Мемлекеттік кіріс органының банктік шоттар және касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiмiнің күшін осындай өкiмдерді шығарған мемлекеттік кіріс органы банктік шоттар және касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрудың себептерi жойылған күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей жояды.»;
4) 23-1-баптың 2-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін қосымша:
дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
мемлекеттік кіріс органдары берген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салыстыру актісі қоса беріледі.».
48. «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 14, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 8, 44-құжат; № 14, 84-құжат):
6-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдарына жүктеледі.».
49. «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 25-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат):
1) 6-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Көлік құралдары иелерінің осы Заңда белгіленген көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттерді орындауын мемлекеттік бақылауды Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.»;
2) 18-1-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) өтiнiш берушiнi мемлекеттік кіріс органында есепке қою туралы куәлiктiң көшiрмесi;».
50. «Автомобиль көлiгi туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 134-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 87-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 19-4-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде автокөлік құралдарының жүріп өтуін көліктік бақылауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.»;
2) 19-7-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы баптың бірінші бөлігінің 1), 2), 8), 9), 11), 15), 20) және 21) тармақшаларында көзделгендерді қоспағанда, Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде бақылау функцияларын Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.»;
3) 19-11-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Арнайы рұқсатты қозғалыс маршруты белгіленгеннен және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мөлшерлемелер бойынша Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым сомасы төленгеннен кейін уәкілетті орган немесе мемлекеттік кіріс органдары береді.».
51. «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 174-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; № 16, 102-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 79, 82-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 8, 50-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 11-құжат; № 11, 65-құжат):
11-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы баптың 2-тармағында айқындалған уәкілетті органдар мемлекеттік кіріс органдарына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және облыстық маңызы бар қалаларда сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерін орналастыруға берілген рұқсат құжаттары туралы мәлiметтердi ұсынуға мiндеттi.».
52. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 21-құжат; № 12, 85-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
15-1-баптың 6-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) тендерлік өтінімдерді берген күнге, үш айдан аспайтын мерзімде салық берешегінің жоқтығы туралы мемлекеттік кіріс органының анықтамасын ұсынған әлеуетті инвесторлар қатысады.».
53. «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 5, 3-құжат; № 13, 53-құжат, 2010 ж., № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 17, 136-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2014 ж., № 8, 49-құжат; № 14, 84-құжат):
7-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер органдары және экономикалық тергеу қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органдардың қарауына жатқызылған қылмыстарды анықтайды, жолын кеседi, ашады және тергейдi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Экономикалық тергеу қызметі экстремизмді қаржыландыру көздерінің, арналары мен тәсілдерінің алдын алуды, анықтауды, жолын кесуді жүзеге асырады.».
54. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 11, 38-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат):
1) 12-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Осы бап талаптарының орындалуын және валюталық қаражаттың қайтарылмауының негізділігін бақылауды мемлекеттік кіріс органдарымен және құқық қорғау органдарымен бірлесіп, оның ішінде өзара ақпарат алмасу жолымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.»;
2) 18-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жеке тұлғаның жалпы сомасы он мың АҚШ доллары баламасынан асатын қолма-қол шетел валютасын және (немесе) қолма-қол ұлттық валютасын (бағалы металдардан жасалған монеталарды қоспағанда) және жол чектерін Қазақстан Республикасына әкелуі немесе Қазақстан Республикасынан әкетуі, Кеден одағының кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтан немесе аумаққа әкелінетін немесе әкетілетін жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органында мiндеттi түрде кедендік декларациялануға жатады.
Кедендік декларациялау өткізілетін қолма-қол ақшаның және жол чектерінің шығу тегі және мақсаты туралы мәліметтер көрсетіле отырып, әкелінетін немесе әкетілетін қолма-қол шетел валютасының, қолма-қол ұлттық валютаның және жол чектерінің бүкіл сомасына жазбаша нысанда кедендік декларация беру арқылы жүзеге асырылады.
4. Жеке тұлғаның ұсынушыға арналған құжаттандырылған бағалы қағаздарды, вексельдерді, чектерді (жол чектерінен басқа) Қазақстан Республикасына әкелуі немесе Қазақстан Республикасынан әкетуі, Кеден одағының кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтан немесе аумаққа әкелінетін немесе әкетілетін жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органында мiндеттi түрде кедендік декларациялануға жатады.».
55. «Жеке кәсiпкерлiк туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 17, 136-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 60-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 18, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 11-12, 54-құжат; № 15-16, 74, 77-құжаттар; № 17, 82-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
27-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Заңды тұлға құрмай жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыратын жеке тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу кезiнде мәлiмделген орналасқан жерi бойынша мемлекеттік кіріс органында (бұдан әрi - тiркеуші орган) дара кәсiпкер ретiнде есепке қою болып табылады.»;
4-1-тармақтың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік кіріс органы, егер:».
56. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 9-10, 47-құжат; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 17, 79, 81, 82-құжаттар; № 18, 84, 85-құжаттар; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21, 26-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 25-құжат; № 12, 84-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 9, 51-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
42-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) өтiнiш берушiнiң мемлекеттік кіріс органында есепке тұрғаны туралы куәлiктiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқа берiлмеген жағдайда нотариат куәландырған) көшiрмесi;».
57. «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 3, 19-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 101-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
9-баптың 8-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мыналар:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 197-бабының 5-тармағына сәйкес салық агенттері болып табылатын;
шет мемлекеттің Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктері болып табылатын;
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 191-бабының 8-тармағына сәйкес тұрақты мекеме ретінде қаралатын тәуелді агенті арқылы қызметін жүзеге асыратын;
филиал, өкілдік ашпай тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын;
Қазақстан Республикасында салық салу объектілерін иеленуші;
резидент-банктерде ағымдағы шоттар ашатын резидент емес заңды тұлғаларды салық төлеушілер ретінде мемлекеттік кіріс органында тіркеу кезінде жүзеге асырылады.».
58. «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 128-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат):
9-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мемлекеттік кіріс органының сұратуы бойынша бір ай мерзімде арнайы экономикалық аймақ аумағына әкелінген тауарлар мен жабдықтардың құрылыс процесінде пайдаланылу фактісін растайтын құжаттарды береді;».
59. «Экспорттық бақылау туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 132-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
9-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Өнімнің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілуіне бақылау жасауды мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.».
60. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 18, 142-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 8, 41-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 95-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 11, 61-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
17-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жылжымайтын мүліктің нақты объектісі жөніндегі ақпарат және жеке немесе заңды тұлғаның өзінде бар жылжымайтын мүлiк объектiлерiне құқықтары туралы жинақталған деректер, сондай-ақ мүлікті иеліктен шығару жөніндегі құжаттардың тiркеушi орган куәландырған көшірмелері құқық иесiнiң (уәкiлеттi өкiлдiң) сұрау салуы бойынша, iс жүргiзiлiп жатқан қылмыстық, азаматтық, әкiмшiлiк iстер бойынша адвокаттардың, құқық қорғау, сот органдарының, iс жүргiзiлiп жатқан атқарушылық құжаттар бойынша сот орындаушыларының, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өз құзыретіне сәйкес мемлекеттік кіріс органының және басқа да мемлекеттік органдардың, нотариустардың, мұрагерлердiң, тексеру жүргізу шеңберінде оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органның, оңалту және банкроттық рәсімдерін жүргізу шеңберінде уақытша, банкроттықты және оңалтуды басқарушылардың, мәжбүрлі түрде таратылатын заңды тұлғаның тарату комиссиясының (таратушының), қамқоршылық және қорғаншылық органдардың уәжді сұрау салулары бойынша берiледi.».
61. «Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 15-16, 65-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 11, 80-құжат; 2013 ж., № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 2-бапта:
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«17) мәмілелер мониторингі бойынша есептілік - трансферттік бағаларды қолдана отырып есепті кезең ішінде жасалған мәмілені қоса алғанда, уәкілетті орган бекітетін тәртіп пен нысанға сәйкес мәмілеге қатысушы жыл сайын мемлекеттік кіріс органдарына ұсынатын мәмілелер бойынша деректер;»;
29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«29) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органы;»;
2) 7-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы баптың бірінші бөлігінің 1), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген ақпарат осы Заңмен реттелетiн мәмiлелерді жасау кезінде мәмiле бағасының нарықтық бағадан ауытқу шамасына әсер ететiн осындай шарттар мен деректер болған жағдайда мемлекеттік кіріс органдарына берiледi.»;
3) 9-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асыратын тексеруді және мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарын жүргізу тәртібі мен мерзімдерінің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының салық заңнамасында және Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалады.»;
4) 10-баптың 8-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармаққа сәйкес салық салу объектілеріне және (немесе) салық салумен байланысты объектілерге жасалатын түзету әрбір мәміле бойынша жеке-жеке, осы баптың 9-тармағында көзделген шарттарды сақтап, тиісті есептер қоса беріле отырып, мемлекеттік кіріс органдарына табыс етілетін тиісті салық есептілігінде көрсетілуге тиіс.»;
5) 13-баптың 8-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) шағым жасалған салық кезеңіне - салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) шағым берудің қалпына келтірілген мерзімі ескеріле отырып, хабарлама бойынша шағымды қарау нәтижелері жөніндегі жоғары тұрған мемлекеттік кіріс органы шығарған шешімге шағымды беру және қарау мерзімі кезеңінде жол берілмейді.»;
6) 14-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қызметтің осы саласы үшін рентабельділік Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика органдары, мемлекеттік кіріс органдары деректерінің және басқа да ақпарат көздерінің негізінде айқындалады.».
62. «Бәсекелестiк туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 24, 125-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 14, 84-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 39-баптың 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«18) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, оның ішінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органнан, мемлекеттік кіріс органдарынан, нарық субъектілерінен, сондай-ақ лауазымды және өзге де жеке және заңды тұлғалардан осы Заңда көзделген өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді сұратады және алады;»;
2) 47-баптың 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Нарық субъектілері, олардың бірлестіктері мен басшылары, мемлекеттік органдар, оның ішінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган, мемлекеттік кіріс органдары, олардың лауазымды адамдары монополияға қарсы органның осы Заңда көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыруы үшін қажетті анық құжаттарды, жазбаша және ауызша түсіндірмелерді және өзге де ақпаратты, оның ішінде коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты монополияға қарсы органның талап етуі бойынша беруге міндетті.».
63. «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 19, 87-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат):
1) 13-баптың 1-1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын, бағалы қағаздарды ұстаушылар тіркелімдерінің жүйесіндегі және жеке шоттар бойынша номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді тіркеуді, сондай-ақ осы Заңның 12-бабының 1-тармағында көзделген, терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген ұйымдар мен жеке тұлғалардың ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен өзге де операцияларын қаржы мониторингі субъектілері сот шешімі, мемлекеттік кіріс органдарының инкассолық өкімдері, мемлекеттік кіріс органының иелік ету шектелген мүліктен өндіріп алу туралы қаулылары негізінде, сондай-ақ ұйым немесе жеке тұлға осы Заңда көзделген тәртіппен жоғарыда көрсетілген тізбеден шығарылғаннан кейін жүзеге асыруы мүмкін.»;