1) әскери қызметте, арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген, бiлiктiлiк сыныптары белгіленген, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiрген, қызметте болудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шектi жасына толған;
2) әскери қызметте, арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген, бiлiктiлiк сыныптары белгіленген, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiрген, штаттың қысқартылуына байланысты, өз еркі бойынша және денсаулық жағдайына байланысты қызметтен босатылған;
3) офицерлердің, прапорщиктердің (мичмандардың), арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген, бiлiктiлiк сыныптары белгіленген арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің орта, аға және жоғары басшы құрамындағы адамдарының, сондай-ақ әскери қызметтi келiсiмшарт бойынша өткерiп жүрген, әскери қызметте және арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген немесе біліктілік сыныптары белгіленген, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте болудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шектi жасына толуына, штаттың қысқартылуына немесе денсаулық жағдайына байланысты қызметтен босатылған, жиырма бес және одан да көп жыл жалпы еңбек өтілі бар, олардың кемiнде он екі жылы мен алты айын үзіліссiз әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызмет құрайтын адамдардың еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.
2. Қызметтен шығарылған және 1998 жылғы 1 қаңтарға он және одан да көп жыл еңбек сiңiрген әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген, біліктілік сыныптары белгіленген қызметкерлерiне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға, осы баптың 1-тармағына сәйкес еңбек сiңiрген жылдары бойынша зейнетақы алуға құқығы болмаған кезде Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерi осы Заңға сәйкес жалпы негiздерде тағайындалады.
3. Әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің, бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерi, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар арасынан зейнеткерлердi әскери (арнаулы) атақ, сыныптық шен, біліктілік сыныбын бере отырып, мемлекеттiк қызметке қабылдау кезiнде зейнетақы төлеу лауазымға тағайындалған күннен бастап тоқтатылады.
4. Құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған қызметкерлерiнiң осы баптың 1-тармағында көрсетiлген негiздер бойынша 2012 жылғы 1 қаңтардағы әскери (арнаулы) атағы, сыныптық шені бойынша тiркелген осы санаттағы адамдар үшiн әскери және құқық қорғау қызметтерiнде болудың шектi жасына сәйкес келетін жасқа толған кезде еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.»;
6) 68-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Әскери қызметшілер арасынан, арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген, біліктілік сыныптары белгіленген және Қазақстан Республикасының ішкі істер, бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті, прокуратура, Кеден комитеті, Төтенше жағдайлар комитеті органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп қолданылатын арнаулы мемлекеттік органдардың және прокуратура органдарының, ішкі істер органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің және Әділет министрлігінің бұрынғы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті органдарының, қаржы полициясы органдарының және мемлекеттік өртке қарсы қызмет қызметкерлері арасынан зейнеткерлерге бұрын тағайындалған зейнетақы төлемдері қайта төлене бастаған кезде немесе Орталықтан төленетін зейнетақыны еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы етіп қайта тағайындаған жағдайда зейнетақылар еңбек сіңірген жылдары үшін берілетін зейнетақыны төлеу тоқтатылған кезге айқындалған мөлшерде, зейнетақыны төлеу тоқтатыла тұрған кезең үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізілген индекстеу есепке алынып төленеді.»;
7) 74-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. 28-баптың 4-тармағының қолданысы 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын. Тоқтата тұру кезеңінде көрсетілген тармақ мынадай редакцияда қолданылады:
«4. Мемлекеттік кіріс органдарының өкімі бойынша, егер агент мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек олардың пайдасына өндiрiп алынатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының тiзiмдерiн ұсынбаса және мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек болса, банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар агенттердiң банктік шоттарындағы барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға және мiндеттi зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен салық берешегiн аударуға қатысты нұсқауларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен орындауға мiндеттi.
Банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кіріс органы өкімінің күшiн шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарған салық органы банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрудың себептерi жойылған күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей жояды.».
76. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 15, 80-құжат; 2014 ж., № 12, 82-құжат):
29-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ұлттық палата міндетті мүшелік жарна бойынша есеп-қисап жүзеге асыру үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен мемлекеттік кіріс органы берген мәліметтердің негізінде жыл сайын 1 шілдеге дейінгі мерзімде кәсіпкерлік субъектілеріне есеп шотын ұсынады.».
77. «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 4-5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 38-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Салықтарға және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге қатысты мемлекеттік кіріс органы және өзге де уәкілетті мемлекеттік орган, сондай-ақ азаматтық-құқықтық және өзге де міндеттемелер бойынша кредитор - жеке және заңды тұлғалар борышкерді банкрот деп тану туралы кредитордың өтінішін сотқа беру құқығына ие болады.»;
2) 50-баптың 1-тармағының 2) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) моральдық зиянды өтеу туралы талаптарды есептемегенде, өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн борышкер олардың алдында жауаптылықта болатын азаматтарға төленетін төлемдердi қоспағанда, соттардың, аралық соттардың, мемлекеттік кіріс органдарының, сондай-ақ меншiк иелерiнiң (құрылтайшылардың, қатысушылардың) немесе борышкер органдарының оның мүлкiне қатысты бұрын қабылдаған шешiмдерiн орындау тоқтатыла тұрады;»;
«4) кредиторлардың, мемлекеттік кіріс органы мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерді есептеуді және (немесе) жинауды жүзеге асыратын өзге де уәкiлеттi мемлекеттiк органның талаптары, оның iшiнде даусыз (акцептісiз) тәртiппен қанағаттандырылуға жататын талаптары бойынша борышкердiң банктік шоттарынан ақша өндiрiп алуға, сондай-ақ борышкердiң мүлкiне өндiрiп алуды қолдануға жол берiлмейдi;»;
3) 68-баптың 1-тармағының 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) моральдық зиянды өтеу туралы талаптарды есептемегенде, төлеу мерзімі оңалту рәсімі қолданылғаннан кейін басталған, өмiріне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн борышкер олардың алдында жауаптылықта болатын азаматтарға төленетін төлемдердi қоспағанда, соттардың, аралық соттардың, мемлекеттік кіріс органдарының, сондай-ақ борышкер мүлкінің меншік иелерінің (ол уәкілеттік берген органдардың), құрылтайшылардың (қатысушылардың) оның мүлкіне қатысты қабылдаған шешімдерін орындау тоқтатыла тұрады;
4) оңалту рәсімі қолданылған салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдері үшін салық есептілігіне сәйкес салық төлеуші есептеген, салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша мемлекеттік кіріс органы есебіне жазған салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер төленеді.»;
4) 77-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Өткен салықтық кезеңдер және оңалту рәсімі қолданылған салықтық кезең үшін салықтық есептілікке сәйкес салық төлеуші есептеген, салықтық тексерулер нәтижелері бойынша мемлекеттік кіріс органы есепке жазған салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша міндеттемелер туындаған кезде, кредиторлар талаптарының тізіліміне, сондай-ақ оңалту жоспарына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.»;
5) 89-баптың 2-тармағының 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«15) сот қорытынды есепті бекіткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде банкроттың банктік шоттарын жабуға, салық төлеуші куәлігінің және қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктің бланкілерін (олар бар болған кезде) мемлекеттік кіріс органына тапсыруға, банкроттың мөрін жоюға;»;
6) 100-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Әкімшілік шығыстарға банкроттық рәсімі қолданылған салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңдер үшін салықтық есептілікке сәйкес салық төлеуші есептеген, салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша мемлекеттік кіріс органы есепке жазған салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер жатады.»;
7) 112-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органдар банкротты заңды тұлғалардың тiркелiмiнен алып тастау туралы бұйрықтарды сотқа және уәкiлеттi органға, сондай-ақ банкроттың орналасқан жерi бойынша мемлекеттік кіріс органына жiбередi.»;
8) 118-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) сот қорытынды есепті бекіткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде банкроттың банктік шоттарын жабуға және салық төлеуші куәлігінің және қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктің бланкілерін (олар болған жағдайда) мемлекеттік кіріс органына тапсыруға міндетті.»;
9) 123-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Борышкер кредитордың, мемлекеттік кіріс органының және өзге де уәкiлеттi мемлекеттiк органның немесе прокурордың өтінішiне берген пiкiрiнде өзiнiң дәрменсiздiгiн таныған жағдайда, қосымша құжаттарды ұсыну мiндеттi емес.».
78. «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 7, 36-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
96-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) банктен немесе оның филиалынан алынған анықтаманың және салық берешегінің жоқ екендігі туралы мемлекеттік кіріс органы анықтамасының болуымен расталған салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің, сондай-ақ сауда қызметінің субъектісіне қызмет көрсететін банк алдында берешегінің жоқ екендігі көрсетілген төлем қабілеттілігі;».
79. «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 43-құжат; № 16, 90-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 38-баптың 3-тармағының 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жолдарды салуға, реконструкциялауға, күрделі жөндеуге, жөндеуге және күтіп-ұстауға, сондай-ақ жол сервисі, жол қызметі, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін, полиция, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, кедендік, шекаралық, көліктік бақылау бекеттерін, ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау бекеттерін орналастыруға байланысты емес жұмыстарды орындауға;
2) жолға күтім жасауға, оны салуға, реконструкциялауға, күрделі жөндеуге, жөндеуге және күтіп-ұстауға арналмаған және жол сервисі, жол қызметі, сыртқы (көрнекі) жарнама обьектілеріне, полиция, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, кедендік, шекаралық, көліктік бақылау бекеттеріне, ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау бекеттеріне жатпайтын үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды және басқа да объектілерді орналастыруға;»;
2) 39-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жол қызметінің, сыртқы (көрнекі) жарнаманың, полиция, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, кедендік, шекаралық, көліктік бақылау бекеттерінің, ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау бекеттерінің нұсқағыштарын қоспағанда, бұру жолағында жол жүрісіне жатпайтын белгілер, нұсқағыштар орнатуға;».
80. «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 11, 68-құжат):
1) 7-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мүлiктi (ақшадан басқа) жария ету комиссияға, мемлекеттік кіріс органына жария ету субъектілерінің мынадай құжаттарды:»;
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған мүлiк бойынша (ақшадан басқа) - жария ету субъектісінің тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына;»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Өтінішті комиссия, мемлекеттік кіріс органы өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.»;
8-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Осы Заңда белгіленген талаптар сақталған жағдайда, комиссия, мемлекеттік кіріс органы осы баптың 6-тармағында белгіленген мерзімде:»;
9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Комиссия, мемлекеттік кіріс органы мүлiктi жария етуден бас тартуды осы Заңның 2 немесе 3-баптарында көзделген талаптар сақталмаған кезде шешім қабылдау арқылы жүзеге асырады.
10. Мүлiк (ақшадан басқа) комиссия, мемлекеттік кіріс органы жария ету туралы шешім шығарған күннен бастап жария етілдi деп есептеледі.»;
2) 9-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған мүлiктi жария ететін жария ету субъектілері мемлекеттік кіріс органына осы Заңның 7-бабының 1-тармағында айқындалған құжаттар тiзбесiне қосымша мынадай құжаттарды:»;
3) 10-баптың 2-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған осы баптың 1-тармағында көрсетілген мүлікті жария ететін жария ету субъектілері мемлекеттік кіріс органына осы Заңның 7-бабының 1-тармағында және осы баптың 1-тармағында айқындалған құжаттар тiзбесiне қосымша мынадай құжаттарды:»;
4) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«17-бап. Шағым жасау тәртібі
Комиссияның, мемлекеттік кіріс органының шешімдеріне, сондай-ақ мүлiктi жария етуді өткізу кезіндегі өзге де әрекеттерге (әрекетсіздікке) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен сотқа шағым жасалуы мүмкін.».
2-бап. «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» 2002 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 145-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 62-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 11, 61-құжат; № 16, 90-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3-бап. Осы Заң, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 15, 16, 17 және 18-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2014 жылғы қарашаның 7-і.
№ 248-V