1741. Клиенттерге берілген заемдар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақы (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің клиенттерге берген заемдар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақының сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің клиенттерге берген заемдар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақының сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша берілген заемдар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақының сомалары оларды клиент төлеген немесе банктің балансынан есептен шығарылған кезде есептен шығарылады.
1742. Клиенттерге "Кері РЕПО" операциялары берілген заемдар бойынша есептелген кірістер (актив).
Есепшоттың мақсаты: Клиенттерге "Кері РЕПО" операциялары берілген заемдар бойынша осы кезеңге қатысты, түсуі болашақта күтілетін есептелген кірістерінің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің клиенттерге "Кері РЕПО" операциялары берген заемдар бойынша есептелген кірістерінің сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша берілген заемдар бойынша есептелген кірістердің сомалары оларды клиент төлеген немесе төлеу мерзімін өткізіп алған кезде есептен шығарылады.
1745. Өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздар бойынша есептелген кірістер (актив).
Есепшоттың мақсаты: өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздар бойынша есептелген, осы кезеңге қатысты, түсуі болашақта күтілетін кірістердің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздар бойынша есептелген кірістердің сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздар бойынша есептелген кірістердің сомалары олар өтелген кезде есептен шығарылады.
1747. Капиталға және реттелген борышқа инвестициялар бойынша есептелген кірістер (актив).
Есепшоттың мақсаты: Капиталға және реттелген борышқа инвестициялар бойынша осы кезеңге қатысты, түсуі болашақта күтілетін есептелген кірістердің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша капиталға және реттелген борышқа инвестициялар бойынша есептелген кірістердің сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша капиталға және реттелген борышқа инвестициялар бойынша есептелген кірістердің сомалары олар төленген кезде есептен шығарылады.
1749. Мерзімі өткен өзге сыйақы (актив).
Есепшоттың мақсаты: Мерзімі өткен өзге сыйақының сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша мерзімі өткен өзге сыйақының сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша мерзімі өткен өзге сыйақының сомалары олар төленген немесе банктің балансынан есептен шығарылған кезде есептен шығарылады.
1751. Алынған заемдар және салымдар бойынша алдын ала төленген сыйақы (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банк болашақ кезеңге қатысты алған заемдар және салымдар бойынша алдын ала төленген сыйақының сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банк алған заемдар және салымдар бойынша алдын ала төленген сыйақының сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша банк алған заемдар және салымдар бойынша алдын ала төленген сыйақының сомаларын есептеу әдісіне сәйкес есептен шығарылады.
1791. Өзге алдын ала төлемдер (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің болашақ кезеңге қатысты алдын ала төленген өзге шығыстарының сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің өзге алдын ала төленген шығыстарының сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің өзге алдын ала төленген шығыстарының сомалары есептеу әдісіне сәйкес есептен шығарылады.
1802. Өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздардың номиналдық құны мен сатып алу бағасы арасындағы айырма түріндегі амортизациясының сомасы (актив).
Есепшоттың мақсаты: өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздардың номиналдық құны мен сатып алу бағасы арасындағы айырма түріндегі амортизациясының сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша өтелгенге дейін ұсталатын номиналдық құн мен сатып алу бағасы арасындағы айырма сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздардың номиналдық құны мен кірістердің тиісті есепшоттарындағы қалдықтарды азайту арқылы оларды сатып алу бағасы арасындағы айырма сомалары есептен шығарылады.
1803. Айналысқа шығарылған облигациялар бойынша олардың номиналдық құны мен сатып алу бағасы арасындағы айырма түріндегі болашақ кезеңдердің шығыстары (актив).
Есепшоттың мақсаты: Айналысқа шығарылған облигациялар бойынша олардың номиналдық құны мен сатып алу бағасы арасындағы айырма түріндегі болашақ кезеңдер шығыстарының сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша айналысқа шығарылған облигациялар бойынша олардың номиналдық құны мен сатып алу бағасы арасындағы айырмаға жұмсалған шығыстардың сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша айналысқа шығарылған облигациялар бойынша номиналдық құны мен сатып алу бағасы арасындағы айырма түріндегі болашақ кезеңдердің шығыстардың тиісті есепшоттарына жұмсалған шығыстардың сомалары есептен шығарылады.
1804. Банктің өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздардың эмитентіне олардың номиналдық құны мен сатып алу бағасы арасындағы айырма түріндегі талаптары (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздардың эмитентіне олардың номиналдық құны мен сатып алу бағасы арасындағы айырма түріндегі талаптарының сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздардың эмитентіне олардың номиналдық құны мен сатып алу бағасы арасындағы айырма түріндегі талаптарының сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша бағалы қағаздардың номиналдық құны мен сату бағасы арасындағы айырмаға олардың құны амортизацияланады.
1805. Банктің аудару операциялары бойынша қызметтері үшін есептелген комиссиялық кірістер (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің аудару операциялары бойынша қызметтері үшін осы кезеңге жататын, болашақта түседі деп күтілетін есептелген комиссиялық кірістердің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің аудару операциялары бойынша қызметтері үшін есептелген комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша аудару операциялары бойынша көрсетілген қызметтер үшін есептелген комиссиялық кірістердің оларды төлеу немесе төлеу мерзімі өтіп кеткен кездегі сомалары есептен шығарылады.
1811. Банктің аударым операциялары бойынша көрсеткен қызметі үшін есептелген комиссиялық кірістер (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің аударым операциялар бойынша көрсеткен қызметі үшін осы кезеңге қатысты, түсуі болашақта күтілетін комиссиялық кірістердің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің аударым операциялар бойынша көрсеткен қызметі үшін есептелген комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің аударым операциялар бойынша көрсеткен қызметі үшін есептелген комиссиялық кірістердің сомалары олар төленген немесе төлеу мерзімі өтіп кеткен кезде есептен шығарылады.
1812. Банктің сақтандыру полистерін сату бойынша көрсеткен қызметі үшін есептелген комиссиялық кірістер (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің Қазақстан Республикасының резиденттері-сақтандыру ұйымдарының атынан сақтандыру полистерін сату (сақтандыру шарттарын жасау) бойынша көрсеткен қызметі үшін осы кезеңге қатысты, түсуі болашақта күтілетін есептелген комиссиялық кірістердің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің Қазақстан Республикасының резиденттері-сақтандыру ұйымдарының атынан сақтандыру полистерін сату (сақтандыру шарттарын жасау) бойынша көрсеткен қызметі үшін есептелген комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің Қазақстан Республикасының резиденттері-сақтандыру ұйымдарының атынан сақтандыру полистерін сату (сақтандыру шарттарын жасау) бойынша көрсеткен қызметі үшін есептелген комиссиялық кірістердің сомалары олар төленген немесе төлеу мерзімі өтіп кеткен кезде есептен шығарылады.
1813. Банктің бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша көрсеткен қызметі үшін есептелген комиссиялық кірістер (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша көрсеткен қызметі үшін осы кезеңге қатысты, түсуі болашақта күтілетін есептелген комиссиялық кірістердің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша көрсеткен қызметі үшін есептелген комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша көрсетілген қызмет үшін есептелген комиссиялық кірістердің сомалары олар төленген немесе төлеу мерзімі өтіп кеткен кезде есептен шығарылады.
1814. Банктің шетел валютасын сатып алу-сату бойынша көрсеткен қызметі үшін есептелген комиссиялық кірістер (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің шетел валютасын сатып алу-сату бойынша көрсеткен қызметі үшін осы кезеңге қатысты, түсуі болашақта күтілетін есептелген комиссиялық кірістердің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің сақтандыру шетел валютасын сатып алу-сату бойынша көрсеткен қызметі үшін есептелген комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің шетел валютасын сатып алу-сату бойынша көрсеткен қызметі үшін есептелген комиссиялық кірістердің сомалары олар төленген немесе төлеу мерзімі өтіп кеткен кезде есептен шығарылады.
1815. Банктің сенімгерлік (трасттық) операциялар бойынша көрсеткен қызметі үшін есептелген комиссиялық кірістер (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің сенімгерлік (трасттық) операциялар бойынша көрсеткен қызметі үшін осы кезеңге қатысты, түсуі болашақта күтілетін есептелген комиссиялық кірістердің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің сенімгерлік (трасттық) операциялар бойынша көрсеткен қызметі үшін есептелген комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша сенімгерлік (трасттық) операциялар бойынша көрсеткен қызмет үшін есептелген комиссиялық кірістердің сомалары олар төленген немесе төлеу мерзімі өтіп кеткен кезде есептен шығарылады.
1816. Банктің берілген кепілдіктер бойынша көрсеткен қызметі үшін есептелген комиссиялық кірістер (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің берілген кепілдіктер бойынша көрсеткен қызметі үшін осы кезеңге қатысты, түсуі болашақта күтілетін есептелген комиссиялық кірістердің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің берілген кепілдіктер бойынша көрсеткен қызметі үшін есептелген комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша берілген кепілдіктер бойынша көрсетілген қызмет үшін есептелген комиссиялық сыйақылардың сомалары олар төленген немесе төлеу мерзімі өтіп кеткен кезде есептен шығарылады.
1817. Банктің салымдарды қабылдау, клиенттердің банктік есепшоттарын ашу және жүргізу бойынша көрсеткен қызметі үшін есептелген комиссиялық кірістер (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің салымдарды қабылдау, клиенттердің банктік есепшоттарын ашу және жүргізу бойынша көрсеткен қызметі үшін осы кезеңге қатысты, түсуі болашақта күтілетін есептелген комиссиялық кірістердің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің салымдарды қабылдау, клиенттердің банктік есепшоттарын ашу және жүргізу бойынша көрсеткен қызметі үшін есептелген комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша салымдарды қабылдау, клиенттердің банктік есепшоттарын ашу және жүргізу бойынша көрсетілген қызмет үшін есептелген комиссиялық сыйақылардың сомалары олар төленген немесе төлеу мерзімі өтіп кеткен кезде есептен шығарылады.
1818. Есептелген өзге комиссиялық кірістер (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің өзге көрсеткен қызметі үшін осы кезеңге қатысты, түсуі болашақта күтілетін есептелген комиссиялық кірістердің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің өзге көрсеткен қызметі үшін есептелген комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің өзге көрсеткен қызметі үшін есептелген комиссиялық кірістердің сомалары олар төленген немесе төлеу мерзімі өтіп кеткен кезде есептен шығарылады.
1819. Кастодиандық қызметтен есептелген комиссиялық кірістер (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің кастодиандық қызмет бойынша көрсеткен қызметі үшін осы кезеңге қатысты, түсуі болашақта күтілетін есептелген комиссиялық кірістердің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің кастодиандық қызмет бойынша көрсеткен қызметі үшін есептелген комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша кастодиандық қызмет бойынша көрсетілген қызмет үшін есептелген комиссиялық кірістердің сомалары олар төленген немесе төлеу мерзімі өтіп кеткен кезде есептен шығарылады.
1820. Банктің төлем құжаттарының акцепті үшін есептелген комиссиялық кірістері (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің төлем құжаттарының акцепті үшін есептелген комиссиялық кірістерінің сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің төлем құжаттарының акцепті үшін есептелген комиссиялық кірістерінің сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша төлем құжаттарының акцепті үшін есептелген комиссиялық кірістердің сомалары олар төленген немесе төлеу мерзімі өтіп кеткен кезде есептен шығарылады.
1821. Банктің кассалық операциялар бойынша көрсеткен қызметі үшін есептелген комиссиялық кірістер (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің кассалық операциялар бойынша көрсеткен қызметі үшін осы кезеңге қатысты, түсуі болашақта күтілетін есептелген комиссиялық кірістерінің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің кассалық операциялар бойынша көрсеткен қызметі үшін есептелген комиссиялық кірістерінің сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша кассалық операциялар бойынша көрсетілген қызмет үшін есептелген комиссиялық кірістердің сомалары олар төленген немесе төлеу мерзімі өтіп кеткен кезде есептен шығарылады.
1822. Құжаттандырылған есеп айырысу бойынша есептелген комиссиялық кірістер (актив).
Есепшоттың мақсаты: құжаттандырылған есеп айырысу бойынша осы кезеңге қатысты, түсуі болашақта күтілетін есептелген комиссиялық кірістердің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің құжаттандырылған есеп айырысу бойынша есептелген комиссиялық кірістерінің сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің құжаттандырылған есеп айырысу бойынша есептелген комиссиялық кірістерінің сомалары олар төленген немесе төлеу мерзімі өтіп кеткен кезде есептен шығарылады.
1823. Банктің форфейтинг операциялары бойынша көрсеткен қызметі үшін есептелген комиссиялық кірістер (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің форфейтинг операциялары бойынша көрсеткен қызметі үшін осы кезеңге қатысты, түсуі болашақта күтілетін есептелген комиссиялық кірістердің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің форфейтинг операциялары бойынша көрсеткен қызметі үшін есептелген комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің форфейтинг операциялары бойынша көрсеткен қызметі үшін есептелген комиссиялық кірістердің сомалары олар төленген немесе төлеу мерзімі өтіп кеткен кезде есептен шығарылады.
1824. Банктің факторинг операциялары бойынша көрсеткен қызметі үшін есептелген комиссиялық кірістер (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің факторинг операциялары бойынша көрсеткен қызметі үшін осы кезеңге қатысты, түсуі болашақта күтілетін есептелген комиссиялық кірістердің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің факторинг операциялары бойынша көрсеткен қызметі үшін есептелген комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша факторинг операциялары бойынша көрсетілген қызмет үшін есептелген комиссиялық кірістердің сомалары олар төленген немесе төлеу мерзімі өтіп кеткен кезде есептен шығарылады.
1831. Банктің аударым операциялары бойынша көрсеткен қызметі үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістер (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің аударым операциялары бойынша көрсеткен қызметі үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің аударым операциялары бойынша көрсеткен қызметі үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің аударым операциялары бойынша көрсеткен қызметі үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомалары олар төленген немесе банктің балансынан есептен шығарылған кезде есептен шығарылады.
1832. Банктің сақтандыру полистерін сату бойынша көрсеткен қызметі үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістер (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің Қазақстан Республикасының резиденттері-сақтандыру ұйымдарының атынан сақтандыру полистерін сату (сақтандыру шарттарын жасау) бойынша көрсеткен қызметі үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің Қазақстан Республикасының резиденттері-сақтандыру ұйымдарының атынан сақтандыру полистерін сату (сақтандыру шарттарын жасау) бойынша көрсеткен қызметі үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша Қазақстан Республикасының резиденттері-сақтандыру ұйымдарының атынан сақтандыру полистерін сату (сақтандыру шарттарын жасау) бойынша көрсетілген қызмет үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомалары олар төленген немесе оларды банктің балансынан есептен шығарған кезде есептен шығарылады.
1833. Банктің бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша көрсеткен қызметі үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістер (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша көрсеткен қызметі үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша көрсеткен қызметі үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша көрсетілген қызмет үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомалары олар төленген немесе оларды банктің балансынан есептен шығарған кезде есептен шығарылады.
1834. Банктің шетел валютасын сатып алу-сату бойынша көрсеткен қызметі үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістер (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің шетел валютасын сатып алу-сату бойынша көрсеткен қызметі үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің шетел валютасын сатып алу-сату бойынша көрсеткен қызметі үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша шетел валютасын сатып алу-сату бойынша көрсетілген қызмет үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомалары олар төленген немесе оларды банктің балансынан есептен шығарған кезде есептен шығарылады.
1835. Банктің сенімгерлік (трасттық) операциялар бойынша көрсеткен қызметі үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістер (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің сенімгерлік (трасттық) операциялар бойынша көрсеткен қызметі үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің сенімгерлік (трасттық) операциялар бойынша көрсеткен қызметі үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің сенімгерлік (трасттық) операциялар бойынша көрсеткен қызметі үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомалары олар төленген немесе оларды банктің балансынан есептен шығарған кезде есептен шығарылады.
1836. Банктің берілген кепілдіктер бойынша көрсеткен қызметі үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістер (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің берілген кепілдіктер бойынша көрсеткен қызметі үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің берілген кепілдіктер бойынша көрсеткен қызметі үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша берілген кепілдіктер бойынша көрсеткен қызметі үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомалары олар төленген немесе оларды банктің балансынан есептен шығарған кезде есептен шығарылады.
1837. Банктің салымдарды қабылдау, клиенттердің банктік есепшоттарын ашу және жүргізу бойынша көрсеткен қызметі үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістер (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің салымдарды қабылдау, клиенттердің банктік есепшоттарын ашу және жүргізу бойынша көрсеткен қызметі үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің салымдарды қабылдау, клиенттердің банктік есепшоттарын ашу және жүргізу бойынша көрсеткен қызметі үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша салымдарды қабылдау, клиенттердің банктік есепшоттарын ашу және жүргізу бойынша көрсетілген қызмет үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомалары олар төленген немесе оларды банктің балансынан есептен шығарған кезде есептен шығарылады.
1838. Өзге мерзімі өткен комиссиялық кірістер (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің өзге де көрсеткен қызметі үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің өзге де көрсеткен қызметі үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша өзге де көрсетілген қызметі үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомалары олар төленген немесе оларды банктің балансынан есептен шығарған кезде есептен шығарылады.
1839. Кастодиандық қызмет бойынша мерзімі өткен комиссиялық кірістер (актив).
Есепшоттың мақсаты: Кастодиандық қызмет бойынша мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша кастодиандық қызмет бойынша мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша кастодиандық қызмет бойынша мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомалары олар төленген немесе оларды банктің балансынан есептен шығарған кезде есептен шығарылады.
1840. Банктің төлем құжаттарының акцепті үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістер (актив).