1) 44-бап мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
«10. Осы бап қадағалау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған білім беру ұйымдарына «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ережелерге қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.»;
2) 64-баптың 3-тармағындағы «Қазақстан Республикасының заңнамасына» деген сөздер «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздермен ауыстырылсын.
41. «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2009 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 2-3, 17-құжат; № 24, 133-құжат):
1) 10-баптың 3-тармағында:
11) тармақша алып тасталсын;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) Қордың жылдық бюджетiн әзірлеу тәртібін бекіту, жылдық бюджетін бекіту және даму жоспарын бекіту;»;
2) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«12-бап. Қордың даму стратегиясы және даму жоспары
1. Қордың даму стратегиясы Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары негізінде он жылға әзiрленедi.
Даму стратегиясын іске асыру мақсатында Қордың даму жоспары бес жылға әзірленеді.
2. Қордың даму стратегиясы мен даму жоспарын әзірлеу, бекіту, оған мониторинг жүргізу және оны бағалау «Мемлекетті мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
3) 15-баптың 1-тармағындағы «Акцияларының» деген сөз «Дауыс беретін акцияларының» деген сөздермен ауыстырылсын.
42-тармақ 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
42. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; 2011 жылғы 8 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық құжаттарды орындау, республикалық меншiкке айналған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 19 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметi және сыныптық шен, әскери және арнаулы атақтар беру, әскери қызметшiлердiң және өзге де мемлекеттік органдар қызметкерлерiнiң нысанды киім киiп жүру құқығы мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 42-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) сот бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымды қайта құрылымдау туралы шешім қабылдаған;»;
2) 44-бап мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) осы Заңның 42-бабы бірінші бөлігінің 10-1) тармақшасында көзделген жағдайда, - бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымды қайта құрылымдау тоқтатылғанға дейін;».
43. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 17-18, 113-құжат; 2011 жылғы 15 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
16-баптың 5-тармағындағы «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» деген сөздер «Мемлекеттік мүлік туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.».
2-бап. Осы Заң, 1-баптың 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 3, 11, 31, 35 және 42-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2011 жылғы наурыздың 1-і.
№ 414-ІV ҚРЗ