2. Мемлекеттік мүлікті бағалауды ұйымдастыру ерекшеліктері, ол мемлекеттік мүліктің құрамына түскен, мемлекеттік мүлікті жеке тұлғалар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың пайдалануына берген, сондай-ақ мемлекеттік мүлікті иеліктен шығарған кездегі мүлікті бағалау жағдайлары мен ерекшеліктері «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының заңының 16-тарауында белгіленеді.
3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгiленсе, халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.»;
2) 6-баптың 2-1 және 2-2-тармақтары алып тасталсын.
23. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 1, 8-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 10, 56-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 жылғы 26 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
9-бап алып тасталсын.
24. «Ғылым туралы» 2001 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 15-16, 226-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат):
27-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«27-бап. Мемлекеттік ғылыми ұйымдарды иеліктен шығару
Іргелі зерттеулер жүргізетін мемлекеттік ғылыми ұйымдар иеліктен шығаруға жатпайды.».
25. «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 246-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2011 жылғы 8 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
4-бапта:
2-тармақтағы «жекешелендіруге» деген сөз «иеліктен шығаруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы «Қазақстан Республикасының жекешелендiру туралы заңдарына» деген сөздер «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздермен ауыстырылсын.
26. «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 87-құжат; № 14, 89-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 жылғы 8 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 15 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 19 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметi және сыныптық шен, әскери және арнаулы атақтар беру, әскери қызметшiлердiң және өзге де мемлекеттік органдар қызметкерлерiнiң нысанды киім киiп жүру құқығы мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
5-баптың 1-тармағында:
орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
«темір жол көлігінің объектісі» деген сөздерден кейін «мемлекет меншігі» деген сөздермен толықтырылсын.
27. «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 2, 16-құжат; 2004 ж., № 20, 116-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 11, 36-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 жылғы 8 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 15 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 19 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметi және сыныптық шен, әскери және арнаулы атақтар беру, әскери қызметшiлердiң және өзге де мемлекеттік органдар қызметкерлерiнiң нысанды киім киiп жүру құқығы мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
32-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «меншiкте болады» деген сөздерден кейін «және иеліктен шығаруға жатпайды» деген сөздермен толықтырылсын.
28. «Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат):
12-баптың 4-тармағындағы «мемлекет иелігінен алу мен жекешелендiру, сатып алу-сату, айырбастау немесе сыйға тарту объектiсi етуге,» деген сөздер «иеліктен шығаруға,» деген сөздермен ауыстырылсын.
29. «Төтенше жағдай туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 18-құжат; 2006 ж., № 2, 14-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат):
16-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Осы Заңның 4-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген мән-жайлар болған кезде төтенше жағдай енгiзiлген жағдайда, төтенше жағдай енгiзiлетін жерде халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық объектілерін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан кепілді түрде қорғауды қамтамасыз ету үшін құрылған материалдық-техникалық, азық-түлiк, медициналық және басқа да ресурстардың мемлекеттік резерві болмаған немесе жеткіліксіз болған кездегі ерекше жағдайларда табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде мүлікті реквизициялау «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.».
30. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 жылғы 26 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 5-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметін, жергiлiктi атқарушы органдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен мемлекеттік мекемелер қоғамның құрылтайшылары немесе акционерлерi бола алмайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган акционерлік қоғамның құрылтайшысы болады.
Жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілеттік берілген атқарушы орган акционерлік қоғамның құрылтайшысы болады.
Мемлекеттік кәсiпорын осы кәсiпорынға қатысты меншiк иесi мен мемлекеттік басқару органының функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органның келісімiмен ғана қоғамның құрылтайшысы болуға және оның акцияларын сатып алуға құқылы.»;
2) 34-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«34-бап. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын қоғамды басқару ерекшеліктері
Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын қоғамды басқару ерекшеліктері «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.»;
3) 36-баптың 1-1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердің жалғыз акционерi құзыретiнің ерекшеліктері «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленедi.»;
4) 53-баптың 3-1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің директорлар кеңесі құзыретiнің ерекшеліктері «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленедi.».
31-тармақ 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
31. «Бағалы қағаздар нарығы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат):
1) 13-баптың 5-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың күші Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, қаржы ұйымына немесе бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымға олар қайта құрылымдауды жүргізген кезде қолданылмайды.»;
2) 14-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың талаптары ұлттық басқарушы холдингке және ұлттық басқарушы холдинг жалғыз акционері болып табылатын заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қаржы ұйымына немесе бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымға ол қайта құрылымдауды жүргізген кезде қолданылмайды.»;
3) 15-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптары Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарға ол қайта құрылымдауды жүргізген кезде қолданылмайды.»;
4) 22-1-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы баптың 1-тармағы 1) және 3) тармақшаларының талаптары Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қаржы ұйымына немесе бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымға олар қайта құрылымдауды жүргізген кезде қолданылмайды.»;
5) 23-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарының талаптары Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қаржы ұйымына немесе бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымға ол қайта құрылымдауды жүргізген кезде қайта құрылымдау жоспарында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.».
32. «Iшкi су көлiгi туралы» 2004 жылғы 6 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 15, 88-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 жылғы 8 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 15 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 19 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметi және сыныптық шен, әскери және арнаулы атақтар беру, әскери қызметшiлердiң және өзге де мемлекеттік органдар қызметкерлерiнiң нысанды киім киiп жүру құқығы мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
11-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде:
«кеме қатынасы үшiн» деген сөздер «кеме қатынасы және шлюздер үшiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
«болады» деген сөзден кейін «және иеліктен шығаруға жатпайды» деген сөздермен толықтырылсын.
33. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 жылғы 15 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1-баптың 27) тармақшасындағы «жекешелендіруге және оның алдындағы сатыларға жатпайтын» деген сөздер алып тасталып, «желілерінің жиынтығы» деген сөздерден кейін «, олар жекешелендіруге жатпайды және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және шарттармен ұлттық компанияға беріледі» деген сөздермен толықтырылсын.
34. «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 1-2, 1-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әр түрлi заңнамалық актiлердiң құқық нормалары арасындағы қарама-қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететiн нормаларды жою мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 15-баптың 1-тармақшасындағы «жекешелендiрiлуге» деген сөз «иеліктен шығаруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«16-бап. Жердi, ғимараттарды, құрылыстарды, объектiлердi және басқа да мүлiктi қорғаныс мұқтажы үшiн беру
1. Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды орналастыру және олардың тұрақты қызметi үшiн берiлген жер учаскелерi олардың иелiгiнде және пайдалануында болады.
2. Жер учаскесін қорғаныс мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару және меншік иелері мен жер пайдаланушыларға олардың құнын өтеу Қазақстан Республикасының Жер кодексіне және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға қорғаныс мұқтажы үшiн ғимараттар, құрылыстар, объектiлер мен басқа да мүлiк берiледi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен оларды керi қайтарып алу жүргiзiлуi мүмкiн.
4. Қорғаныс мұқтажы үшін мүлікті реквизициялау соғыс жағдайындағы іс-қимыл кезеңінде және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайда және тәртіппен жүзеге асырылады.
5. Мүлiктi иеленуге және пайдалануға беру тәртібі, сондай-ақ басқа мемлекеттер әскери құралымдарының жердi уақытша өтеулі пайдалану (жалға алу) тәртібі Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда айқындалады.».
35-тармақ 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
35. «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 10, 51-құжат; 2007 ж., № 17, 141-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Мамандандырылған қаржылық сот
Мамандандырылған қаржылық сот Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы ұйымдарының немесе бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қаржы орталығына қатысушылардың дауларын шешеді және қаржы ұйымдарын немесе бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы істерді қарайды.».
36. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., № 16, 96-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 жылғы 15 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 22-баптың 5-тармағы «Қазақстан Республикасының Жер кодексiне» деген сөздерден кейін «және Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 23-баптың 1-тармағындағы «жекешелендiруге» деген сөз «иеліктен шығаруға» деген сөздермен ауыстырылсын.
37. «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., № 24, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 49-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 жылғы 11 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
21-баптың 3-тармағындағы және 34-баптың 6-тармағындағы «жекешелендiруге жатпайды» деген сөздер «иеліктен шығаруға жатпайды» деген сөздермен ауыстырылсын.
38. «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 128-құжат; 2011 жылғы 8 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 15 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 8-бап мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін сатып алу туралы шарттардың жобаларын келіседі.»;
2) 9-бапта:
тақырыптағы «Астана әкімдігінің» деген сөздер «Астананың жергілікті атқарушы органының» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші абзацтағы «әкімдігі» деген сөз «жергілікті атқарушы органы» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшада:
«мемлекеттік кәсіпорындарға» деген сөздер «заңды тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;
«акционерлік қоғамдар (заңды тұлғалар) акцияларының (үлестерінің) мемлекеттік пакеттерін» деген сөздер «заңды тұлғаларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
«акционерлік қоғамдар (заңды тұлғалар) акцияларының (үлестерінің)» деген сөздер «акционерлік қоғамдар акцияларының және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қатысу үлестерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
27) және 28) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«27) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды жүзеге асырады;
28) астана аумағында мақсатқа сай пайдаланылмайтын жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою туралы, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы сотқа талап-арыз береді.»;
3) 11-баптың 2) тармақшасындағы «заңды тұлғалардағы үлестерге» деген сөздер «жауапкершілігі шектеулі серіктестердегі қатысу үлестеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Қорытынды ережелер»;
5) 14-бап алып тасталсын.
39. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 18, 142-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 8, 41-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат):
1) 21-бап мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:
«3-2. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарған жағдайда, алып қойылатын мүліктің меншік иесінің құқықтарын тоқтатуды және мемлекет құқықтарының туындауын тіркеу өтініш беруші тіркеуші органға өтемнің төлегенін растайтын құжатты ұсынған жағдайда жүзеге асырылады.»;
2) 54-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тiркеушi орган құқық иеленушінiң немесе аумағында жылжымайтын мүлiк анықталған жергiлiктi атқарушы органның өтiнiшi бойынша, егер өтініште осындай мүлікті өзінің меншігі ретінде иеленетін жеке тұлғаларда немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаларда осындай мүліктің жоқ екені туралы мәліметтер болса, жылжымайтын мүлiкті иесi жоқ мүлік ретiнде есепке қояды;».
40. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 жылғы 11 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 15 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 26 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):