(Т.А.Ә.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1229
қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесі
1. «Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларды қосылған құн салығынан босату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 84 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 4, 24-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 84 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 қыркүйектегі № 1071 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 32, 349-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 наурыздағы № 378 және 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 84 қаулыларына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 қазандағы № 1135 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы.
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 84 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 ақпандағы № 183 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 8, 91-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 наурыздағы № 378 және 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 84 қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 сәуірдегі № 488 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 19, 248-құжат).
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 наурыздағы № 378 және 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 84 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 желтоқсандағы № 1258 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 48, 604-құжат).
7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 наурыздағы № 378 және 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 84 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 желтоқсандағы № 1271 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 48, 609-құжат).
8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 наурыздағы № 378 және 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 84 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 606 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 310-құжат).