16) 36-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) құқық қорғау қызметін өткерудің және арнаулы атақтар, сыныптық шендер берудің немесе біліктілік сыныптарын белгілеудің реттілігі негізінде қамтамасыз етіледі.»;
17) 38-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қылмыстық iс ақталатын негiздер бойынша қысқартылған, ақтау үкiмi заңды күшiне енген жағдайда қызметкердiң лауазымы, арнаулы немесе әскери атағы, сыныптық шенi, біліктілік сыныбы қалпына келтiрiледi.
Адамның қызметiн (лауазымын, атағын, сыныптық шенін немесе біліктілік сыныбын) қалпына келтiру, егер ол адам ақтау үкiмi күшiне енген не қылмыстық iстi ақталатын негiздер бойынша қысқарту туралы қаулы шығарылған кезден бастап үш ай iшiнде орын алса, ол өтініш жасалған күннен бастап бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.»;
18) 46-1-баптың 7-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Құқық қорғау органының қарамағында тұрған қызметкердi лауазымға тағайындау кезiнде оның бiлiктiлiгi, атағы, біліктілік сыныбы, еңбек сiңiрген жылдары, жұмыс өтiлi, бұрынғы лауазымы ескерiлуге тиiс.»;
19) 55-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) кезектi арнаулы атақты, сыныптық шендi немесе біліктілік сыныбын мерзiмiнен бұрын беру (белгілеу);»;
20) 56-баптың 2-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) арнаулы атағын, сыныптық шенiн немесе біліктілік сыныбын бiр сатыға төмендету;»;
21) 64-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қызметкерлердiң ақшалай қаражаты лауазымдық айлықақыдан және арнаулы атағы, сыныптық шені немесе біліктілік сыныбы үшiн берілетін қосымша ақыдан тұрады.»;
22) 81-бапта:
7-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қызметтен (кеден органдарын қоспағанда) босатылатын қызметкерлерге бiржолғы жәрдемақылар мынадай тәртiппен және мөлшерде төленедi:»;
8-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бiржолғы жәрдемақы соңғы штаттық лауазымы бойынша төленетiн лауазымдық айлықақысы, қызметтен босатылған күнгi арнаулы атағы, сыныптық шенi немесе біліктілік сыныбы үшiн қосымша ақы негiзге алына отырып есептеледi.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемiн алу құқығынсыз қызметтен босату кезiнде бiржолғы жәрдемақылар төлеумен қатар құқық қорғау органдарының (кеден органдарын қоспағанда) орта, аға және жоғары басқарушы құрамының қызметте болудың шектi жасына толғаннан кейiн, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттарды қысқартуға байланысты қызметтен босатылған адамдарына арнаулы атақтары, сыныптық шендері немесе біліктілік сыныптары үшiн қосымша төлемдерi қызметтен босатылған күннен бастап бiр жыл бойы сақталады. Төлемақыларды қызметкердiң соңғы қызмет орны бойынша құқық қорғау органының қаржылық бөлiмшесi жүзеге асырады.
Бұл ретте, егер көрсетiлген мерзiм iшiнде қызмет атқарып жүрген құқық қорғау органдарының басқарушы құрамы адамдарының арнаулы атақтары, сыныптық шендерi немесе біліктілік сыныптары үшiн қосымша ақылары өсетiн болса, тиiсiнше еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы алу құқығынсыз қызметтен шығарылған құқық қорғау органдарының (кеден органдарын қоспағанда) орта, аға және жоғары басқарушы құрамы адамдарына төленетiн осы қосымша төлем мөлшерi де ұлғаяды.».
23) 82-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері қызметте мынадай шектi жасқа:
1) 3-санатты біліктілік сыныбында - қырық сегіз жасқа;
2) 2-санатты біліктілік сыныбында - елу жасқа;
3) 1-санатты біліктілік сыныбында - елу бес жасқа дейін бола алады.».
69. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 11-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61, 67-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 12-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асыратын тексерулер тәртібінің, оларды жүргізу, ұзарту, тоқтата тұру мерзімдері, тексерулерді тағайындау, олардың нәтижелері мен аяқталуы туралы актіні ресімдеу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексінде айқындалады.»;
2) 16-баптың 3-тармағы үшінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттік кіріс органдарында тіркеу есебіне қою;»;
3) 18-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жұмыскерлердің өмiрi мен денсаулығына қатер төнген жағдайда мемлекеттік еңбек инспекциясының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы талаптардың сақталуы бойынша жоспардан тыс тексерулерін, мемлекеттік кіріс органдары Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес жүзеге асыратын үстеме тексерулердi қоспағанда, тексерудi тағайындау туралы акт құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда мiндеттi түрде тiркеледi.
Тексерулердi тағайындау туралы актiнi тiркеу есепке алу сипатында болады және тәуекелдердi басқарудың ведомстволық жүйелерiн қалыптастыру мен жетiлдiру үшiн пайдаланылады.
Тексерудi тағайындау туралы актiнi тiркеудің болуы осындай тексерудiң заңдылығына дәлел болып табылмайды.
Жұмыскерлердің өмiрi мен денсаулығына қатер төнген жағдайда мемлекеттік еңбек инспекциясының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы талаптардың сақталуы бойынша жоспардан тыс тексерулерін, мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асыратын үстеме тексерулердi тағайындау туралы актiлер жөніндегі жалпы мәлiметтер жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi бөлінісінде тоқсан сайын құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органға берiледi.»;
4) 20-баптың оныншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асыратын тексерулерді жүргізудің, ұзартудың және тоқтата тұрудың тәртібі мен мерзімдерінің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексінде айқындалады.».
70. «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 13, 113-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
16-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Хабарламада мұнай өнімдерін өндірушінің, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушінің немесе бөлшек сауда арқылы өткізушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) немесе толық атауы, сәйкестендіру нөмірі, мемлекеттік кіріс органының атауы, хабарламаның күні, хабарламаны жіберу үшін негіздеме, оған шағым жасау тәртібі көрсетіледі.».
71. «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 15, 119-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 3, 19-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 11, 63-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 10-бапта:
2-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) тіркеу есебіне қою орны бойынша мемлекеттік кіріс органынан салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегінің болуы немесе болмауы туралы анықтама;»;
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер заңды тұлға құжаттарды берген кезде Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса және Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген жағдайда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдарында салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеуде жоқ екендігі туралы анықтаманың көшірмесі ұсынылады.»;
2) 11-бапта:
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы қызметті жүзеге асыру туралы шартты жасасқаннан кейін екі жұмыс күні ішінде бұл туралы мемлекеттік кіріс органдарына хабарлайды.
6. Мемлекеттік кіріс органдары арнайы экономикалық аймақтың басқару органының қызметті жүзеге асыру туралы шартты жасасқаны туралы хабарламасын алғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен арнайы экономикалық аймақтың қатысушысын есепке алуды жүзеге асырады.»;
8-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы мемлекеттік кіріс органдарына қызметті жүзеге асыру туралы шарттың тоқтатылғаны туралы хабарлайды.»;
3) 12-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) дара кәсіпкерді және заңды тұлғаны Қазақстан Республикасының аумағындағы тиісті тіркеу органы (әділет, мемлекеттік кіріс органы және статистика органы) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркеуге тиіс.»;
4) 14-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы өтінім тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтінім берген адамға, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ әрекет ету аймағында орналасқан мемлекеттік кіріс органына осы адамға арнайы экономикалық аймақтың аумағында қосалқы қызметті жүзеге асыруға рұқсат берілгені туралы хабарлайды.»;
5) 26-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылатын арнайы экономикалық аймақ аумағында кедендік бақылауды Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.».
72. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 3-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 94-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат):
1) 9-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) ішкі істер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары, экономикалық тергеу қызметі және авариялық-құтқару қызметтері жатады.»;
2) 15-баптың 1-тармағының 4) және 14) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі органдар - Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметтер көрсету салаларындағы біртұтас мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын орган;»;
«14) қаржы саласындағы уәкілетті орган - қаржы мониторингін жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қолданатын, салық, кеден және бюджет заңнамасының сақталуын, мемлекеттік мүліктің ұтымды пайдаланылуын және сақталуын, экономикалық және қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ететін, сондай-ақ экономикалық және қаржылық қызмет саласында адамның және азаматтың құқықтарына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардың алдын алуды, оларды анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеп-тексеруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;».
73. «Магистральдық құбыр туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 11, 79-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
7-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдары Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өнімді магистральдық құбырмен өткізуді кедендік реттеуді жүзеге асырады.».
74. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 2, 9-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат):
1) 17-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ерекше жағдайларда техникалық, мәжбүрлі түрде қонуларды және гуманитарлық рейстерді, сондай-ақ мемлекеттік міндеттерді орындауға байланысты халықаралық ұшуларды орындау кезінде әуе кемелерінің қонуы мен ұшып шығуы халықаралық болып табылмайтын әуежайлардан немесе әуеайлақтардан жүргізіледі. Көрсетілген ұшулар Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдарымен және өзге де мемлекеттік органдармен келісім бойынша азаматтық және мемлекеттік авиация салаларындағы уәкілетті органдар берген уақытша рұқсат болған кезде орындалады.»;
2) 19-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Мемлекеттік шекара арқылы көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу мемлекеттік кіріс органдарының және өзге де бақылаушы органдардың көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасына әкелу немесе Қазақстан Республикасынан әкету құқығына рұқсат беру белгілері болған кезде жүзеге асырылады.»;
3) 32-баптың 2-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды ресімдеумен және оларға қызмет көрсетумен айналысатын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі әскери қызметшілерінің, мемлекеттік кіріс органдары және өзге де органдар, көлік ұйымдары қызметкерлерінің өткізу пункттеріне кіруі:»;
4) 33-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі өткізу пунктінде қызметін өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік кіріс органдарымен және өзге де органдармен, сондай-ақ көлік ұйымдарымен келісу бойынша:»;
5) 34-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды жете тексеруді белгіленген және арнайы жабдықталған орындарда (тәуліктің кез келген уақытында, қажет болған жағдайда көлік ұйымы белгілеген көлік құралының кету уақытына қарамастан, оның ішінде қайтадан жете тексеруді) Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдарымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жүргізеді.»;
«3. Арнайы рұқсаттамалар ресiмделген, пломба салынған (мөрленген) вагондар, контейнерлер, автомобильдер, трюмдер және көлік құралдарының өзге де үй-жайлары, сондай-ақ жүктер мен тауарлар, егер орамасының, мөрлерінің, пломбаларының бүтіндігі бұзылған болса, сондай-ақ оларда бөгде адамдарды жасыру белгілері болған жағдайларда, жете тексеру үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдарымен бірлесіп Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің талап етуі бойынша ашылады.»;
6) 35-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Белгіленген үлгідегі рұқсаттамалары бар, бірақ қызметті ұйымдастырумен және бақылаумен айналыспайтын, сондай-ақ адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды ресімдеу және оларға қызмет көрсету бойынша ауысымда жүрмеген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери қызметшілеріне, мемлекеттік кіріс органдарының және өзге де органдардың, көлік ұйымдарының қызметкерлеріне өткізу пунктінің аумағында болуға тыйым салынады.»;
7) 36-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) өткізу пунктінде болған кезде пломба салынған (мөрленген) вагондарды, контейнерлерді, автомобильдерді, трюмдерді және көлік құралдарының өзге де үй-жайларын, сондай-ақ жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің талабы бойынша жете тексеру үшін ашуға міндетті. Мемлекеттік кіріс органдарының бөлімшелері бар өткізу пункттерінде ашу олардың өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі;»;
2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Өткізу пунктінде қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік кіріс органдарының және өзге де органдардың, көлік ұйымдарының басшылары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін:»;
8) 56-баптың 42) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«42) Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдарымен және көлiк саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды, Қазақстан Республикасы көлiк кешенiнiң қызметiн үйлестiру мен реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен келiсiм бойынша өткiзу пункттерiнде адамдарды, көлiк құралдарын, жүктердi және тауарларды Мемлекеттiк шекара арқылы өткiзудi ұйымдастырудың үлгiлік схемаларын бекiтедi;»;
9) 57-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«57-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органдарының құзыреті»;
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдары:»;
10) 67-баптың 1-тармағының 33) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«33) мемлекеттік кіріс органдары жоқ өткізу пункттерінде радиациялық бақылаудың техникалық құралдарын пайдалана отырып, автоматты немесе қолмен тексеру режимінде радиациялық бақылауды жүзеге асыруға;».
75. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 10-11, 55-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1-құжат; № 6, 28-құжат; № 8, 49-құжат; № 11, 61-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 4-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген және біліктілік сыныптары белгіленген қызметкерлерiне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар адамдарға төленеді.»;
2) 10-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген және біліктілік сыныптары белгіленген қызметкерлерiне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар адамдарға төленеді.»;
3) 24-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) осы Заңның 28-бабының 1-тармағына сәйкес есебіне жазылған өсiмпұлды төлеудің толық және уақтылы жүзеге асырылуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.»;
4) 28-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Нақты төлем жасалған және жұмыскер табыс алған жағдайда агент уақтылы ұстап қалмаған (есебіне жазбаған) және (немесе) аудармаған міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомаларын мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады немесе оларды мерзімін өткізіп алған әрбір күнге (Орталыққа төлейтін күнді қоса алғанда) уәкілетті орган белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде есебіне жазылған өсімпұлмен бірге міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының пайдасына, өздерінің пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленетін жұмыскерлердің пайдасына агенттер аударуға тиіс.»;
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары толық және (немесе) уақтылы аударылмаған жағдайларда, мемлекеттік кіріс органдары мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша жинақталып қалған берешек шегiндегi ақшаны агенттердiң банктік шоттарынан өндiрiп алуға құқылы.»;
3-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Агент хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік кіріс органына өздерінің пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының тізімдерін, сондай-ақ өздерінің пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жұмыскерлердің тізімдерін ұсынуға міндетті.
Агенттердiң банктік шоттарынан мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешектi өндiрiп алу мемлекеттік кіріс органының инкассолық өкiмi негiзiнде жүргiзiледi.»;
4-тармақтың бірінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік кіріс органдарының өкiмi бойынша банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар агенттердің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен салық берешегін аударуға қатысты нұсқауларды орындауға міндетті.»;
«Агенттің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кіріс органы өкімінің күшiн шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарған мемлекеттік кіріс органы банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрудың себептерi жойылған күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей жояды.»;
5 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы баптың 2-тармағында көзделген хабарламаны тапсырған күннен бастап он бес жұмыс күні өткен соң мемлекеттік кіріс органы орталық атқарушы орган белгiлеген тәртiппен агенттің касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.»;
«7. Мемлекеттік кіріс органдары жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында агенттiң сәйкестендіру нөмірін, басшысының тегiн, атын, әкесiнiң атын (ол болған кезде) және мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасын көрсете отырып, мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешегi туындаған күннен бастап алты айдан астам мерзiмде өтелмеген берешегі бар агенттердiң тiзiмдерiн жариялайды.»;
5) 64-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«64-бап. Еңбек сіңірген жылдары үшін Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін алу құқығы
1. Әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлердi қоспағанда), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген, біліктілік сыныптары белгіленген қызметкерлерiнiң, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған мына: