3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«3-бап. Көлiк құралдарына меншiк туралы
Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары, кеме жүретiн су жолдары, шамшырақтар, кемелердiң қауiпсiз жүрiсiн реттейтiн және оған кепiлдiк беретiн құрылғылар мен навигациялық белгiлер, шлюздер, халықаралық мәртебесі бар теңіз порттары, әуе қозғалысын басқару органдарының аэронавигациялық құрылғылары, әуе кемелерiнiң ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты инженерлiк желiлер, сондай-ақ метрополитен мемлекет меншiгi болып табылады және иеліктен шығаруға жатпайды.
Әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарының аэронавигациялық құрылғылары мемлекет меншігі болып табылады, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жеке меншiкте болуы мүмкiн.
Магистральдық теміржол желiлерi мемлекет меншігі болып табылады, жекешелендіруге жатпайды және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін жағдайларда және тәртіппен ұлттық компанияға беріледі.
Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көрсетілгендерді қоспағанда, кiрме жолдар мен тар табанды желiлер, сондай-ақ автомобиль жолдары мемлекет меншiгінде де, жеке меншiкте де болуы мүмкiн.».
9. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 жылғы 15 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 8-баптың н) тармақшасы «қатысуға» деген сөзден кейін «, оның ішінде Қазақстан Республикасының атынан акционерлік қоғамның құрылтайшысы болуға» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 9-баптың екінші бөлігінде:
«Қазақстан Ұлттық банкі» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының атынан» деген сөздермен толықтырылсын;
«өз балансындағы» деген сөздерден кейін «өзіне бекітіліп берілген» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 20-баптың үшінші бөлігінде:
«және олардың қызметiн тоқтату» деген сөздер «, қайта ұйымдастыру және тарату» деген сөздермен ауыстырылсын;
«және аталған ұйымдардың» деген сөздерден кейін «, қызметін реттеу және» деген сөздермен толықтырылсын.
10. «Шаруашылық серіктестіктері туралы» 1995 жылғы 2 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 7, 49-құжат; № 15-16, 109-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 205, 210-құжаттар; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 2003 ж., №11, 56-құжат; №24, 178-құжат; 2007 ж., №4, 28-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 56-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат):
1) 3-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Азаматтар мен заңды тұлғалар жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктің, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктің қатысушылары және сенім серiктестiгiнде салымшылар бола алады.
Мемлекеттің шаруашылық серіктестіктерге қатысуы және оларды басқару ерекшеліктері «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.»;
2) 8-1-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі «ақпаратты беру» деген сөздерден кейін «, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе,» деген сөздермен толықтырылсын.
11-тармақ 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
11. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат):
1) 17-бапта:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Оффшорлық аймақтарда тіркелген, тізбесін уәкiлеттi орган белгілейтін заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының резидент банктерінің дауыс беретiн акцияларын тiкелей немесе жанама иелене және (немесе) пайдалана алмайды және (немесе) оларға билiк ете алмайды.
Көрсетілген шектеу Қазақстан Республикасының резидент емес банктерінің еншілес ұйымдары болып табылатын, рейтинг агенттіктерінің бірінің талап етілетін ең төменгі рейтингі бар банктерге қолданылмайды.
Рейтинг агенттіктерінің тізбесін және талап етілетін ең төменгі рейтингті уәкілетті орган айқындайды.»;
5-1-тармақта:
бірінші бөліктегі «5-тармағы бірінші бөлігінің» деген сөздер «5-тармағының» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «5-тармағы бірінші бөлігі» деген сөздер «5-тармағының» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 17-1-баптың 9-тармағының алтыншы абзацында:
«оффшорлық аймақтарда тіркелген тұлға (оның аффилиирленген тұлғасы) немесе» деген сөздер алып тасталсын;
«оффшорлық аймақта тіркелген заңды тұлғалардың қатысушысы (құрылтайшысы, акционері) болып табылатын жеке тұлға болған жағдайлар» деген сөздер «, оффшорлық аймақтарда тіркелген тұлға болып табылатын жағдай» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 30-баптың 13-тармағының екінші бөлігінде:
«мемлекетке» деген сөзден кейін «және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке» деген сөздермен толықтырылсын;
«тиесiлi» деген сөздің алдынан «тікелей немесе жанама» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 59-1-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тараудың ережелері бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және банк болып табылмайтын ұйымның қайта құрылымдауды жүргізуіне қолданылады.».
12. «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» 1996 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 11-12, 263-құжат; 1998 ж., № 23; 416-құжат; 1999 ж., № 4, 101-құжат; 2000 ж., № 6, 145-құжат; 2003 ж., № 14, 112-құжат; 2004 ж., № 11-12, 67-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 жылғы 15 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 13-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жергiлiктi ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-шараларды, оның ішінде мүлікті реквизициялау жөніндегі іс-шараларды «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұйымдастырады;»;
2) 20-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жеке және заңды тұлғалардың мүлкін реквизициялау жөніндегі іс-шаралар табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі бірiншi кезектегі iс-қимыл туралы жоспарда көзделеді.»;
3) 5-тарау мынадай мазмұндағы 24-2-баппен толықтырылсын:
«24-2-бап. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде мүлікті реквизициялау
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде мүлікті реквизициялау материалдық-техникалық, азық-түлiк, медициналық және басқа да ресурстардың халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргiзу объектілерін табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан кепілді түрде қорғауды қамтамасыз ету үшiн құрылған мемлекеттік резерв болмаған немесе жеткіліксіз болған кездегі ерекше жағдайларда «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.».
13. «Банкроттық туралы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 1-2, 7-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 14, 198-құжат; № 17-18, 225-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 4, 26-құжат; № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 57-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14, 18-құжаттар; № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 жылғы 15 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес пен жеке меншікті заңсыз тартып алуға (рейдерлікке) қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 10-1-баптың 1) тармақшасы «әсер ете алатын» деген сөздерден кейін «, оның ішінде акцияларының пакеттері (қатысу үлестері) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық объектілерге жатқызылған ұйымдардың» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 46-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Борышкерге қатысты оңалту рәсiмiн жүзеге асыру кезеңiнде оңалтуды басқарушы тағайындалалып, оған заңды тұлғаның барлық органдарының оның мүлкі мен iстерін басқару жөніндегі өкiлеттiгi ауысады. Оңалтуды басқарушының борышкердi оңалту мақсатына жетуге бағытталған оңалту жоспарына сәйкес iс-әрекеттер жасауға (қызметкерлердi жұмыстан босату, iшкi қайта ұйымдастыруды жүзеге асыру: iшкi бөлiмшелердi тарату және өзге де шараларды қолдану) құқығы бар.
Оңалту жоспарында көзделген мүлiктi (активтердi) сату сауда-саттық жүргiзу арқылы жүзеге асырылады.
Оңалтуды басқарушы стратегиялық объектіні иеліктен шығару кезінде Қазақстан Республикасы осындай мүлікті сатып алудың басым құқығына ие болады.
Оңалтуды басқарушы «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің стратегиялық объектіге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салуға немесе оларды иеліктен шығаруға рұқсат беру туралы шешімін алғаннан кейін стратегиялық объектіге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салуды немесе оларды иеліктен шығаруды жүзеге асырады.»;
3) 84-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«84-бап. Борышкердiң мүлкiн (активтерiн) сату
1. Талап ету құқығын қоса алғанда, борышкердiң мүлкiн сатуды уәкiлеттi органмен келісілген және кредиторлар комитетi бекiткен мүлiктi сату жоспарына сәйкес сауда-саттық жүргiзу арқылы конкурстық басқарушы жүзеге асырады.
Борышкердiң мүлкiн (активтерiн) сату жөніндегі сауда-саттық жүргiзу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2. Конкурстық басқарушы стратегиялық объектіні сату кезінде Қазақстан Республикасы осындай мүлікті сатып алудың басым құқығына ие болады.
Конкурстық басқарушы «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің стратегиялық объектіні иеліктен шығаруға рұқсат беру туралы шешімін алғаннан кейін оны сатуды жүзеге асырады.
3. Борышкердiң сатуға ұсынылған, бірақ мүлiктi сату жоспарына сәйкес сатылмай қалған мүлкi өз талаптары толық көлемде қанағаттандырылмаған тиiстi кезектегi кредиторларға сату жоспарында көрсетiлген ең төменгi баға бойынша олардың келісімiмен ортақ үлестiк меншiкке берiлуге тиiс.».
14. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Респубикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат, 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., №11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 жылғы 15 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 19 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметi және сыныптық шен, әскери және арнаулы атақтар беру, әскери қызметшiлердiң және өзге де мемлекеттік органдар қызметкерлерiнiң нысанды киім киiп жүру құқығы мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 3-баптың 3-тармағындағы «мәжбүр етіп алуына» деген сөздер «мәжбүрлеп иеліктен шығаруына» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 15-баптың тақырыбы мен 1-тармағындағы «алынуына (сатып алынуына)» деген сөздер «мәжбүрлеп иеліктен шығарылуына» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 29-бапта:
1-тармақта:
4) тармақшадағы «алу (сатып алу)» деген сөздер «мәжбүрлеп иеліктен шығару» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «жағдайларында жол беріледі» деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) құлау (қирау) қаупі бар авариялық және ескі тұрғын үйлерді бұзу жағдайларында жол беріледі.»;
2-тармақтың бірінші абзацындағы «2) және 4) тармақшаларда» деген сөздер «2), 4) және 5) тармақшаларда» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 30-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «2) және 4) тармақшаларда» деген сөздер «2), 4) және 5) тармақшаларда» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 31-баптың 7-тармағындағы «алынған (сатып алынған)» деген сөздер «мәжбүрлеп иеліктен шығарылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 51-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «алынған (сатып алынған)» деген сөздер «мәжбүрлеп иеліктен шығарылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 105-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «алынуына (сатып алынуына)» деген сөздер «мәжбүрлеп иеліктен шығарылуына» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 116-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «бөлiнуiне» деген сөз «мәжбүрлеп иеліктен шығарылуына» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 119-1-бапта:
тақырыптағы «алып қоюға (сатып алуға)» деген сөздер «мәжбүрлеп иеліктен шығаруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөлікте:
«алып қойған (сатып алған)» деген сөздер «мәжбүрлеп иеліктен шығарған» деген сөздермен ауыстырылсын;
«алып қойылатын (сатып алынатын)» деген сөздер «иеліктен шығарылатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
«алып қойылатын (сатып алынатын)» деген сөздер «мәжбүрлеп иеліктен шығарылатын» деген сөздермен ауыстырылсын.
15. «Азаматтық қорғаныс туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 9, 93-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 4, 101-құжат; 2000 ж., № 6, 142-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 16, 104-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 жылғы 15 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әр түрлi заңнамалық актiлердiң құқық нормалары арасындағы қарама-қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететiн нормаларды жою мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
26-баптың 3-тармағындағы «жекешелендіруге» деген сөз «иеліктен шығаруға» деген сөздермен ауыстырылсын.
16. «Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 104-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2010 ж., № 17-18, 108-құжат):
7-баптың 22) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«22) жеке және заңды тұлғалардың реквизицияланған, сондай-ақ қорғаныс мұқтажы үшiн берілген мүлкінің құнын мемлекеттің өтеу тәртібін белгілейді;».
17. «Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 49-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; 2011 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес пен жеке меншікті заңсыз тартып алуға (рейдерлікке) қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Мемлекеттің жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысуы және оларды басқару ерекшеліктері «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.»;
2) 30-баптың 3-тармағындағы «жекешелендіру туралы заңдарға» деген сөздер «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздермен ауыстырылсын.
18. «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» 1998 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 14, 200-құжат; № 22, 308-құжат; № 24, 443-құжат; 2001 ж., № 13-14, 173, 176-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 14, 84-құжат; № 23, 142-құжат):
1) 2-1-бап алып тасталсын;
2) 3-бап мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін сатып алу туралы шарттардың жобаларын келісуге құқылы.»;
3) 4-бапта:
3) тармақшада:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн» деген сөздер «республикалық меншікке жатқызылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
«шаруашылық серіктестіктері акцияларының» деген сөздер «акционерлік қоғамдардың акцияларының және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қатысу үлестерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мемлекеттік пакетін» деген сөздер «мемлекеттік пакеттерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-тарауында белгiленген тәртiппен коммуналдық мүлiктi жекешелендiру туралы шешiм шығарады;»;
мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) Қазақстан Республикасының Жер кодексінде және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды жүзеге асырады.».
19. «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 жылғы 15 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
5-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«қадағалау кеңесі бар, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы шаруашылық жүргізу құқықығындағы мемлекеттік кәсіпорындар;».
20. «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 24, 435-құжат; 2001 ж., № 21-22, 286-құжат; 2003 ж., № 10, 53-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 8, 55-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 жылғы 15 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
12-баптың 2-тармағындағы «жекешелендіруге» деген сөз «иеліктен шығаруға» деген сөздермен ауыстырылсын.
21. «Мемлекеттік материалдық резерв туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 378-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2006 ж., № 16, 104-құжат; 2010 ж., № 3-4, 11-құжат; № 17-18, 108-құжат):
мынадай мазмұндағы 16-1-баппен толықтырылсын:
«16-1-бап. Мемлекеттік материалдық резервті құрайтын мемлекеттік мүлікті есепке алу
Мемлекеттік материалдық резервті құрайтын мемлекеттік мүлікті есепке алуды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен уәкілетті орган жүзеге асырады.».
22. «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2000 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 381-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 3, 19-құжат; № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 23, 97-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Қазақстан Республикасының бағалау қызметi туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының бағалау қызметi туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.