Есепшоттың кредиті бойынша орналастырылған мерзімді салымдарының сомалары олар банкке қайтарылған кезде есептен шығарылады.
1104. Банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі міндетті резервтері (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі резервтелген ақша сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі резервтелген ақша сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша резервтелген ақша сомалары олар банкке қайтарылған кезде есептен шығарылады.
1201. Саудаға арналған бағалы қағаздар (актив).
Есепшоттың мақсаты: Кейіннен қайта сату мақсатында банк сатып алған бағалы қағаздардың әділ құнын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша кейіннен қайта сату мақсатында банк сатып алған бағалы қағаздардың әділ құны, сондай-ақ оларды қайта бағалау кезіндегі оң айырманың сомасы жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің бағалы қағаздарды сату кезіндегі олардың әділ құны жазылады, сондай-ақ олардың құны N 1202 немесе N 1203 баланстық есепшоттарға жатқызылады немесе бағалы қағаздар басқа санатқа аударылады.
1202. Банк сатып алған бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен берешек (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банк сатып алған бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен берешектің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банк сатып алған бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен берешектің сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша сатып алынған бағалы қағаздар бойынша мерзім өткен берешекті банк сатқан, өтеген немесе олар N 1203 баланстық есепшотқа жатқызылған кезде олардың сомалары есептен шығарылады.
1203. Банк сатып алған бағалы қағаздар бойынша оқшауланған берешек (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банк сатып алған бағалы қағаздар бойынша оқшауланған берешектің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банк сатып алған бағалы қағаздар бойынша оқшауланған берешектің сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша сатып алынған бағалы қағаздар бойынша оқшауланған берешекті банк сатқан, өтеген немесе банктің балансынан есептен шығарылған кезде олардың сомалары есептен шығарылады.
1204 Бағалы қағаздар бойынша шығындарды өтеуге арналған арнайы резервтер (провизиялар) (қарсы актив)
Есепшоттың мақсаты: Бағалы қағаздардың барлық санаты бойынша шығындарды өтеуге арналған арнайы резервтердің (провизиялардың) сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша бағалы қағаздардың барлық санаты бойынша шығындарды өтеуді жабу үшін құрылатын арнайы резервтердің (провизиялардың) сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша арнайы құрылған резервтердің (провизиялардың) сомаларын жою немесе баланстан есептен шығару кезінде олар есептен шығарылады.
1251. Басқа банктерде орналастырылған салымдар (бір түнге) (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің басқа банктерге жұмыс күнінен кейінгі бір түнге орналастырған салымдарының сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің басқа банктерге жұмыс күнінен кейінгі бір түнге орналастырған салымдарының сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша орналастырылған салымдардың банкке қайтарылған немесе оларды N 1257 немесе N 1258 баланстың есепшоттарға жатқызу кезіндегі сомасы есептен шығарылады.
1252. Басқа банктерге орналастырылған талап ету бойынша салымдары (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің басқа банктерге бір айды қоса алғандағы мерзімге орналастырған талап ету бойынша салымдарының сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің басқа банктерге орналастырған талап ету бойынша салымдарының сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша орналастырылған талап ету бойынша салымдардың банкке қайтарылған немесе оларды N 1257 немесе N 1258 баланстың есепшоттарға жатқызу кезіндегі сомасы есептен шығарылады.
1253. Басқа банктерге орналастырылған қысқа мерзімді салымдар (бір айға дейінгі) (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің басқа банктерге бір айды қоса алғандағы мерзімге орналастырған салымдарының сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің басқа банктерге орналастырған қысқа мерзімді салымдарының сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша орналастырылған қысқа мерзімді салымдардың банкке қайтарылған немесе оларды N 1257 немесе N 1258 баланстың есепшоттарға жатқызу кезіндегі сомасы есептен шығарылады.
1254. Басқа банктерге орналастырылған қысқа мерзімді салымдар (бір жылға дейінгі) (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің басқа банктерге бір жылды қоса алғандағы мерзімге орналастырған салымдарының сомаларын есепке алу.
Банктің басқа банктерге орналастырған қысқа мерзімі салымдарының сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша қысқа мерзімі салымдардың банкке қайтарылған немесе оларды N 1257 немесе N 1258 баланстың есепшоттарға жатқызу кезіндегі сомасы есептен шығарылады.
1255. Басқа банктерге орналастырылған ұзақ мерзімді салымдар (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің басқа банктерге бір жылдан астам мерзімге орналастырған салымдарының сомалары есепке алынады.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің басқа банктерге орналастырған ұзақ мерзімді салымдарының сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша орналастырылған ұзақ мерзімді салымдардың қайтарылған немесе оларды N 1257 немесе N 1258 баланстың есепшоттарға жатқызу кезіндегі сомасы есептен шығарылады.
1256. Басқа банктерге орналастырылған шартты салымдар (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің басқа банктерге орналастырылған шартты салымдарының сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің басқа банктерге орналастырылған шартты салымдарының сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша орналастырылған шартты салымдардың банкке қайтарылған немесе оларды N 1257 немесе N 1258 баланстың есепшоттарға жатқызу кезіндегі сомасы есептен шығарылады.
1257. Басқа банктердің салымдар бойынша мерзімі өткен берешегі (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банк орналастырған салымдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша басқа банктердің мерзімі өткен берешегінің сомасын есепке алу.
Есептің дебеті бойынша банк орналастырған салымдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша басқа банктердің мерзімі өткен берешегінің сомасы жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша орналастырылған салымдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешектің сомасын басқа банк өтеген немесе банк оларды N 1258 баланстық есепшотқа жатқызған кезде есептен шығарылады.
1258. Басқа банктердің салымдар бойынша оқшауланған берешегі (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банк орналастырған салымдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша басқа банктердің оқшауланған берешегінің сомасын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банк орналастырған салымдар бойынша борышының негізгі сомасы бойынша басқа банктердің оқшауланған берешегінің сомасы жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша орналастырылған салымдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша оқшауланған берешектің сомасын басқа банк өтеген немесе банк оларды баланстан есептен шығарған кезде есептен шығарылады.
1259. Басқа банктерде орналастырылған салымдар бойынша арнайы резервтер (провизиялар) (қарсы актив).
Есепшоттың мақсаты: Басқа банктерге банк орналастырған салымдар бойынша арнайы резервтердің (провизиялардың) сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша басқа банкке банк орналастырған салымдар бойынша құрылған арнайы резервтердің (провизиялардың) сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша құрылған арнайы резервтердің (провизиялардың) сомалары оларды банк жойған немесе оларды орналастырылған салымдар бойынша оқшауланған берешек сомаларының балансынан есептен шығарған кезде есептен шығарылады.
1301. Басқа банктердің корреспонденттік есепшоттары бойынша овердрафт заемдары (актив).
Есепшоттың мақсаты: Басқа банктердің корреспонденттік есепшоттары бойынша банк берген овердрафт заемдарының сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша басқа банктердің корреспонденттік есепшоттары бойынша банк берген овердрафт заемдарының сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша берілген овердрафт заемдарының сомалары оларды басқа банк өтеген немесе банк оларды тиісті N 1306 немесе N 1307 баланстық есепшоттарға жатқызған кезде есептен шығарылады.
1302. Басқа банктерге берілген қысқа мерзімді заемдар (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің басқа банктерге бір жылды қоса алғандағы мерзімге берген заемдарының сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің басқа банктерге берген қысқа мерзімді заемдарының сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша берілген қысқа мерзімді заемдардың сомалары оларды басқа банк өтеген немесе банк оларды тиісті N 1306 немесе N 1307 баланстық есепшоттарға жатқызған кезде есептен шығарылады.
1304. Басқа банктерге берілген ұзақ мерзімді заемдар (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің басқа банктерге бір жылдан астам мерзімге берген заемдарының сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің басқа банктерге берген ұзақ мерзімді заемдарының сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша берілген ұзақ мерзімді заемдардың сомалары оларды басқа банк өтеген немесе оларды банк тиісті N 1306 немесе N 1307 баланстық есепшоттарға жатқызған кезде есептен шығарылады.
1305. Басқа банктерге қаржы лизингі (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің басқа банктерге берген қаржы лизингі бойынша негізгі борышты есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің басқа банктерге берген қаржы лизингі бойынша негізгі борышының сомалары жүргізіледі.
Есепшоттың кредиті бойынша берілген қаржы лизингі бойынша борыштың негізгі сомасы оларды басқа банк өтеген немесе оларды банк N 1309 баланстық есепшотқа жатқызған кездегі сомасы есептен шығарылады.
1306. Басқа банктердің банк заемы бойынша мерзімі өткен берешегі (актив).
Есепшоттың мақсаты: Басқа банктердің банк берген заемдар бойынша негізгі сома бойынша мерзім өткен берешектің сомасын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша басқа банктердің банк берген заемдар бойынша негізгі сома бойынша мерзім өткен берешектің сомасы жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша берілген заемдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешектің сомасы оларды басқа банк өтеген немесе оларды банк тиісті N 1307 баланстық есепшотқатарға жатқызған кезде есептен шығарылады.
1307. Басқа банктердің банктің заемдары бойынша оқшауланған берешегі (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банк берген заемдар бойынша борыштың негізгі сомалары бойынша басқа банктердің оқшауланған берешегінің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банк берген заемдар бойынша борыштың негізгі сомалары бойынша басқа банктердің оқшауланған берешегінің сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша берілген заемдар бойынша борыштың негізгі сомалары бойынша басқа банктердің оқшауланған берешегінің сомалары басқа банк өтеген немесе банк оларды баланстан есептен шығарған кезде есептен шығарылады.
1308. Басқа банктерге "Кері РЕПО" операциялары бойынша берілген заемдар (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің басқа банктерге "Кері РЕПО" операциялары бойынша берген заемдар бойынша негізгі борыштың сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша "Кері РЕПО" операциялары бойынша банктің басқа банктерге берілген заемдар бойынша негізгі борыштың сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша берілген заемдар бойынша негізгі борыштың сомалары оларды басқа банк өтеген немесе оларды банк тиісті N 1306 немесе N 1307 баланстық есепшоттарға жатқызған кезде есептен шығарылады.
1309. Басқа банктердің қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен берешегі (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банк берген қаржы лизингі бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша басқа банктердің мерзімі өткен берешегінің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банк берген қаржы лизингі бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша басқа банктердің мерзімі өткен берешегінің сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша берілген қаржы лизингі бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша басқа банктердің мерзімі өткен берешегінің сомалары оларды басқа банк өтеген немесе банк баланстан есептен шығарған кезде есептен шығарылады.
1339. Басқа банктерге берілген заемдар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтер (провизиялар) (қарсы актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің басқа банктерге берілген заемдар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтердің (провизиялардың) сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің басқа банктерге берілген заемдар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтердің (провизиялардың) сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша құрылған арнайы резервтердің (провизиялардың) сомалары оларды банк жойған немесе оларды берілген заемдар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтердің (провизиялардың) сомаларының балансынан есептен шығарған кезде есептен шығарылады.
1351. Банктің бас офисімен есеп айырысу (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банк филиалының оның бас офисінде ашылған корреспонденттік есепшотындағы ақша сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банк филиалының оның бас офисінде ашылған корреспонденттік есепшотына түскен ақша сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша банк филиалының корреспонденттік есепшотынан ақша сомалары есептен шығарылады.
1352. Банктің жергілікті филиалдарымен есеп айырысу (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің бас офисінің жергілікті филиалда ашылған корреспонденттік есепшотындағы ақша сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің бас офисінің жергілікті филиалда ашылған корреспонденттік есепшотына түскен ақша сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің бас офисінің жергілікті филиалда ашылған корреспонденттік есепшотынан ақша сомалары есептен шығарылады.
1353. Банктің шетелдік филиалдарымен есеп айырысу (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің бас офисінің оның шетелдік филиалында ашылған корреспонденттік есепшотындағы ақша сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің бас офисінің оның шетелдік филиалында ашылған корреспонденттік есепшотына түскен ақша сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша бас офисінің оның шетелдік филиалында ашылған корреспонденттік есепшотынан ақша сомалары есептен шығарылады.
1401. Клиенттерге берілген овердрафт заемдары (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің клиенттердің банктік есепшоттары бойынша берген овердрафт заемдарының сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің клиенттердің банктік есепшоттары бойынша берген овердрафт заемдарының сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша берілген овердрафт заемдарының сомалары оларды клиент өтеген немесе оларды банк тиісті N 1424 немесе N 1427 баланстық есепшоттарға жатқызған кезде есептен шығарылады.
1403. Клиенттердің кредит карточкалары бойынша есепшоттар (актив).
Есепшоттың мақсаты: Кредит карточкаларын ұстаушыларға банк берген заемдардың сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша кредит карточкасын ұстаушыға банк берген заемдардың сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша берілген заемдардың сомалары оларды кредит карточкасын ұстаушы өтеген немесе оларды банк тиісті N 1424 немесе N 1427 баланстық есепшоттарға жатқызған кезде есептен шығарылады.
1405. Клиенттердің есепке алынған вексельдері (актив).
Есепшоттың мақсаты: Клиенттердің банк есепке алған вексельдерінің номиналды құнының сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша клиенттердің банк есепке алған вексельдерінің номиналды құнының сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша есепке алынған вексельдердің номиналды құнының сомалары оларды клиент өтеген немесе қайта сатқан немесе оларды банк тиісті N 1424 немесе N 1427 баланстық есепшоттарға жатқызған кезде есептен шығарылады.
1407. Клиенттерге факторинг (актив).
Есепшоттың мақсаты: Клиенттердің үшінші тұлғалар банкке қайта берген борыштары бойынша талаптардың сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша клиенттердің үшінші тұлға банкке қайта берген борыштары бойынша талаптардың сомалары жазылады.
Банктің кредиті бойынша қайта берілген талаптардың сомалары оларды үшінші тұлға өтеген немесе оларды банк тиісті N 1424 немесе N 1427 баланстық есепшоттарға жатқызған кезде есептен шығарылады.
1408. Клиенттерге "Кері РЕПО" операциялары бойынша берілген заемдар (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің клиенттерге "Кері РЕПО" операциялары бойынша берген заемдары бойынша негізгі борыштың сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің клиенттерге "Кері РЕПО" операциялары бойынша берген заемдары бойынша негізгі борыштың сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша берілген заемдар бойынша негізгі борыштың сомалары оларды клиент өтеген немесе оларды банк тиісті N 1424 немесе N 1427 баланстық есепшоттарға жатқызған кезде есептен шығарылады.
1411. Клиенттерге берілген қысқа мерзімді заемдар (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің клиенттерге бір жылды қоса алғандағы мерзімге берген заемдарының сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің клиенттерге берген қысқа мерзімді заемдарының сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша берілген қысқа мерзімді заемдардың сомалары оларды клиент өтеген немесе оларды банк тиісті N 1424 немесе N 1427 баланстық есепшоттарға жатқызған кезде есептен шығарылады.
1417. Клиенттерге берілген ұзақ мерзімді заемдар (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің клиенттерге бір жылдан астам мерзімге берген заемдарының сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің клиенттерге берген ұзақ мерзімді заемдарының сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша берілген ұзақ мерзімді заемдардың сомалары оларды клиент есептен шығарған немесе оларды банк тиісті N 1424 немесе N 1427 баланстық есепшоттарға жатқызған кезде есептен шығарылады.
1420. Клиенттерге қаржы лизингі (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің клиенттерге берген қаржы лизингі бойынша негізгі борыштың сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің клиенттерге берген қаржы лизингі бойынша негізгі борыштың сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша берілген қаржы лизингінің сомалары оларды клиент өтеген немесе оларды банк тиісті N 1424 немесе N 1427 баланстық есепшоттарға жатқызған кезде есептен шығарылады.
1421. Қаржы лизингі бойынша клиенттердің мерзімі өткен берешегі (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банк берген қаржы лизингі бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша клиенттердің мерзімі өткен берешегінің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банк берген қаржы лизингі бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша клиенттің мерзімі өткен берешегінің сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша берілген қаржы лизингі бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша клиенттің мерзімі өткен берешегінің сомалары оларды клиент өтеген немесе банк баланстан есептен шығарған кезде есептен шығарылады.
1422. Клиенттерге форфейтинг (актив).
Есепшоттың мақсаты: Тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) сатып алушының сатушыға айналымсыз вексельдер сатып алу арқылы алынған борыштық міндеттемелері бойынша банк талаптарының сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) сатып алушының сатушыға айналымсыз вексельдер сатып алу арқылы алынған борыштық міндеттемелері бойынша банк талаптарының сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша банк талаптарының сомалары оларды тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) сатып алушы өтеген немесе оларды банк тиісті N 1424 немесе N 1427 баланстық есепшоттарға жатқызған кезде есептен шығарылады.
1424. Клиенттердің банк заемдары бойынша мерзімі өткен берешегі (актив).
Есепшоттың мақсаты: Клиенттің банк берген заемдар бойынша борышының негізгі сомасы бойынша мерзім өткен берешегінің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша клиенттің банк берген заемдар бойынша борышының негізгі сомасы бойынша мерзім өткен берешегінің сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша берілген заемдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша клиенттің мерзімі өткен берешегінің сомалары оларды клиент өтеген немесе оларды банк оқшауланған берешекке жатқызған кезде есептен шығарылады.
1425. Клиенттердің наразылық білдірілген вексельдері (актив).
Есепшоттың мақсаты: Наразылық білдірілген вексельдердің, яғни акцептеуде немесе төлем жасауға наразылық білдірілген вексельдердің номиналды құнының сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша наразылық білдірілген вексельдердің номиналдық құнының сомалары оларды төлем жасаушы акцептеуден не төлем жасаудан бас тартқан кезде жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша наразылық білдірген вексельдердің номиналдық құнының сомалары оларды төлем жасаушы төлеген не оларды банк құрылған провизиялар (резервтер) есебінен баланстан шығарған жағдайда есептен шығарылады.
1427. Банктің заемдары бойынша клиенттердің оқшауланған берешегі (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банк берген заемдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша клиенттердің оқшауланған берешегінің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банк берген заемдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша клиенттердің оқшауланған берешегінің сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша берген заемдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша клиенттің оқшауланған берешегінің сомалары оларды клиент өтеген немесе оларды банк баланстан есептен шығарған кезде есептен шығарылады.
1439. Клиенттерге берілген заемдар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтер (провизиялар) (қарсы актив).
Есепшоттың мақсаты: Клиенттерге банк берген заемдар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтердің (провизиялардың) сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша клиенттерге банк берген заемдар және қаржы лизингі бойынша арнайы құрылған резервтердің (провизиялардың) сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша арнайы құрылған резервтердің (провизиялардың) сомалары оларды банк жойған немесе ол берілген заемдар және қаржы лизингі бойынша оқшауланған берешектің сомаларын баланстан есептен шығарған кезде есептен шығарылады.
1440. Клиенттерге берілген өзге де заемдар (актив).
Есепшоттың мақсаты: Клиенттерге банк берген өзге де заемдардың сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша клиенттерге банк берген өзге де заемдардың сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша берілген өзге заемдардың сомалары оларды клиент өтеген немесе оларды банк тиісті N 1424 немесе N 1427 баланстық есепшоттарға жатқызған кезде есептен шығарылады.
1451. Өтелгенге дейінгі ұсталатын бағалы қағаздар (актив).
Есепшоттың мақсаты: Эмитент өтегенге дейін ұстау мақсатында банк сатып алған бағалы қағаздардың сатып алу құнын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша эмитент өтегенге дейін ұстау мақсатында банк сатып алған бағалы қағаздардың сатып алу құны, олардың сатып алу құнының амортизациясы жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздардың оларды өтеу кезіндегі сатып алу құны, сондай-ақ олардың сатып алу құнының амортизациясы есептен шығарылады, NN 1202 немесе 1203 баланстық есепшоттарға жатқызылады немесе бағалы қағаздардың басқа санатына аударылады.
1452. Сатуға жарамды бағалы қағаздар (актив).
Есепшоттың мақсаты: Рыноктағы сыйақы ставкалары, бағалы қағаздар бойынша кірістілік, өтімділікті ұстап тұру қажеттілігі өзгерген жағдайда банк сатуы мүмкін бағалы қағаздардың құнын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша сатуға жарамды бағалы қағаздарының құны жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша сатуға жарамды бағалы қағаздарының құны оларды банк сатқан, эмитент өтеген немесе олар N 1202 немесе N 1203 баланстық есепшоттарға жатқызылған кезде есептен шығарылады.
1462. Банк қызметіне байланысты дебиторлық берешек бойынша шығындарды өтеуге жұмсалған жалпы резервтер (провизиялар) (қарсы актив).
Есепшоттың мақсаты: Банк қызметіне байланысты дебиторлық берешек бойынша шығындарды өтеуге жұмсалған жалпы резервтердің (провизиялардың) сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банк қызметіне байланысты дебиторлық берешек бойынша шығындарды өтеу үшін құрылған жалпы резервтердің (провизиялардың) сомалары жазылады.