2) 18-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Кеден одағы кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтан Кеден одағы кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумаққа жүзеге асырылатын әкелуді немесе әкетуді қоспағанда, декларацияланған мәдени құндылықтарды, қолма-қол валютаны, ұсынушыға арналған құжаттандырылған бағалы қағаздарды, вексельдерді, чектерді Қазақстан Республикасына әкелу немесе Қазақстан Республикасынан әкету жөнінде ақпарат жинауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органы жүзеге асырып, кейіннен оны Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, белгіленген мерзімде міндетті түрде уәкілетті органға ұсынады.».
64. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 45-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«45-бап. Борышкерге iздеу салу
1. Борышкердің болатын жері белгісіз болған кезде сот орындаушысы ішкі істер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеу қызметі арқылы борышкерге іздеу салуды жариялау туралы ұсыныспен атқарушылық құжат орындалатын жердегі сотқа жүгінуге міндетті. Борышкерге іздеу салу жарияланған және оның өндіріп алуды қолдануға болатын мүлкі болмаған кезде атқарушылық іс жүргізу тоқтатыла тұрады.
Борышкердің орналасқан жері белгілі болған немесе оның мүлкі анықталған кезде атқарушылық іс жүргізу қайта басталады.
2. Борышкерге iздеу салуды соттың ұйғарымы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен iшкi iстер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеу қызметі жүзеге асырады.
3. Борышкерге iздеу салу жөнiндегi шығыстар атқарушылық әрекеттер жасау жөнiндегi шығыстарға жатады және борышкерден мемлекеттік бюджетке сот арқылы өндiрiп алынуға тиiс.
Борышкерге iздеу салу жөнiндегi шығыстар іздеу салуды жүзеге асыратын органдардың өтініші негізінде айқындалады.»;
2) 169-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жеке сот орындаушысының салық заңнамасын сақтауын бақылауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.».
65. «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» 2010 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 8, 40-құжат; № 24, 149-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 84-құжат):
8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«8-бап. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі органдардың құзыреті
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі органдар:
1) сыбайлас жемқорлықтың қауіп-қатері туралы халықтың хабардарлығын арттырады;
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету мақсатында азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
66. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» 2010 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 9, 43-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
1) 24-баптың бірінші бөлігінің 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) бақылау-кассалық машиналар орналастырылған жерде тұтынушының бақылау (тауарлық) чегін алу қажеттігі туралы және бақылау-кассалық машиналарын қолдану тәртібі бұзылған жағдайда оның мемлекеттік кіріс органына (тиісті мемлекеттік кіріс органының телефон нөмірін көрсетіп) жүгіну құқығы туралы қазақ және орыс тілдерінде ақпарат орналастыруға;»;
2) 33-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Сатушы (дайындаушы, орындаушы) бақылау-кассалық машиналар орналастырылған жерде тұтынушының бақылау (тауарлық) чегін алу қажеттігі және бақылау-кассалық машиналарын қолдану тәртібі бұзылған жағдайда оның мемлекеттік кіріс органына жүгіну құқығы туралы қазақ және орыс тілдерінде ақпарат орналастырады.».
67. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 6, 46-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 37-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) жер қойнауын пайдалану құқығын не жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні сатып алушы туралы мәліметтерді:
заңды тұлғалар үшін - сатып алушының атауын, оның орналасқан жерін, мемлекеттік тиесілігін, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі және мемлекеттік кіріс органдарында тіркелуі туралы мәліметтерді, басшылары мен олардың өкілеттіктері туралы мәліметтерді, қатысу үлестерінің (акциялар пакеттерінің) мөлшері көрсетіле отырып, қатысушылар туралы мәліметтерді, бағалы қағаздардың жалпы саны көрсетіле отырып, заңды тұлғаның осындай қағаздарының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығындағы айналымы туралы мәліметтерді, сатып алушының еншілес ұйымдары туралы мәліметтерді;
жеке тұлғалар үшін - сатып алушының тегін, атын және әкесінің атын (ол болған жағдайда), заңды мекенжайын, азаматтығын, жеке басын куәландыратын құжаттары, мемлекеттік кіріс органдарында тіркелуі, кәсіпкерлік қызмет субъектісі ретінде тіркелуінің болуы не болмауы туралы мәліметтерді, сатып алушы қатысушысы (акционері) болып табылатын заңды тұлғалар туралы мәліметтерді;»;
2) 48-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) заңды тұлғалар үшін - өтініш берушінің атауы, оның орналасқан жері, мемлекеттік тиесілігі, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі және мемлекеттік кіріс органдарында тіркелуі туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы олардың үлестерінің мөлшері (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) көрсетіле отырып, өтініш беруші — заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, бағалы қағаздардың жалпы саны көрсетіле отырып, заңды тұлғаның осындай қағаздарының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығындағы айналымы туралы мәліметтер, өтінім берушінің еншілес ұйымдары туралы мәліметтер;
2) жеке тұлғалар үшін - өтініш берушінің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), заңды мекенжайы, азаматтығы, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттары, өтініш берушінің мемлекеттік кіріс органдарында тіркелуі, өтініш берушінің кәсіпкерлік қызмет субъектісі ретінде тіркелуі туралы мәліметтер;»;
3) 58-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) заңды тұлғалар үшін - өтініш берушінің атауын, оның орналасқан жерін, мемлекеттік тиесілігін, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі және мемлекеттік кіріс органдарында тіркелуі туралы мәліметтерді, жарғылық капиталдағы олардың үлестерінің мөлшері (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) көрсетіле отырып, өтініш беруші — заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтерді, бағалы қағаздардың жалпы саны көрсетіле отырып, заңды тұлғаның осындай қағаздарының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығындағы айналымы туралы мәліметтерді, өтініш берушінің еншілес ұйымдары туралы мәліметтерді;
2) жеке тұлғалар үшін - өтініш берушінің тегін, атын және әкесінің атын (ол болған жағдайда), заңды мекенжайын, азаматтығын, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттары, өтініш берушінің мемлекеттік кіріс органдарында тіркелуі, өтініш берушінің кәсіпкерлік қызмет субъектісі ретінде тіркелуі туралы мәліметтерді;».
68. «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 4-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 7, 34, 36-құжаттар; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат):
1) 1-бапта:
9, 11-1), 11-2) және 11-3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«9) құқық қорғау органының қызметкері (бұдан әрі - қызметкер) - құқық қорғау органдары жұмыскерлерінің арасынан арнаулы атақ немесе сыныптық шен берілген не біліктілік сыныбы белгіленген Қазақстан Республикасының азаматы;»;
«11-1) өзге де қару-жарақат салатын патрондармен атуға болатын ұңғысыз атыс қаруы, газды қару, электрлi қару, белгi беру қаруы, суық қару, лақтырылатын қару және қарудың басқа да түрлерi;
11-2) полиграфологиялық зерттеу - адамның психофизиологиялық куәландыру кезiнде пайда болатын жекелеген физиологиялық реакцияларын арнайы медициналық датчиктердiң көмегiмен тiркеуден тұратын сауалнама жүргiзу рәсiмi;
11-3) психофизиологиялық куәландыру - құқық қорғау қызметiне кандидаттардың, қызметкерлердiң жеке-психологиялық және психофизиологиялық қасиеттерiн жан-жақты бағалауға бағытталған iс-шаралар жиынтығы;»
мынадай мазмұндағы 12-1) және 21) тармақшалармен толықтырылсын:
«12-1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет - мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі органдардың сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеп-тексеруге бағытталған қызметті жүзеге асыратын жедел-тергеу бөлімшелері;»;
«21) экономикалық тергеу қызметі - Қазақстан Республикасының заңдарында мемлекеттік кіріс органдарының жүргізуіне жатқызылған қылмыстардың және құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеп-тексеруге бағытталған қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыратын осы органдардың жедел-тергеу бөлімшелері.»;
2) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«3-бап. Құқық қорғау органдары
Құқық қорғау органдарына өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асыратын прокуратура, ішкі істер, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеу қызметі жатады.»;
3) 6-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Құқық қорғау органдарына қызметке қабылданатын азаматтар қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден міндетті түрде өтеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тұратын азаматтар мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі органдардың тиісті бөлімшесінде полиграфологиялық зерттеуден өтеді.»;
4) 12-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сынақ мерзімі оның құқық қорғау қызметінде атқарып жүрген лауазымына сәйкестігін тексеру мақсатында белгіленеді. Сынақ мерзімі кезеңінде арнаулы атақ немесе сыныптық шен берілмейді, біліктілік сыныбы белгіленбейді.»;
5) 13-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) құқық қорғау органдарына бірінші рет қызметке тұратын, арнаулы атақ немесе сыныптық шен берілген, біліктілік сыныбы белгіленген адамдар;»;
6) 20-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қызметкерлерге олардың жеке басын және өкілеттіктерін растайтын қызметтік куәліктер мен жетондар беріледі.
Жетондар прокуратура органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлеріне және экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлеріне берілмейді.
Қызметтік куәліктің сипаттамасын және жетондардың үлгілерін құқық қорғау органының басшысы бекітеді.»;
7) 21-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қызметкердің өзі қызмет өткеретін құқық қорғау органына байланысты оның құқық қорғау қызметіне тиесілігін көрсету мақсатында қызметкерлердің арнаулы атақтары, сыныптық шендері немесе біліктілік сыныптары бойынша нысанды киім және айырым белгілері белгіленеді.
2. Арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген немесе біліктілік сыныптары белгіленген қызметкерлер нысанды киіммен тегін қамтамасыз етіледі.»;
8) 4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер, біліктілік сыныптары»;
9) 22-бапта:
3-тармақтың 3) және 6) тармақшалары алып тасталсын;
7-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұрынғы сыныптық шенде, арнаулы немесе әскери атақта, біліктілік сыныбында болу мерзiмi кезектi арнаулы атақ, сыныптық шен беру немесе біліктілік сыныбын белгілеу үшiн еңбек сiңiрген мерзiмге есептеледi.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық қорғау органдарына жүктелген негiзгi мiндеттер мен функцияларды тiкелей орындайтын лауазымды адамдарға арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер беруге, сондай-ақ біліктілік сыныптарын белгілеуге құқық беретiн лауазымдар тiзбесiн, өздерінің өкiлеттiктерiне сәйкес Қазақстан Республикасының Президентi немесе Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.»;
10) мынадай мазмұндағы 22-1-баппен толықтырылсын:
«22-1-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің біліктілік сыныптары
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері үшін мынадай біліктілік сыныптары мен онда болу мерзімдері белгіленеді:
1) орта басшы құрам:
6-санатты біліктілік сыныбы - бір жыл;
5-санатты біліктілік сыныбы - үш жыл;
4-санатты біліктілік сыныбы - төрт жыл;
2) аға басшы құрам:
3-санатты біліктілік сыныбы - бес жыл;
2-санатты біліктілік сыныбы - жеті жыл;
1-санатты біліктілік сыныбы - болу мерзімі белгіленбейді.
Біліктілік сыныптары белгілеу реттілігіне қарай алғашқы және кезекті болып бөлінеді.
6-санатты біліктілік сыныбы алғашқы біліктілік сыныбы болып табылады.
Кезекті біліктілік сыныптары алдыңғы біліктілік сыныптарында болу мерзімі өткеннен кейін реттілік тәртібімен белгіленеді.
2. Бір құқық қорғау органынан басқасына ауысқан кезде, сондай-ақ бұрын құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген сыныптық шені немесе біліктілік сыныбы бар қызметкерлерге, арнаулы немесе әскери атағы бар әскери қызметшілерге біліктілік сыныптарын немесе сыныптық шендерді, арнаулы немесе әскери атақтарды теңестіру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) орта басшы құрам:
6-санатты біліктілік сыныбы - лейтенант, 3-сыныпты заңгер;
5-санатты біліктілік сыныбы - аға лейтенант, 2-сыныпты заңгер;
4-санатты біліктілік сыныбы - капитан, 1-сыныпты заңгер;
2) аға басшы құрам:
3-санатты біліктілік сыныбы - майор, кіші кеңесші;
2-санатты біліктілік сыныбы - подполковник, кеңесші;
1-санатты біліктілік сыныбы - полковник, аға кеңесші.
3. Біліктілік сыныбында болу мерзімі қызметкерге тиісті біліктілік сыныбы белгіленген күннен бастап есептеледі. Бұл мерзімге лауазымдарда іс жүзінде қызмет өткерген уақыты, сондай-ақ қызметкердің құқық қорғау органының қарамағында болған кезеңі кіреді. Қызметкерге кезекті біліктілік сыныбын белгілеуге ұсыну негізсіз кідіртілген жағдайда тиісті біліктілік сыныбы алдыңғы біліктілік сыныбында болу мерзімі өткеннен кейін келесі күннен бастап белгіленеді.
4. Біліктілік сыныптарын құқық қорғау органының басшысы белгілейді.»;
11) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«25-бап. Арнаулы атақтарда, сыныптық шендерде немесе біліктілік сыныптарында еңбек сiңiрген жылдары мерзiмiн тоқтата тұру
1. Қызметкерлерге кезектi арнаулы атақтар, сыныптық шендер немесе біліктілік сыныптары тиiсiнше құқық қорғау органының қарамағында болған кезде лауазымға тағайындалғанға дейiн, алынбаған тәртiптiк жазасы болғанда, қайта аттестаттау кезiнде атқаратын лауазымына сәйкес келетiнi туралы мәселе шешiлгенге дейiн, тергеуге дейiнгi тексерулер, қылмыстық iс ақтайтын негiздер бойынша тоқтатылғанға дейiн, ақтау үкiмi заңды күшiне енгенге, қызметтiк тергеп-тексеру аяқталғанға дейiн берiлмейдi (белгіленбейді).
2. Тәртiптiк жаза қолданудың заңсыздығы туралы шешiм шығарылған немесе қайта аттестаттау кезiнде атқаратын лауазымына сәйкес келетiнi туралы мәселе шешiлген, қылмыстық iс ақтайтын негiздер бойынша тоқтатылған, ақтау үкiмi заңды күшiне енген кезде қызметкерлерге кезектi арнаулы атақ, сыныптық шен немесе біліктілік сыныбы атқаратын штаттық лауазымы бойынша атаққа, сыныптық шенге немесе біліктілік сыныбына кезектi арнаулы атақ, сыныптық шен немесе біліктілік сыныбы сәйкес болған кезде, оларды беру (белгілеу) мерзiмi басталған сәттен бастап берiледi (белгіленеді).»;
12) 26-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«26-бап. Арнаулы атақтарды, сыныптық шендердi немесе біліктілік сыныптарын мерзiмiнен бұрын немесе атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан, сыныптық шеннен немесе біліктілік сыныбынан бiр саты жоғарылатып беру (белгілеу) тәртiбi
1. Полковникке дейiн қоса алғанда, басшы құрамның кезектi арнаулы атағы, сыныптық шенi немесе біліктілік сыныбы қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткiзгенi және қызметтiк мiндеттерiн үлгiлi орындағаны үшiн көтермелеу тәртiбiмен, алдыңғы арнаулы атақта, сыныптық шенде немесе біліктілік сыныбында еңбек сiңiрудiң белгiленген мерзiмi өткенге дейiн атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан, сыныптық шеннен немесе біліктілік сыныбынан бiр саты жоғарылатып берiлуi (белгіленуі) мүмкiн.
2. Арнаулы атақтар, сыныптық шендер немесе біліктілік сыныптары мерзiмiнен бұрын арнаулы атақта, сыныптық шенде немесе біліктілік сыныбында еңбек сiңiрудiң белгiленген мерзiмдерiнiң кемiнде жартысы өткенде берiледi (белгіленеді).
3. Ғылыми немесе академиялық дәрежесi не ғылыми немесе академиялық атағы бар, бұл ретте құқық қорғау органының бiлiм беру ұйымында штаттық лауазымда қызмет атқаратын басшы құрам адамдарына кезектi арнаулы атақ, сыныптық шен немесе біліктілік сыныбы арнаулы атақта, сыныптық шенде немесе біліктілік сыныбында еңбек сiңiрудiң белгiленген мерзiмi өткенде атқаратын лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан, сыныптық шеннен немесе біліктілік сыныбынан бiр саты жоғарылатып берiлуi (белгіленуі) мүмкiн.
4. Атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан, сыныптық шеннен немесе біліктілік сыныбынан бiр саты жоғары кезектi арнаулы атақ, сыныптық шен немесе біліктілік сыныбы алдыңғы арнаулы атақта, сыныптық шенде немесе біліктілік сыныбында еңбек сiңiрген жылдарының кемiнде бiр жарым мерзiмi өткен соң берiледi (белгіленеді).
Бұл ретте атқаратын лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан, сыныптық шеннен немесе біліктілік сыныбынан мерзiмiнен бұрын бiр саты жоғары арнаулы атақтар, сыныптық шендер немесе біліктілік сыныптарын беру (белгілеу) құқық қорғау органындағы қызметiнiң бүкіл кезеңi iшiнде әрбiр негiз бойынша екi реттен артық жүргiзiлмейдi.
Кезектен тыс арнаулы атақтарды, сыныптық шендердi немесе біліктілік сыныптарын беру (белгілеу) құқық қорғау органының басшысы айқындайтын тәртiппен қызметтiң бүкіл кезеңi iшiнде екi реттен артық жүргiзiлмейдi.
5. Кiшi басшы құрамдағы арнаулы атақтарды - уәкiлеттi басшы, ал орта және аға басшы құрамдағы арнаулы атақтарды, сыныптық шендердi немесе біліктілік сыныптарын мерзiмiнен бұрын немесе бiр саты жоғары құқық қорғау органының басшысы бередi (белгілейді).»;
13) 27-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«27-бап. Арнаулы атақтарды, сыныптық шендердi немесе біліктілік сыныптарын төмендету, арнаулы атақтардан, сыныптық шендерден немесе біліктілік сыныптарынан айыру
1. Арнаулы атақты, сыныптық шендi немесе біліктілік сыныбын бiр сатыға төмендетудi тәртiптiк жаза шарасы ретiнде:
1) кiшi және орта басшы құрам атағындағы қызметкерлерге - уәкiлеттi басшы;
2) аға басшы құрам атағындағы қызметкерлерге - құқық қорғау органының басшысы қолданады.
2. Арнаулы атақтардан, сыныптық шендерден немесе біліктілік сыныптарынан айыру мына қызметкерлерге қатысты тәртiптiк жаза қолдану шарасы ретiнде қолданылады:
1) полковниктi, аға кеңесшiнi қоса алғанға дейiнгiлердi - құқық қорғау органының басшысы;
2) жоғары басшы құрамды Қазақстан Республикасының Президентi белгiлеген тәртiппен - Қазақстан Республикасының Президентi жүзеге асырады.
3. Арнаулы атақтағы, сыныптық шендегi немесе біліктілік сыныбындағы еңбек сiңiру мерзiмi арнаулы атақты, сыныптық шендi немесе біліктілік сыныбын төмендету түрiнде тәртiптiк жауаптылыққа тарту туралы бұйрық шығарылған күннен бастап үзiледi және арнаулы атақты, сыныптық шендi немесе біліктілік сыныбын қалпына келтiру туралы бұйрық шығарылған күннен бастап қалпына келтiрiледi.
Атқаратын штаттық лауазымына қарамастан арнаулы атақтары, сыныптық шендерi немесе біліктілік сыныптары төмендетiлген қызметкерлер атқаратын лауазымына қарамастан бұрынғы арнаулы атағына, сыныптық шенiне немесе біліктілік сыныбына құқық қорғау органы басшысының немесе уәкiлеттi басшының бұйрықтарымен, бiрақ арнаулы атағы, сыныптық шенi немесе біліктілік сыныбы төмендетiлген күннен бастап кемiнде алты ай өткеннен кейiн ғана қалпына келтiрiледi.
4. Қызметкерге бұрынғы арнаулы атағы, сыныптық шенi немесе біліктілік сыныбы қайта қалпына келтiрiлгенге және оған кезектi арнаулы атақ, сыныптық шен немесе біліктілік сыныбы берiлгенге (белгіленгенге) дейiн арнаулы атақтан, сыныптық шеннен немесе біліктілік сыныбынан қайта төмендетiлмейдi.»;
14) 29-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Адам құқық қорғау органының басшысы бекітетін бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келген жағдайда лауазымға тағайындауды, қызметi бойынша ауыстыруды құқық қорғау органының басшысы немесе уәкiлеттi басшы жүргiзедi. Конкурстық негiзде орналасатын құқық қорғау органдарының лауазымдар тiзбесi, құқық қорғау органдарында конкурс және тағылымдама өткізу шарттары мен тәртiбi, сондай-ақ құқық қорғау органдарының лауазымдар санаттарына қойылатын бiлiктiлiк талаптары мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнiндегi органдармен келiсіледі.»;
15) 32-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«32-бап. Құқық қорғау қызметiнiң жоғары тұрған, тең дәрежелi немесе төмен тұрған лауазымдары
1. Құқық қорғау қызметiнiң лауазымы, егер оған құқық қорғау қызметiндегi бұрынғы лауазымы бойынша арнаулы атағына, сыныптық шенiне немесе біліктілік сыныбына қарағанда неғұрлым жоғары шектi арнаулы атақ, сыныптық шен немесе біліктілік сыныбы көзделген болса, ал, арнаулы атақтары, сыныптық шендерi немесе біліктілік сыныптары тең дәрежелі болғанда - құқық қорғау қызметiнiң лауазымы бойынша неғұрлым жоғары айлықақы көзделген жағдайда, ол жоғары тұрған лауазым болып есептеледi.
2. Құқық қорғау қызметiнiң лауазымы, егер оған арнаулы атағы, сыныптық шенi немесе біліктілік сыныбы және құқық қорғау қызметiндегi лауазымы бойынша айлықақысы құқық қорғау қызметiндегi бұрынғы лауазымы бойынша арнаулы атағына, сыныптық шенiне немесе біліктілік сыныбына және айлықақысына тең көзделген болса, тең дәрежелi лауазым болып есептеледi.
3. Құқық қорғау қызметiнiң лауазымы, егер оған құқық қорғау қызметiндегi бұрынғы лауазымы бойынша арнаулы атағына, сыныптық шенiне немесе біліктілік сыныбына қарағанда неғұрлым төмен шектi арнаулы атақ, сыныптық шен немесе біліктілік сыныбы көзделген болса, ал арнаулы атақтары, сыныптық шендері немесе біліктілік сыныптары тең дәрежелі болғанда - құқық қорғау қызметiнiң лауазымы бойынша неғұрлым төмен айлықақы көзделген болса, ол төмен тұрған лауазым болып есептеледi.»;