Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі бухгалтерлік
есептің үлгі есепшот жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 ж. 30 шілдедегі N 275 қаулысы
Осы редакция ҚР ҰБ Басқармасының 2003 ж. 1 қыркүйектегі N 326 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Екінші деңгейдегі банктердің бухгалтерлік есебін жетілдіре түсу және қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына көшуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі бухгалтерлік есептің үлгі есепшот жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қазаннан бастап күшіне енеді.
3. Осы қаулы күшіне енген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі бухгалтерлік есептің есепшот жоспарын бекіту туралы" 2000 жылғы 15 қарашадағы N 419 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Қ.Абдулинаға жүктелсiн.
Ұлттық Банк
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Басқармасының "Қазақстан Республикасының
екінші деңгейдегі банктеріндегі бухгалтерлік
есептің үлгі есепшот жоспарын бекіту туралы"
2002 жылғы 30 шілдедегі N 275 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі
банктеріндегі бухгалтерлік есептің үлгі есепшот жоспары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі бухгалтерлік есептің үлгі есепшот жоспары (бұдан әрі - Есепшот жоспары) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және қаржы есебін жасау мақсатында Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері (бұдан әрі - банктер) жүргізетін операцияларды бухгалтерлік есепке алу есепшоттарында көрсету тәртібін белгілейді.
2. Осы Есепшот жоспарында бухгалтерлік есеп және қаржы есебі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ұғымдар қолданылады.
3. Есепшоттар жоспары банктердің бухгалтерлік есепке алуды жүргізудің жалпы қабылданған әлемдік іс-тәжірибесін қолдануға негізделген және банктердің қаржы-шаруашылық операцияларын бухгалтерлік есепке алуда мынадай кластар бойынша жіктеу схемасын білдіреді:
Бірінші класс - "Активтер"
Екінші класс - "Міндеттемелер"
Үшінші класс - "Меншікті капитал"
Төртінші класс - "Кірістер"
Бесінші класс - "Шығыстар"
Алтыншы класс - "Шартты және болуы мүмкін талаптар мен міндеттемелер"
Жетінші класс - "Банк балансына меморандумның есепшоттары"
4. Талдама есепке алу мынадай белгілер бойынша жүргізіледі:
1) валюта түрлері;
2) резидент-резидент емес;
3) меншік нысаны;
4) экономика салалары;
5) заемдар түрлері;
6) клиенттер, бағалы қағаздар эмитенттері, корреспондент банктер;
7) банктің қалауы бойынша өзге де қажетті белгілер.
5. Бастапқы үш кластың есепшоттары банктің бухгалтерлік балансында көрсетіледі.
Төртінші және бесінші кластардың есепшоттары банктің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есепте көрсетіледі.
Банктің есепті кезеңдегі қызметінің нәтижесі үшінші кластың есепшоттары бойынша көрсетіледі.
6. Есепшоттың бірінші саны класқа тиесілігін, екінші, үшінші сандары есепшоттардың тобына тиесілігін көрсетеді, төртінші саны есепшоттардың одан әрі нақтылануын және талдамасын белгілейді.
7. "Активтер" бірінші класына мынадай есепшоттар тобы кіреді:
1000 Банктің қолма-қол ақшасы
1050 Банктің корреспонденттік есепшоттары
1100 Банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне талаптары
1200 Бағалы қағаздар
1250 Банктің басқа банктерге орналастырылған салымдары
1300 Басқа банктерге берілген заемдар
1350 Банктің филиалдармен есеп айырысуы
1400 Банктің клиенттерге талаптары
1450 Өзге бағалы қағаздар
1460 Жалпы резервтер (провизиялар)
1470 Банктің капиталға және реттелген борышқа инвестициялары
1550 Банктің төлемдер бойынша есеп айырысуы
1600 Тауар-материалдық қорлар
1650/1690 Негізгі құрал-жабдықтар және материалдық емес активтер
1700 Банктің сыйақы алуға байланысты есептелген кірістері
1750 Сыйақыны және шығыстарды алдын ала төлеу
1800 Бағалы қағаздардың номиналды құны мен оларды сатып алу/сату бағасы арасындағы айырма
1810 Есептелген комиссиялық кірістер
1830 Мерзімі өткен комиссиялық кірістер
1850 Банктің өзге де дебиторлары
1890 Туынды қаржы құралдарымен жасалған операциялар бойынша талаптар 8. "Міндеттемелер" екінші класына мынадай есепшоттар тобы кіреді:
2010 Корреспонденттік есепшоттар
2020 Талап ету бойынша салымдары
2030 Қазақстан Республикасының Үкіметінен алынған заемдар
2040 Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған заемдар
2050 Басқа банктерден алынған заемдар
2060 Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған заемдар
2110 Овернайт банктердің заемдары
2120 Мерзімді салымдар
2130 Басқа банктердің кепілдік-салымдары
2150 Банктің филиалдармен есеп айырысуы
2200 Клиенттер алдындағы міндеттемелер
2300 Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар
2400 Реттелген борыштар
2550 Банктің төлемдер бойынша есеп айырысуы
2700 Банктің сыйақы төлеуге байланысты есептелген кірістері
2750 Сыйақыны және шығыстарды алдын ала төлеу
2800 Бағалы қағаздардың номиналды құны мен оларды сатып алу/сату бағасы арасындағы айырма
2810 Банктің есептелген комиссиялық шығыстары
2830 Банктің мерзімі өткен комиссиялық шығыстары
2850 Банктің өзге де дебиторлары
2890 Туынды қаржы құралдарымен жасалған операциялар бойынша міндеттемелер
9. "Меншік капиталы" үшінші класына мынадай есепшоттар тобы кіреді:
3000 Банктің жарғылық капиталы
3100 Банктің қосымша капиталы
3500 Банктің резервтік капиталы және қайта бағалау резервтері
10. "Кірістер" төртінші класына мынадай есепшоттар тобы кіреді:
4050 Корреспонденттік есепшоттар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер
4100 Банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне орналастырылған салымдары бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер
4200 Бағалы қағаздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер
4250 Басқа банктерге орналастырылған салымдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер
4300 Басқа банктерге берілген заемдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер
4350 Филиалдармен есеп айырысу бойынша кірістер
4400 Клиенттерге берілген заемдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер
4450 Өзге бағалы қағаздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер
4470 Капиталға және реттелген борышқа жасалған инвестициялар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер
4490 Дилинг операциялары бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер
4500 Дилинг операциялары бойынша кірістер
4600 Комиссиялық кірістер
4700 Қайта бағалаудан түскен кірістер
4800 Өзге де операциялық кірістер
4850 Сатудан түскен кірістер
4870 Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесінің өзгеруімен байланысты кірістер
4890 Туынды қаржы құралдарымен жасалған операциялар бойынша кірістер 4900 Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл)
4920 Өзге кірістер
4940 Төтенше кірістер
4999 Салықтан түскен кіріс
11. "Шығыстар" бесінші класына мынадай есепшоттар тобы кіреді:
5020 Корреспонденттік есепшоттар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар
5030 Үкіметтен және Қазақстан Республикасының жергілікті өкімет органдарынан алынған заемдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар
5040 Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған заемдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар
5050 Басқа банктерден алынған заемдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар
5060 Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған заемдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар
5090 Сыйақы төлеуге байланысты басқа шығыстар
5110 Овернайт заемдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар
5120 Басқа банктердің салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар
5150 Банктің филиалдармен есеп айырысуы бойынша шығыстар
5200 Клиенттердің талаптары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар
5300 Бағалы қағаздар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар
5400 Реттелген борыш бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар
5440 Дилинг операциялары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар
5450 Қамтамасыз етуге қаржы бөлу
5500 Дилинг операциялары бойынша шығыстар
5600 Комиссиялық шығыстар
5700 Қайта бағалау шығыстары
5720 Еңбекақы төлеу және міндетті аударымдар бойынша шығыстар
5740 Жалпы шаруашылық шығыстары
5760 Салықтар, алымдар және табыс салығын қоспағанда бюджетке төлейтін басқа да төлемдер
5780 Амортизациялық аударымдар
5800 Өзге операциялық шығыстар
5850 Сатуға байланысты шығыстар
5870 Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына үлестік қатысуға байланысты шығыстар
5890 Туынды қаржы құралдарымен жасалған операциялар бойынша шығыстар 5900 Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл)
5920 Өзге шығыстар
5940 Төтенше шығыстар
5999 Табыс салығы
12. "Шартты және болуы мүмкін талаптар мен міндеттемелер" алтыншы класына мынадай есепшоттар тобы кіреді:
6000-6500 Аккредитивтер бойынша есепшоттар
6050-6550 Кепілдіктер бойынша есепшоттар
6080-6580 Форфейтинг операциялары бойынша борышкерге қойылатын талаптар (міндеттемелер)
6100-6600 Болашақта салымдар мен заемдар орналастыру бойынша есепшоттар
6150-6650 Болашақта салымдар мен заемдар алу бойынша есепшоттар
6180-6680 Форфейтинг операциялары бойынша өтеліп алынған вексельдер
6200-6700 Бағалы қағаздар және қаржы фьючерстерін сатып алу бойынша есепшоттар
6300-6800 Бағалы қағаздар және қаржы фьючерстерін сату бойынша есепшоттар
6400-6900 Валюта құндылықтарын сатып алу-сату бойынша есепшоттар
13. "Банк балансына меморандумның есепшоттары" жетінші класына мынадай есепшоттар тобы кіреді:
7100 Мемориалдық есепшоттар - активтер
7200 Мемориалдық есепшоттар - пассивтер
7300 Мемориалдық есепшоттар - өзгелері
7400 Жинақтаушы зейнетақы қорларының сақтауға қабылданған зейнетақы активтері
7500 Клиенттердің сенімгерлік (трасттық) басқарудағы активтері
2-тарау. Екінші деңгейдегі банктердегі
бухгалтерлік есептің үлгі есепшот жоспары
1000 - 1999 Активтер
1000 Банктің қолма-қол ақшасы
1001 Кассадағы қолма-қол ақша
1002 Жолдағы банкноттар және металл ақша
1003 Айырбастау пункттеріндегі қолма-қол ақша
1004 Тазартылған қымбат металдар
1005 Банкоматтардағы қолма-қол ақша
1006 Жолдағы тазартылған қымбат металдар
1050 Банктердің корреспонденттік есепшоттары
1051 Банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі корреспонденттік есепшоты
1052 Банктің басқа банктердегі корреспонденттік есепшоттары
1053 Банктің басқа банктердегі корреспонденттік есепшоттары бойынша оқшауланған берешек
1100 Банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне талабы
1101 Банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдары (бір түнге)
1102 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі талап ету бойынша салымдары
1103 Банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі мерзімді салымдары
1104 Банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі міндетті резервтері
1200 Бағалы қағаздар
1201 Саудаға арналған бағалы қағаздар
1202 Банк сатып алған бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен берешек
1203 Банк сатып алған бағалы қағаздар бойынша оқшауланған берешек
1204 Бағалы қағаздар бойынша шығындарды жабуға арналған арнайы резервтер (провизиялар)
1250 Банктің басқа банктерге орналастырылған салымдары
1251 Басқа банктерге орналастырылған салымдар (бір түнге)
1252 Басқа банктерге орналастырылған талап ету бойынша салымдары
1253 Басқа банктерге орналастырылған қысқа мерзімді салымдар (бір айға дейінгі)
1254 Басқа банктерге орналастырылған қысқа мерзімді салымдар (бір жылға дейінгі)
1255 Басқа банктерге орналастырылған ұзақ мерзімді салымдар
1256 Басқа банктерге орналастырылған шартты салымдар
1257 Басқа банктердің салымдар бойынша мерзімі өткен берешегі
1258 Басқа банктердің салымдар бойынша оқшауланған берешегі
1259 Басқа банктерге орналастырылған салымдар бойынша арнайы резервтер (провизиялар)
1300 Басқа банктерге берілген заемдар
1301 Басқа банктердің корреспонденттік есепшоттары бойынша овердрафт заемдары
1302 Басқа банктерге берілген қысқа мерзімді заемдар
1304 Басқа банктерге берілген ұзақ мерзімді заемдар
1305 Басқа банктерге қаржы лизингі
1306 Банктің заемдары бойынша басқа банктердің мерзімі өткен берешегі
1307 Банктің заемдары бойынша басқа банктердің оқшауланған берешегі
1308 Басқа банктерге "Кері РЕПО" операциялары бойынша берілген заемдар
1309 Қаржы лизингі бойынша басқа банктердің мерзімі өткен берешегі
1339 Басқа банктерге берілген заемдар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтер (провизиялар)
1350 Банктің филиалдармен есеп айырысуы
1351 Банктің бас офисімен есеп айырысу
1352 Банктің жергілікті филиалдармен есеп айырысуы
1353 Банктің шетелдік филиалдармен есеп айырысуы
1400 Банктің клиенттерге талаптары
1401 Клиенттерге берілген овердрафт заемдары
1403 Клиенттердің кредит карточкалары бойынша есепшоттар
1405 Клиенттердің есепке алынған вексельдері
1407 Клиенттерге факторинг
1408 Клиенттерге "Кері РЕПО" операциялары бойынша берілген заемдар
1411 Клиенттерге берілген қысқа мерзімді заемдар
1417 Клиенттерге берілген ұзақ мерзімді заемдар
1420 Клиенттерге берілген қаржы лизингі
1421 Қаржы лизингі бойынша клиенттердің мерзімі өткен берешегі
1422 Клиенттерге форфейтинг
1424 Банк заемдары бойынша клиенттердің мерзімі өткен берешегі
1425 Клиенттердің наразылық білдірілген вексельдері
1427 Банк заемдары бойынша клиенттердің оқшауланған берешегі
1439 Клиенттерге берілген заемдар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтер (провизиялар)
1440 Клиенттерге берілген өзге де заемдар
1450 Өзге бағалы қағаздар
1451 Сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздар
1452 Сатуға жарамды бағалы қағаздар
1460 Жалпы резервтер (провизиялар)
1462 Банк қызметіне байланысты дебиторлық берешек бойынша шығындарды жабуға арналған жалпы резервтер (провизиялар)
1463 Банктік емес қызметке байланысты дебиторлық берешек бойынша шығындарды жабуға арналған жалпы резервтер (провизиялар)
1464 Бағалы қағаздар бойынша шығындарды жабуға арналған жалпы резервтер (провизиялар)
1465 Банктің кредиттік қызметіне байланысты шығындарды жабуға арналған жалпы резервтер (провизиялар)
1467 Басқа банктерде орналастырылған салымдар бойынша шығындарды жабуға арналған жалпы резервтер (провизиялар)
1468 Шартты міндеттемелер бойынша шығындарды жабуға арналған жалпы резервтер (провизиялар)
1469 Өзге де банктік қызметке байланысты шығындарды жабуға арналған жалпы резервтер (провизиялар)
1470 Банктің капиталға және реттелген борышқа инвестициялары
1471 Еншілес ұйымдарға инвестициялар
1472 Тәуелсіз ұйымдарға инвестициялар
1475 Реттелген борышқа инвестициялар
1476 Өзге инвестициялар
1550 Банктің төлемдер бойынша есеп айырысуы
1551 Басқа банктермен есеп айырысу
1552 Клиенттермен есеп айырысу
1600 Тауар-материалдық қорлар
1601 Тазартылмаған қымбат металдар
1602 Өзге тауар-материалдық қорлар
1650/1690 Негізгі құрал-жабдықтар және материалдық емес активтер
1651 Салынып жатқан (орнатылып жатқан) негізгі құрал-жабдықтар
1652 Жер, үйлер және ғимараттар
1653 Компьютер жабдықтары
1654 Өзге негізгі құрал-жабдықтар
1655 Қаржы лизингіне қабылданған негізгі құрал-жабдықтар
1656 Жалға беруге арналған негізгі құрал-жабдықтар
1657 Жалға алған үйлер бойынша күрделі шығындар
1658 Көлік құралдары
1659 Материалдық емес активтер
1660 Өз күшімен құрылған (дайындалған) материалдық емес активтер
1692 Үйлер және ғимараттар бойынша есептелген амортизация
1693 Компьютерлік жабдықтар бойынша есептелген амортизация
1694 Өзге негізгі құрал-жабдықтар бойынша есептелген амортизация
1695 Қаржы лизингі бойынша алынған негізгі құрал-жабдықтар бойынша есептелген амортизация
1696 Жалға беруге арналған негізгі құрал-жабдықтар бойынша есептелген амортизация
1697 Жалға алынған үйлер бойынша күрделі шығындар бойынша есептелген амортизация
1698 Көлік құралдары бойынша есептелген амортизация
1699 Материалдық емес активтер бойынша есептелген амортизация
1700 Банктің сыйақы алуға байланысты есептелген кірістері
1705 Банктің корреспонденттік есепшоттары бойынша есептелген кірістер
1710 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған салымдар бойынша есептелген кірістер
1725 Басқа банктерде орналастырылған салымдар бойынша есептелген кірістер
1726 Басқа банктерде орналастырылған салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақылар
1730 Басқа банктерге берілген заемдар және қаржы лизингі бойынша есептелген кірістер
1731 Басқа банктерге берілген заемдар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақылар
1732 Басқа банктерге "Кері РЕПО" операциялары бойынша берілген заемдар бойынша есептелген кірістер
1735 Банктің бас офисі мен филиалдары арасындағы есеп айырысу бойынша есептелген кірістер
1740 Клиенттерге берілген заемдар және қаржы лизингі бойынша есептелген кірістер
1741 Клиенттерге берілген заемдар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақы
1742 Клиенттерге "Кері РЕПО" операциялары бойынша берілген заемдар бойынша есептелген кірістер
1745 Өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздар бойынша есептелген кірістер
1747 Капиталға және реттелген борышқа инвестициялар бойынша есептелген кірістер
1749 Өзге мерзімі өткен сыйақы
1750 Сыйақыны және шығыстарды алдын ала төлеу
1751 Алынған заемдар және салымдар бойынша сыйақыны алдын ала төлеу
1791 Өзге де алдын ала төлеулер
1800 Бағалы қағаздардың номиналды құны мен оларды сатып алу/сату бағасы арасындағы айырма
1802 Бағалы қағаздардың номиналды құны мен сатып алу бағасы арасындағы айырма түріндегі өтелгенге дейін ұсталатын амортизациясының сомасы
1803 Номиналды құны мен сатып алу бағасы арасындағы айырма түріндегі айналысқа шығарылған облигациялардың болашақ кезеңдердегі шығыстары
1804 Банктің номиналды құны мен сатып алу бағасы арасындағы айырма түріндегі өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздар эмитентіне талаптар
1805 Облигациялардың номиналды құны мен сатып алу бағасы арасындағы айырма түріндегі айналысқа шығарылған амортизациясының сомасы
1810 Есептелген комиссиялық кірістер
1811 Банктің аударым операциялары бойынша көрсеткен қызметі үшін есептелген комиссиялық кірістер
1812 Банктің сақтандыру полистерін сату бойынша көрсеткен қызметі үшін есептелген комиссиялық кірістер
1813 Банктің бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша көрсеткен қызметі үшін есептелген комиссиялық кірістер
1814 Банктің шетелдік валютасын сатып алу-сату бойынша көрсеткен қызметі үшін есептелген комиссиялық кірістер
1815 Банктің сенімгерлік (трасттық) операциялар бойынша көрсеткен қызметі үшін есептелген комиссиялық кірістер
1816 Банктің берілген кепілдіктер бойынша көрсеткен қызметі үшін есептелген комиссиялық кірістер
1817 Банктің салымдарды қабылдау, клиенттердің банктік есепшоттарын ашу және жүргізу бойынша көрсеткен қызметі үшін есептелген комиссиялық кірістер
1818 Өзге де есептелген комиссиялық кірістер
1819 Кастодиандық қызметтен есептелген комиссиялық кірістер
1820 Банктің төлем құжаттарының акцепті үшін есептелген комиссиялық кірістері
1821 Банктің кассалық операциялар бойынша көрсеткен қызметі үшін есептелген комиссиялық кірістер
1822 Құжаттандырылған есеп айырысу бойынша есептелген комиссиялық кірістер
1823 Банктің форфейтингтік операциялар бойынша көрсеткен қызметі үшін есептелген комиссиялық кірістер
1824 Банктің факторингтік операциялар бойынша көрсеткен қызметі үшін есептелген комиссиялық кірістер
1830 Мерзімі өткен комиссиялық кірістер
1831 Банктің аударым операциялары бойынша көрсеткен қызметі үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістер
1832 Банктің сақтандыру полистерін сату бойынша көрсеткен қызметі үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістер
1833 Банктің бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша көрсеткен қызметі үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістер
1834 Банктің шетел валютасын сатып алу-сату бойынша көрсеткен қызметі үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістер
1835 Банктің сенімгерлік (трасттық) операциялар бойынша көрсеткен қызметі үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістер
1836 Банктің берілген кепілдіктер бойынша көрсеткен қызметі үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістер
1837 Банктің салымдарды қабылдау, клиенттердің банктік есепшоттарын ашу және жүргізу бойынша көрсеткен қызметі үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістер
1838 Мерзімі өткен өзге де комиссиялық кірістер
1839 Кастодиандық қызмет бойынша мерзімі өткен комиссиялық кірістер
1840 Банктің төлем құжаттарының акцепті үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістері
1841 Банктің кассалық операциялар бойынша көрсеткен қызметі үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістер
1842 Құжаттандырылған есеп айырысу бойынша мерзімі өткен комиссиялық кірістер
1843 Банктің форфейтингтік операциялар бойынша көрсеткен қызметі үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістер
1844 Банктің факторингтік операциялар бойынша көрсеткен қызметі үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістер
1850 Банктің өзге де дебиторлары
1851 Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу
1852 Брокерлермен есеп айырысу
1853 Акционерлермен есеп айырысу (дивидендтер бойынша)
1854 Банк қызметкерлерімен есеп айырысу
1855 Құжаттандырылған есеп айырысулар бойынша дебиторлар
1856 Күрделі салымдар бойынша дебиторлар
1857 Мерзімінен бұрын салынған табыс салығы
1858 Банктің шетел валютасы бойынша валюталық қысқа позициясы
1859 Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы құны (валюталық ұзақ позицияның)
1860 Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар
1861 Кепілдіктер бойынша дебиторлар
1864 Банктің акцептелген вексель үшін клиентке қоятын талабы
1865 Туынды қаржы құралдарын қайта бағалаудың (бағамдық айырманың) оң айырмасы
1867 Банктік емес қызмет бойынша өзге де дебиторлар
1868 Банктің құжаттандырылған есеп айырысу бойынша есептелген сыйақысы
1869 Банктің берілген кепілдіктер бойынша көрсеткен қызметі үшін есептелген сыйақы
1870 Банктің өзге де транзиттік есепшоттары
1871 Банктің құжаттандырылған есеп айырысу бойынша мерзімі өткен сыйақысы
1872 Банктің берілген кепілдіктер бойынша мерзімі өткен сыйақысы
1873 Банктің тазартылған қымбат металдар бойынша қысқа позициясы