17. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 222, 225, 226 (бiрiншi бөлiгiнде), 227, 228 (бiрiншi бөлiгiнде), 229 (бiрiншi бөлiгiнде), 230 (бiрiншi бөлiгiнде), 234 (бiрiншi бөлiгiнде), 236 (бiрiншi бөлiгiнде), 239 (бiрiншi бөлiгiнде), 241, 242, 243 (екiншi бөлiгiнде), 244 (бiрiншi бөлiгiнде), 246-баптарында көзделген қылмыстық терiс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi экономикалық тергеу қызметі жүргiзедi.»;
«19. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 195 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 196 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 197 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 198 (екiншi бөлiгiнде), 199 (екiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген қылмыстық терiс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi iшкi iстер органдары не экономикалық тергеу қызметі жүргiзедi.»;
мынадай мазмұндағы 19-1 және 19-2-бөліктермен толықтырылсын:
«19-1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 363, 414 (төртiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген қылмыстық терiс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi ішкі істер органдары не сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргiзедi.
19-2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 419-бабында (бірiншi бөлiгiнде) көзделген қылмыстық терiс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi ішкі істер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет немесе экономикалық тергеу қызметі жүргiзедi.»;
жиырмасыншы бөліктегі «437 (бірінші, екінші және алтыншы бөлiктерiнде)» деген сөздер «437 (бірінші және бесінші бөлiктерiнде)» деген сөздермен ауыстырылсын, «441 (бірінші бөлiгiнде)» деген сөздер алып тасталсын;
жиырма екінші бөлік алып тасталсын;
жиырма төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 385 (үшiншi бөлiгiнде)-бабында көзделген қылмыстық терiс қылық туралы iс бойынша сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi iшкi iстер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеу қызметі не егер ол күзету iс-шаралары өткiзiлетiн аймақта жасалған және тiзбесi заңда белгiленген күзетiлетiн адамдарға тiкелей қарсы бағытталған болса, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк күзет қызметi жүргiзедi.»;
17) 193-бапта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
2. Прокурорлардың сотқа дейiнгi тергеп-тексеру сатысындағы өкiлеттiктерiнiң аражiгiн ажыратуды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры айқындайды.
Прокуратура органы басшысының айрықша өкiлеттiктерiне:
1) ынтымақтастық туралы процестiк келiсiм жасасу;
2) тергеушiнiң, анықтаушының, анықтау органының заңсыз қаулыларының, сондай-ақ тергеу бөлiмi мен анықтау органы бастықтарының, төмен тұрған (бағынышты) прокурордың қаулылары мен нұсқауларының күшiн жою;
3) сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi жүзеге асыратын адамнан не органнан қылмыстық iстi алып қою және оны сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi жүргiзу үшiн басқа адамға не органға беру;
4) қылмыстық қудалаудан артықшылықтары бар адамдарды қол сұғылмаушылығынан айыруға және қылмыстық жауаптылыққа тартуға келiсiм алу үшiн ұсыну енгiзу;
5) қылмыстық iстердi тергеп-тексеру мерзiмдерiн ұзарту;
6) тергеушiнiң, анықтаушының, анықтау органының, тергеу бөлiмi және анықтау органы бастықтарының, сондай-ақ төмен тұрған прокурордың әрекеттерi мен шешiмдерiне шағымдарды қарау;
7) заңдылық бұзылған кезде тергеушiні, анықтаушыны қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгi тергеп-тексеру жүргiзуден шеттету;
8) процесс прокурорының қылмыстық iстi қосымша тергеп-тексеру жүргiзу үшiн қайтару туралы қаулысын бекiту жатады.
Прокуратура басшысының осы бөліктің 2), 3), 6), 7) және 8) тармақтарында санамаланған өкілеттіктерін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалауды қамтамасыз ететін департаменттерінің (басқармаларының), облыстық прокуратуралардың және оларға теңестірілген прокуратуралардың бастықтары жүзеге асыруы мүмкін.»;
үшінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Прокуратура басшысы нақты қылмыстық iс бойынша осы бапқа сәйкес қадағалауды жүзеге асыратын прокурорды (процесс прокуроры) айқындауға құқылы.»;
18) 197-баптың алтыншы бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Осы Кодекстiң 255-бабы үшiншi бөлiгiнiң 2) тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, 220-бабының он үшiншi және он төртiншi бөлiктерiнде, 252-бабында, 254-бабының төртінші бөлігінде, 255-бабында көзделген тергеу әрекеттерiн жүргiзу кезiнде куәгерлердi тарту мiндеттi болады.»;
19) 217-бапта:
үшінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тергеу судьясының жәбiрленушi мен куәдан жауап алуы прокурордың, күдіктінің (ол болған жағдайда), қорғаушы ретінде қатысатын оның адвокатының, ал қажет болған жағдайларда процеске басқа да қатысушылардың қатысуымен жүргiзiледi. Егер күдiктiнiң жауап алуға қатысуы жәбiрленушiнiң, куәнiң қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн болса, күдiктi жауап алуға шақырылмайды. Айғақтарды сақтауға қою кезiнде адамдардың сот отырысына қатысу үшiн келуiн қамтамасыз ету тергеу судьясына өтiнiш мәлімдеген адамдарға жүктеледi. Күдiктiнiң қорғаушысы адамды шақыру үшiн тергеу судьясына адамның жауап алуға келуiн қамтамасыз етуге көмек көрсету туралы өтiнiш мәлімдеуі мүмкiн.»;
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жауап алынатын адамның тергеу судьясы сақтауға қойған айғақтары тiркелген сот отырысының хаттамасына судья мен сот отырысының хатшысы қолдарын қояды. Айғақтарды сақтауға қою кезiнде болған процеске қатысушылар сот отырысы хаттамасының көшiрмесiн алуға және оған қол қойылғаннан кейін бес тәулік ішінде өздерiнiң ескертпелерiн келтiруге құқылы. Тергеу судьясы хаттамаға ескертпелерді түскен күні қарап, олардың қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы қаулы шығарады. Содан кейiн сот отырысының хаттамасы, егер хаттамаға ескертпелер келтiрiлген болса, осы ескертпелер және судьяның оларды қарау туралы қаулысы қылмыстық iс материалдарына қосып тiгу үшiн прокурорға жiберiледi.»;
20) 234-баптың екінші бөлігінің екінші абзацындағы «Каулы» деген сөз «Қаулы» деген сөзбен ауыстырылсын;»;
21) 248-баптың бірінші бөлігіндегі «аудио- және» деген сөздер алып тасталсын;
22) 283-баптың екінші бөлігіндегі «куәгерлердiң қойған қолдарымен расталғаны;» деген сөздер «куәгерлердiң қатысуы кезінде олардың қойған қолдарымен расталғаны;» деген сөздермен ауыстырылсын;
23) 292-баптың төртінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Халықаралық iздестiру жариялау туралы қаулыны санкциялау осы Кодекстiң 56-бабының екінші бөлігінде көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.»;
24) 390-бапта:
бірінші бөліктің 18) тармақшасындағы «сақтау туралы шешеді.» деген сөздер «сақтау туралы;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:
«19) алдыңғы үкім бойынша кепілгерлікті белгілей отырып, қылмыстық жауаптылықтан босатудың күшін жою туралы шешеді.»;
бесінші бөліктің 3) тармақшасындағы «қажеттiгi туралы қосымша мәселелердi шешуге көшедi.» деген сөздер «қажеттiгi туралы;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) алдыңғы үкім бойынша кепілгерлікті белгілей отырып қылмыстық жауаптылықтан босатудың күші жойылған жағдайда кепіл нысанасының тағдыры туралы қосымша мәселелердi шешуге көшедi.»;
25) 398-баптың бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жасалғанына сотталушы кiнәлi деп танылған әрбiр қылмыстық құқық бұзушылық үшiн оған тағайындалған негiзгi және қосымша жазаның түрi мен мөлшерi, сондай-ақ алдыңғы үкiм бойынша шартты түрде сотталудың күшiн жою немесе оны сақтау, алдыңғы үкім бойынша кепілгерлікті белгілей отырып, қылмыстық жауаптылықтан босатудың күшін жою туралы шешiм және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 58 және 60-баптарының негiзiнде өтелуге жататын түпкiлiктi жазалау шарасы көрсетiлуге тиiс.
Сот бас бостандығынан айыру түрiнде жаза тағайындаған кезде үкiмде сотталған адам жазасын өтеуге тиiс мекеменiң түрi мен режимiн көрсетедi, ал сотталған адамды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалар тағайындалған кезде, үкiм заңды күшiне енгеннен кейiн оның он тәулiк iшiнде пробация қызметiне есепке қою үшiн келуі мiндетiн белгiлейдi;
5) шартты түрде соттаған кезде, бас бостандығын шектеуге пробациялық бақылау мерзiмiнiң ұзақтығы және сотталған адамға жүктелетiн мiндеттер, сондай-ақ оларды орындамаудың заңда көзделген салдарлары, кепілгерлік белгілене отырып, қылмыстық жауаптылықтан босатылған кезде кепілгерлік мерзімінің ұзақтығы және осы кезеңде жаңа қылмыстық құқық бұзушылық жасаудың салдарлары;»;
26) 402-бап мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
«6. Егер сотталушы кепілгерлік белгіленуге байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылған болса, сот сотталушыға, сондай-ақ кепілгер болған адамға сотталушының кепілгерлік кезеңінде жаңа қылмыстық құқық бұзушылық жасауының салдарларын түсіндіреді.»;
27) 442-баптың бірінші бөлігінің 7) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) алдыңғы үкiм бойынша шартты түрде соттаудың күшiн Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 64-бабының бесiншi бөлiгiне сәйкес жоюға не Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 69-бабының бесінші бөлігіне сәйкес алдыңғы үкім бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың күшін жоюға және осыған байланысты, егер бiрiншi сатыдағы сот мұны жасамаған болса, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 60-бабының қағидалары бойынша жаза тағайындауға;»;
28) 447-бапта:
екінші абзацтағы «жаңа қатарын» деген сөздер «жаңа алқасын» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте сот сотталған адамның жағдайын осы Кодекстің 67, 68-тарауларының және 658-бабының талаптарын төрағалық етушінің бұзуына байланысты күші жойылған алдыңғы айыптау үкiмімен салыстырғанда нашарлатуға құқылы емес.»;
29) 504-баптың бірінші бөлігінің орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
30) 507-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«507-бап. Сот қаулысын қайта қарау және сот шешiмдерiнiң күшi жойылғаннан кейiн iс жүргiзу»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«3. Жаңадан ашылған мән-жайларға орай iс бойынша ол жөнiндегi сот шешiмдерiнiң күшi жойылғаннан кейiн тергеп-тексеру және сот талқылауы осы Кодексте белгiленген жалпы тәртiппен жүргiзiледi.
Алқабилердiң қатысуымен шығарылған заңды күшіне енген сот актісін алдын ала тыңдау сатысынан жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша iстi жаңадан қарауға жолдай отырып, қайта қарау туралы өтінішхат қанағаттандырылған жағдайда, сот iстi жаңадан қараған кезде iстi алдын ала тыңдауды жүргiзедi және сотталушының ерiк бiлдiруiне қарай iстi алқабилердiң қатысуымен не олардың қатысуынсыз жаңадан қарау туралы шешiм қабылдайды. Егер сот актісі басты сот талқылауын жүргiзу сатысынан соттың жаңадан қарауына жолдана отырып, жойылған болса, сот басты сот талқылауын тағайындайды, алқабилердiң жаңа алқасын қалыптастыруды жүргiзедi және iстi осы Кодекстiң 65-тарауының ережелерiне сәйкес қарайды.»;
31) 615-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Күдiктi, айыпталушы, сотталушы қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудiң кез келген сәтiнде сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін мәмiле нысанында кiнәнi мойындау туралы процестiк келiсiм жасасу туралы өтiнiш мәлiмдеуге құқылы. Процестiк келiсiм прокурордың бастамасы бойынша жасалуы мүмкiн.»;
32) 660-бапта:
үшінші бөлік алып тасталсын;
төртінші бөліктегі «төрағалық етушiнiң алқабилерге арнап сөйлеген сөзiне байланысты тараптардың ескертулерi немесе мұндай ескертулердiң жоқтығы туралы;» деген сөздер алып тасталсын;
33) 662-баптың екінші бөлігі 5) тармағының бесінші абзацындағы «сот жарыссөздерін жүргізу;» деген сөздер «сот жарыссөздерін жүргізу кезінде жол берілген, сот төрелігі үкімінің шығарылуына ықпал еткен немесе ықпал етуі мүмкін бұзушылықтар негіз болып табылады.» деген сөздермен ауыстырылып, алтыншы абзац алып тасталсын.
17-тармақ 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
17. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 17, 91-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнындағы «100-бап. Мекемелердегі жедел-іздестіру қызметі» деген сөздер «100-бап. Мекемелердегі жедел-іздестіру қызметі және жасырын тергеу әрекеттері» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 35-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9) - 12) тармақтары және 36-бабы негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған, терiс себептер бойынша мемлекеттiк немесе әскери қызметтен, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттiк органдардан, соттардан босатылған немесе адвокаттар алқасынан шығарылған, адвокаттық қызметпен айналысуға берiлген лицензиядан айырылған адамдар да қоғамдық байқау комиссиясының мүшелерi бола алмайды.»;
3) 41-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9) - 12) тармақтары және 36-бабы негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған, терiс себептер бойынша мемлекеттiк немесе әскери қызметтен, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттiк органдардан, соттардан босатылған немесе адвокаттар алқасынан шығарылған, адвокаттық қызметпен айналысуға берiлген лицензиядан айырылған адамдар да ұлттық алдын алу тетiгiнiң қатысушылары бола алмайды.»;
4) 49-баптың үшінші бөлігіндегі «іс жүргізуді не қылмыстық iстi қозғау» деген сөздер «іс жүргізуді қозғау не сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 100-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«100-бап. Мекемелердегi жедел-iздестiру қызметi және жасырын тергеу әрекеттері»;
бірінші бөлікте:
бірінші абзац «жедел-iздестiру қызметi» деген сөздерден кейін «және жасырын тергеу әрекеттері» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мекемелерде дайындалып жатқан және жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтардың және жазаны өтеу тәртiбiн бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу;»;
екінші бөлік «Жедел-iздестiру қызметiн» деген сөздерден кейін «және жасырын тергеу әрекеттерін» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 165-баптың жетінші бөлігіндегі «Оңалту негiздерi бойынша» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 5), 6), 7) және 8) тармақтарының негізінде» деген сөздермен ауыстырылсын.
18-тармақ 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
18. 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне:
1) мазмұны мынадай мазмұндағы 652-1, 652-2 және 652-3-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«652-1-бап. Бағынбау немесе бұйрықты өзгедей орындамау
652-2-бап. Бөлiмдi немесе қызмет орнын өз бетiмен тастап кету
652-3-бап. Қоғамдық тәртiптi қорғау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша қызмет атқару қағидаларын бұзу»;
2) 32-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әскери қызметшiлер мен әскери жиында жүрген әскери мiндеттiлер, осы Кодекстiң 652, 652-1, 652-2, 652-3 және 680-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн тәртiптiк жарғылар бойынша жауаптылықта болады. Аталған ерекше жағдайларда, мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерге және әскери және арнаулы оқу орындарының курсанттарына әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданылмайды. Арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының қызметкерлерi қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн тиiстi органдарда қызмет өткеру тәртiбiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жауаптылықта болады.»;
3) мынадай мазмұндағы 652-1, 652-2 және 652-3-баптармен толықтырылсын:
«652-1-бап. Бағынбау немесе бұйрықты өзгедей орындамау
Бағынбау, яғни бастықтың бұйрығын орындаудан бас тарту, сол сияқты қызмет мүдделерiне елеулi зиян келтiрмеген, бастықтың белгiленген тәртiппен берген бұйрығын бағыныштының өзгедей қасақана орындамауы, -
жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе он тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.
652-2-бап. Бөлiмдi немесе қызмет орнын өз бетiмен тастап кету
1. Бейбiт уақытта, әскерге шақыру бойынша немесе келiсiмшарт бойынша әскери қызмет өткерiп жүрген әскери қызметшi жасаған, ұзақтығы бес тәулiктен артық, бiрақ он тәулiктен аспайтын уақытқа бөлiмдi немесе қызмет орнын өз бетiмен тастап кету, сол сияқты бөлiмнен босатылу, тағайындау, ауыстыру кезiнде, iссапардан, демалыстан немесе емдеу мекемесiнен қызметке дәлелсiз себептермен мерзiмiнде келмеу, -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, ұзақтығы он тәулiктен артық, бiрақ бiр айдан аспайтын уақыттағы әрекеттер, -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он бес тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.
652-3-бап. Қоғамдық тәртiптi қорғау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша қызмет атқару қағидаларын бұзу
Қоғамдық тәртiптi қорғау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша әскери нарядтың құрамына кiретiн адамның қызмет атқару қағидаларын бұзуы, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.»;
4) 684-баптың бірінші бөлігі «652,» деген цифрлардан кейін «652-1, 652-2, 652-3,» деген цифрлармен толықтырылсын;
5) 804-баптың бірінші бөлігінде:
4) тармақшадағы «652-баптарында» деген сөздер «652, 652-1, 652-2, 652-3-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «652-баптары» деген сөздер «652, 652-1, 652-2, 652-3-баптары» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «652-баптарында» деген сөздер «652, 652-1, 652-2, 652-3-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын.
19. «Жедел-іздестіру қызметі туралы» 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 13-14, 199-құжат; 1995 ж., № 24, 167-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 275-құжат; 1998 ж., № 24, 436-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 147-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 18, 106-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 17, 83-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 20, 158-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; 2014 ж., № 7, 33-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат):
6-баптың 1-тармағының 5) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет;»;
«7) экономикалық тергеу қызметі жүзеге асырады.».
20. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2009 ж., № 24, 122, 125-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 16-бапта:
алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік кіріс органдары Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерi ұлттық тiзiлiмінің мәліметтері негізінде, қызметін тоқтататын заңды тұлға жөнінде салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер береді не мұндай заңды тұлға Салық кодексінде белгіленген тәртіппен салық міндеттемесін орындамаған жағдайда, берешегі туралы аталған мәліметтерді беруден бас тартады.»;
сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Заңды тұлғаны тарату тәртібінің бұзылуы анықталған кезде, сондай-ақ таратылатын заңды тұлғаның есептік тіркеуден шығарылмаған филиалдары (өкілдіктері) болған, салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі болған не мұндай заңды тұлға Салық кодексінде белгіленген тәртіппен салық міндеттемесін орындамаған жағдайда мемлекеттік кіріс органдары берешегі туралы аталған мәліметтерді беруден бас тартқан жағдайларда, тіркеуші орган заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы шешім шығарады.»;
2) 16-1-бапта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік кіріс органдары Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерi ұлттық тiзiлiмінің мәліметтері негізінде шетелдік заңды тұлғаның қызметін тоқтататын филиалы (өкілдігі) жөнінде салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер береді не шетелдік заңды тұлғаның мұндай филиалы (өкілдігі) Салық кодексінде белгіленген тәртіппен салық міндеттемесін орындамаған жағдайда, берешегі туралы аталған мәліметтерді беруден бас тартады.»;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Заңды тұлға филиалының (өкілдігінің) қызметін тоқтатудың Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерінде белгіленген тәртібінің бұзылуы анықталған кезде, сондай-ақ шетелдік заңды тұлға филиалының (өкілдігінің) салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі болған не шетелдік заңды тұлғаның мұндай филиалы (өкілдігі) Салық кодексінде белгіленген тәртіппен салық міндеттемесін орындамаған жағдайда мемлекеттік кіріс органдары берешегі туралы аталған мәліметтерді беруден бас тартқан жағдайларда, тіркеуші орган филиалды (өкілдікті) есептік тіркеуден шығарудан бас тарту туралы шешім шығарады.».
21. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; №19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; №11, 55-құжат; №16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; №14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):