Есепшоттың кредиті бойынша банктің өзгермелі проценттік своп бойынша шартты міндеттемелерінің сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің өзгермелі проценттік своп бойынша шартты міндеттемелерінің сомасы есептен шығарылады.
6805. Бағалы қағаздарды сату бойынша шартты міндеттемелер (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің бағалы қағаздарды болашақта сату бойынша шартты міндеттемелерінің сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің бағалы қағаздарды болашақта сату бойынша шартты міндеттемелерінің сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің бағалы қағаздарды сату кезіндегі олар бойынша шартты міндеттемелерінің сомасы есептен шығарылады.
6810. Қаржы фьючерстерін сату бойынша шартты міндеттемелер (пассив операциялар бойынша) (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің пассив операциялары бойынша болашақта қаржы фьючерстерін сату бойынша банктің шартты міндеттемелерінің сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің пассив операциялары бойынша болашақта қаржы фьючерстерін сату бойынша шартты міндеттемелерінің сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің қаржы фьючерстерін сату кезіндегі олар бойынша шартты міндеттемелерінің сомасы есептен шығарылады.
6820. Қаржы фьючерстерін сату бойынша шартты міндеттемелер (актив операциялар бойынша) (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің актив операциялары бойынша болашақта қаржы фьючерстерін сату бойынша банктің шартты міндеттемелерінің сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің актив операциялары бойынша болашақта қаржы фьючерстерін сату бойынша шартты міндеттемелерінің сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің қаржы фьючерстерін сату кезіндегі олар бойынша шартты міндеттемелерінің сомасы есептен шығарылады.
6825. Сатылған "пут" опциондық келісім-шарттары - қарсы есепшот (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің сатылған опциондық "пут" келісім-шарты бойынша шартты міндеттемелерінің сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің сатылған опциондық "пут" келісім-шарты бойынша шартты міндеттемелерінің сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің "пут" опциондық келісім-шарт бойынша шартты міндеттемелерінің сомасы есептен шығарылады.
6830. Болашақ сыйақы туралы жүзеге асырылған келісім - қарсы есепшот (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің болашақ сыйақы туралы жүзеге асырылған келісім бойынша шартты міндеттемелерінің сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің болашақ сыйақы туралы жүзеге асырылған келісім бойынша шартты міндеттемелерінің сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің болашақ сыйақы туралы жүзеге асырылған келісім бойынша шартты міндеттемелерінің сомасы есептен шығарылады.
6905. Банктің шетел валютасын сатып алу-сату бойынша шартты міндеттемелері (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің шетел валютасын болашақта сатып алу-сату бойынша шартты міндеттемелерінің сомасын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің шетел валютасын болашақта сатып алу-сату бойынша шартты міндеттемелерінің сомасы жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің шетел валютасын беру кезіндегі ол бойынша банктің шартты міндеттемелерінің сомасы есептен шығарылады.
6915. Банктің тазартылған қымбат металдарды сатып алу-сату бойынша шартты міндеттемелері (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің тазартылған қымбат металдарды болашақта сатып алу-сату бойынша шартты міндеттемелерінің сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің тазартылған қымбат металдарды болашақта сатып алу-сату бойынша шартты міндеттемелерінің сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің тазартылған қымбат металдарды беру кезіндегі олар бойынша банктің шартты міндеттемелерінің сомасы есептен шығарылады.
6998. Банктің тазартылған қымбат металдармен мәмілелер бойынша позициясы (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің болашақта алынуға тиісті тазартылған қымбат металдармен мәмілелер бойынша позициясының сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша болашақта алынуға тиісті тазартылған қымбат металдардың сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің тазартылған қымбат металдарды алу кезіндегі олардың сомасы есептен шығарылады.
6999. Банктің шетел валютасымен мәмілелер бойынша позициясы (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің шетел валютасымен мәмілелер бойынша позициясының сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша болашақта шетел валютасымен алынуға тиісті ақшаның сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің шетел валютасындағы ақшаны алу кезіндегі сомасы есептен шығарылады.
7110. Жалға берілген машиналар, жабдық, көлік және басқа құралдар.
Есепшоттың мақсаты: Жалға берілген машиналар, жабдық, көлік және басқа құралдар құнының сомасын есепке алу.
Есепшоттың кірісі бойынша машиналар, жабдық, көлік және басқа құралдарды жасалған шарттың негізінде жалға беру кезіндегі құнының сомасы жазылады.
Есепшоттың шығысы бойынша машиналарды, жабдықты, көлік және басқа құралдарды жасалған шарттың қолданылу мерзімінің аяқталуына, тозуына байланысты істен шығуына немесе тозуына, пайдалану мүмкіндігінің бағасына қарай сатылуына және олардың құнының баланстан уақытынан бұрын есептен шығарылуына байланысты қайтару кезіндегі құнының сомасы жазылады.
7130. Зиянға есептен шығарылған борыштар.
Есепшоттың мақсаты: Борышкердің мүліктік жағдайын борыштарды өндіру мүмкіндігін белгілеу мақсатында бақылау үшін банктің уәкілетті органының шешімі бойынша зиянға есептен шығарылған борыштардың сомасын есепке алу.
Есепшоттың кірісі бойынша зиянға есептен шығарылған борыштардың сомасы жазылады.
Есепшоттың шығысы бойынша борыштарды борышкер өтеу немесе оларды алу сенімсіз деп табу кезінде оларды зиянға есептен шығарылған сомасы есептен шығарылады.
7150. Инкассоға жіберілген шетелдік операциялар бойынша құжаттар мен құндылықтар.
Есепшоттың мақсаты: Банктің инкассоға жіберген шетелдік операциялары бойынша құжаттар мен құндылықтардың сомасын есепке алу.
Есепшоттың кірісі бойынша банктің инкассоға жіберген шетелдік операциялары бойынша құжаттар мен құндылықтардың сомасы жазылады.
Есепшоттың шығысы бойынша шетелдік операциялар бойынша инкассоға жіберілген құжаттар мен құндылықтардың сомасы есептен шығарылады.
7220. Жалға алынған машиналар, жабдық, көлік және басқа құралдар.
Есепшоттың мақсаты: Жалға алынған машиналар, жабдық, көлік және басқа құралдар құнының сомасын есепке алу.
Есепшоттың кірісі бойынша машиналар, жабдық, көлік және басқа құралдарды жасалған шарттың негізінде жалға алу кезіндегі құнының сомасы жазылады.
Есепшоттың шығысы бойынша машиналарды, жабдықты, көлік және басқа құралдарды жасалған шарттың қолданылу мерзімінің аяқталуына немесе оларды болашақта банктің балансына есептей отырып сатып алумен байланысты қайтару кезіндегі құнының сомасы жазылады.
7240. Инкассоға қабылданған құжаттар мен құндылықтар.
Есепшоттың мақсаты: Банк инкассоға қабылдаған құжаттар мен құндылықтардың сомасын есепке алу.
Есепшоттың кірісі бойынша банк инкассоға қабылдаған құжаттар мен құндылықтардың сомасы жазылады.
Есепшоттың шығысы бойынша инкассоға қабылданған құжаттар мен құндылықтардың сомасы есептен шығарылады.
7303. Мерзімінде төленбеген төлем құжаттары.
Есепшоттың мақсаты: Банктің ақша жіберушінің төлем құжаттарын орындауға қажетті ақшасының болмауынан немесе жеткіліксіз болуынан оларды картотекаға салумен байланысты мерзімінде орындамаған төлем құжаттарының сомасын есепке алу.
Есепшоттың кірісі бойынша банктің ақша жіберушінің төлем құжаттарын орындауға қажетті ақшасының болмауынан немесе жеткіліксіз болуынан оларды картотекаға салумен байланысты мерзімінде орындамаған төлем құжаттарының сомасы жазылады.
Есепшоттың шығысы бойынша банктің төлем құжаттарын қайтару немесе орындау кезінде картотекаға салынған олардың сомасы есептен шығарылады.
7321. Қазақстан Республикасының ұйымдарына шет мемлекеттер мен шетелдік банктер ашқан кредиттік жолдар.
Есепшоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының ұйымдарына шет мемлекеттер мен шетелдік банктер ашқан кредиттік жолдар лимитінің сомасын есепке алу.
Есепшоттың кірісі бойынша Қазақстан Республикасының ұйымына шет мемлекет пен шетелдік банк ашқан кредиттік жолдар лимитінің сомасы жазылады.
Есепшоттың шығысы бойынша ашылған кредиттік жолдарды пайдалану немесе күшін жою кезінде олардың лимит сомасы есептен шығарылады.
7339. Әр түрлі құндылықтар мен құжаттар.
Есепшоттың мақсаты: Келіп түскен кезде басқа баланстық есепшоттарда көрсетуге болмайтын әр түрлі құндылықтар мен құжаттардың сомасын есепке алу, сондай-ақ басқа есепшоттардан есептен шығарылған, бірақ мақсатқа сай берілмеген әр түрлі құндылықтар мен құжаттардың сомасын есепке алу.
Есепшоттың кірісі бойынша әр түрлі құндылықтар мен құжаттар жазылады.
Есепшоттың шығысы бойынша мақсатқа сай жіберілу кезіндегі әр түрлі құндылықтар мен құжаттар есептен шығарылады.
7342. Есеппен жіберілген және берілген әр түрлі құндылықтар мен құжаттар.
Есепшоттың мақсаты: Банк есеппен жіберген және берген әр түрлі құндылықтар мен құжаттар сомасын есепке алу.
Есепшоттың кірісі бойынша банктің құндылықтар мен құжаттар есепте тұрған есепшоттары бойынша шығысқа есептен шығара отырып жіберген немесе берген есептегі әр түрлі құндылықтар мен құжаттар жазылады.
Есепшоттың шығысы бойынша алынған растау негізінде мақсатқа сай түсу кезіндегі әр түрлі құндылықтар мен құжаттар есептен шығарылады.
7345. Сақтауға қабылданған қымбат металдар.
Есепшоттың мақсаты: Банктің клиенттерден сақтауға қабылдаған қымбат металдардың нақты санының сомасын есепке алу.
Есепшоттың кірісі бойынша банктің клиенттен сақтауға қабылдаған қымбат металдардың нақты санының сомасы жазылады.
Есепшоттың шығысы бойынша қымбат металдарды иесінің тапсырмасымен сату немесе оларды банктің қайтару кезіндегі нақты саны есептен шығарылады.
7360. Сақтауға қабылданған акциялар және басқа бағалы қағаздар.
Есепшоттың мақсаты: Банк сақтауға қабылдаған акциялар және басқа бағалы қағаздар нақты құнының сомасын есепке алу.
Есепшоттың кірісі бойынша банк сақтауға қабылдаған акциялар және басқа бағалы қағаздар нақты құнының сомасы жазылады.
Есепшоттың шығысы бойынша банктің сақтауға қабылдаған акциялар және басқа бағалы қағаздарды қайтару кезіндегі нақты құны есептен шығарылады.
7363. "Депо" есепшоттары.
Есепшоттың мақсаты: құжаттамалықсыз нысанда көрсетілген бағалы қағаздардың сомасын есепке алу.
Есепшоттың кірісі бойынша клиент сатып алған, құжаттамалықсыз нысанда көрсетілген бағалы қағаздардың сомасы жазылады.
Есепшоттың шығысы бойынша эмитенттің бағалы қағаздарды өтеу немесе оларды сату кезіндегі бағалы қағаздар есептен шығарылады.
7401. Қазақстан Республикасының қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздары.
Есепшоттың мақсаты: Банктің Қазақстан Республикасының қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздарына салған жинақтаушы зейнетақы қорлары ақшасының сомасын есепке алу.
Есепшоттың кірісі бойынша банктің Қазақстан Республикасының қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздарына салған жинақтаушы зейнетақы қорлары ақшасының сомасы жазылады.
Есепшоттың шығысы бойынша банктің Қазақстан Республикасының қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздарына эмитенттің бағалы қағаздарды өтеу немесе оларды сату кезіндегі салған жинақтаушы зейнетақы қорлары ақшасының сомасы есептен шығарылады.
7403. Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздары.
Есепшоттың мақсаты: Банктің Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздарына салған жинақтаушы зейнетақы қорлары ақшасының сомасын есепке алу.
Есепшоттың кірісі бойынша банктің Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздарына салған жинақтаушы зейнетақы қорлары ақшасының сомасы жазылады.
Есепшоттың шығысы бойынша банктің Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздарына эмитенттің бағалы қағаздарды өтеу немесе оларды сату кезіндегі салған жинақтаушы зейнетақы қорлары ақшасының сомасы есептен шығарылады.
7404. Қазақстан қор биржасының "А" санаты бойынша ресми тізімге кіргізілген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар.
Есепшоттың мақсаты: Банктің Қазақстан қор биржасының "А" санаты бойынша ресми тізімге кіргізілген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарға салған жинақтаушы зейнетақы қорлары ақшасының сомасын есепке алу.
Есепшоттың кірісі бойынша банктің Қазақстан қор биржасының "А" санаты бойынша ресми тізімге кіргізілген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарға салған жинақтаушы зейнетақы қорлары ақшасының сомасы жазылады.
Есепшоттың шығысы бойынша банктің Қазақстан қор биржасының "А" санаты бойынша ресми тізімге кіргізілген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды өтеу немесе оларды сату кезіндегі салған жинақтаушы зейнетақы қорлары ақшасының сомасы есептен шығарылады.
7405. Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары.
Есепшоттың мақсаты: Банктің халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына салған жинақтаушы зейнетақы қорлары ақшасының сомасын есепке алу.
Есепшоттың кірісі бойынша банктің халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына салған жинақтаушы зейнетақы қорлары ақшасының сомасы жазылады.
Есепшоттың шығысы бойынша банктің халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарды өтеу немесе оларды сату кезіндегі салған жинақтаушы зейнетақы қорлары ақшасының сомасы есептен шығарылады.
7406. Басқа банктердегі салымдар.
Есепшоттың мақсаты: банктің басқа банктердің салымдарына салған жинақтаушы зейнетақы қорлары ақшасының сомасын есепке алу.
Есепшоттың кірісі бойынша банктің басқа банктің салымдарына салған жинақтаушы зейнетақы қорлары ақшасының сомасы жазылады.
Есепшоттың шығысы бойынша банктің басқа банктің салымдарын өтеу кезінде салған жинақтаушы зейнетақы қорлары ақшасының сомасы есептен шығарылады.
7407. Өзге зейнетақы активтері.
Есепшоттың мақсаты: Банктің өзге зейнетақы активтеріне салған жинақтаушы зейнетақы қорлары ақшасының сомасын есепке алу.
Есепшоттың кірісі бойынша банктің өзге зейнетақы активтеріне салған жинақтаушы зейнетақы қорлары ақшасының сомасы жазылады.
Есепшоттың шығысы бойынша банктің өзге зейнетақы активтерін өтеу немесе сату кезінде салған жинақтаушы зейнетақы қорлары ақшасының сомасы есептен шығарылады.
7510. Сенімгерлік (трасттық) басқарудағы ақша.
Есепшоттың мақсаты: Сенімгерлік (трасттық) басқару барысында банкке түскен ақша сомасын есепке алу.
Есепшоттың кірісі бойынша сенімгерлік (трасттық) басқару барысында банкке түскен ақша сомасы жазылады.
Есепшоттың шығысы бойынша банктің сенімгерлік (трасттық) басқару бойынша төлемдер жасау немесе оларды сенімгерге қайтару кезіндегі ақша сомасы есептен шығарылады.
7520. Сенімгерлік (трасттық) басқарудағы бағалы қағаздар.
Есепшоттың мақсаты: Банкке шарт бойынша түскен немесе сенімгерлік (трасттық) басқару барысында сатып алынған бағалы қағаздар құнын есепке алу.
Есепшоттың кірісі бойынша сенімгерден түскен, сенімгерлік (трасттық) басқару барысында банк сатып алған немесе бағалы қағаздарды қайта бағалау кезінде құны өскен бағалы қағаздар құны жазылады.
Есепшоттың шығысы бойынша бағалы қағаздарды сенімгерге қайтару, басқа тұлғаларға сату немесе бағалы қағаздарды қайта бағалау кезінде құны түскен бағалы қағаздар құны есептен шығарылады.
7530. Сенімгерлік (трасттық) басқарудағы тазартылған қымбат металдар.
Есепшоттың мақсаты: Банкке шарт бойынша түскен немесе сенімгерлік (трасттық) басқару барысында сатып алған тазартылған қымбат металдар құнын есепке алу.
Есепшоттың кірісі бойынша сенімгерден түскен, сенімгерлік (трасттық) басқару барысында банк сатып алған немесе тазартылған қымбат металдарды қайта бағалау кезінде құны өскен тазартылған қымбат металдар құны жазылады.
Есепшоттың шығысы бойынша тазартылған қымбат металдарды сенімгерге қайтару, оларды басқа тұлғаларға сату немесе тазартылған қымбат металдарды қайта бағалау кезінде құны өскен тазартылған қымбат металдар құны есептен шығарылады.
7540. Сенімгерлік (трасттық) басқарудағы өзге де активтер.
Есепшоттың мақсаты: Банктің сенімгерлік (трасттық) басқаруындағы өзге де активтер құнының сомасын есепке алу.
Есепшоттың кірісі бойынша сенімгерден түскен немесе сенімгерлік (трасттық) басқару барысында банк сатып алған өзге активтердің құны жазылады.
Есепшоттың шығысы бойынша өзге активтерді сенімгерге қайтару немесе оларды басқа тұлғаларға сату кезіндегі құны есептен шығарылады.
7542. Сенімгерлік басқаруға қабылданған ипотекалық заемдар бойынша есептелген сыйақы.
Есепшоттың мақсаты: Банк сенімгерлік басқаруға қабылдаған ипотекалық заемдар бойынша сыйақы сомасын есепке алу.
Есепшоттың кірісі бойынша банк сенімгерлік басқаруға қабылдаған ипотекалық заемдар бойынша сыйақы сомасы жазылады.
Есепшоттың шығысы бойынша ипотекалық заемдарды өтеу кезіндегі немесе ипотекалық заемдарды кері сатып алу жағдайы туындаған кездегі ипотекалық заемдар бойынша сыйақы есептен шығарылады.
7543. Сенімгерлік басқаруға қабылданған ипотекалық заемдар бойынша тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл).
Есепшоттың мақсаты: Сенімгерлік басқаруға қабылданған ипотекалық заемдар бойынша банк төлеген тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) сомасын есепке алу.
Есепшоттың кірісі бойынша сенімгерлік басқаруға қабылданған заемдар бойынша банк төлеген тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) сомасы жазылады.
Есепшоттың шығысы бойынша сенімгерлік басқаруға қабылданған ипотекалық заемдар бойынша банк төлеген тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) сомасы есептен шығарылады.