2004 жылғы 11 маусымдағы N 562-II Қазақстан Республикасының Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылған 54-баптың редакциясы
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1; 16.07.99 ж. N 436-1; 02.03.01 N 162-II; 16.05.03 ж. N 416-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. N 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 54-бап өзгертiлдi
54-бап. Банкiлердегi есеп және есеп беру
1. Бухгалтерлік, банктік және шоғырландырылған негізде есеп беруді қоса алғандағы өзге де есептің халықаралық стандарттарға сай келетін тізбесін, нысандарын, табыс етілу мерзімдерін Ұлттық Банкпен бiрлесе отырып, уәкiлеттi орган белгілейді.
Банктер операциялар мен оқиғаларды Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржы есептiлiгi туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
Банктiң бухгалтерлiк есеп саясатын оның банк директорларының кеңесi айқындайды.
2. Банкiлер уәкiлеттi органның және (немесе) Ұлттық Банктiң өз құзыретi шегiнде жiберiлген сұратуы бойынша өздерiнiң қаражаттары, соның iшiнде Қазақстан Республикасы шегiнен тыс жердегi қаражаттары, қабылданған депозиттер мен берiлген несиелердiң мөлшерi, жасалған және жасалып жатқан банк операциялары туралы кез келген ақпаратты және, банк құпиясы болып табылатын мәлiметтердi қоса, өзге де мәлiметтердi беруге мiндеттi.
2-1. Банктер уәкiлеттi орган белгілеген тәртіппен банктер ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына тікелей және жанама қатысуы жөнінде уәкiлеттi орган сұратқан кез келген ақпаратты беруге міндетті.
3. Уәкiлеттi органның және (немесе) Ұлттық Банктің қызметкерлері осы баптың 2 және 2-1-тармақтарында белгіленген құқықтарды іске асыру барысында алынған мәліметтерді жария еткені не үшінші тұлғаларға бергені үшін Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген тәртіппен жауапты болады.