Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және олардың күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 қазандағы № 1369 Қаулысы
(2013.24.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қаржы нарығын мемлекеттік реттеудiң бірыңғай жүйесiн ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» 2001 жылғы 11 шiлдедегi № 654 Жарлығының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгізiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 28 қазандағы № 1369 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн
өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2012.07.06. № 753 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік iшкi займының ұлттық жинақ облигацияларын шығару туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 21 мамырдағы № 619 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 22, 194-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік iшкi займның ұлттық жинақ облигацияларын шығару айналысқа қосу және өтеу шарттары туралы ережеде:
8-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. «Мемлекеттік қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелердi МЕККАМ шығару, айналысқа қосу және өтеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 786 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 255-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының айналыс мерзiмi үш, алты, тоғыз және он екi ай болатын мемлекеттік қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелерiн МЕККАМ шығару, айналысқа қосу және өтеу тәртібі туралы ережеде:
14-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясымен» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен» деген сөздермен ауыстырылсын.
4. ҚР Үкіметінің 11.06.04 ж. № 641 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
5. ҚР Үкіметінің 2005.09.02. № 124 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
6. ҚР Үкіметінің 2005.09.02. № 124 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
7. «Қазақстан Республикасының айналыс мерзiмi екi жыл және одан да көп мемлекеттік орта мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелерiн шығарудың, айналысқа қосудың және өтеудiң ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 10 маусымдағы № 945 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 25, 228-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының айналыс мерзiмi екi жыл және одан да көп мемлекеттік орта мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелерiн шығарудың, айналысқа қосудың және өтеудiң ережесінде:
4-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi» деген сөздермен ауыстырылсын.
8. ҚР Үкіметінің 2007.05.10 № 908 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
9. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік арнаулы қазынашылық мiндеттемелерін шығарудың, айналысқа енгізудiң және өтеудiң ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 30 желтоқсандағы № 1859 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 57, 520-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік арнаулы қазынашылық мiндеттемелерiн шығарудың, айналысқа енгізудiң және өтеудiң ережесінде:
4-тармақтағы «бағалы қағаздар жөніндегі Қазақстан Республикасының ұлттық комиссиясы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрi - Ұлттық Банк)»деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрi - Ұлттық Банк)»деген сөздер «Ұлттық Банкi» деген сөздермен ауыстырылсын.
10. ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 391 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
11. ҚР Үкіметінің 2011.09.08. № 920 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
12. «Қазақстан Республикасының айналым мерзiмi үш ай және одан астам мемлекеттік индекстелген қазынашылық мiндеттемелерiн шығарудың, олардың айналымының және өтелуiнiң тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 10 наурыздағы № 220 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 8, 62-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының айналым мерзiмi бір жыл және бір жылдан астам мемлекеттік индекстелген қазынашылық мiндеттемелерiн шығарудың, олардың айналымының және өтелуiнiң тәртібінде:
7) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) тармақшаның екiншi сөйлемi мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте, индекстелген қазынашылық мiндеттемелерiнiң аукциондарына екiншi деңгейдегi банктердiң және институционалдық инвесторлардың арасында iрiктелген жағдайда - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі айқындайтын бастапқы дилерлер ғана тiкелей қатысады.».
13. «Айналыс мерзiмi бес жыл арнайы валюталық мемлекеттік облигацияларды шығарудың, айналысының және өтеудiң ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 5 сәуірдегі № 363 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Айналыс мерзiмi бес жыл арнайы валюталық мемлекеттік облигацияларды шығарудың, айналысының және өтеудiң ережесінде:
4-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясымен» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен» деген сөздермен ауыстырылсын.
14. «Қазақстан Республикасының айналыс мерзiмi үш, алты, тоғыз және он екi ай мемлекеттік қысқа мерзiмдi қазынашылық валюталық мiндеттемелерiн шығарудың, айналысының және өтеудiң ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 9 сәуiрдегі № 398 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 12, 121-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының айналыс мерзiмi үш, алты, тоғыз және он екi ай мемлекеттік қысқа мерзiмдi қазынашылық валюталық мiндеттемелерiн шығарудың, олардың айналысының және өтеудiң ережесінде:
5 және 22-тармақтардағы «Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы» және «Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясымен» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен» деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақтың екiншi сөйлемi мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте, қазынашылық мiндеттемелердің аукциондарына екiншi деңгейдегі банктердiң және бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушыларының арасынан iрiктелген жағдайда - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұсынымы бойынша Эмитент айқындайтын тек бастапқы дилерлер ғана тiкелей қатысады.».
15. ҚР Үкіметінің 24.04.02 ж. № 470 қаулысымен 15-тармақтың күші жойылды
16. «Қазақстан-американ бірлескен комиссиясының 6-мәжілісi Қорытынды баяндамасының ережелерiн және Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың Америка Құрама Штаттарына 1999 жылғы 17-22 желтоқсандағы сапары барысында қол жеткiзiлген уағдаластықтарды жүзеге асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 17 наурыздағы № 413 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан-Американ бірлескен комиссиясының 6-мәжілісi қорытынды баяндамасының ережелерiн және Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың АҚШ-қа сапары барысында (1999 жылғы 17-22 желтоқсан) қол жеткiзiлген уағдаластықтарды жүзеге асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарында:
реттiк нөмiрi 46-жолдың «Орындалуына жауаптылар» деген бағанындағы «Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссия (келісім бойынша)»деген сөздер алынып тасталсын.
17. «Қазақстан Республикасының айналыс мерзiмi бір жыл және одан артық мемлекеттік орта мерзiмдi қазынашылық валюталық мiндеттемелерiн шығарудың, орналастырудың, олардың айналысының, өтеудiң және оларға қызмет көрсетудiң ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 18 сәуiрдегі № 597 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының айналыс мерзiмi бір жыл және одан артық мемлекеттік орта мерзiмдi қазынашылық валюталық мiндеттемелерiн шығарудың, орналастырудың, олардың айналысының, өтеудiң және оларға қызмет көрсетудiң ережесінде:
6-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы» және «Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне» деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақтың екiншi абзацындағы бірiншi және екiншi сөйлемдер мынадай редакцияда жазылсын:
«Екiншi дәрежелi банктер мен бағалы қағаздар рыногының өзге кәсiби қатысушылары арасынан iрiктеген жағдайда бастапқы дилерлердi Қаржы агентiнiң ұсынымы бойынша Эмитент белгiлейдi.».
18. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Экономикалық ақпарат орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 16 мамырдағы № 729 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 22, 256-құжат):
1) 3-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы» деген сөздер алынып тасталсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Экономикалық ақпарат орталығы туралы ережеде:
3-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясынан» деген сөздер алынып тасталсын;
3) көрсетiлген қаулымен бекітілген Экономикалық ақпарат орталығына мiндеттi түрде ұсынылатын материалдардың тiзбесiнде:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (келісім бойынша)»деген бөлiмде:
«елдегi банк жүйесiн дамыту» деген абзацтан кейiн мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«капитал рыногын дамытудың проблемалары мен перспективалары;
экономиканы қаржыландыруда қаржы құралдары тиiмділігінің проблемалары;
аймақтарда қаржы құралдарын пайдалануды тарату.»;
«Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясы» деген бөлiм алынып тасталсын.
19. ҚР Үкіметінің 2005.05.02 ж. № 110 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
20. «Жинақ ақшаларды қорғау және ынталандыру жөніндегі iс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 18 тамыздағы № 1277 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 36-37, 434-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Жинақ ақшаларды қорғау және ынталандыру жөніндегі iс-шаралар жоспарында:
реттiк нөмiрi 6 және 7-жолдарда 3 «Орындауға жауаптылар» деген бағандағы «БҚҰК (келісім бойынша)»деген сөздер алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 6-жолда 4 «Аяқтау нысаны» деген бағандағы «БҚҰК-ның нормативтiк құқықтық кесiмдерi» деген сөздер алынып тасталсын.
21. «Тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзiмдi қаржыландырудың және ипотекалық несие беру жүйесiн дамытудың бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 28 қарашадағы № 1774 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 49-50, 579-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзiмді қаржыландырудың және ипотекалық несие беру жүйесiн дамытудың бағдарламасында:
8 «Қазақстан Республикасында Тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзiмдi қаржыландырудың және ипотекалық несие беру жүйесiн дамытудың бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспары» деген бөлiмде:
реттiк нөмiрлерi 2, 3, 7-жолдарда 4 «Орындалуына жауаптылар» деген бағандағы «БҚҰК (келісім бойынша)»деген сөздер алынып тасталсын.
22. ҚР Үкіметінің 2006.16.06. № 557 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
23. ҚР Үкіметінің 2008.17.07 № 691 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
24. ҚР Үкіметінің 2009.19.09. № 1411 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
25. ҚР Үкіметінің 2005.02.02. № 91 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
26. «Шығыс Қазақстан облысы жергiлiктi атқарушы органының орта мерзiмдi облигацияларын шығарудың, орналастырудың, олардың айналысының, өтеудiң және оларға қызмет көрсетудiң ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 22 мамырдағы № 685 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 19, 235-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Шығыс Қазақстан облысы жергiлiктi атқарушы органының орта мерзiмдi облигацияларын шығарудың, орналастырудың, олардың айналысының, өтеудiң және оларға қызмет көрсетудiң ережесінде:
7-тармақта «Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi» деген сөздермен ауыстырылсын.
27. «Астық туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 7 маусымдағы № 773 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекітілген «Астық туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарында:
реттiк нөмiрлерi 5 және 6-жолдарда:
3 «Аяқтау нысаны» деген бағандағы «Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының» деген сөздермен ауыстырылсын; 4 «Орындауға жауапты мемлекеттік орган» деген бағандағы «Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi» деген сөздермен ауыстырылсын.
28. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 11 шілдедегi № 654 Жарлығын iске асыру жөнiндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 8 тамыздағы № 1040 қаулысына:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. А.М.Жолдасбеков Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының тарату комиссияларының және шаруашылық жүргiзу құқығындағы «Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының Шаруашылық басқармасы» республикалық мемлекеттік кәсiпорнының төрағасы болып тағайындалсын.
Тарату комиссиялары төрағасының еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясын ұстауға республикалық бюджетте көзделген қаражаттың есебiнен «Қызметкерлерiнiң орташа жалақысын есептеу тәртібі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы № 1942 қаулысына сәйкес есептелген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының төрағасына бұрын белгіленген орташа жалақы мөлшерінде жүзеге асырылсын.».
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң
2001 жылғы 28 қазандағы № 1369 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы ?кіметінің
күшi жойылған кейбір шешiмдерiнің
тiзбесi
1. «Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының ұйымдастырушылық мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1995 жылғы 27 қаңтардағы № 98 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 4, 52-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу және күшi жойылған деп тану туралы» Министрлер Кабинетiнің 1995 жылғы 11 шiлдедегi № 948 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы.
3. «Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 18 желтоқсандағы № 1552 қаулысының 1 және 2-тармақтары.