1) 30-баптың 1-4-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1-4. Мамандандырылған қаржылық сот Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы лауазымды адамдарының және органдарының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының шағымдануы туралы азаматтық істерді, егер тараптардың бірі Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы болса, басқа да азаматтық істерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, қаржы ұйымдарының және бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы азаматтық істерді қарайды.»;
2) 158-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, қаржы ұйымына, сондай-ақ бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымға және (немесе) оның мүлкіне қатысты олар қайта құрылымдау жүргізген кезінде талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қолдануға жол берілмейді.»;
3) 163-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қаржы ұйымын немесе бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымды қайта құрылымдау туралы істі қарайтын мамандандырылған қаржылық сот, қаржы ұйымын немесе бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымды қайта құрылымдау туралы шешім қабылдаған жағдайда қаржы ұйымына немесе бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымға және (немесе) оның мүлкіне қатысты қайта құрылымдау жүргізу туралы шешім қабылдағанға дейін соттар қабылдаған талап-арызын қоюды қамтамасыз етудің күшін жоюға міндетті.»;
4) 235-баптың 1-1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Мамандандырылған қаржылық соттың қаржы ұйымдарын немесе бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдауды жүргізу туралы шешімдері олар қабылданған күннен бастап заңды күшіне енеді және дереу орындалуға жатады.»;
5) 237-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) қаржы ұйымдарын және бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы шешімдер дереу орындалуға тиіс.»;
6) 289-баптың бірінші бөлігінің 4-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1) қаржы ұйымдарын және бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы;»;
7) 34-1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«34-1-тарау. Қаржы ұйымдарын және бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы істерді қарау»;
8) 312-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«312-1-бап. Қаржы ұйымдарын және бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы істерді қарау
Қаржы ұйымдарын және бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы істерді осы Кодексте көзделген жалпы ережелер бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ерекшеліктерімен мамандандырылған қаржылық сот қарайды.
Осы тараудың ережелері бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымның қайта құрылымдауды жүргізуіне қолданылады.».
4. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 жылғы 8 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 15 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 12-баптың 1) тармақшасы «осы Кодексте» деген сөздерден кейін «және Қазақстан Республикасының заңдарында» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 14-баптың 1-тармағының 16) тармақшасындағы «бекіту жатады.» деген сөздер «бекіту;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
«17) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.»;
3) 14-1-бапта:
2-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;»;
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;»;
4) 15-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5-2) тармақшамен толықтырылсын:
«5-2) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін сатып алу туралы шарттардың жобаларын келісу;»;
5) 44-бапта:
3-тармақтың үшінші бөлігіндегі «, оның ішінде сатып алу арқылы мәжбүрлеп иелiктен шығару» деген сөздер алып тасталсын;
7-тармақтың жетінші абзацындағы «, оның ішінде сатып алу арқылы мәжбүрлеп иелiктен шығару» деген сөздер алып тасталсын;
6) 64-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «, соның ішінде сатып алу арқылы мәжбүрлеп иелiктен шығарылған» деген сөздер алып тасталсын;
7) 81-баптың 2-тармағында:
бірінші абзацтағы «, сатып алуды қоса алғанда,» деген сөздер алып тасталсын;
2) тармақшадағы «, оның iшiнде сатып алу арқылы мәжбүрлеп иелiктен шығарылған» деген сөздер алып тасталсын;
8) 82-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінде:
«немесе жер пайдаланушы» деген сөздер алып тасталсын;
«өзiне тиесiлi құқықтарын» деген сөздер «өзiне тиесiлi құқығын» деген сөздермен ауыстырылсын;
«олардан» деген сөз «одан» деген сөзбен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
«немесе жер пайдалану құқығынан» деген сөздер алып тасталсын;
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Меншік иесі жер учаскесіне меншік иесі құқығынан бас тартқан жағдайда, бұл жер учаскесі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 242-бабына сәйкес иесі жоқ жылжымайтын зат ретінде есепке алынады.
Мұндай жер учаскесі иесі жоқ жылжымайтын зат ретінде есепте болған кезінде басқа тұлғаға уақытша жер пайдалануға берілуі мүмкін.
3. Жер учаскесiне жеке меншiк құқығынан ерiктi түрде бас тартқан кезде, жер учаскесi меншiк иесiнiң нотариат куәландырған жазбаша өтiнiшi жер учаскесiн иесi жоқ жылжымайтын зат ретiнде есепке алуға негiз болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Осы баптың қағидалары жер пайдаланушылар жер пайдалану құқығынан бас тартқан жағдайларға да қолданылады.»;
9) 84, 85, 86, 87 және 88-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«84-бап. Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығарудың жалпы ережелері мен принциптері
1. Жер учаскесi мемлекет мұқтажы үшiн ерекше жағдайларда, бұл мұқтажды өзге де тәсiлмен қанағаттандыру мүмкiн болмаған және мүлiктi меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының келісімімен тең құны өтелген кезде не сот шешiмi бойынша мәжбүрлеп иелiктен шығарылуы мүмкін.
2. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығару үшін мыналар:
1) Қазақстан Республикасы ратификациялаған шарттардан туындайтын халықаралық мiндеттемелер;
2) қорғаныс, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мұқтажы, жер учаскесін сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер құрамына енгізу қажеттігі және арнайы экономикалық аймақтардың құрылуы мен жұмыс iстеуi;
3) пайдалы қазба кен орындарының табылуы және оларды қазу;
4) автомобиль және темір жолдардың құрылысы (реконструкциясы), әуежайлар, әуеайлақтар, аэронавигация объектілері және авиатехникалық орталықтар, теміржол көлігі объектілері, көпірлер, метрополитендер, тоннельдер, энергетика жүйесі мен электр тарату желілері, байланыс желiлерi объектілері, ғарыш қызметін қамтамасыз ететін объектілер, магистральдық құбырлар, инженерлiк-коммуникациялық желiлер, концессиялық жобаларды іске асыру, елдi мекендердiң ортақ пайдалануындағы объектiлердiң құрылысы (реконструкциясы);
5) осы бапта белгiленген ерекше жағдайлардың тiзбесiне жатқызылатын объектiлердің құрылысы бойынша елдi мекендердiң бас жоспарларын орындау, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаларда көзделген объектiлерді бюджет қаражаты есебінен салу ерекше жағдайлар болып табылады.
3. Егер жер пайдаланушы берiлген құқықты мемлекеттен сатып алмаған болса, жер пайдалануға берілген жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығару - жер пайдалану құқығы сатып алынбай жүзеге асырылады, ал егер ол жер пайдалану құқығын сатып алған болса, осы Кодекске және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жер пайдаланушыға залалдар толық көлемінде өтеледі, оның қалауы бойынша басқа жер учаскесі берілуі мүмкін.
4. Жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығаруға, мемлекет мұқтажын қанағаттандыру үшін қаншалықты қажет болса, сондай көлемде ғана жол беріледі.
5. Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың коммерциялық мақсаттарын және мемлекеттік емес мүдделерді қанағаттандыру мақсаттарын көздейтін кез келген иеліктен шығару не мемлекеттік функцияларды жүзеге асырудан туындамайтын және қоғамдық маңызы бар мақсаттарды көздемейтін өзге де иеліктен шығару жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару болып танылмауға тиіс.
6. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару иеліктен шығару рәсімінің жариялылығы сақталған кезде жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы қаулысы оны қабылдаған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде тиісінше республикалық немесе жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.
7. Осы баптың ережелерін орындамау жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудан соттың бас тартуына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы қабылдаған қаулысының күшін жоюға негіз болып табылады.
8. Жер учаскесі мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын тұлғалардың құқықтарын қорғау сот тәртібімен жүзеге асырылады.
9. Мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесінің меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы осы Кодекске сәйкес жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы қаулы қабылданғаннан кейін «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-тарауында белгіленген тәртіппен келісім рәсімдеріне бастама жасауға құқылы.
85-бап. Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару
1. Жер учаскесінің меншiк иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-тарауында белгіленген мерзімде және тәртіпте мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабардар етілуге тиіс.
Жер учаскесінің меншiк иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарлама алған сәттен бастап мемлекет оны сатып алудың басым құқығына ие болады.
2. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-тарауында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
3. Жер учаскесi меншiк иесiнің меншік құқығының және мемлекеттік емес жер пайдаланушының жер пайдалану құқығының тоқтатылуы жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін сатып алу туралы шарттың немесе жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы сот шешімінің негізінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуге жатады.
86-бап. Меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару кезіндегі құқықтары
1. Меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімінің басталуы туралы хабарлама алған күннен бастап жер учаскесіне мемлекеттік меншік құқығы мемлекеттік тіркелгенге немесе жер пайдалану құқығы тоқтатылғанға дейін жер учаскесiне және өзге де жылжымайтын мүлікке өзiне тиесiлi құқықты жүзеге асыруға, осы мүлікті оның нысаналы мақсатына сәйкес пайдалануды қамтамасыз ететiн қажеттi шығындарды жасауға құқылы. Бұл ретте меншiк иесi немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы көрсетілген кезеңде осындай жер учаскесіндегі жаңа құрылысқа, үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) және өзге де жылжымайтын мүлік объектілерін кеңейтуге немесе реконструкциялауға байланысты шығындар мен залалдарды өзi көтеруге тәуекел жасайды.
Егер меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы жер учаскесінің бір бөлігі мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылғаннан кейін қалған бөлігін бұрынғы нысаналы мақсаты бойынша пайдалана алмаса, онда бүкіл жер учаскесі сатып алынады.
2. Жер учаскесіне және өзге де жылжымайтын мүлікке құқықтар осы баптың 1-тармағында көрсетілген уақыт ішінде басқа тұлғаға иеліктен шығару жолымен немесе өзге де негіздер бойынша ауысқан кезде, сондай-ақ әмбебап құқықтық мирасқорлыққа байланысты құқық иеленуші ауысқан кезде жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі жаңа құқық иеленушіге де қатысты қолданылады (жалғасады).
87-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарған кезде оның құнын өтеу
Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарған кезде оның құнын өтеу мөлшері, төлем нысандары және төлеу мерзімдері «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-тарауында белгіленеді.
88-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін сот шешімі бойынша алып қою
1. Егер меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы қаулымен келіспесе не алып қойылатын жер учаскесінің құны немесе басқа шарттар туралы онымен келісімге қол жеткізілмесе, жергілікті атқарушы орган жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы.
2. Жер учаскесінің меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабарламаны алған сәттен бастап үш ай өткен соң, бірақ, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы қаулыда көрсетілген мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды жүзеге асыру мерзімінен (күнінен) кешіктірілмей жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы талап-арыз келтірілуі мүмкін.
3. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы талап-арыз бойынша азаматтық істер істі сотта қарауға дайындау аяқталған күннен бастап бір ай мерзімде қаралады және шешіледі.»;
10) 96-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«96-бап. Меншiк немесе жер пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда жер учаскесiн бағалау
Меншiк немесе жер пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда жер учаскесiнің немесе жер пайдалану құқығының құны мемлекетке төленген сома шегінде белгіленеді.
Меншiк немесе жер пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда жеке тұрғын үй орналасқан жерде жеке тұрғын үй салуы үшін, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін (егістік телімдерін қоспағанда) берілген жер учаскесінің құны жер учаскесінің нарықтық құнынан аспайтын құны мөлшерінде белгіленеді.
Меншiк немесе жер пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға азаматтық-құқықтық мәміле бойынша немесе сот шешімі бойынша ауысқан жер учаскесінің құны азаматтық-құқықтық шартта немесе сот шешімінде көрсетілген құн мөлшерінде, бірақ нарықтық құннан аспайтын мөлшерде белгіленеді. Азаматтық-құқықтық шартта немесе сот шешімінде жер учаскесінің бағасы көрсетілмеген жағдайда, жер учаскесінің құны оның кадастрлық (бағалау) құны бойынша бағаланады.»;
11) 122-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «жекешелендіруге» деген сөз «иеліктен шығаруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 123-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қорғалатын аймақтары шегіндегі жер учаскелерi осы аймақтарды қорғаудың белгiленген режимi сақтала отырып пайдаланылады.
Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иелiктен шығару осы Кодексте және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген шарттар мен тәртіпке сәйкес жүргізіледі.»;
13) 125-баптың 3-тармағының бірінші бөлігінің екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте көрсетілген учаскелер осы Кодексте және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда және тәртіппен мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылады.»;
14) 133-баптың 2-тармағындағы «жекешелендiрiлген» деген сөз «мемлекет меншігінен иеліктен шығарылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 165-баптың 1) тармақшасындағы «, соның iшiнде сатып алу арқылы мәжбүрлеп иеліктен шығарылған» деген сөздер алып тасталсын;
16) 166-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жер учаскесiнiң немесе жер пайдалану құқығының құны;».
5. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 жылғы 8 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 15 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әр түрлi заңнамалық актiлердiң құқық нормалары арасындағы қарама-қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететiн нормаларды жою мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
25-баптың 1-тармағындағы «жекешелендiруге» деген сөз «иеліктен шығаруға» деген сөздермен ауыстырылсын.
6. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 жылғы 8 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 15 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 19 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметi және сыныптық шен, әскери және арнаулы атақтар беру, әскери қызметшiлердiң және өзге де мемлекеттік органдар қызметкерлерiнiң нысанды киім киiп жүру құқығы мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы; 2011 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әр түрлi заңнамалық актiлердiң құқық нормалары арасындағы қарама-қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететiн нормаларды жою мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
285-баптың 2-тармағындағы «Қазақстан Республикасының жекешелендiру туралы заңнамасына» деген сөздер «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздермен ауыстырылсын.
7. «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 15, 363-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 17, 139-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 жылғы 15 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«14-бап. Күтімсіз ұсталатын тарих және мәдениет ескерткіштерін алып қою
Тарих және мәдениет ескерткіштерінің меншік иесі осы ескерткіштерді күтіп ұстамай, бұл олардың өз маңызын жоғалту қаупін төндіретін жағдайларда, мемлекет мұндай ескерткіштерді меншік иесінен сот шешімі бойынша сатып алу арқылы алып қояды немесе олар, осы бапта көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, жария сауда-саттықта сатылады.
Меншік иесінен жеке меншігіндегі оның тұрғын үйі немесе тұрғын жайы болып табылатын тарих және мәдениет ескерткішін алып қою оған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзге тұрғын жай берілмей және шарт бойынша тиісті өтемақы төленбей жүзеге асырылмайды.».
8. «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., №18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат; 2011 жылғы 8 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 15 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 19 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметi және сыныптық шен, әскери және арнаулы атақтар беру, әскери қызметшiлердiң және өзге де мемлекеттік органдар қызметкерлерiнiң нысанды киім киiп жүру құқығы мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):