Қазақстан Республикасы Yкіметінің Экономикалық ақпарат орталығы
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы
16 мамыр № 729
Қазақстандағы әлеуметтiк-экономикалық жағдайдың хал-ахуалы және динамикасы туралы отандық және шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын ақпараттық-талдаушылық қамтамасыз етудiң жеделдiгін және тиiмдiлiгiн арттыру жүзеге асырылып жатқан реформалардың оң тәжiрибесiн насихаттау, еліміздiң оң бейнесiн қалыптастыру жөніндегі жұмыстың сапасын жақсарту мен күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Экономикалық ақпарат орталығы (бұдан әрi - Орталық) құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған:
Орталық туралы ереже;
Орталыққа мiндетті түрде ұсынылатын материалдардың тiзбесi бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi, Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, Экономика министрлiгі, Мемлекеттік кiрiс министрлігі, Қаржы министрлiгі, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі, Энергетика, индустрия және сауда министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Көлiк және коммуникациялар министрлігі, Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегі агенттiгi, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөніндегі агенттiгi, Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегі агенттiгі, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөнiндегі агенттiгі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (келісім бойынша) Орталықта жұмыс iстеу үшiн бiр-бiр жауапты қызметкерден бөлсiн.
Ескерту. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 28.10.2001 № 1369 қаулысымен.
4. Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары өзге де мемлекеттік органдар (келісім бойынша) орталыққа тиiстi ақпаратты уақытылы берудi қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне Орталықтың жарақтандырылуы үшiн қажетті техникалық жабдықтарды сатып алуға көмек көрсетсiн.
6. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне Орталықты орналастыру үшiн қажеттi үй-жай бөлiнсiн.
7. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі белгiленген тәртiппен Орталықты көп арналы телефонды және электронды байланыспен, "Интернетке" қол жеткiзуiмен қамтамасыз етсiн.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2000 жылғы 16 мамырдағы
№ 729 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Экономикалық
ақпарат Орталығы туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң Экономикалық ақпарат Орталығы (бұдан әрi - Орталық) Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің, Қазақстанның шет елдердегi елшiлiктерiнiң және өкілдiктерiнiң бұқаралық ақпарат құралдарын жедел ақпараттық-талдаулық қамтамасыз ету қызметi болып табылады.
2. Орталықтың жұмысына жалпы басшылықты Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрi жүзеге асырады.
3. Орталық мынадай орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардан: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiнен, Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінен, Экономика министрлiгінен, Мемлекеттік кiрiс министрлігінен, Қаржы министрлігінен, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінен, Энергетика, индустрия және сауда министрлігінен, Ауыл шаруашылығы министрлігінен, Көлiк және коммуникациялар министрлiгінен, Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегі агенттiгiнен, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегі агенттiгiнен, Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегi агенттiгiнен, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттiгiнен (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнен (келісім бойынша) бөлiнген жауапты қызметкерлерден тұрады.
Ескерту. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 28.10.2001 № 1369 қаулысымен.
4. Орталықтың жетекшiсiн Қазақстан Республикасының Үкіметімен Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрi келісім бойынша тағайындайды.
ІІ. Орталықтың негiзгі мiндеттерi мен функциялары
5. Орталықтың негiзгi мiндеттерi:
1) отандық және шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарына әлеуметтiк-экономикалық жағдай, елiмiзде жүзеге асырылып жатқан экономикалық реформалардың оң тәжiрибелерi туралы сапалы талдау және жедел ақпараттар беру;
2) Қазақстан Республикасының орталық және жергілiктi атқарушы органдары, өзге де мемлекеттік органдары, Қазақстанның шетелдердегi елшiлiктерi мен өкiлдiктерi баспасөз-қызметтерiнiң, мемлекеттік органдардың және тұтастай алғанда елiмiздiң оң бейнесiн қалыптастыру жөніндегі жұмысын ақпараттық-талдаулық және әдiстемелiк қолдау;
3) Қазақстан веб-сайттарының "Интернетте" жұмыс iстеуiн ақпараттық қамтамасыз етуге жәрдемдесу болып табылады.
6. Орталыққа негізгi мiндеттерге сәйкес мынадай функциялар:
1) Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарынан, өзге де мемлекеттік органдарынан (келісім бойынша), сондай-ақ ашық көздерден (ақпараттық агенттiктер, теледидар, баспасөздiк ақпарат құралдары, "Интернет" кең ауқымды жүйесi және т.б.) келiп түсетiн Қазақстанның экономикасы мен әлеуметтiк саласындағы мейлiнше маңызды оқиғалар мен өзгерістер туралы ақпараттарды жинау, өңдеу және қорыту;
2) бейне ақпараттарды шығару үшiн қажеттi iрiктеу, жазу және редакциялау, графикалық материалдар мен мәтiндердi сканерлеу, Орталықтың ақпараттық-талдау материалдарына пайдалану үшiн келiп түсетiн деректердi визуалдандыру;
3) ашық көздерден жиналатын және Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiкті атқарушы органдарынан, өзге де мемлекеттік органдарынан келiп түсетiн ақпараттарды жүйелеу және оны орталықтың деректер базасында сақтау, бұқаралық ақпарат құралдарына және жоғарыда аталған басқа да деректердiң жұмыс iстеп тұрған базаларынан алушыларға материалдар беру жүктеледi.
III. Орталықтың жұмыс iстеу тәртібі
7. Орталықтың күнделiктi тобының мiндеттерiне:
1) Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарымен, өзге де мемлекеттік органдарымен (келісім бойынша) жедел байланысты жүзеге асыру;
2) Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарынан, өзге де мемлекеттік органдарынан (келісім бойынша), сондай-ақ ашық көздерден алынатын ақпараттарды жинау, рангілерге бөлу тексеру және талдау;
3) Орталықтың тұрақты ақпараттық-талдау материалдарын әзiрлеу және шығару;
4) ақпараттық-талдау материалдарын ақпараттық агенттiктер, бұқаралық ақпарат құралдары, "Интернет" веб-сайттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдердегi елшiлiктерi мен өкiлдiктерi арқылы уақытылы тарату кiредi.
8. Орталықтың iшкi жұмыс тәртібін, ақпараттық-талдау материалдарының форматы мен әзiрлеу мерзiмiн, Орталықтағы кезекшiліктiң кестесiн Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрi белгiлейдi.
IV. Орталықтың қызметiн қамтамасыз ету
9. Орталықтың қызметiн ұйымдастыруды және материалдық-техникалық қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі жүзеге асырады.
10. Орталықтың қызметін ақпараттық қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары, өзге де (келісім бойынша) мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
11. Орталықтың жұмысын қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының, өзге де мемлекеттік органдарының (келісім бойынша) бiрiншi басшылары берiлетiн ақпараттардың уақытылы болуына және дұрыстығына жауапкершiлiкте болады, Орталыққа iшкi арналар бойынша келiп түсетiн ақпаратты тұрақты режимде беретiн уәкілеттi адамды тағайындайды.
12. Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарынан, өзге де мемлекеттік органдарынан (келiсім бойынша) ақпараттарға қойылатын талаптарды Орталық белгiлейдi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2000 жылғы 16 мамырдағы
№ 729 қаулысымен
бекітілдi
Экономикалық ақпарат Орталығына мiндеттi түрде ұсынылатын
материалдардың
ТIЗБЕСI
Ескерту. Тізбе өзгерді - ҚР Үкіметінің 28.10.2001 № 1369 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi
(келісім бойынша)
Материалдардың тақырыбы:
ақша-несие саясаты;
валюталық реттеу;
экономиканы несиелендiру мәселелерi;
елдiң төлем теңгерiмiнiң жай-күйi;
елдегі банк жүйесiн дамыту;
капитал рыногын дамытудың проблемалары мен перспективалары;
экономиканы қаржыландыруда қаржы құралдары тиiмділігінің проблемалары;
аймақтарда қаржы құралдарын пайдалануды тарату.
Қазақстан Республикасының Стратегиялық
жоспарлау жөніндегі агенттігі
(келісім бойынша)
Материалдардың тақырыбы: "Қазақстан-2030" ұзақ мерзiмді стратегиялық призмасы арқылы Қазақстанның экономикалық саясатының барлық аспектiлерiн жариялау; Қазақстан Республикасының Мемлекет және Үкiмет басшыларының барлық стратегиялық маңызды бастамалары бойынша түсiнiктемелер; арнайы мәселелердi жариялау - мемлекеттік өкiметтiң орталыққа тәуелділiгiн жою, мемлекеттік жоспарлау жүйесiн дамыту және жетiлдiру және т.б.
Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі
Материалдардың тақырыбы:
макроэкономикалық саясат мәселелерi;
Үкiметтiң Iс-қимыл бағдарламасы және оны iске асыру;
мемлекеттік инвестициялар бағдарламасы;
елдегі жағдайға ағымдағы талдау.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Материалдардың тақырыбы:
жекешелендiру мәселелерiн жариялау;
мемлекеттік мүлiк және мемлекеттік активтердi басқару мәселелерiн жариялау;
республикалық бюджет және оның орындалуы, шығыс бөлiгi;
мемлекеттік қаржының жай-күйi;
қаржылық бақылау;
мемлекеттік борыштың жай-күйi.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі
Материалдардың тақырыбы:
фискальдық саясат;
салықтық реттеу мәселелерi;
кеден саясаты;
салық мәдениетiн көтеру;
салық полициясы және оның рөлi.
Қазақстан Республикасының Көлiк және
коммуникациялар министрлiгі
Материалдардың тақырыбы:
транзиттiк әлеует және оны дамыту;
авиация, темiржол, көлiк және су көлiгі, көлiк-жолы салаларының проблемалары және оларды шешудiң мүмкіндіктерi;
телекоммуникациялық қызмет көрсетулердi, жүйелер мен технологияларды дамыту.
Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия
және сауда министрлігі
Материалдардың тақырыбы:
индустрияландыру саясатының мәселелерi және өнеркәсiптiк әлеуеттi дамыту;
ғылыми, технологиялық және инновациялық даму;
елдiң отын-энергетикалық кешенiн дамыту;
әлемдiк тауар рыноктарындағы мәселелердi жариялау;
демпингке қарсы саясаттың мәселелерi және заңнамасы.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
Материалдардың тақырыбы:
фермерлiк шаруашылықты дамыту;
агроөнеркәсiптiк әлеуеттiң өсуi;
селолық аймақтарда халықты жұмыспен қамту.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты
әлеуметтiк қорғау министрлiгі
Материалдардың тақырыбы:
зейнетақы реформасының экономикалық аспектілерi;
зейнетақы реформасының проблемалары мен перспективалары;
жұмыс орындарын құрудың мониторингі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегі агенттiгі
Материалдардың тақырыбы:
инвестициялық саясат;
инвестициялық заемдарға қызмет көрсету;
инвестицияларды пайдаланудың ашықтығы мен тиiмдiлiгiнiң мәселелерi.
Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу,
бәсекелестiктi қорғау және шағын
бизнестi қолдау жөнiндегі агенттiгі
Материалдардың тақырыбы:
табиғи монополистердiң қызметiн жариялау;
табиғи монополистердiң қызметiн реттеу саясаты;
бәсекелестiктi дамыту;
шағын бизнестi дамытуды шешу мәселелерi мен проблемалары.
Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегі агенттiгі
Материалдардың тақырыбы:
әлеуметтiк сала мен экономиканы дамытудың көрсеткiштерi;
республика және аймақтар бойынша әлеуметтік-демографиялық дамудың көрсеткiштерi.