69-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) кредиторлардың, салық органдарының талаптары, оның ішінде даусыз (акцептсіз) тәртіппен қанағаттандыруға жататын талаптары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банктік шоттарынан ақша өндіріп алуға, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкіне аударуға жол берілмейді;».
37. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 1, 8-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 10, 56-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 17, 136-құжат; № 23, 179-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 64-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 11, 63, 67-құжаттар):
41-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Коммерциялық емес ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасына және коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарына сәйкес мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға және мемлекеттік кіріс органдарына, құрылтайшыларға және өзге де тұлғаларға өз қызметi туралы ақпарат бередi.
Шет мемлекеттер, халықаралық және шетелдiк ұйымдар, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар өтеусiз негiзде беретін қаражат есебiнен қызметін жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдарына осы қаражатты пайдалануы туралы есептi ұсынады.».
38. «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 2, 12-құжат; № 15-16, 232-құжат; 2003 ж., № 19-20, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат, № 20, 89-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат, 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 12-3-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Астық экспорттаушы астықты Кеден одағының кедендік шекарасы және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізген кезде мемлекеттік астық ресурстарына астық беру жөніндегі міндеттемелерді орындағаны туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдарына уәкілетті органның растауын табыс етуге міндетті.»;
2) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«22-бап. Астық қабылдау кәсiпорны қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерiн жариялау
Астық қабылдау кәсiпорындары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нысан бойынша жылдық балансты және пайда мен залал туралы есептi, олардың мемлекеттік кіріс органдарына тапсырылатын мерзiмi келгеннен кейiн күнтiзбелiк бiр ай iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.».
39. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
21-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Уәкiлеттi органдар мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен, мемлекеттік кіріс органдарымен, ішкі істер органдарымен және республикалық және өңірлік деңгейдегi басқа да мүдделi мемлекеттік органдармен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әр тараптың өз функцияларын орындауы үшiн қажет болатын есептi құжаттамамен және мәлiметтермен өтеусiз негiзде алмасады.».
40. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 25-3-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиялары жұмыстарының жылдық жоспары облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен, оның ішінде олардың әкімшілік-аумақтық бірлігінде есепті жылдағы сыртқы бақылауды жүзеге асыру үшін тиісті облыстың құрамына кіретін аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың бюджеттерінен қаржыландырылатын бақылау объектілерін, сондай-ақ жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз ететін мемлекеттік кіріс органдарын қамтуға тиіс.»;
2) 27-баптың 1-тармағының 22-4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«22-4) салық төлеушіні тіркеу есебіне алу орны бойынша мемлекеттік кіріс органының облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетіне толық көлемде түсетін салықтарды төлеу жөніндегі салықтық міндеттемелерді орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімдерін келіседі;»;
3) 31-баптың 1-тармағының 21) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«21) салық төлеушіні тіркеу есебіне алу орны бойынша мемлекеттік кіріс органының аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетке толық көлемде түсетін салықтарды төлеу жөніндегі салықтық міндеттемелерді орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімдерін келіседі;».
41. «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 246-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 15, 125-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
9-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жол қызметі, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін, жол полициясы, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, кедендік, шекаралық, көліктік бақылау бекеттерін, ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау бекеттерін қоспағанда, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары бойынан бөлiнген белдеу шегінде ғимараттар мен құрылыстар салуға, сондай-ақ инженерлік коммуникациялар төсеуге тыйым салынады.».
42. «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 87-құжат; № 14, 89-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 12, 82-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 17-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік кіріс органдары, шекара, ветеринария, фитосанитария органдары және басқа да органдар теміржол станциясы аумағындағы өз қызметтерiн теміржол станциясының жұмыс режимiнде жүзеге асырады.»;
2) 37-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кедендiк бақылаудағы жүктiң барар жерiн өзгерту тиiстi мемлекеттік кіріс органының келісімi болған кезде жүргiзiледi.
Кедендiк бақылаудағы жүктi тасымалдау адамдардың денсаулығы мен өміріне, жүру қауiпсiздiгiне, экологиялық қауіпсiздiкке, жүктiң сақталуы мен сапалық жай-күйiне қатер төндiрген жағдайда, жүктiң барар жерiн өзгерту мемлекеттік кіріс органдарын белгiленген мерзiмде мiндеттi түрде хабардар ете отырып, олардың келісімiнсiз жүзеге асырылады.»;
3) 41-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Кедендiк тексерiп қарау мақсатында орналасуы мемлекеттік кіріс органдарымен келісілген кiрме жолдарда жүктердi, жүк-багажды вагондарға, контейнерлерге тиеудi, сондай-ақ олардан түсiрудi тасымалдау процесiне қатысушылар жүзеге асыруы мүмкiн.
Тасымалдау процесiне қатысушылардың тауарларды тиеуге (түcipугe), зақымдалған буманы жөндеуге, буманы ашуға, буып-түюге немесе қайта буып-түюге, сондай-ақ вагондарды, контейнерлердi беруге және алып кетуге, санитариялық паспорттар беруге, жүктердi, контейнерлердi сақтауға байланысты шығыстары және мемлекеттік кіріс органдарының не өзге де мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының бастамасы немесе нұсқауы бойынша осы жұмыстарды орындауға байланысты туындаған басқа да шығыстары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленген мөлшерде жүк жөнелтушілер, жүк алушылар есебiнен өтеледi.»;
4) 43-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жүк жөнелтушi жүктi тасымалдауға ұсынған кезде тасымалдаушыға әрбір жөнелтілім үшiн теміржол көлiгi жүкқұжатын, ал Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қажеттi жағдайларда өзге де құжаттарды (сертификатты, лицензияны, ветеринариялық сертификатты, кедендiк декларацияларды) беруге мiндеттi.
Кедендік декларация электрондық құжат түрінде ресімделген жағдайда, мемлекеттік кіріс органы тасымалдаушыға мемлекеттік кіріс органдарының ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып, тауарларды шығару туралы электрондық хабарламаны жібереді.»;
5) 46-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Вагондар, контейнерлер кедендiк жете тексеру үшiн ашылған жағдайда, оларды жаңа бекіту-пломбалау құрылғыларымен пломбалауды мемлекеттік кіріс органдары тасымалдау қағидаларына сәйкес қолдануға рұқсат етiлген бекіту-пломбалау құрылғыларының түрлерiмен жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік кіріс органдары салған бекіту-пломбалау құрылғылары жүк жөнелтушi мен тасымалдаушының бекіту-пломбалау құрылғыларына теңестiрiледi.»;
6) 55-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тасымалдаушы жүк жөнелтушiнi немесе экспедиторды олардың кiнәсiнен жүктi тасымалдауға кедергiлер туындағаны (мемлекеттік кіріс органдарының және өзге де мемлекеттік органдардың кiдiртуi) және мұндай жүктi одан әрi тасымалдау үшiн басқа тасымалдаушыларға тапсыру мүмкiн еместiгi туралы дереу телеграф арқылы немесе өзге де тәсiлмен жүк жөнелтушінi немесе экспедиторды жасалған шартқа сәйкес хабардар етуге мiндеттi.
Жүк жөнелтушi, сондай-ақ экспедитор, егер шартта оған осындай мiндеттемелер жүктелген болса, жүк тасымалдауға кедергiлердi жою жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.»;
7) 70-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың 1-тармағында аталған сақтаудың шектi мерзiмi аяқталғаннан кейін, тасымалдаушы багаж бен жүк-багажды уәкiлеттi мемлекеттік органдардың (мемлекеттік кіріс органдарының және өзге де мемлекеттік органдардың) билiгiне бередi. Осы кезден бастап жолаушы, жөнелтушi, алушы оларға багаждың, жүк-багаждың құнын өтеу немесе оларды алу мәселелерi бойынша өтiнiш жасауға құқылы.»;
8) 79-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жүк жөнелтушi, жүк алушы, экспедитор Қазақстан Республикасы заңнамасының тауарлар экспортына, импортына, транзитiне арналған құжаттарды ресiмдеу жөніндегі талаптарын мемлекеттік кіріс органдарының, шекаралық немесе басқа да түрдегі бақылау органдарының вагондар мен контейнерлердi кiдiртiп қоюына әкеп соғатындай етіп бұзғаны үшін тасымалдаушының пайдасына вагондарды, контейнерлердi пайдалану ақысы мөлшерiнде айыппұл алынады.».
43. «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 2, 16-құжат; 2004 ж., № 20, 116-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 11, 36-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 33-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Теңіз портының иесі тиісті мемлекеттік органдардың (көлік, шекара, санитариялық-карантиндік, фитосанитариялық, мемлекеттік кіріс органдарының және басқаларының) лауазымды адамдарының бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруы үшін олардың теңіз портына келетін кемелерге кіруін қамтамасыз етуге міндетті.»;
2) 39-баптың 2-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) мемлекеттік органдардың (шекара, санитариялық-карантиндiк, фитосанитариялық, ветеринариялық, мемлекеттік кіріс органдарының және басқаларының) теңiз порты аумағында орналасатын жерiн белгiлеудi;»;
3) 42-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) тиісті мемлекеттік органдардың (шекара, санитариялық-карантиндік, фитосанитариялық, мемлекеттік кіріс органдарының және басқаларының) нұсқамасы болғанда;».
44. «Саяси партиялар туралы» 2002 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 16, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2009 ж., № 2-3, 6-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 21-22, 124-құжат):
1) 12-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары;»;
2) 15-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мемлекеттік кіріс органдарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмдер мен көлемде өзiнiң қаржылық қызметi туралы есепті табыс етуге мiндеттi.».
45. «Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 1-2, 4-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 6, 46-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат):
1) 17-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы баптың 2-тармағына сәйкес қабылданған шешім туралы хабарламаны уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік кіріс органына жібереді.»;
2) 19-баптың бірінші бөлігінің 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ екендiгi туралы тiркеу орны бойынша мемлекеттік кіріс органының анықтамасы болған кезде қабылданады және тiркеледi.»;
3) 21-1-баптың 8-тармағының 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тиiстi шаралар қолдану үшiн мемлекеттік кіріс органдарына және қажет болған кезде өзге де мемлекеттiк органдарға;
2) оларға сәйкес мемлекеттiк заттай грант берiлген инвестициялық келiсiмшарттар бойынша мемлекеттік кіріс органдарына, мемлекеттiк мүлiктi және (немесе) жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органдарға, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдарға жiберiледi.».
46. «Пошта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 17-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 16, 99-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 5, 35-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат; № 14, 87-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1-баптың 52) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«52) халықаралық пошта алмасу орны - халықаралық кіріс және шығыс пошта жөнелтілімдерін өңдеу жүзеге асырылатын, сондай-ақ мемлекеттік кіріс органдары көрсетілген жөнелтілімдерге кедендік бақылау жүргізетін, пошта операторының өндірістік объектісі;».
47. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 9-10, 50-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1, 4-құжаттар; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 10-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жеке сәйкестендiру нөмiрi негiзiнде әлеуметтiк аударымдар мен әлеуметтiк төлемдердiң есебiн жүзеге асыруға және аптасына бiр рет мемлекеттік кіріс органдарымен бiрге әлеуметтiк аударымдардың түсiмін салыстыруды жүргiзуге;»;
2) 13-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) есептелген және аударылған әлеуметтiк аударымдар бойынша мемлекеттік кіріс органдарына есеп-қисап беруге мiндеттi.»;
3) 17-баптың 1, 2 және 2-1-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Уақтылы аударылмаған әлеуметтiк аударымдар сомаларын мемлекеттік кіріс органдары өндiрiп алады немесе оларды төлеушi мерзiмi өткен әр күн үшiн (Қорға төлеген күндi қоса) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың 2,5 еселенген ресми мөлшерлемесі мөлшерiнде есептелген өсiмпұлмен қоса Қордың шотына аударуға тиiс.
2. Әлеуметтiк аударымдар толық және (немесе) уақтылы аударылмаған жағдайда, мемлекеттік кіріс органдары жиналып қалған берешек шегіндегі ақшаны төлеушiнiң банктік шоттарынан өндiрiп алуға құқылы.
Әлеуметтiк аударымдар бойынша берешектi өндiрiп алу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен төлеушiге хабарлама жiберiле отырып, мемлекеттік кіріс органының инкассолық өкімі негiзiнде жүргiзiледi.
Егер әлеуметтік аударымдар бойынша берешек республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сомадан аспайтын болса, мұндай хабарлама жіберілмейді.
Төлеушi әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлетiн мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген мерзiмдерде мемлекеттік кіріс органына табыс етуге мiндеттi.
Клиентке қойылатын талаптардың бәрiн қанағаттандыру үшiн банктік шоттарда ақша болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайда банк клиенттiң ақшасын алып қоюды Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген кезектiлiк тәртібімен жүргiзедi.
Төлеушінің банктік шоттарында ұлттық валютада ақша болмаған жағдайда әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өндіріп алу мемлекеттік кіріс органдары ұлттық валютада қойған инкассолық өкімдер негізінде төлеушінің банктік шоттарынан шетел валютасында жүргізіледі.
2-1. Осы баптың 2-тармағында көзделген хабарламаны берген күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі бар төлеуші міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін ұсынбаған жағдайда, мемлекеттік кіріс органы төлеушінің банктік шоттар және касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
Мемлекеттік кіріс органдарының өкiмi бойынша банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар төлеушiлердiң банктік шоттарындағы барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мiндеттi әлеуметтік аударымдарды, зейнетақы жарналары мен салық берешегiн аударуға қатысты нұсқауларды орындауға мiндеттi.