Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу және олардың күші жойылды деп тану туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 қазандағы N 1369 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 24.04.02 ж. N 470; 11.06.04 ж. N 641 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 2 ақпандағы N 91 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қаржы нарығын мемлекеттiк реттеудiң бiрыңғай жүйесiн ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" 2001 жылғы 11 шiлдедегi N 654 Жарлығының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | Қ. Тоқаев
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 28 қазандағы N 1369 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне, лицензиялар беруге өкiлеттік берiлген мемлекеттiк органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 20-жол алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 21-жолдың 3-бағаны мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"бағалы қағаздар нарығындағы кәсiби қызмет, бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушыларының және бағалы қағаздар нарығына кәсiпқой қатысушылардың өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарының қызметi;
бағалы қағаздар бланкiлерiн шығару және әкелу;".
2. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк iшкi займының ұлттық жинақ облигацияларын шығару туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 21 мамырдағы N 619 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 22, 194-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк iшкi займның ұлттық жинақ облигацияларын шығару айналысқа қосу және өтеу шарттары туралы ережеде:
8-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. "Мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелердi МЕККАМ шығару, айналысқа қосу және өтеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 786 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 255-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының айналыс мерзiмi үш, алты, тоғыз және он екi ай болатын мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелерiн МЕККАМ шығару, айналысқа қосу және өтеу тәртiбi туралы ережеде:
14-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясымен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен" деген сөздермен ауыстырылсын.
ҚР Үкіметінің 11.06.04 ж. N 641 қаулысымен 4-тармақтың күші жойылды
4. "Қазақстан Республикасының Орталық депозитарийi туралы, Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар иелерiнiң тiзiлiмiн енгiзу туралы, Қазақстан Республикасындағы кастодиалдық қызмет туралы ережелердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 29 шiлдедегi N 944 қаулысына:
1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының орталық депозитарийi туралы ережеде:
мәтiндегі "Комиссия", "Комиссиямен", "Комиссиясын", "Комиссияның", "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi", "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен" деген сөздер "ҚР ҰБ" деген қысқартылған атаумен ауыстырылсын;
6-тармақтың екiншi абзацындағы "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрi - Комиссия)" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрi - ҚР ҰБ)" деген сөздермен ауыстырылсын;
28-тармақтың үшiншi абзацындағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң және" деген сөздер алынып тасталсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар иелерінің тiзiлiмiн енгiзу туралы ережеде:
мәтiндегi "Комиссия", "Комиссиясын", "Комиссияны", "Комиссияның" деген сөздер "ҚР ҰБ" деген қысқартылған атаумен ауыстырылсын;
5-тармақтың үшiншi абзацындағы "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясында (бұдан әрi - Комиссия)" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне (бұдан әрi - ҚР ҰБ)" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы кастодиалдық қызмет туралы ережеде:
мәтiндегi "Комиссия", "Комиссиямен", "Комиссиясын", "Комиссиялар" деген сөздер "ҚР ҰБ" деген қысқартылған атаумен ауыстырылсын;
5-тармақтың бiрiншi абзацындағы:
"Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы берген" деген сөздер алынып тасталсын.
"Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы (бұдан әрi - Комиссия) берген" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi берген (бұдан әрi - ҚР ҰБ)" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы:
"және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi" деген сөздер және "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және" деген сөздер алынып тасталсын;
екіншi абзацтағы "бар" деген сөз сол күйiнде қалдырылсын.
5. "Заңды тұлғалардың бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыруға құқығын лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 15 қарашадағы N 1391 қаулысына:
2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (келiсiм бойынша)" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Заңды тұлғалардың бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыруға құқығын лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктілік талаптарында:
мәтiндегi "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң" деген сөздер және "БҚҰК" деген қысқартылған атау "ҚР ҰБ" деген қысқартылған атаумен ауыстырылсын;
І-бөліктiң 1-тармағының үшiншi абзацындағы "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясында" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде" деген сөздермен ауыстырылсын.
6. "Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия беру тәртiбi мен шарттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 4 наурыздағы N 293 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 10, 72-құжат):
1) 2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (келiсiм бойынша)" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Бағалы қағаздар рыногындағы брокерлiк және дилерлiк қызметтi лицензиялау туралы ережеде:
мәтiндегi "БҚҰК" деген қысқартылған атау "ҚР ҰБ" деген қысқартылған атаумен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi" деген сөздермен ауыстырылсын;
15-тармақ алынып тасталсын;
3) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Бағалы қағаздар ұстаушылар тiзiлiмiн жүргізу жөнiндегi қызметтi лицензиялау туралы ережеде:
мәтiндегі "БҚҰК" деген қысқартылған атау "ҚР ҰБ" деген қысқартылған атаумен ауыстырылсын;
кiрiспедегі "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақтағы "және бағалы қағаздар рыногында тiркеушілік қызметтi жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң келiсiмiн" деген сөздер алынып тасталсын;
4) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Бағалы қағаздар рыногындағы кастодиалдық қызметтi лицензиялау туралы ережеде:
мәтiндегі "БҚҰК" деген қысқартылған атау "ҚР ҰБ" деген қысқартылған атаумен ауыстырылсын;
кiрiспедегi "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясының" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақтағы "және кастодиалдық қызметтi жүзеге асыруға Ұлттық Банктiң келiсiмi" деген сөздер алынып тасталсын;
29-тармақтағы "БҚҰК-ның атқарушы аппараты және" деген сөздер алынып тасталсын;
5) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Орталық депозитарийдi лицензиялау туралы ережеде:
мәтiндегi "БҚҰК" деген қысқартылған атау "ҚР ҰБ" деген қысқартылған атаумен ауыстырылсын;
кiрiспедегi "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын.
7. "Қазақстан Республикасының айналыс мерзiмi екi жыл және одан да көп мемлекеттік орта мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелерiн шығарудың, айналысқа қосудың және өтеудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 10 маусымдағы N 945 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 25, 228-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының айналыс мерзiмi екi жыл және одан да көп мемлекеттiк орта мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелерiн шығарудың, айналысқа қосудың және өтеудiң ережесiнде:
4-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi" деген сөздермен ауыстырылсын.
8. "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейiн дамытудың стратегиясы туралы және Ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейiн дамыту стратегиясын iске асыру жөнiндегі кеңейтiлген шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 22 желтоқсандағы N 1817 қаулысына:
көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:
"I-Кезең - дайындық (1998 ж. - 2000 ж.)" деген бөлiмнiң реттiк нөмiрi 5-жолында:
4 "Iс-қимыл" деген бағанда сегiзiншi абзацтағы "және Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиямен" деген сөздер алынып тасталсын;
5 "Қатысушылар" деген бағанда:
алтыншы абзацтағы "Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссия" деген сөздер "Ұлттық Банк" деген сөздермен ауыстырылсын;
сегiзiншi абзацтағы "Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссия" деген сөздер алынып тасталсын.
9. "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк арнаулы қазынашылық мiндеттемелерін шығарудың, айналысқа енгiзудiң және өтеудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 желтоқсандағы N 1859 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 57, 520-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк арнаулы қазынашылық мiндеттемелерiн шығарудың, айналысқа енгiзудiң және өтеудiң ережесiнде:
4-тармақтағы "бағалы қағаздар жөнiндегi Қазақстан Республикасының ұлттық комиссиясы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрi - Ұлттық Банк)" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрi - Ұлттық Банк)" деген сөздер "Ұлттық Банкi" деген сөздермен ауыстырылсын.
10. "Ақпарат алмасуды қамтамасыз ету және мемлекеттiк меншiк жөнiндегі деректердiң ақпараттық базасын жүргiзу жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 21 наурыздағы N 246 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 9, 61-құжат):
3-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (келiсiм бойынша)" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң, мемлекет үлестiк қатысатын шаруашылық серiктестіктерiнiң тiзiлiмi туралы ережеде:
7-тармақтың үшiншi абзацындағы "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген Ережеге 2-қосымшада:
"Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссия" деген сөздер "Ұлттық Банк" деген сөздермен ауыстырылсын.
11. "Мемлекетке тиесiлi акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногы арқылы сатудың ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 6 қарашадағы N 1137 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 40, 367-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекетке тиесiлi акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногы арқылы сатудың ережесiнде:
9-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi" деген сөздермен ауыстырылсын;
15-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
23-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының" деген сөздер алынып тасталсын.
12. "Қазақстан Республикасының айналым мерзiмi үш ай және одан астам мемлекеттiк индекстелген қазынашылық мiндеттемелерiн шығарудың, олардың айналымының және өтелуiнiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 10 наурыздағы N 220 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 8, 62-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының айналым мерзiмi бiр жыл және бiр жылдан астам мемлекеттiк индекстелген қазынашылық мiндеттемелерiн шығарудың, олардың айналымының және өтелуiнiң тәртiбiнде:
7) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi" деген сөздермен ауыстырылсын;
15) тармақшаның екiншi сөйлемi мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"Бұл ретте, индекстелген қазынашылық мiндеттемелерiнiң аукциондарына екiншi деңгейдегi банктердiң және институционалдық инвесторлардың арасында iрiктелген жағдайда - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi айқындайтын бастапқы дилерлер ғана тiкелей қатысады.".
13. "Айналыс мерзiмi бес жыл арнайы валюталық мемлекеттiк облигацияларды шығарудың, айналысының және өтеудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 5 сәуiрдегi N 363 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Айналыс мерзiмi бес жыл арнайы валюталық мемлекеттiк облигацияларды шығарудың, айналысының және өтеудiң ережесiнде:
4-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясымен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен" деген сөздермен ауыстырылсын.
14. "Қазақстан Республикасының айналыс мерзiмi үш, алты, тоғыз және он екi ай мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазынашылық валюталық мiндеттемелерiн шығарудың, айналысының және өтеудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 9 сәуiрдегі N 398 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 12, 121-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының айналыс мерзiмi үш, алты, тоғыз және он екi ай мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазынашылық валюталық мiндеттемелерiн шығарудың, олардың айналысының және өтеудiң ережесiнде:
5 және 22-тармақтардағы "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы" және "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясымен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi" және "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақтың екiншi сөйлемi мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"Бұл ретте, қазынашылық мiндеттемелердің аукциондарына екiншi деңгейдегі банктердiң және бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушыларының арасынан iрiктелген жағдайда - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ұсынымы бойынша Эмитент айқындайтын тек бастапқы дилерлер ғана тiкелей қатысады.".
15. ҚР Үкіметінің 24.04.02 ж. N 470 қаулысымен 15-тармақтың күші жойылды
16. "Қазақстан-американ бiрлескен комиссиясының 6-мәжiлiсi Қорытынды баяндамасының ережелерiн және Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың Америка Құрама Штаттарына 1999 жылғы 17-22 желтоқсандағы сапары барысында қол жеткiзiлген уағдаластықтарды жүзеге асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 17 наурыздағы N 413 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан-Американ бiрлескен комиссиясының 6-мәжілісi қорытынды баяндамасының ережелерiн және Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың АҚШ-қа сапары барысында (1999 жылғы 17-22 желтоқсан) қол жеткiзiлген уағдаластықтарды жүзеге асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарында:
реттiк нөмiрi 46-жолдың "Орындалуына жауаптылар" деген бағанындағы "Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссия (келiсiм бойынша)" деген сөздер алынып тасталсын.
17. "Қазақстан Республикасының айналыс мерзiмi бiр жыл және одан артық мемлекеттiк орта мерзiмдi қазынашылық валюталық мiндеттемелерiн шығарудың, орналастырудың, олардың айналысының, өтеудiң және оларға қызмет көрсетудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 18 сәуiрдегі N 597 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының айналыс мерзiмi бiр жыл және одан артық мемлекеттiк орта мерзiмдi қазынашылық валюталық мiндеттемелерiн шығарудың, орналастырудың, олардың айналысының, өтеудiң және оларға қызмет көрсетудiң ережесiнде:
6-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы" және "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi" және "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақтың екiншi абзацындағы бiрiншi және екiншi сөйлемдер мынадай редакцияда жазылсын:
"Екiншi дәрежелi банктер мен бағалы қағаздар рыногының өзге кәсiби қатысушылары арасынан iрiктеген жағдайда бастапқы дилерлердi Қаржы агентiнiң ұсынымы бойынша Эмитент белгiлейдi.".
18. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Экономикалық ақпарат орталығы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 16 мамырдағы N 729 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 22, 256-құжат):
1) 3-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы" деген сөздер алынып тасталсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Экономикалық ақпарат орталығы туралы ережеде:
3-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясынан" деген сөздер алынып тасталсын;
3) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Экономикалық ақпарат орталығына мiндеттi түрде ұсынылатын материалдардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (келiсiм бойынша)" деген бөлiмде:
"елдегi банк жүйесiн дамыту" деген абзацтан кейiн мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"капитал рыногын дамытудың проблемалары мен перспективалары;
экономиканы қаржыландыруда қаржы құралдары тиiмділігінің проблемалары;
аймақтарда қаржы құралдарын пайдалануды тарату.";
"Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясы" деген бөлiм алынып тасталсын.
19. "Қазақстан Республикасының үкiметтiк қарыз алуын және жергiлiктi атқарушы органдарының қарыз алуын жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 8 маусымдағы N 874 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының үкiметтiк қарыз алуын және жергiлiктi атқарушы органдарының қарыз алуын жүзеге асыру ережесiнде:
22-тармақтағы және 25-тармақтың үшiншi абзацындағы "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясына" және "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының" деген сөздер "Ұлттық Банкке" және "Ұлттық Банктiң" деген сөздермен ауыстырылсын.
20. "Жинақ ақшаларды қорғау және ынталандыру жөнiндегi iс-шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 18 тамыздағы N 1277 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 36-37, 434-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жинақ ақшаларды қорғау және ынталандыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарында:
реттiк нөмiрi 6 және 7-жолдарда 3 "Орындауға жауаптылар" деген бағандағы "БҚҰК (келiсiм бойынша)" деген сөздер алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 6-жолда 4 "Аяқтау нысаны" деген бағандағы "БҚҰК-ның нормативтiк құқықтық кесiмдерi" деген сөздер алынып тасталсын.
21. "Тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзiмдi қаржыландырудың және ипотекалық несие беру жүйесiн дамытудың бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 28 қарашадағы N 1774 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 49-50, 579-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзiмді қаржыландырудың және ипотекалық несие беру жүйесiн дамытудың бағдарламасында:
8 "Қазақстан Республикасында Тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзiмдi қаржыландырудың және ипотекалық несие беру жүйесiн дамытудың бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жоспары" деген бөлiмде:
реттiк нөмiрлерi 2, 3, 7-жолдарда 4 "Орындалуына жауаптылар" деген бағандағы "БҚҰК (келiсiм бойынша)" деген сөздер алынып тасталсын.
22. "Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметiн дамыту жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 28 қарашадағы N 1778 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 51, 582-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметiн дамытудың бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2000-2002 жылдарға арналған iс-шаралардың жоспарында:
реттiк нөмiрi 11-жолдағы "Орындалуына жауаптылар" деген бағандағы "Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комитет (келiсiм бойынша)" деген сөздер алынып тасталсын.
23. "Өкiлдерi Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау жөнiндегi бiлiктiлiк комиссиясының құрамына енетiн мемлекеттiк органдар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 18 сәуiрдегi N 517 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 14, 182-құжат):
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы (келісiм бойынша)" деген жол алынып тасталсын.
24. "Астананың гүлденуi - Қазақстанның гүлденуi" Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005 жылға дейiнгі кезеңге арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi іс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 20 сәуiрдегi N 534 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 14, 186-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Астананың гүлденуi Қазақстанның гүлденуi" Астана қаласының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарында:
реттiк нөмiрi 9.5.1-жолда "Орындалуына жауаптылар" деген бағандағы "БҚҰК (келiсiм бойынша)" деген сөздер алынып тасталсын.