Поиск 
<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Сохранить(документ)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Справка документа
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Русский
Казахский и русский
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

«Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі № 296-III Заңы (2025.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасының
Заңы
 
Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы

(2025.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

  • Показать изменения

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Қазақстан Республикасының астанасы

2-бап. Астананың мәртебесі туралы заңнама

3-бап. Астананың рәміздері

4-бап. Қаланың атақтары және ынталандырымдары

5-бап. Астананың аумағы және қала маңы аймағы

  • Показать изменения

6-бап. Алып тасталды

  • Показать изменения

2-тарау. Астанадағы жергілікті мемлекеттік басқарудың ерекшеліктері

7-бап. Астананың жергілікті мемлекеттік басқару органдарының міндеттері

8-бап. Астана мәслихатының өкілеттіктері

9-бап. Астананың жергілікті атқарушы органының өкілеттігі

9-1-бап. Астананың әлеуметтік-экономикалық дамуына, іскерлік туризмді дамытуға, сондай-ақ астананы халықаралық көрмеге даярлауға жәрдемдесетін ұйым

10-бап. Астананың әкімі

11-бап. Астананың коммуналдық меншігі

12-бап. Астанадағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

13-бап. Астананың инфрақұрылымы

  • Показать изменения

13-1-бап. Алып тасталды

  • Показать изменения

3-тарау. Астана жер қатынастарын құқықтық реттеудің ерекшеліктері

  • Показать изменения

14-бап. Мемлекет мұқтаждары үшін жер учаскелерін алып қою ерекшеліктері

15-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

 

 

Осы Заң Қазақстан Республикасы астанасының жұмыс істеуі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, оның қызметінің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін айқындайды.

 

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1-тарау. Жалпы ережелер

 

 

1-бап. Қазақстан Республикасының  станасы

2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1. Астана Қазақстан Республикасының Конституциясында айқындалған.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

  • Показать изменения

2. Қазақстан Республикасының астанасы (бұдан әрі - астана):

 1) мемлекеттің саяси және әкімшілік орталығы;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақорда» Резиденциясында сақталатын Қазақстан Республикасы Конституциясы мәтінінің түпнұсқасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен Мемлекеттік елтаңбасының эталондары орналасқан жер болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Астанада Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақорда» Резиденциясы, Қазақстан Республикасының Парламенті, Үкіметі, Жоғарғы Соты және өзге де орталық мемлекеттік органдары орналасқан.

Жекелеген орталық мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының астанасынан тыс жерде орналасуы мүмкін.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2-бап. Астананың мәртебесі туралы заңнама

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Астананың мәртебесі туралы заңнама Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта, осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3-бап. Астананың рәміздері

Астананың өз рәміздері: елтаңбасы, туы және гимні бар.

Рәміздердің сипаттамасын және оларды пайдалану тәртібін астананың мәслихаты айқындайды.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4-бап. Қаланың атақтары және ынталандырымдары

2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

  • Показать изменения

1. Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға астананың экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымы мен мәдениетін дамытудағы ерекше еңбегі үшін астана әкімінің ұсынуы бойынша мәслихат «Астана қаласының құрметті азаматы» атағын беруі мүмкін.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Астананың жергілікті өкілді органы (мәслихаты) мен жергілікті атқарушы органы (әкімдігі) ынталандырудың өзге де түрлерін белгілеуге және қолдануға құқылы.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5-бап. Астананың аумағы және қала маңы аймағы

2017.03.07. № 86-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1. Астананың аумағын жергілікті өкілді және атқарушы органдардың пікірін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін және өзгертетін, астананың әкімшілік-аумақтық бірліктерінің шекарасындағы жер, су объектілері құрайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Қаламен біртұтас әлеуметтік, табиғи және шаруашылық аумақты құрайтын қала шегінен тыс жерлер астананың қала маңы аймағын құрайды, оның көлемі мен шекарасын астананың мәслихаты мен әкімдігінің және аумағы қала маңы аймағына қосылған облыс мәслихаты мен әкімдігінің бірлескен ұсыныстары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді және өзгертеді.

Қала маңы аймағына қосылған жерлерді пайдаланудың тәртібі мен режимін астананың мәслихаты мен әкімдігінің аумағы қала маңы аймағына қосылған облыс мәслихатымен және әкімдігімен келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

6-бап. 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2-тарау. Астанадағы жергілікті мемлекеттік басқарудың ерекшеліктері

 

7-бап. Астананың жергілікті мемлекеттік басқару органдарының міндеттері

Астананың жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қаланың Қазақстан Республикасының астанасы функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз етуі жөніндегі міндеттері:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) астананың Қазақстан Республикасының саяси, әкімшілік, мәдени және экономикалық орталығының рөлін орындауы үшін жағдай жасау;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) астананың әлемдегі басқа астаналар арасындағы бәсекелестік мүмкіндіктерін арттыру, орнықты дамыған қаланы құру;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) астананы халықаралық қатынастар орталығы ретінде дамыту;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4) Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламенттің, Үкіметтің, Жоғарғы Соттың, өзге де орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің қызметін жүзеге асыру үшін жағдай жасау;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5) жалпымемлекеттік және халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу үшін жағдай жасау;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыруы болып табылады.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8-бап. Астана мәслихатының өкілеттіктері

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктермен қатар, астананың мәслихаты өз құзыреті шегінде:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа мемлекеттердің жергілікті өкілді органдарымен халықаралық байланыстар орнатады;

  • Показать изменения

2) 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді

3) мыналарды:

  • Показать изменения

астананы дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының жоспарларын, астананың бюджетін және оның орындалуы туралы есептерді;

  • Показать изменения

астана аумағындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын;

  • Показать изменения

мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетудің мөлшері мен тәртібін;

астананың бас жоспарын іске асыру үшін әзірленетін астана аумағының қала құрылысын игеру схемаларын;

  • Показать изменения

астана аумағының қала құрылысы регламентін бекітеді;

2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды; 2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

4) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шарттардың жобаларын келіседі.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

9-бап. Астананың жергілікті атқарушы органының өкілеттігі

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктермен қатар, астананың жергілікті атқарушы органы өз құзыреті шегінде:

  • Показать изменения

1) коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілмеген коммуналдық мүліктің тізбесін бекітеді, республикалық меншікке жатқызылған заңды тұлғаларды қоспағанда, астана аумағында тіркелген акционерлік қоғамдар акцияларының және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қатысу үлестерінің мемлекеттік пакеттерін иеленуді, пайдалануды және оларға билік етуді жүзеге асырады;

2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2) астананың коммуналдық меншігін иеленуді, пайдалануды және оған билік етуді жүзеге асырады;

2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3) астананың коммуналдық меншігін жекешелендіру жөніндегі қатынастарды реттейтін қаулылар шығарады;

  • Показать изменения

4) - 6) 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

7) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес қарыз алуды жүзеге асырады;

8) астананың аумағында және қала маңы аймағында қолданылатын мемлекеттік сәулет, қала құрылысы және құрылыс саясатын әзірлеуге қатысады;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген астананы дамыту мен салудың бас жоспарын, астананың қала маңы аймағына жатқызылған іргелес аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын) іске асыру жөніндегі субъектілердің қызметін үйлестіреді;

10) астана және қала маңы аймағы аумақтарын дамыту мен салудың бас жоспарының жобасын әзірлеуді ұйымдастырады;

  • Показать изменения

11) 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

12) астананың қала құрылысы кеңесі үшін алдын ала қорытындылардың материалдарын дайындайды;

13) реконструкциялау объектілерін жобалау, салу және пайдалануға беру мерзіміне бақылау жасауды жүзеге асырады;

  • Показать изменения

14) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

15) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетудің мөлшері мен тәртібін әзірлейді;

16) астанада еңбек мәселелерін үйлестіреді және халықты жұмыспен қамту саясатының іске асырылуын қамтамасыз етеді;

17) астананы дамыту мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

18) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен астанада жалпымемлекеттік және халықаралық іс-шараларды өткізу үшін жағдайлар жасайды;

2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды; 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 18-1) тармақша өзгертілді

  • Показать изменения

18-1) қызметінің негізгі нысанасы - астананың әлеуметтік-экономикалық дамуына, іскерлік туризмнің дамуына жәрдемдесу, сондай-ақ астана халықаралық көрмеге даярлау болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаны айқындайды;

19) жылумен, энергиямен, сумен, газбен жабдықтау жүйесінің, кәріздің және су қашыртудың, жол қызметінің, астаналық көлік пен байланыстың барлық түрлерінің, абаттандырудың, көгалдандырудың, қаланы санитарлық тазартудың, сондай-ақ тұрғын үй қорын инженерлік қамтамасыз етудің, пайдалану мен жөндеудің тиімді жұмыс істеуі саласындағы қызметті үйлестіреді;

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 19-1), 19-2) 19-3) 19-4) және 19-5) тармақшалармен толықтырылды

  • Показать изменения

19-1) астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, жөндеуге жататын көп пәтерлі тұрғын үйлердің тізбесін айқындайды;

19-2) жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша құрылған, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғалардың арасынан астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуді ұйымдастыратын уәкілетті ұйымды айқындайды;

19-3) астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, астананың көп пәтерлі тұрғын үйлерін жөндеуді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекітеді;

19-4) астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге байланысты үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне шығыстарды өтеу қағидаларын бекітеді;

19-5) астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге байланысты үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне шығыстарды уәкілетті ұйым арқылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен толық өтеуді жүзеге асырады;

2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 19-6), 19-7), 19-8), 19-9), 19-10), 19-11) және 19-12) тармақшалармен толықтырылды

  • Показать изменения

19-6) авариялық көппәтерлі тұрғын үйлерді бұзуды ұйымдастырады;

2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 19-7) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

19-7) «Тұрғын үй қатынастары туралы» және «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен пайдаланудағы көппәтерлі тұрғын үйлерге мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау (кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін айқындай отырып) жүргізуді, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінен тиісті өтініш келіп түскен жағдайда көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жиналысының шешімі негізінде көппәтерлі тұрғын үйге және үй жанындағы жер учаскесіне жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортын дайындауды және дайындау жөніндегі шығыстарды өтеуді қамтамасыз етеді;

19-8) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен, көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуді ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы;

19-9) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен, көппәтерлі тұрғын үйлердегі лифтілерді жөндеу мен ауыстыруды ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы;

2023.15.03. № 207-VІІ ҚР Заңымен 19-10) тармақша өзгертілді (2023 ж. 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

19-10) пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуге байланысты ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

19-11) елді мекендер шекараларының шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша тұрғын үй инспекциясының жұмысын ұйымдастырады;

19-12) елді мекендер шекараларының шегінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қадағалау субъектілеріне қатысты мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру бойынша тұрғын үй инспекциясының жұмысын ұйымдастырады;

2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 19-13) тармақшамен толықтырылды; 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 19-13) тармақша өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

19-13) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын астана тұрғындарының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйесінің қалалық операторын айқындайды;

2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен 19-14) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 4 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)

  • Показать изменения

19-14) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде астанаға бірыңғай сəулеттік келбет беруге бағытталған көппəтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды жəне қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы;

20) астана аумағында медициналық қызметтер көрсететін медициналық ұйымдардың қызметін үйлестіреді;

21) ішкі сауда және тұрмыстық қызмет көрсету объектілерін дамыту мен олардың жұмыс істеуі саласындағы саясатты іске асырады;

22) қалалық шаруашылық объектілерінің, қаланы абаттандыру мен дамыту элементтерінің біртұтастығы мен сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

  • Показать изменения

23) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

24) мүдделі мемлекеттік органдармен келісім бойынша транзиттік автомобиль көлігі қозғалысының схемалары мен тәртібін айқындайды;

25) ақылы автотұрақтар (автомобиль қоятын орындар) ұйымдастырады;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 26) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 26) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 26) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

26) мыналарды:

астана көшелерінің тізбесін;

  • Показать изменения

автотұрақтарды (автомобиль қоятын орындарды, паркингтерді) ұйымдастыру және олардың санаттарын айқындау қағидаларын;

  • Показать изменения

коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орындарды (паркингтерді) пайдалану қағидаларын;

көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша астанада автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын;

мүдделі орталық уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша жеке және заңды тұлғалардың астана аумағында сауда, ойын-сауық, қонақүй қызметтерін, медициналық және өзге де қызметтерді көрсету қағидаларын бекітеді;

2021.30.06. № 60-VII ҚР Заңымен 27) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

27) Қазақстан Республикасының Жер кодексінде және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жер учаскесін мемлекет мұқтаждығы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін және (немесе) өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды жүзеге асырады;

2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен 27-1) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

27-1) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қоюды, оларды үйлерден (құрылыстардан, ғимараттардан) босатуды қамтамасыз ету саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынды құру, қайта ұйымдастыру, тарату туралы шешім қабылдайды, сондай-ақ оның қызметін үйлестіреді;

  • Показать изменения

28) астана аумағында мақсатқа сай пайдаланылмайтын жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою туралы, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы сотқа талап-арыз береді.

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 29) тармақшамен толықтырылды; 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 29) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 29) тармақша өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

29) астананың әкімшілік-аумақтық шекарасы шегінде Есіл өзенінің кеме қатынасы учаскесінде су жолы жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді;

2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 30), 31), 32), 33), 34), 35) және 36) тармақшалармен толықтырылды

  • Показать изменения

30) астананың қоғамдық көлігінде қолданылатын тарифтік саясатты әзірлейді және бекітеді;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

31) астананың көліктік инфрақұрылымы объектілерін басқаруға беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

32) астананың көліктік инфрақұрылымы объектілерін басқару функцияларын жүзеге асыратын компанияны айқындайды;

33) астананың көліктік инфрақұрылымы объектілерін басқаруға беру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

34) Жол жүрісін басқарудың автоматтандырылған жүйелерін ендіру және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

35) Көліктік инфрақұрылымды басқару және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

36) 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 37) тармақшамен толықтырылды

37) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларына сәйкес астана аумағындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын әзірлейді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен 38) тармақшамен толықтырылды; 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 38) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 38) тармақша өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

38) астана аумағының қала құрылысы регламентін әзірлейді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен 39) тармақшамен толықтырылды

39) астананың және қала маңы аймағының аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтердің жобаларын (мемлекеттік нормативтік құжаттарды) келіседі;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен 40) тармақшамен толықтырылды

40) астананың бас жоспарын іске асыру үшін әзірленетін астана аумағының қала құрылысын игеру схемаларын әзірлейді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 41) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

41) арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компанияларының қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 42) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

42) жазғы алаңдарды, қоғамдық тамақтану объектілерін, қызметтер көрсету саласы объектілерін орнату қағидаларын әзірлейді және бекітеді.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен 9-1-баппен толықтырылды; 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-1-бап өзгертілді

  • Показать изменения

9-1-бап. Астананың әлеуметтік-экономикалық дамуына, іскерлік туризмді дамытуға, сондай-ақ астананы халықаралық көрмеге даярлауға жәрдемдесетін ұйым

  • Показать изменения

Астананың әлеуметтік-экономикалық дамуына, іскерлік туризмді дамытуға, сондай-ақ астананы халықаралық көрмеге даярлауға жәрдемдесетін ұйым:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1) астананың брендін ілгерілетуге бағытталған іс-шараларды өткізу жөнінде ұсыныстар әзірлеуді және оларды астана әкімдігінің қарауына енгізуді және осы іс-шараларды іске асыруды жүзеге асырады;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) астананың брендін ілгерілету бойынша астананың әкімдігіне қызметтер көрсетеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) инвестициялар тартуды және туристік дестинацияны дамыту шеңберінде жобаларды іске асыруды жүзеге асырады;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

4) жаңартылатын энергия көздері саласында өнеркәсіптік-инновациялық қызметті дамытуды жүзеге асырады;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5) астанада іскерлік туризмді дамытуға ықпал ететін іс-шараларды ілгерілетеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6) жергілікті және шетелдік туристерге астана туралы қажетті ақпарат береді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7) туризм саласында инновациялық шешімдер іздеуді, зерделеуді, тартуды және енгізуді жүзеге асырады;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8) астананың туристік әлеуетін дамыту жөнінде ұсыныстар енгізеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

9) астананың әкімдігі айқындайтын өзге де қызметті жүзеге асырады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен 9-2-баппен толықтырылды

9-2-бап. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қоюды, оларды үйлерден (құрылыстардан, ғимараттардан) босатуды қамтамасыз ету саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қоюды, оларды үйлерден (құрылыстардан, ғимараттардан) босатуды қамтамасыз ету саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесінің алып қойылуына байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталғаны туралы меншік иелерінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыларды хабардар етуді қамтамасыз етеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесінің алып қойылуына байланысты иеліктен шығарылатын жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің нарықтық құнын айқындауды қамтамасыз етеді, өтем мөлшерін айқындайды;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) алып қойылатын жер учаскелерін үйлерден (құрылыстардан, ғимараттардан) босатудың сметалық құнын дайындауды қамтамасыз етеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4) алып қойылатын мүліктің меншік иелерімен немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушылармен келіссөздер, келісу рәсімдерін жүргізуді қамтамасыз етеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін немесе өзге де мүлікті мәжбүрлеп алып қою мәселелері бойынша соттарда астана әкімдігінің мүдделерін білдіреді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесінің алып қойылуына байланысты жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің құнын және өтелуге жататын шығындарды өтеу төлемдерін бюджет қаражаты есебінен төлеуді қамтамасыз етеді;


Содержание
1-тарау. Жалпы ережелер2-тарау. Астанадағы жергілікті мемлекеттік басқарудың ерекшеліктері3-тарау. Астана жер қатынастарын құқықтық реттеудің ерекшеліктері