Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік мүлік мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 жылғы 26 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 41-баптың 5-тармағында:
бірінші бөліктегі «мен тоқтату» деген сөздер «және жою» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «заңдарға» деген сөз «Қазақстан Республикасының заңдарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 44-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мекемелердің және қазыналық кәсiпорындардың құрылтайшысы қаржыландыратын арнайы қаржы компанияларынан басқа заңды тұлғалар өз мiндеттемелерi бойынша өздерiне тиесiлi барлық мүлiкпен жауап бередi.
Мекеме өзінің мiндеттемелері бойынша өз билiгіндегі ақшамен жауап бередi. Ақша жеткiлiксiз болған жағдайда мекеменiң мiндеттемелерi бойынша оның құрылтайшысы жауаптылықта болады.
Қазыналық кәсiпорын өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өз билiгіндегі ақшамен жауап бередi.
Қазыналық кәсiпорында ақша жеткiлiксiз болған жағдайда оның мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкiмшiлiк-аумақтық бөлініс тиiстi бюджет қаражатымен субсидиарлық жауаптылықта болады.
Арнайы қаржы компаниясы өз міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жауап береді.»;
3) 50-баптың 9-1-тармағы алып тасталсын;
4) 102-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік кәсiпорынның органы уәкiлетті мемлекеттік орган тағайындайтын және оған есеп беретiн басшы болып табылады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісінде көзделген жағдайларда мемлекеттік кәсіпорын басшысынан басқа өзге де орган мемлекеттік кәсiпорынның органы ретінде әрекет ете алады.»;
5) 104-баптың 6-тармағындағы «мемлекеттік кәсiпорын туралы заң актілерінде» деген сөздер «Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 105-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«105-бап. Мекеме
1. Басқарушылық, әлеуметтiк-мәдени немесе өзге де коммерциялық емес сипаттағы функцияларды жүзеге асыру үшiн өзінің құрылтайшысы құрған және қаржыландыратын ұйым, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, мекеме деп танылады.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне немесе Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес мемлекет құратын және егер қосымша қаржыландыру көздерi Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленбесе, тек қана бюджет немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің бюджетi (шығыстар сметасы) есебiнен ұсталатын мекеме мемлекеттік мекеме деп танылады.
3. Мемлекеттік мекеменiң шарттық мiндеттемелердi қабылдауы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
4. Мекемелердің құқықтық жағдайы осы Кодексте, Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде айқындалады.»;
7) 111-баптың 2-тармағында:
бірінші бөлікте:
«мемлекеттік өкiмет билiгi мен басқару органдары» деген сөздер «мемлекеттік органдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
«заң құжаттарында» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «Заңдарда» деген сөз «Қазақстан Республикасының заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 167-баптың 4-тармағындағы «қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі аппараты» деген сөздер «республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село) әкімдері» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 192-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігіндегі «, алтын валюта қоры және алмас қоры» деген сөздер алып тасталсын;
6-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мемлекеттік мүлiктi мемлекеттік меншiктiң бір түрiнен екiншiсiне беру Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісіне сәйкес жүзеге асырылады.»;
екінші бөліктегі «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын» деген сөздер «Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісінде айқындалатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару туралы заңнамалық актiлерде айқындалған тәртiппен» деген сөздер «Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісіне сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Осы баптың ережелері, егер Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісінде өзгеше көзделмесе немесе азаматтық құқықтардың мәніне қайшы келмесе, меншік құқығынан басқа, тиісінше мемлекеттік мүлікке өзге де азаматтық құқықтарға қолданылады.»;
10) 193-1-бапта:
3-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілейтін» деген сөздер «Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісінде айқындалатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Азамат немесе мемлекеттік емес заңды тұлға стратегиялық объектіні иеліктен шығаруға ниет білдірген жағдайда, сондай-ақ стратегиялық объектіге өндіріп алу қолданылған не стратегиялық объектіні оңалтушы не конкурстық басқарушы иеліктен шығарған не кепіл ұстаушы кепілге салынған мүлікті (стратегиялық объектіні) соттан тыс тәртіппен өткізген, не стратегиялық объект сот актісінің негізінде өндіріп алынған жағдайда Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісінде айқындалған шарттар бойынша Қазақстан Республикасы стратегиялық объектіні сатып алудың басым құқығына ие болады.
Стратегиялық объектінінің нарықтық құны Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісіне сәйкес айқындалады.
Стратегиялық объектіні сатып алудың басым құқығын пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісінде айқындалады.
5. Егер стратегиялық объектіге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу не оны иеліктен шығару кезінде осы баптың 3 және 4-тармақтарындағы талаптар бұзылса, мұндай мәмілелер олар жасалған сәттен бастап жарамсыз деп танылады.»;
11) 196-бапта:
«Шаруашылық» деген сөз «1. Шаруашылық» деген сөздермен ауыстырылсын;
«өзге де заң құжаттарымен» деген сөздер «Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
«2. Мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық жүргізу құқықтарын жүзеге асыру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісінде айқындалады.»;
12) 197-баптағы «заңдарда» деген сөз «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 200-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы «және еншiлес кәсiпорындар» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтың бірінші бөлігіндегі «заңдарда» деген сөз «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 202-бапта:
«Оралымды» деген сөз «1. Оралымды» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мемлекеттік» деген сөз алып тасталсын;
«заң құжаттарымен» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
«2. Қазыналық кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерді оралымды басқару құқығын жүзеге асыру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісінде айқындалады.»;
15) 203-баптағы «заңдарда» деген сөз «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 204-бапта:
1-тармақта:
«заң құжаттарына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мемлекеттік мекеме немесе» деген сөздер «мекеме,» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «мемлекеттік мекеменің немесе» деген сөздер «мекеменің,» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «Мемлекеттік мекемені» деген сөздер «Мекемені» деген сөзбен ауыстырылсын;
17) 205-бапта:
«Мемлекеттік мекемеге» деген сөздер «Мекемеге» деген сөзбен ауыстырылсын;
«заң құжаттарында» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 206-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«206-бап. Мекеменің мүлкіне билік ету
Мекеме өзiне бекітілiп берiлген мүлiктi және оған смета бойынша бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi иелiктен өз бетінше шығаруға немесе оған өзгеше әдiспен билiк етуге құқылы емес.
Мемлекеттік мекемелердің табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленеді.»;
19) 207-бапта:
тақырыптағы «, мекеменің және мемлекеттік мекеменің» деген сөздер «және мекеменің» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
екінші бөліктегі «Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе тиісті жергілікті атқарушы орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бөлініс тиісті бюджет қаражатымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлік алып тасталсын;
2-тармақтағы «Мекеме мен мемлекеттік мекеменің» деген сөздер «Мекеменің» деген сөбен ауыстырылсын;
20) 227-баптың бірінші бөлігіндегі «Жекешелендiру туралы заңдарға» деген сөздер «Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік және тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
21) 235-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Мемлекет Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда және тәртіппен жер учаскесін реквизициялау, мемлекет меншігіне алу, оның ішінде мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп алып қою кезінде, сондай-ақ жер учаскесін алып қоюға байланысты жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару кезінде мүлікке меншік құқығына ие болады.»;
22) 242-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Иесi жоқ жылжымайтын заттарды олар табылған аумақтағы республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының өтініші бойынша жылжымайтын мүлiктi мемлекеттік тiркеудi жүзеге асыратын орган есепке алады. Жергілікті атқарушы орган иесi жоқ жылжымайтын зат есепке алынған күннен бастап бір жыл өткен соң бұл затты коммуналдық меншiкке түстi деп тану туралы талап қойып сотқа жүгiнеді.
Коммуналдық меншікке түскен мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
Осындай мүлікті өзінің меншігі ретінде иеленетін азаматтардағы немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардағы иесі жоқ жылжымайтын заттар есепке алынбайды және коммуналдық меншікке берілмейді.
Мемлекеттік меншікке түскен мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Осындай мүлікке басқа тұлғаның меншік құқығы туындағанға дейін кез келген уақытта меншік иесі өзіне тиесілі жылжымайтын затты иесі жоқ зат ретінде есептен шығару туралы өтініш жасауға және оны өзінің іс жүзіндегі иелігіне қайта алуға құқылы.»;
23) 244-баптың 1 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекетке тиесілі, жер учаскелері болып қалыптаспаған жерде, құрылысты жүзеге асырған тұлғаға тиесілі емес жер учаскесінде салынған, сондай-ақ бұл үшін Қазақстан Республикасының жер заңнамасына, Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес қажетті рұқсат алынбай салынған тұрғын үй, басқа да құрылыс, ғимарат немесе өзге де жылжымайтын мүлік өз бетінше салынған құрылыс болып табылады.»;
«4. Мемлекетке тиесілі және жер пайдалануындағы емес жер учаскелерінде (жер учаскелері болып қалыптаспаған жерде) тұлға өз бетінше тұрғызған құрылыс әлеуметтiк-экономикалық тұрғыдан орындылығы ескерiле отырып, құрылыс шығындары сот айқындаған мөлшерде өтеліп, коммуналдық меншiкке берiледі.
Мемлекеттік жер пайдаланушылардың жер пайдалануындағы жер учаскесінде өз бетінше құрылыс салуды жүзеге асырған кезде өз бетінше салынған құрылыс әлеуметтiк-экономикалық тұрғыдан орындылығы ескерiле отырып, құрылыс шығындары сот айқындаған мөлшерде бюджет қаражатынан өтеліп, коммуналдық меншiкке берiледі.»;
24) 245 және 246-баптардағы
«қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі аппаратына», «қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінiң аппаратының», «қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінiң аппараты жүзеге асырады», «тиісті қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінiң аппараты» деген сөздер тиісінше «республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына», «республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының», «республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады», «республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың тиісті жергілікті атқарушы органдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
25) 247-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлікте:
«заңдарға» деген сөз «Қазақстан Республикасының заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
«иесінің» деген сөз «меншік иесінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлікте:
«жер учаскесін пайдаланушының» деген сөздерден кейін «(жер пайдаланушының)» деген сөздермен толықтырылсын;
«қозғалмайтын мүлікті» деген сөздер «жылжымайтын затты» деген сөздермен ауыстырылсын;
«сол» деген сөз алып тасталсын;
2-тармақта:
«Тарих және мәдениет ескерткiштерiне» деген сөздер «Мәдени құндылықтарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жер учаскесiн пайдаланушы» деген сөздер «жер учаскесінің меншік иесі» деген сөздермен ауыстырылсын;
26) 249-бапта:
2-тармақта:
бірінші абзацтағы «ықтиярсыз алып қоюға» деген сөздер «мәжбүрлеп иеліктен шығаруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «заң құжаттарына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «иеліктен айырған» деген сөздер «мәжбүрлеп иеліктен шығарған» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«6) күтiмсiз ұсталған тарих және мәдениет ескерткіштерін, мәдени құндылықтарды алып қойған;
7) мемлекет меншігіне алып қойған реттер кірмейді.»;
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) азаматтар мен заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісінде көзделген жағдайларда, шарттарда және тәртiппен;»;
27) 253-баптың 1-тармағында:
«iндеттер» деген сөзден кейін «, соғыс жағдайындағы іс-қимыл кезеңінде немесе соғыс уақытында» деген сөздермен толықтырылсын;
«заң құжаттарында» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңдарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
28) 256-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«256-бап. Күтiмсiз ұсталған тарих және мәдениет ескерткіштерін, мәдени құндылықтарды алып қою»;
бірінші бөлікте:
«Заңдарға» деген сөз «Қазақстан Республикасының заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мәдени және тарихи қазыналарға жатқызылған заттардың» деген сөздер «тарих және мәдениет ескерткіштерінің, мәдени құндылықтардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
«қазыналарды» деген сөздер «ескерткіштер мен құндылықтарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
«сатып алу» деген сөздерден кейін «арқылы алып қояды» деген сөздермен толықтырылсын;
«жария саудаға салып сату арқылы алуы мүмкін» деген сөздер «жария сауда-саттықта сатылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «Мәдени қазыналар» деген сөздер «Тарих және мәдениет ескерткіштері, мәдени құндылықтар» деген сөздермен ауыстырылсын;
29) 257-бапта «кезде» деген сөзден кейін «, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе,» деген сөздермен толықтырылсын;
30) 267-бапта:
тақырыптағы «өкімет, басқару органдары» деген сөздер «мемлекеттік органдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы «мемлекеттік басқару органының, жергiлiктi өкiлдi немесе атқарушы органның,» деген сөздер «мемлекеттік органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бірінші бөліктегі «мемлекеттік басқару органдарының, жергiлiктi өкiлдi немесе атқарушы органның» деген сөздер «мемлекеттік органдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «өкiмет немесе басқару органының» деген сөздер «мемлекеттік органның» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат):
1) 493-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Кәсіпорын бірыңғай мүліктік кешен болған жағдайда, мемлекеттік кәсіпорынды сату ерекшеліктері Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісінде айқындалады.»;
2) 509-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жағдайына байланысты немесе олардың қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты сый тартуға жол берілмейді.»;
3) 541-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға беру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісінде белгіленеді.»;
4) 604-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану шартына Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген ерекшеліктерге қоса осы Кодекстің ережелері қолданылады.»;
5) 883-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4.Мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқару ерекшеліктері Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленеді.»;
6) 889-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «алғашқы мүмкiндiк туысымен» деген сөздер «дереу» деген сөзбен ауыстырылсын;
7) 1071-баптың 3-тармағындағы «қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінiң аппараты» деген сөздер «республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 1083-бапта:
тақырыптағы «мұра» деген сөз «мүлік» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақ «иесiз қалған» деген сөздерден кейін «мүлік» деген сөзбен толықтырылсын;
2-тармақтың бірінші бөлігіндегі «мұра» деген сөз «мүлік» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақта:
бірінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мұра ашылған күннен бастап бір жыл өткеннен кейiн мұра ашылған жер бойынша республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының өтініші негiзiнде сот мұраны иесiз қалған мүлік деп таниды.»;
екінші сөйлем «иесiз қалған» деген сөздерден кейін «мүлік» деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Осы Кодекстің 1080 және 1081-баптарында көзделген қағидалар иесіз қалған мүлікке де қолданылады.».
3-тармақ 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; 2010 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 11 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне прокуратура органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес пен жеке меншікті заңсыз тартып алуға (рейдерлікке) қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):