1) 48-1-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) кредиторлардың, мемлекеттік кіріс органдарының талаптары, оның ішінде даусыз (акцептсіз) тәртіппен қанағаттандыруға жататын талаптары бойынша банктің банк шоттарынан ақшаны өндіріп алуға, сондай-ақ банк мүлкінен өндіріп алуға жол берілмейді;»;
2) 50-бапта:
6-тармақтың д) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«д) салық органдарына мыналарға:»;
6-1-тармақта:
бірінші бөліктегі «салық қызметi органдарына» деген сөздер «салық органдарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «салық қызметi органының» деген сөздер «салық органының» деген сөздермен ауыстырылсын.
22. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 48-құжат; № 12, 86-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 21, 172-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат, № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
31-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Нотариустың және аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкiмдерi аппараттарының лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының салық заңнамасын сақтауын бақылауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.».
23. «Шаруа немесе фермер қожалығы туралы» 1998 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 2-3, 26-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 4, 26-құжат; № 24, 178-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; 2013 ж., №14, 72-құжат):
2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бірлескен кәсіпкерлікке негізделген шаруа немесе фермер қожалығын тіркеген кезде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік шаруа немесе фермер қожалығының басшысына беріледі. Куәлікке мемлекеттік кіріс органының тиісті аумақтық бөлімшесінің басшысы куәландырған шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерінің тізімі қоса беріледі.».
24. «Ақша төлемi мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 11-12, 177-құжат; № 24, 445-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 10, 49, 51-құжаттар; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 13, 116-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат, № 11, 61-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
14-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бастамашы ақша жөнелтушiнiң банкiне, мемлекеттік кіріс органдарының инкассолық өкiмдерi табыс етiлетiн жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген нормалар негiзiнде осы өндiрiп алудың негiздiлiгiн растайтын атқарушы құжаттардың түпнұсқаларын не олардың көшiрмелерiн қоса бере отырып, инкассолық өкiмді табыс етедi. Құжаттардың түпнұсқаларын не олардың көшiрмелерiн қоса беру қажеттiгi туралы талаптарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi.
Мемлекеттік кіріс органдарының мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешектi өндiрiп алуға инкассолық өкiмдерi пайдасына берешек өндiрiлiп алынатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының тiзiмдерiмен қоса банктерге табыс етiледi.»;
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ақша жөнелтушінің банктік шотында ақша жеткіліксіз болған кезде мемлекеттік кіріс органдарының салық берешегін өндіріп алу туралы, жеке сот орындаушыларының және әділет органдарының атқару құжаттары бойынша инкассолық өкімін орындау мұндай шотқа ақшаның түсуіне қарай жүргізіледі.».
25. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 1998 ж., № 15, 209-құжат; 1999 ж., № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 5, 116-құжат; 2001 ж., № 13-14, 172-құжат; № 17-18, 241-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; 2007 ж., № 17, 140-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; № 24, 122, 126-құжат; 2010 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; 2012 ж., № 4, 30, 32-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат):
1) 6-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесудi, алдын алуды және олардың жасалуына кінәлі адамдарды жауапқа тартуды өз құзыретi шегiнде прокуратура, ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер, мемлекеттік кіріс, әскери полиция органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметi жүзеге асырады.»;
2) 18-баптың 2 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Заңсыз алынған мүлiктi өз еркiмен тапсырудан немесе мемлекетке оның құнын немесе заңсыз көрсетiлген қызметтің құнын төлеуден бас тартылған жағдайларда өндiрiп алу прокурордың, салық органдарының не заңмен бұған уәкiлеттiк берiлген басқа да мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың талап қоюы бойынша соттың шешiмiмен мемлекет кiрiсiне жүзеге асырылады. Аталған органдар сот шешiм шығарғанға дейiн құқық бұзушыға тиесiлi мүлiкті сақтау жөнінде шаралар қолданады.»;
«4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайларда прокурор, салық органдары не заңмен бұған уәкілеттік берілген басқа да мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілеттік берілген адамдардың немесе оларға теңестірілген адамдардың заңсыз алынған мүлікті мемлекетке қайтару немесе оның құнын немесе заңсыз көрсетілген қызметтердің құнын төлеу бойынша міндеттер төлету туындаған кезден бастап бір айдан кешіктірмей заңсыз алынған мүлiктi мемлекет кірісіне айналдыру және (немесе) заңсыз көрсетiлген қызметтердiң құнын өндiрiп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгінеді.».
26. «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 435-құжат; 2001 ж., № 21-22, 286-құжат; 2003 ж., № 10, 53-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 8, 55-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; №15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 16, 90-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
22-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінде, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органда, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитетінде арнаулы мемлекеттік мұрағаттар құрылуы мүмкін.».
27. «Тауарлар импорты жағдайында ішкі рынокты қорғау шаралары туралы» 1998 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 446-құжат; 1999 ж., № 21, 763-құжат; 2005 ж., № 11, 40-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат, 2013 ж., № 15, 81-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) елеулi залал - Қазақстан Республикасының аумағына тауар жеткiзiп беру көлемiнiң өсуi салдарынан, атап айтқанда, сондай тауар өндiру көлемiнiң қысқаруынан, Қазақстанның iшкi рыногында отандық тауарды өткiзудiң қысқаруынан, сондай тауарды өндiру рентабельдiлігiнiң төмендеуiнен, жұмысқа орналасуға, жалақы деңгейiне терiс әсер етуден бiлiнетiн, Қазақстан Республикасындағы ұқсас немесе тiкелей бәсекелес тауардың отандық өндiрiсi саласындағы ахуалдың жалпы едәуiр нашарлауы;
2) елеулi залал келтiру қаупi - елеулi залалдың анық болмай қоймайтындығы;
3) импорттық квота - Қазақстан Республикасының аумағына тауар импортын оның санына және (немесе) құнына қатысты шектеу;
4) қорғау баждары - ұқсас немесе тiкелей бәсекелес тауарларды отандық өндiрушiлерге елеулi залал келтiруi немесе оны келтiру қаупiн туғызуы мүмкiн болатын мөлшерде және сондай жағдайларда Қазақстан Республикасының кедендік аумағына қандай да болсын тауар жеткiзiп берiлген жағдайларда мемлекеттік кіріс органдары алатын кеден бажының мөлшерлемесінен асып түсетін баждар;
5) қорғау шаралары - ұқсас немесе тiкелей бәсекелес тауардың отандық өндiрушiлерiне елеулi залал келтiретiндей немесе оны келтiру қаупiн туғызатындай мөлшерде (отандық өндiрiске абсолюттi немесе салыстырмалы түрде) және жағдайларда Қазақстан Республикасының аумағына оның iшкi рыногындағы еркiн айналыс үшiн әкелiнетiн тауар жеткiзiп беруге қорғау баждары және (немесе) квоталар белгiлеу түрiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы негiзiнде қолданылатын әкiмшiлiк-экономикалық ықпал ету құралдарының жиынтығы;
6) құпия ақпарат - ашылуы бәсекелестер үшiн едәуiр артықшылықтар беретiн немесе ақпарат берген мүдделi тарап үшiн едәуiр қолайсыз зардаптары болатын ақпарат;
7) мүдделi тұлғалар (тараптар) - Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсiпкерлер палатасы; iстi қарау объектiсi болып табылатын ұқсас немесе тiкелей бәсекелес отандық тауар өндiрушi не қатысушыларының көпшiлiгi осындай тауар өндiретiн отандық өндiрушiлер бiрлестiгi; iстi қарау объектiсi болып табылатын шетелдiк тауар экспорттаушы мен шетелдiк тауар өндiрушi; отандық тауар импорттаушы немесе қатысушыларының көпшiлiгi осындай тауарды импорттаушылар болып табылатын отандық импорттаушылар бiрлестiгi; шет мемлекеттiң үкiметi, тауарды шығарған немесе осындай тауарды экспорттаған елдiң уәкiлеттi органы не осындай тауарды шығарған немесе оны экспорттаған елдер кiретiн шет мемлекеттер одағының уәкiлеттi органы; тауарды тұтынушы немесе тұтынушылар бiрлестiгi; Қазақстан Республикасының атқарушы билiк органдары; құқықтары мен мүдделерi осы iсті қарауда қозғалатын және осы Заңның 6-бабында аталған уәкiлеттi органның пiкiрi бойынша осы iсті қарауды жүргiзуге жәрдемдесе алатын өзге де тұлғалар;
8) отандық өнеркәсiп (отандық өндiрушiлер) - Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын, ұқсас немесе тiкелей бәсекелес тауарларды өндiрушiлердiң не ұқсас немесе тiкелей бәсекелес тауарларды ұжымдық өндiруi Қазақстан Республикасының аумағында осы тауарлардың жалпы өндiрiсiнiң көпшiлiк бөлiгiн құрайтын өндiрушiлердiң жиынтығы;
9) тауардың алдындағы кезеңдегi импорты - тауар импортының алдындағы үш жылдағы, оларға қатысты статистикалық ақпарат бар орташа шамасы;
10) уақытша қорғау шаралары - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы негiзiнде кеден органдары қорғау баждары түрiнде қолданатын алдын ала қорғау шаралары;
11) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының сауда және өндiрiстiк қызмет мониторингiн жүзеге асыратын, елеулi залалдың бар екендiгiн немесе оның келтiрiлу қаупiн және қорғау шараларын енгiзу қажеттiгiн анықтау жөнiнде iс қарауды жүргiзетiн мемлекеттiк орган;
12) ұқсас немесе тiкелей бәсекелес тауар - сыртқы экономикалық қызмет тауар номенклатурасының дәл сол бiр кодымен жiктелетiн және басқа тауарға толық ұқсас немесе сатып алушы тұтыну процесiнде сондай тауарлармен басқа тауарды алмастыратындай немесе алмастыруға дайын болатындай, өзiнiң функционалдық мақсаты, қолданылуы, сапалық және техникалық сипаттамалары мен басқа да негiзгi қасиеттерi жағынан онымен салыстыруға болатын тауар;
13) iстi қарау - ұқсас немесе тiкелей бәсекелес тауарды отандық өндiрушiлерге елеулi залал келтiретiндей немесе оны келтiру қаупiн туғызатындай мөлшерде және жағдайларда Қазақстан Республикасының аумағына қандай да болсын тауардың әкелiнуiне қатысты құжаттарды және басқа да айғақтарды қарау рәсiмi.»;
2) 17-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Уақытша қорғау шараларын өзіне қатысты іс қарау жүргізілетін тауар үшін оларды енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының негізінде мемлекеттік кіріс органдары қолданады.»;
3) 23-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорғау баждарын енгізу туралы қаулысының негізінде мемлекеттік кіріс органдары оларды оған қатысты қарау жүргізілген, әкелінген тауардың бәрінен өндіріп алады. Қорғау баждары кеден баждарына, салықтарға және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерге қарамастан өндiрiліп алынады және бюджет есебіне жатқызылуға тиіс.».
28. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 448-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 19, 150-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; 2014 ж., № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
20-баптың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) экономикалық тергеу қызметі, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, қаруды кейіннен ішкі істер органдарына тапсыра отырып;».
29. «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 4, 102-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 6, 41-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 24, 122, 128-құжат; 2010 ж., № 3-4, 11-құжат; № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат):
14-баптың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«14) нақты адамдардың қылмыстық-атқару жүйесінің, экономикалық тергеу қызметінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, сондай-ақ ішкі істер органдарының жедел бөлімшелерінің кадрлық құрамына жататындығын ашатын мәліметтер;».
30. «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 6, 190-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; 2009 ж., № 24, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 24, 152-құжат; 2011 ж., № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; 2013 ж., № 13, 62-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат):
1) 32-баптың 2-тармағы 2) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«судьялар, адвокаттар, әділет органдарының жұмыскерлері, ішкі істер органдарының, прокуратураның, салық (қаржы) полициясының, кеден органдарының қызметкерлері, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілері, ішкі әскерлердің әскери қызметшілері, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері әскери полициясы мен тәртіптік бөлімдерінің әскери қызметшілері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, мемлекеттік кіріс органдарының қызметкерлері болып табылатын немесе болған адамдар;»;
2) 33-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Күзетте ұстау орындарында табылған және иесі анықталмаған ақша, бағалы қағаздар мен бағалы заттар алып қойылады, ол туралы хаттама жасалып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оларды өткізу құзыретіне кіретін уәкілетті органға беріледі.».
31. «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 649-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 15-16, 71-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 11, 61-құжат; № 16, 90-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
7-бапта:
14) тармақша алып тасталсын;
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) экономикалық тергеу қызметі террористік қылмыстар жасау құралдары ретінде пайдаланылуы мүмкін қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және өзге де нәрселерді Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы заңсыз өткізуді анықтау және оның жолын кесу жөніндегі іс-шараларды, сондай-ақ терроризмді қаржыландыру көздерінің, арналарының және тәсілдерінің алдын алуды, анықтауды, жолын кесуді жүзеге асырады;».
32. «Демпингке қарсы шаралар туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 654-құжат; 2006 ж., № 1, 3-құжат; № 3, 22-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2013 ж., № 15, 81-құжат):
1) 30-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдары демпингке қарсы уақытша шараларды Қазақстан Республикасы Yкіметінің оларды тиесілі ақша сомаларын депозитке енгізу арқылы демпингке қарсы уақытша баж нысанында және (немесе) Қазақстан Республикасы банкінің кепiлдiгi түрiнде қолдану туралы шешiмi күшiне енгiзiлгеннен кейiн оның аумағына еркiн айналысқа шығарылған немесе шығарылатын демпингтiк тауар импортына қолданады. Бұл ретте демпингке қарсы уақытша шараларды қолдану нысанын өнiм берушiнiң өзi таңдап алады. Демпингке қарсы уақытша баждар Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалатын тәртіппен алынады.»;
2) 32-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң демпингке қарсы баж енгізу туралы шешiмiнiң негiзiнде мемлекеттік кіріс органдары оны, баға бойынша міндеттемелер қабылданған өнім берушілердің тауарын қоспағанда, демпингке қарсы істі қарау жүргiзiлген барлық әкелiнетiн тауардан алады.»;
3) 42-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Уәкiлеттi органның өтiнiшi бойынша демпингтiк тауар импорты бойынша талқылау басталғаннан кейiн мемлекеттік кіріс органдары бұдан әрi осы импортқа демпингке қарсы шаралардың қолданылуы мүмкiн болуы үшiн демпингтiк тауар импортын есепке алуды жүргiзедi.
3. Мемлекеттік кіріс органдары оларға қатысты істі қарау жүргiзiлiп жатқан демпингтiк тауар импорты туралы мәлiметтердi уәкiлеттi органға ай сайын хабарлап отыруға тиіс.».
33. «Субсидиялар және өтем шаралары туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 732-құжат; 2006 ж., № 1, 3-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат):
1) 25-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Уақытша өтем шараларын Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдары өз аумағына еркін айналысқа шығарылған шет мемлекет (шет мемлекеттер одағы) субсидиялайтын импорттық тауар берушiлерге олар ресми жарияланғаннан соң күнтiзбелiк он күн өткеннен кейiн қолданады. Кепiлдi ақша депозиттерi түрiнде алу тәртібін мемлекеттік кіріс органы белгiлейдi.»;
2) 32-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң өтем бажын енгізу туралы шешiмiнiң негiзiнде мемлекеттік кіріс органдары оны, баға бойынша мiндеттемелер қабылданған өнiм берушiлердiң тауарын қоспағанда, істі қарау жүргiзiлген, барлық әкелiнетін тауардан алады.»;
3) 40-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«40-бап. Мемлекеттік кіріс органдарының шет мемлекет (шет мемлекеттер одағы) субсидиялаған тауар импортын есепке алуы
1. Уәкілетті органның өтініші бойынша істі қарау басталғаннан кейін мемлекеттік кіріс органдары өтем шаралары осы импортқа одан әрі қолданыла алуы үшін шет мемлекет (шет мемлекеттер одағы) субсидиялаған тауар импортын есепке алуды жүргізеді.
2. Мемлекеттік кіріс органдары оларға қатысты ісі қаралатын шет мемлекет (шет мемлекеттер одағы) субсидиялайтын тауарлар импортының көлемдері туралы ақпаратты уәкілетті органға ай сайын хабарлап отыруға тиіс.».
34. «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 773-құжат; 2001 ж., № 13-14, 170-құжат; 2003 ж., № 4, 24-құжат; № 18, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 61-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 17, 140-құжат; № 19, 147-құжат; 2009 ж., № 24, 122, 126-құжаттар; 2010 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 20, 158-құжат; 2012 ж., № 5, 36-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 123-құжат; 2013 ж., № 8, 50-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат):
13-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Азамат мемлекеттiк қызметке кiру кезінде салық органдарына өзiне меншiк құқығында тиесiлi, салық салу объектілері болып табылатын табыстары мен мүлкi туралы декларацияны табыс етуге мiндеттi.».
35. «Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» 2000 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 10, 241-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 73-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2014 ж., № 8, 44-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат):
2-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру ұлттық қауіпсіздік, әділет, ішкі істер, әскери басқару органдарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеу қызметіне жүктеледі.».
36. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):