2044. Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қысқа мерзімді заемдар (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің халықаралық қаржы ұйымдарынан бір жылды қоса алғандағы мерзімге алған қысқа мерзімді заемдардың сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қысқа мерзімді заемдардың сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша алынған қысқа мерзімді заемдардың сомалары оларды банк өтеген кезде есептен шығарылады.
2046. Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған ұзақ мерзімді заемдар (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің халықаралық қаржы ұйымдарынан бір жылдан астам мерзімге алған қысқа мерзімді заемдардың сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің халықаралық қаржы ұйымдарынан алған ұзақ мерзімді заемдардың сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша алынған ұзақ мерзімді заемдардың сомалары оларды банк өтеген кезде есептен шығарылады.
2048. Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған ұзақ мерзімді заемдар бойынша банктің мерзімі өткен берешегі (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің Халықаралық қаржы ұйымдарынан алған заемдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша банктің мерзімі өткен берешегінің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің халықаралық қаржы ұйымдарынан алған заемдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша банктің мерзімі өткен берешегінің сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша алынған заемдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешектің сомалары оларды банк өтеген кезде есептен шығарылады.
2051. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен алынған заемдар (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен алған заемдардың сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен алған заемдардың сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша алынған заемдардың сомалары оларды банк өтеген кезде есептен шығарылады.
2052. Шетелдік орталық банктерден алынған заемдар (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің шетелдік орталық банктерден алған заемдардың сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің шетелдік орталық банктерден алған заемдардың сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша алынған заемдардың сомалары оларды банк өтеген кезде есептен шығарылады.
2053. Басқа банктерден "РЕПО" операциялары бойынша алынған заемдар (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің басқа банктерден "РЕПО" операциялары бойынша алған заемдардың сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің басқа банктен "РЕПО" операциялары бойынша алған заемдардың сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша алынған заемдардың сомалары оларды банк өтеген кезде есептен шығарылады.
2054. Басқа банктерден алынған қысқа мерзімді заемдар (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің басқа банктерден бір жылды қоса алғандағы мерзімге алған қысқа мерзімді заемдардың сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің басқа банктен алған қысқа мерзімді заемдардың сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша алынған қысқа мерзімді заемдардың сомалары оларды банк өтеген кезде есептен шығарылады.
2056. Басқа банктерден алынған ұзақ мерзімді заемдар (пассив).
Есепшоттың мақсаты: банктің басқа банктерден бір жылдан астам мерзімге алған заемдардың сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің басқа банктен алған ұзақ мерзімді заемдардың сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша алынған ұзақ мерзімді заемдардың сомалары оларды банк өтеген кезде есептен шығарылады.
2057. Басқа банктерден алынған қаржы лизингі (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің басқа банктерден алған қаржы лизингі бойынша негізгі борыштың сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің басқа банктерден алған қаржы лизингі бойынша негізгі борыштың сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша алынған қаржы лизингі бойынша негізгі борыштың сомалары оларды банк өтеген кезде есептен шығарылады.
2058. Басқа банктерден алынған заемдар және қаржы лизингі бойынша банктің мерзімі өткен берешек (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің басқа банктерден алынған заемдар және қаржы лизингі бойынша қарыздың негізгі сомасы бойынша банктің мерзімі өткен берешегінің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің басқа банктерден алынған заемдар және қаржы лизингі бойынша қарыздың негізгі сомасы бойынша банктің мерзімі өткен берешегінің сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша алынған заемдар және қаржы лизингі бойынша қарыздың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешектің сомалары оларды банк өтеген кезде есептен шығарылады.
2059. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен алынған заемдар мен қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен берешек (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен алынған заемдар мен қаржы лизингі бойынша қарыздың негізгі сомасы бойынша банктің мерзімі өткен берешегінің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен алынған заемдар мен қаржы лизингі бойынша қарыздың негізгі сомасы бойынша банктің мерзімі өткен берешегінің сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша алынған заемдар мен қаржы лизингі бойынша қарыздың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешектің сомалары оларды банк өтеген кезде есептен шығарылады.
2064. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қысқа мерзімді заемдар (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан бір жылды қоса алғандағы мерзімге алған заемдардың сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алған қысқа мерзімді заемдардың сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша алынған қысқа мерзімді заемдардың сомалары оларды банк өтеген кезде есептен шығарылады.
2066. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған ұзақ мерзімді заемдар (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан бір жылдан астам мерзімге алған заемдардың сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алған ұзақ мерзімді заемдардың сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша алынған ұзақ мерзімді заемдардың сомалары оларды банк өтеген кезде есептен шығарылады.
2067. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қаржы лизингі (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алған қаржы лизингі бойынша негізгі борыштың сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алған қаржы лизингі бойынша негізгі борыштың сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша алынған қаржы лизингі бойынша негізгі борыштың сомалары оларды банк өтеген кезде есептен шығарылады.
2068. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған заемдар және қаржы лизингі бойынша банктің мерзімі өткен берешегі (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан банк алған заемдар және қаржы лизингі бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша банктің мерзімі өткен берешегінің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан банк алған заемдар және қаржы лизингі бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша банктің мерзімі өткен берешегінің сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша алынған заемдар және қаржы лизингі бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешектің сомалары оларды банк өтеген кезде есептен шығарылады.
2111. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен алынған овернайт заемдары (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен алған овернайт заемдарының сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен алған овернайт заемдарының сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша алынған овернайт заемдарының сомалары оларды банк қайтарған кезде есептен шығарылады.
2112. Шетелдік орталық банктерден алынған овернайт заемдар (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің шетелдік орталық банктерден алған овернайт заемдардың сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің шетелдік орталық банктен алған овернайт заемдардың сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша алынған овернайт заемдардың сомалары оларды банк қайтарған кезде есептен шығарылады.
2113. Басқа банктерден алынған овернайт заемдар (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің басқа банктерден алған овернайт заемдардың сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің басқа банктерден алған овернайт заемдардың сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша алынған овернайт заемдардың сомалары оларды банк қайтарған кезде есептен шығарылады.
2121. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мерзімді салымдары (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінен банктік салым шарты бойынша қабылдаған мерзімді салымдардың сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінен қабылдаған мерзімді салымдарының сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті қабылданған мерзімді салымдарының сомалары оларды банк қайтарған кезде есептен шығарылады.
2122. Шетелдік орталық банктердің мерзімді салымдары (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің шетелдік орталық банктен банктік салым шарты бойынша қабылдаған мерзімді салымдардың сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің шетелдік орталық банктен қабылдаған мерзімді салымдардың сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша қабылданған мерзімді салымдардың сомалары оларды банк қайтарған кезде есептен шығарылады.
2123. Басқа банктердің қысқа мерзімді салымдары (бір айға дейінгі) (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің басқа банктерден бір айды қоса алғандағы мерзімге банктік салым шарты бойынша қабылдаған салымдарының сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің басқа банктерден қабылдаған қысқа мерзімді салымдардың сомалары есепке алынады.
Есепшоттың дебеті бойынша қабылданған қысқа мерзімді салымдардың сомалары оларды банк қайтарған кезде есептен шығарылады.
2124. Басқа банктердің қысқа мерзімді салымдары (бір жылға дейінгі) (пассив).
Есепшоттың мақсаты: банктің басқа банктерден бір жылды қоса алғандағы мерзімге банктік салым шарты бойынша қабылдаған салымдардың сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің басқа банктерден қабылдаған салымдардың сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша қабылданған қысқа мерзімді салымдардың сомалары оларды банк қайтарған кезде есептен шығарылады.
2127. Басқа банктердің ұзақ мерзімді салымдары (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің басқа банктерден бір жылдан астам мерзімге банктік салым шарты бойынша қабылдаған салымдардың сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің басқа банктен қабылдаған ұзақ мерзімді салымдардың сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша қабылданған ұзақ мерзімді салымдардың сомалары оларды банк қайтарған кезде есептен шығарылады.
2130. Басқа банктердің салым-кепілдіктері (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің алдындағы міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету үшін банктің басқа банктерден банктік салым шарты бойынша қабылдаған салым-кепілдіктердің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің басқа банктен қабылдаған салым-кепілдіктердің сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша шарттың талаптарына және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мақсаты бойынша қабылданған салым-кепілдіктердің сомалары есептен шығарылады.
2133. Басқа банктердің шартты салымдары (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің басқа банктерден банктік салым шарты бойынша қабылдаған шартты салымдардың сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің басқа банктерден қабылдаған шартты салымдардың сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша қабылданған шартты салымдардың сомалары оларды банк қайтарған кезде есептен шығарылады.
2134. Банктің корреспонденттік есепшоттар бойынша мерзімі өткен берешегі (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің корреспонденттік есепшоттар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша банктің мерзімі өткен берешегінің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банк қабылдаған корреспонденттік есепшоттар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша банктің мерзімі өткен берешегінің сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша корреспонденттік есепшоттар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешектің сомалары оларды банк өтеген кезде есептен шығарылады.
2135. Банктің басқа банктердің салымдары бойынша мерзімі өткен берешегі (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің басқа банктерден банктік салым шарты бойынша қабылдаған салымдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша банктің мерзімі өткен берешегінің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің басқа банктен қабылдаған салымдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша банктің мерзімі өткен берешегінің сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша қабылданған өзге салымдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешектің сомалары оларды банк өтеген кезде есептен шығарылады.
2151. Банктің бас офисімен есеп айырысу (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Бас офис өзінің филиалы үшін ашқан корреспонденттік есепшотындағы ақша сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша бас офис өзінің филиалы үшін ашқан банк филиалының корреспонденттік есепшотына түскен ақша сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша банк филиалының корреспонденттік есепшотынан ақша сомалары есептен шығарылады.
2152. Банктің жергілікті филиалдарымен есеп айырысу (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің бас офисінің оның жергілікті филиалда ашылған корреспонденттік есепшотындағы ақша сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің бас офисінің оның жергілікті филиалда ашылған корреспонденттік есепшотына түскен ақша сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің бас офисінің өзінің жергілікті филиалынан алған ақша сомалары есептен шығарылады.
2153. Банктің шетелдік филиалдарымен есеп айырысу (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің бас офисінің оның шетелдік филиалда ашылған корреспонденттік есепшотындағы ақша сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің бас офисінің оның шетелдік филиалда ашылған корреспонденттік есепшотына түскен ақша сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша бас офистің корреспонденттік есепшотынан ақша сомалары есептен шығарылады.
2201. Республикалық бюджеттің ақшасы (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Республикалық бюджет ақшасының сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банкке республикалық бюджеттен түскен ақшаның сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша республикалық бюджеттің банк мақсаты бойынша жұмсаған ақшасының сомалары есептен шығарылады.
2202. Жергілікті бюджеттің ақшасы (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Жергілікті бюджеттің ақшасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банкке жергілікті бюджеттен түскен ақшаның сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша жергілікті бюджеттің банк мақсаты бойынша жұмсаған ақшасының сомалары есептен шығарылады.
2203. Клиенттердің ағымдағы есепшоттары (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Клиенттердің банктік салым шарты бойынша банкте ашылған ағымдағы есепшоттарындағы ақшасының сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша клиенттердің банкте ашылған ағымдағы есепшоттарындағы ақшасының сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша түскен ақша сомалары шарттың талаптарына және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мақсаты бойынша клиенттің ағымдағы есепшотынан есептен шығарылады.
2211. Клиенттердің талап ету бойынша салымдары (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің клиенттерден банктік салым шарты бойынша қабылдаған талап ету бойынша салымдардың сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің клиенттерден қабылдаған талап ету бойынша салымдардың сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша қабылданған талап ету бойынша салымдардың сомалары шарттың талаптарына және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мақсаты бойынша есептен шығарылады.
2215. Клиенттердің қысқа мерзімді салымдары (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің клиенттерден бір жылды қоса алғандағы мерзімге банктік салым шарты бойынша қабылдаған салымдардың сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің клиенттерден қабылдаған салымдардың сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша қабылданған қысқа мерзімді салымдардың сомалары шарттың талаптарына және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мақсаты бойынша есептен шығарылады.
2217. Клиенттердің ұзақ мерзімді салымдары (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің клиенттерден бір жылдан астам мерзімге банктік салым шарты бойынша қабылдаған салымдардың сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің клиенттен қабылдаған ұзақ мерзімді салымдарының сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша қабылданған ұзақ мерзімді салымдардың сомалары шарттың талаптарына және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мақсаты бойынша есептен шығарылады.
2219. Клиенттердің шартты салымдары (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің клиенттерден банктік салым шарты бойынша қабылдаған шартты салымдардың сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің клиенттен қабылдаған шартты салымдардың сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша қабылданған шартты салымдардың сомалары шарттың талаптарына және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мақсаты бойынша есептен шығарылады.
2221. Клиенттердің арнайы салымдары (пассив).
Есепшоттың мақсаты: банктің клиенттерден дебеттік карточкалар мен чектерді пайдалану арқылы есеп айырысу кезінде қаржыландыруды жүзеге асыру үшін банктік салым шарты бойынша қабылдаған арнайы салымдардың сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша Банктің клиенттен қабылдаған арнайы салымдардың сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша қабылданған арнайы салымдардың сомалары шарттың талаптарына және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мақсаты бойынша есептен шығарылады.
2222. Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың банктік салым шартында көзделген тәртіппен пайдаланылатын салымдарының сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың банктік салым шартында көзделген тәртіппен пайдаланылатын салымдарының сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша банктік салым шартының шарттарына сәйкес мақсатқа сай қабылданған салымдардың сомалары есептен шығарылады.
2223. Клиенттердің салым-кепілдіктері (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің банк алдындағы міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету үшін клиенттерден банктік салым шарты бойынша қабылдаған салым-кепілдіктердің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің клиенттен қабылдаған салым-кепілдіктердің сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша қабылданған салым-кепілдіктердің сомалары шарттың талаптарына және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мақсаты бойынша есептен шығарылады.
2224. Банктің клиенттердің талап ету бойынша салымдары бойынша мерзімі өткен берешегі (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің клиенттерден банктік салым шарты бойынша қабылдаған талап ету бойынша салымдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша банктің мерзімі өткен берешегінің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің клиенттен қабылдаған талап ету бойынша салымдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша банктің мерзімі өткен берешегінің сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша қабылданған талап ету бойынша салымдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша банктің мерзімі өткен берешегінің сомалары есептен шығарылады.
2225. Банктің клиенттермен жасалған өзге операциялар бойынша мерзімі өткен берешегі (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің клиенттермен жасалған өзге операциялар бойынша мерзімі өткен берешегінің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің клиенттермен жасалған өзге операциялар бойынша мерзімі өткен берешегінің сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің клиенттермен жасалған өзге операциялар бойынша мерзімі өткен берешегінің сомалары оларды банк өтеген кезде есептен шығарылады.
2226. Банктің клиенттердің мерзімді салымдары бойынша мерзімі өткен берешегі (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің клиенттерден банктік салым шарты бойынша қабылдаған мерзімді салымдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша банктің мерзімі өткен берешегінің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша клиенттерден банк қабылдаған мерзімді салымдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша банктің мерзімі өткен берешегінің сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша қабылданған мерзімді салымдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешектің сомалары оларды банк өтеген кезде есептен шығарылады.
2227. Алынған қаржы лизингі (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банк алған қаржы лизингі бойынша негізгі борыштың сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банк алған қаржы лизингі бойынша негізгі борыштың сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша алынған қаржы лизингі бойынша негізгі борыштың сомалары оларды банк өтеген кезде есептен шығарылады.
2228. Банк мерзімінде орындамаған нұсқау (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Клиенттердің нұсқауларына сәйкес олардың банктік есепшоттарынан банк есептен шығарған, бірақ олар банктің корреспонденттік есепшотында ақшаның жоқ болуынан немесе жетіспеушілігінен орындамаған ақша сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша клиенттің нұсқауына сәйкес оның банктік есепшотынан банк есептен шығарған, бірақ олар банктің корреспонденттік есепшотында ақшаның жоқ болуынан немесе жетіспеушілігінен орындамаған ақша сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша мақсаты бойынша ақша сомалары банктің корреспонденттік есепшотына ақша түскен жағдайда немесе клиент өзінің нұсқауын қайтарып алған жағдайда оларды банк клиенттің банктік есепшотына қайтарған кезде есептен шығарылады.
2229. Клиенттердің өзге салымдары (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің клиенттерден банктік салым шарты бойынша қабылдаған өзге салымдардың сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің клиенттен қабылдаған өзге салымдардың сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша қабылданған өзге салымдардың сомалары мақсаты бойынша шарттың талаптарына және Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес есептен шығарылады.
2230. Алынған қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен берешек (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің клиенттерден алған қаржы лизингі бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша банктің мерзімі өткен берешегінің сомаларын есепке алу.