Акционерлер акцияларын сенімгерлікпен басқаруға беруден бас тартқан жағдайда уәкiлеттi орган шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы.
3. Уәкiлеттi орган осы баптың 2-тармағының e) тармақшасында көзделген санкцияны қолданған жағдайда, қызметiнен шеттетiлген қызметкерлердi жұмыстан босату туралы шешiмдi оларды тиiстi қызметтерге тағайындаған немесе сайлаған органдар қабылдайды.
4. алынып тасталды
5. банк операцияларын жүргiзуге арналған банк лицензиясын (лицензияларын) қайтарып алу туралы шешiмi оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi.
6. Уәкiлеттi орган банк операцияларын жүргiзуге арналған банк лицензиясын (лицензияларын) қайтарып алғаннан кейiн банктiң уақытша әкiмшiлiгiн (уақытша әкiмiн) тағайындайды, оған барлық басқару органының өкiлеттiгi көшедi.
Банктiң бұрынғы iс-әрекет етушi органдарының өкiлеттiгi тоқтатылады.
7. Уәкiлеттi орган банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензия қайтарып алынғаннан кейiн он жұмыс күні iшiнде белгiленген заң тәртiбiмен сотқа банк қызметiн мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы өтiнiш бередi.
Уәкiлеттi орган лицензияны керi қайтарып алу жөнiнде қабылданған шешiм туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына таратылатын мерзiмдiк екi баспа басылымында жариялайды.
8. Банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензияны қайтарып алу туралы шешiмiне банктiң атынан тек оның акционерлерi ғана шағымдануға құқылы. Аталған шешiмге сот тәртiбiмен 10 күн мерзiм iшiнде шағымдануға болады.
ҚР 02.03.01 ж. N 162-II; 10.07.03 ж. N 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 47-1 баппен толықтырылды
47-1-бап. Банктердің аффилиирлендірілген тұлғаларына қатысты қолданылатын мәжбүрлеу шаралары
1. Уәкiлеттi орган банктің ірі қатысушыларына және банк холдингтеріне мынадай жағдайларда:
ірі қатысушы және банк холдингі мәртебесіне ие болуға уәкiлеттi органның келісімін алмаса;
банктің ірі қатысушысы және банк холдингі мәртебесіне ие болғаннан кейін осы Заңның 17-1-бабының 5-тармағында көрсетілген мән-жайлар пайда болса;
осы Заңның 46-бабына сәйкес уәкiлеттi органның жазбаша нұсқамаларын орындамаса, мәжбүр ету шараларын қолдануға құқылы.
Сондай-ақ осы Заңның 42-бабы 5-тармағының талаптарын орындамауға әкеп соқтырған әрекеті немесе әрекетсіздігі үшін де уәкiлеттi орган банк холдингтеріне мәжбүр ету шараларын қолдануға құқылы.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлар болған ретте, уәкiлеттi орган:
ірі қатысушыдан оның банктегі тікелей немесе жанама иелену үлесін дауыс беруші акциялардың он процентінен төмен деңгейге дейін азайтуды не банк қызметін басқаруға тікелей немесе жанама қатысудан, оның ішінде дауыс беруді жүзеге асыру құқығын жүзеге асырудан бас тартуды талап етуге;
банк холдингінен оның банктегі тікелей немесе жанама иелену үлесін дауыс беруші акциялардың жиырма бес процентінен төмен деңгейге дейін азайтуды не банк қызметін басқаруға тікелей немесе жанама қатысудан, оның ішінде дауыс беруді жүзеге асыру құқығынан бас тартуды талап етуге және банкті тәуекелдікке душар еткізетін банк холдингі мен банк арасындағы операцияларды (тікелей және жанама) жүзеге асыруды тоқтата тұруға;
банктен банк немесе банк холдингі қатысушы болып табылатын ұйымға қатысты ұйым мен банк арасындағы банкті тәуекелдікке душар еткізетін операцияларды (тікелей және жанама) жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге құқылы.
3. Банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі осы баптың 2-тармағында, сондай-ақ осы Заңның 57-бабының 6-тармағында көзделген талаптарды уәкiлеттi орган белгілеген мерзім ішінде орындамаған жағдайда, уәкiлеттi орган банктің ірі қатысушысының және (немесе) банк холдингінің акцияларын, уәкiлеттi органның банкті басқаруға қатысатын сенімгерлікпен басқарушы ретіндегі құқығымен үш айға дейінгі мерзімге уәкiлеттi органның сенімгерлікпен басқаруына беру жөнінде банк акционерлерімен шарт жасасу туралы шешім қабылдауға құқылы, ал сенімгерлікпен басқаруға беруге негіз болған себептерді жоймаған жағдайда, осы акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында өткізу арқылы осы тұлғалардың акцияларын иеліктен шығаруға құқылы, бұл орайда акцияларды сатудан түскен ақша акциялары уәкiлеттi органның сенімгерлікпен басқаруына берілген тұлғаларға аударылады.
Акционерлер акцияларды сенімгерлікпен басқаруға беруден бас тартқан жағдайда уәкiлеттi орган шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы.
4. Мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртібі уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.
ҚР Президентінің 27.01.96 ж. N 2830 Заң күші бар Жарлығымен; ҚР 11.07.97 N 154-1; 12.08.97 ж. N 200-1; 16.07.99 ж. N 436-1; 02.03.01 ж. N 162-II; 10.07.03 ж. N 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 48-бап өзгертiлдi
48-бап. Барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияны тоқтата тұру не оны қайтарып алу үшiн негiздер
1. Барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияны тоқтата тұру не оны қайтарып алу мынадай кез келген негiздер бойынша жүргiзiледi:
а) банк қызметi үрдiсiнде осы Заңның 20-бабының, 22-бабы (б)-тармағының, 26-бабы 2 және 6-тармақтарының талаптарын сақтамау;
б) банк операцияларын қолданылып жүрген заңдардың нормаларын үнемi (он екi жүйелi күнтiзбелiк айдың iшiнде үш немесе одан да көп рет) бұза отырып жүзеге асыру;
в) төлем мен аударым операциялары бойынша шарттық мiндеттемелердi үнемi (он екi жүйелi күнтiзбелiк айдың iшiнде үш немесе одан көп рет) тиiстi дәрежеде орындамау;
г) уәкiлеттi орган белгiлеген пруденциалдық қалыптарды және/немесе сақталуға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi үнемi (он екi жүйелi күнтiзбелiк айдың iшiнде үш немесе одан да көп рет) бұзу;
д) осы Заңның 32-бабында белгiленген банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттарын ашу жөнiндегi мiндеттi сақтамау;
е) осы Заңның 40-бабында белгiленген банкiмен ерекше қатынастар арқылы байланысты адамдарға жеңiлдiк жағдайлар жасауға тыйым салуды бұзу;
ж) уәкiлеттi органға және (немесе) Ұлттық Банкке есептер мен мәлiметтер бермеу немесе көрiнеу анық емес етiп беру;
з) уәкiлеттi органның немесе Ұлттық Банктiң қалыптық құқықтық құжаттарын үнемі (қатарынан он екі күнтізбелік ай ішінде үш және одан көп рет)бұзу, яки жазбаша ұйғарымдарды орындамағаны;
и) осы Заңның 8-бабындағы шарттарға сәйкес банктер үшiн тыйым салынған және шектелген қызметтердi жүзеге асыру;
к) осы Заңмен, банк жарғысымен және банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензиямен (лармен) белгiленген өзiнiң құқықтық қабiлетi шегiнен шығып кететiн банк операцияларын жүзеге асыру;
к-1) банктiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның өзiне берiлген лицензияға сәйкес қызметтi лицензия берiлген күннен бастап қатарынан он екi күнтiзбелiк ай iшiнде жүзеге асырмауы;
л) банк қызметiн тоқтату туралы соттың шешiм қабылдауы;
л-1) банктiң қайта құрылу немесе таратылу жолымен өз қызметiн ерiктi түрде тоқтату туралы шешiм қабылдауы;
м) банкпен аффилиирлендірілген тұлғалар туралы ақпаратты, сондай-ақ уәкiлеттi орган талап еткен өзге де ақпаратты бермеу не анық емес ақпарат беру, бұл уәкiлеттi органның банктердің қызметіне, оның ішінде шоғырландырылған негізде қадағалау жасауына кедергі келтіруге себеп болса;
н) банктің инспекция жүргізуге бірнеше рет (инспекция жүргізу барысында екі және одан көп рет) кедергі жасауы, соның салдарынан оны белгіленген мерзімде жүргізудің мүмкін болмауы;
о) аудиторлық ұйымның жүргізілген аудит жөніндегі есебінде көрсетілген бұзушылықтарды банктің осы Заңның 57-бабының 6-тармағында көрсетілген мерзімде әдейі жоймауы.
1-1. Депозиттер қабылдауға, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуға және жүргiзуге арналған лицензиялар жеке тұлғалардың депозиттерiне мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесiнiң қатысушысы болып табылмайтын банктен керi қайтарып алынады.
2. Ұлттық Банк немесе уәкiлеттi орган бұзушылықтың сипатына қарай барлық не жекелеген банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияны тоқтата тұрады не оны қайтарып алады.
3. алынып тасталды
ҚР 11.07.97 N 154-1 Заңымен 48-1-баппен толықтырылды; ҚР 02.03.01 ж. N 162-II; 10.07.03 ж. N 483-II (бұр. ред. қара); ҚР 07.07.04 ж. N 577-II (бұр. ред. қара) Заңымен 48-1-бап өзгертiлдi
48-1-бап. Банктiң құжаттары мен мүлкiн беру
1. Барлық банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензиясы қайтарылып алынған банктiң банктiк немесе өзге де қызметтi жүзеге асыруына құқығы жоқ, банктi ұстап тұруға арналған ағымдағы шығындарға және банкке келiп түсетiн ақшаны қабылдауға байланысты жағдайларды қоспағанда, өзiнде бар банк шоттары бойынша барлық операцияларды тоқтатуға мiндеттi.
2. Банктiң жұмыс тәртiбi, оған уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша әкiмнiң) тағайындалуы, сондай-ақ уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша әкiмнiң) өкiлеттiгi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
3. Банктiң уақытша әкiмшiлiгi (уақытша әкiмi) уәкiлеттi орган банктiң тарату комиссиясын тағайындағанға дейiнгi кезеңде өз қызметiн жүзеге асырады.
Банктiң тарату комиссиясы тағайындалғанға дейiн банктiң уақытша әкiмшiлiгiнiң (уақытша әкiмiнiң) қызметiн бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
4. Банктiң уақытша әкiмшiлiгiнiң (уақытша әкiмiнiң) есебi уәкiлеттi органға және банктi тарату туралы шешiм қабылдаған сотқа ұсынылады.
5. алынып тасталды
6. Банктiң уақытша әкiмшiлiгi (уақытша әкiмi) өз өкiлеттiгiн доғарады және банктiң құжаттары мен мүлкiн банктi тарату комиссиясының төрағасына 10 күн мерзiмнен кешiктiрмей өткiзiп бередi.
7. Банктiң құжаттары мен мүлкiн уақытша әкiмшiлiктен тарату комиссиясының төрағасына қабылдау-өткiзу төрт дана етiп жасалатын актiмен ресiмделедi және оны уәкiлеттi орган бекiтедi. Бекiтiлген актiнiң бiр данасы iс материалдарына тiгу үшiн сотқа жiберiледi.
8. Банктiң уақытша әкiмшiлiгi (уақытша әкiмi) өз қызметi кезеңi iшiнде осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, шығыс операцияларын жүзеге асыруға және бұрын банк жасасқан келiсiм шарттарды өзгертуге құқығы жоқ.
9. Банктiң уақытша әкiмшiлiгiнiң (уақытша әкiмiнiң) және тарату комиссиясының құрамына қосылған уәкiлеттi орган қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жағдайларын қоспағанда, уәкiлеттi органның банктердiң мәжбүрлеп қайта ұйымдастырылуы мен таратылуы бойынша шығындарды қаржыландыруына, сондай-ақ банктiң мүлкi болмаған не оның құны осы шығыстарды жабуға жеткiлiксiз болған жағдайларда, соттың банктi мәжбүрлеп тарату туралы шешiмi жөнiндегi ақпаратты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң ресми баспа басылымдарында жариялау жөнiндегi шығыстарды өтеуiне жол берiлмейдi.
ҚР Президентінің 27.01.96 ж. N 2830 Заң күші бар Жарлығымен 49-бап өзгертілді; ҚР 11.07.97 ж. N 154-1; 16.05.03 ж. N 416-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. N 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 49-бап жаңа редакцияда
49-бап. Банк ашуға берiлген рұқсатты қайтарып алудың негiздерi мен тәртiбi
1. Банк ашуға берiлген рұқсатты уәкiлеттi орган:
а) банк қайта құру немесе тарату арқылы өз қызметiн ерiктi түрде тоқтататыны туралы шешiм қабылдаған;
б) банк қызметiн тоқтату туралы сот шешiм қабылдаған;
в) банк ретiнде тiркелген заңды тұлғаның қызметiнде осы баптың 2-тармағында көзделген жолсыздықтар анықталған жағдайда қайтарып алуға құқылы.
2. Заңды тұлғаға банк ашуға берiлген рұқсатты қайтарып алуды уәкiлеттi орган мынадай негiздердiң кез келгенi бойынша жүргiзедi:
а) заңды тұлғаның банк ретiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап бiр жыл iшiнде рұқсат беруге негiз болған мәлiметтердiң дұрыс еместiгiн анықтау;
а-1) осы Заңның 25-бабында көзделген мерзiмдердi бұзуы;
б) заңды тұлғаның банк ретiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап бiр жыл iшiнде банк операцияларын жүргiзуге лицензия алмауы;
в) заңды тұлғаның банк ретiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн бiр жыл iшiнде жарғылық капиталын төлемеуi;
г) банк ретiнде тiркелген заңды тұлға үшiн банк заңдарында көзделген қызмет шарттарын бұзуы.
3. алынып тасталды
4. Банк ашуға берiлген рұқсатты қайтарып алу туралы уәкiлеттi органның шешiмi заңды тұлғаның қызметiн қайта тiркеуге немесе тоқтатуға негiз болып табылады.
ҚР 27.09.96 ж. N 37-1; 11.07.97 ж. N 154-1; 29.06.98 ж. N 236-1; 29.03.00 ж. N 42-II; 10.07.03 ж. N 483-II (бұр. ред. қара); 06.07.04 ж. N 572-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 50-бап өзгертiлдi
50-бап. Банк құпиясы
1. Банк құпиясына банк депозиторлары, клиенттерi мен корреспонденттерi банк шоттарының бар екендiгi, олардың иелерi мен нөмiрлерi туралы, сол есепшоттар мен банкiнiң өз есепшоттарындағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы, банк операциялары туралы (банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттарынан басқа), сондай-ақ банкiнiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан клиенттер мүлiктерiнiң бар екендiгi, олардың иелерi, сипаты мен құны туралы мәлiметтер кiредi.
Таратылу процесiндегi банк берген несиелер туралы мәлiметтер банк құпиясына жатпайды.
2. Банкiлер өз депозиторларының, клиенттерi мен корреспонденттерiнiң операциялары мен депозиттерi жөнiндегi құпияға, сондай-ақ банкiлердiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан мүлiктердiң құпиясына кепiлдiк бередi.
3. Өзiнiң қызмет мiндеттерiн жүзеге асыру барысында банк құпиясы болып табылатын мәлiметтер алуға мүмкiндiк алған банкiнiң лауазымды адамдары, қызметкерлерi және өзге адамдар оларды жария еткенi үшiн қылмыстық жауапты болады, бұған осы баптың 4-8-тармақтарында көзделген жағдайлар кiрмейдi.
4. Банк құпиясы есепшоттың (мүлiктiң) иесiне, есепшот (мүлiк) иесiнiң жеке өзi банкiде болған сәтте берген жазбаша келiсiмi негiзiнде кез келген үшінші адамға, Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес берілген қарыздар бойынша кредиттік бюроға, сондай-ақ осы баптың 5-8-тармақтарында көрсетiлген адамдарға осы бапта көзделген негiздер бойынша және шекте ашылуы мүмкiн.
Банктердiң заңды тұлғаларға немесе заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғаларға банк шоттары ашылғаны туралы салық органдарына мiндеттi түрде хабарлауы, сондай-ақ мәжбүрлеу тәртiбiмен таратылатын банк тарату комиссиясының жеке тұлғалардың банк шоттарындағы ақша қалдығы туралы мәлiметтердi салымшыларға ақшасын қайтарумен байланысты шараларды жүзеге асыру үшiн салымдарға (депозиттерге) ұжымдық кепiлдiк беру (оларды сақтандыру) жөнiндегi ұйымға және агент-банктерге беруi банк құпиясын ашу болып табылмайды.
5. Банк шоттардың бар екендiгi және нөмiрлерi туралы анықтамалар банк Басқармасының төрағасы немесе оның орнындағы адам қол қойған жазбаша сауал негiзiнде, есепшоттың иесi банкiнiң қарыз алушысы, кепiлдiк берушiсi, кепiлдеме берушiсi немесе кепiл берушiсi болса, кредит алғанын растайтын құжатты ұсынған жағдайда банкiге берiледi.
6. Заңды тұлғалардың банк шоттарының және заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалардың ағымдағы шоттарының бар-жоғы және нөмiрлерi туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары және ақша қозғалысы туралы анықтамалар мыналарға берiледi:
а) анықтау және алдын ала тергеу органдарына: прокурордың санкциясымен олар жүргiзiп жатқан қылмыстық iстер бойынша;
б) соттарға:
сот ұйғарымы негiзiнде олар жүргiзiлiп жатқан iстер бойынша;
в) прокурорға: тексеру жүргiзу туралы қаулының негiзiнде, өз құзыретi шегiнде, өз қарауындағы материалдар бойынша;
г) прокурордың санкциясымен клиенттердiң экспорттық және (немесе) импорттық операциялары бойынша кеден органдарына;
д) салық органдарына: тексерiлетiн тұлғаға салық салуға байланысты мәселелер бойынша.
д-1) атқарушылық iс жүргiзу органдарына: олардың жүргiзiп жатқан атқару істері бойынша бірінші басшы немесе сот орындаушысы қол қойып, iс жүргiзу органының мөрiмен расталған және прокурор санкция берген жазбаша сауал негiзiнде;
7. Жеке тұлғаның банк шоттарының бар-жоғы және нөмiрлерi туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен ақша қозғалысы туралы анықтамалар, сондай-ақ оның банктiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан мүлкінің сипаты мен құны туралы қолда бар мәлiметтер мыналарға берiледi:
а) жеке тұлғаның өкiлдерiне:
нотариалды түрде куәландырылған сенiмхат негiзiнде;
б) анықтау және алдын ала тергеу органдарына:
есепшоттарда немесе банкiде сақтаулы жатқан жеке тұлғаның ақшаcы мен өзге де мүлкiне арест салынуы, олар өндiрiп алынуы немесе мүлкiн тәркiлеу қолданылуы мүмкiн болатын реттерде анықтау немесе алдын ала тергеу органының біріншi басшысы немесе тергеушісi қол қойып, мөрiмен куәландырылған және прокурор санкция берген жазбаша сауал негiзiнде, олар жүргiзiп жатқан қылмыстық iстер бойынша;
в) соттарға:
есепшоттарда немесе банкiде сақтаулы жатқан жеке тұлғаның ақшасы мен өзге де мүлкiне арест салынуы, олар өндiрiп алынуы немесе мүлкiн тәркiлеу қолданылуы мүмкiн болатын реттерде, соттың ұйғарымы, қаулысы, шешімі, үкiмi негiзiнде олар жүргiзiп жатқан iстер бойынша;
г) прокурорға: тексеру жүргiзу туралы қаулының негiзiнде, өз құзыретi шегiнде, өз қарауындағы материалдар бойынша;
д) алынып тасталды
е) алынып тасталды
7-1. Осы баптың 6 және 7-тармақтарында көзделген банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы анықтамалар клиенттiң банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы оның жеке шотынан алынған көшiрме нысанында беріледi. Клиенттiң банк шоттары бойынша ақшаның жылжуы туралы оның жеке шотынан үзiндi көшiрме болуға тиiстi мәлiметтер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.
8. Жеке тұлғаның банк шоттарының бар-жоғы және нөмiрлерi, олардағы ақшаның қалдығы туралы анықтамалар, сондай-ақ банкiнiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан оның мүлкiнiң бар екендiгi, сипаты мен құны туралы қолда бар мәлiметтер, олардың иесi қайтыс болған жағдайда мыналарға берiледi:
а) мұра өкiмiнде есепшот (мүлiк) иесi деп көрсетiлген адамдарға;
б) соттар мен нотариустарға: соттың ұйғарымы, қаулысы немесе нотариустың өз мөрiн қойып куәландырған жазбаша сауалы негiзiнде олар жүргiзiп жатқан мұрагерлiк iстер бойынша. Нотариустың жазбаша сауалына шот иесiнiң қайтыс болғаны туралы куәлiктiң көшiрмесi қоса берiлуге тиiс;
в) шетелдiк консулдық мекемелерге:
олар жүргiзiп жатқан мұрагерлiк iстер бойынша.
9. алынып тасталды
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1; 29.03.00 ж. N 42-II; 09.08.02 ж. N 346-II Заңдарымен 51-бап өзгертiлдi
51-бап. Банкiде жатқан ақша мен мүлiкке арест салу және олардан өндiрiп алу
1. Заңды және жеке тұлғаның банктегi ақшасына және басқа мүлкiне прокурор санкция берген анықтау және алдын ала тергеу органдарының қаулылары және атқарушылық iс жүргiзу органдарының қаулылары, сондай-ақ соттардың қаулылары, шешiмдерi, үкiмдерi, ұйғарымдары негiзiнде ғана тыйым салынуы мүмкiн. Талап-арыз талаптарын қамтамасыз ету үшiн тыйым салған кезде тыйым салынған ақша сомасы талап-арыз сомасынан, мемлекеттiк баж және соттың шешiмдерiн, үкiмдерiн, ұйғарымдары мен қаулыларын орындауға байланысты шығыстар көлемiнен аспауға тиiс.
3аңды тұлғалардың банк шоттарындағы (корреспонденттiк шоттардан басқа) барлық шығыс операциялары Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жағдайларда, салық және (немесе) кеден органдарының бiрiншi басшысы қол қойып, мөрiмен куәландырылған салық және (немесе) кеден органдарының шешiмдерi бойынша, прокурордың санкция беруiмен тоқтатыла тұруы мүмкiн, ал өндiрiп алу Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген негiздер бойынша ғана жүргiзiлуi мүмкiн болады.
2. Заңды тұлға мен жеке тұлғаның банкiде жатқан жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiнен басқа ақшасы мен өзге де мүлкiн тәркiлеу заңды күшiне енген сот шешiмi (үкiмi) негiзiнде ғана жүргiзiлуi мүмкiн.
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1; 29.03.00 ж. N 42-II; 02.03.01 N 162-II; 10.07.03 ж. N 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 52-бап өзгертiлдi
52-бап. Депозиттерге міндетті ұжымдық кепiлдiк беру (оларды сақтандыру) жүйесi
Банк салымшыларының (депозиторларының) мүдделерiн қорғау мақсатында депозиттерге міндетті ұжымдық кепілдік беруді (оларды сақтандыруды) жүзеге асыратын ұйым құрылады.
Уәкiлеттi орган депозиттерге міндетті ұжымдық кепiлдiк беру (оларды сақтандыру) жөнiндегi ұйымның құқықтық мәртебесiн, оны құру, қызметін реттеу және тоқтату тәртiбiн белгілейдi.
Депозиттерге міндетті ұжымдық кепiлдiк беру (оларды сақтандыру) тәртiбi, сондай-ақ депозиттерге міндетті ұжымдық кепiлдiк беру (оларды сақтандыру) жөнiндегi ұйымның банктермен өзара қатынастары уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
Банктер депозиттерге міндетті ұжымдық кепiлдiк беру (оларды сақтандыру) жүйесiне уәкiлеттi орган белгiлейтiн мөлшерде және тәртiппен мiндеттi аударымдарды жүзеге асыру жолымен қатысады.
5-тарау. Есеп және есеп беру
53-бап. Банкiнiң қаржы (операция) жылы
Банкiнiң қажы (операция) жылы 1 қаңтарда басталып, 31-желтоқсанда аяқталады. Егер банкiнi тiркеу 1 қаңтардан кейiн жүзеге асырылса, онда бiрiншi қаржы (операция) жылы банк мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен басталып, сол жылдың 31 желтоқсанында аяқталады.
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1; 16.07.99 ж. N 436-1; 02.03.01 N 162-II; 16.05.03 ж. N 416-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. N 483-II (бұр. ред. қара); 11.06.04 ж. N 562-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 54-бап өзгертiлдi
54-бап. Банкiлердегi есеп және есеп беру
1. Шоғырландырылған негiздегі қаржылық есептілiктi қоса алғанда, қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн тiзбесi мен нысандарын, сондай-ақ оларды табыс ету мерзiмдерi мен тәртiбiн уәкiлетті органмен келiсiм бойынша Ұлттық Банк белгілейдi.
Банктер операциялар мен оқиғаларды Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржы есептiлiгi туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
Банктiң бухгалтерлiк есеп саясатын оның банк директорларының кеңесi айқындайды.
1-1. Шоғырландырылған негіздегі есептілiкті қоса алғанда, (қаржылық және статистикалық есептiлiктi қоспағанда), есептіліктің тiзбесін, нысандарын, оларды табыс ету мерзiмдерi мен тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейдi.
2. Банкiлер уәкiлеттi органның және (немесе) Ұлттық Банктiң өз құзыретi шегiнде жiберiлген сұратуы бойынша өздерiнiң қаражаттары, соның iшiнде Қазақстан Республикасы шегiнен тыс жердегi қаражаттары, қабылданған депозиттер мен берiлген несиелердiң мөлшерi, жасалған және жасалып жатқан банк операциялары туралы кез келген ақпаратты және, банк құпиясы болып табылатын мәлiметтердi қоса, өзге де мәлiметтердi беруге мiндеттi.
2-1. Банктер уәкiлеттi орган белгілеген тәртіппен банктер ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына тікелей және жанама қатысуы жөнінде уәкiлеттi орган сұратқан кез келген ақпаратты беруге міндетті.
3. Уәкiлеттi органның және (немесе) Ұлттық Банктің қызметкерлері осы баптың 2 және 2-1-тармақтарында белгіленген құқықтарды іске асыру барысында алынған мәліметтерді жария еткені не үшінші тұлғаларға бергені үшін Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген тәртіппен жауапты болады.
ҚР 02.03.01 ж. N 162-II; 10.07.03 ж. N 483-II (бұр. ред. қара); Заңымен 54-1-баппен толықтырылды
54-1-бап. Банктің аффилиирлендірілген тұлғаларының есеп беруі
Банктің ірі қатысушысы өзінің қаржылық жағдайы мен қызметі туралы қаржы жылы аяқталғаннан кейін тоқсан күннің ішінде уәкiлеттi органға жыл сайын мәліметтер беруге тиіс.
Банк холдингі уәкiлеттi органға есеп берілген тоқсаннан кейінгі қырық бес күн ішінде тоқсан сайынғы қаржылық есепті, қаржы жылы аяқталғаннан кейін тоқсан күн ішінде аудитор куәландырмаған шоғырландырылған және шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есепті, сондай-ақ: