Есепшоттың дебеті бойынша құрылған жалпы резервтердің (провизиялардың) сомалары оларды банк жойған немесе олар арнайы резервтерге (провизияларға) жатқызылған кезде есептен шығарылады.
1463. Банктік емес қызметке байланысты дебиторлық берешек бойынша шығындарды өтеуге жұмсалған жалпы резервтер (провизиялар) (қарсы актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктік емес қызметке байланысты дебиторлық берешек бойынша шығындарды өтеуге жұмсалған жалпы резервтердің (провизиялардың) сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктік емес қызметке байланысты дебиторлық берешек бойынша шығындарды өтеу үшін құрылған жалпы резервтердің (провизиялардың) сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша құрылған жалпы резервтер (провизиялар) сомалары оларды банк жойған немесе олар арнайы резервтерге (провизияларға) жатқызылған кезде есептен шығарылады.
1464. Бағалы қағаздар бойынша шығындарды өтеуге жұмсалған жалпы резервтер (провизиялар) (қарсы актив).
Есепшоттың мақсаты: Бағалы қағаздар бойынша шығындарды өтеуге жұмсалған жалпы резервтердің (провизиялардың) сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша бағалы қағаздар бойынша шығындарды өтеуге жұмсалған жалпы резервтердің (провизиялардың) сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша құрылған жалпы резервтердің (провизиялардың) сомалары оларды банк жойған немесе олар арнайы резервтерге (провизияларға) жатқызылған кезде есептен шығарылады.
1465. Банктің кредиттік қызметінің шығындарын жабуға жұмсалған жалпы резервтер (провизиялар) (қарсы актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің кредиттік қызметінің шығындарын жабуға жұмсалған жалпы резервтердің (провизиялардың) сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің кредиттік қызметінің шығындарын жабу үшін құрылған жалпы резервтердің (провизиялардың) жалпы сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша құрылған жалпы резервтердің (провизиялардың) жалпы сомалары оларды банк жойған немесе олар арнайы резервтерге (провизияларға) жатқызылған кезде есептен шығарылады.
1467. Басқа банктерге орналастырылған салымдар бойынша шығындарды жабуға жұмсалған жалпы резервтер (провизиялар) (қарсы актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің басқа банктерге орналастырылған салымдар бойынша шығындарды жабуға жұмсалған жалпы резервтердің (провизиялардың) сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің басқа банктерге орналастырылған салымдар бойынша шығындарды жабу үшін құрылған жалпы резервтердің (провизиялардың) сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша құрылған жалпы резервтердің (провизиялардың) сомалары оларды банк жойған немесе арнайы резервтерге (провизияларға) жатқызған кезде есептен шығарылады.
1468. Шартты міндеттемелер бойынша шығындарды жабуға жұмсалған жалпы резервтер (провизиялар) (қарсы актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің шартты міндеттемелері бойынша шығындарды жабуға жұмсалған жалпы резервтердің (провизиялардың) сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің шартты міндеттемелері бойынша шығындарды жабу үшін құрылған жалпы резервтердің (провизиялардың) сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша құрылған жалпы резервтердің (провизиялардың) сомалары оларды банк жойған немесе арнайы резервтерге (провизияларға) жатқызған кезде есептен шығарылады.
1469. Өзге де банктік қызметіне шығындарды жабуға жұмсалған жалпы резервтер (провизиялар).
Есепшоттың мақсаты: өзге де банктік қызметіне шығындарды жабуға жұмсалған жалпы резервтердің (провизиялардың) сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша өзге де банктік қызметіне шығындарды жабу үшін құрылған жалпы резервтердің (провизиялардың) сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша құрылған жалпы резервтердің (провизиялардың) сомалары оларды банк жойған немесе арнайы резервтерге (провизияларға) жатқызған кезде есептен шығарылады.
1471. Еншілес ұйымдарға инвестициялар (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің еншілес ұйымдарына салған инвестицияларының сатып алу құны бойынша сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің өзінің еншілес ұйымына салған инвестицияларының сатып алу құны бойынша, сондай-ақ қатысу үлесі өзгерістерінің сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша салынған инвестициялардың сомалары оларды еншілес ұйым сатып алған немесе оларды банк сатқан кезде есептен шығарылады.
1472. Тәуелді ұйымдарға инвестициялар (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің тәуелді ұйымдарына салған инвестицияларының сатып алу құны бойынша сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің тәуелді ұйымына салған сатып алу құны бойынша инвестицияларының, сондай-ақ қатысу үлесі өзгерістерінің сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша салынған инвестициялардың сомалары оларды тәуелді ұйым сатып алған немесе оларды банк сатқан кезде есептен шығарылады.
1475. Реттелген борышқа инвестициялар (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің реттелген борышқа салған инвестицияларының сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің реттелген борышқа салған инвестицияларының сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша реттелген борышқа салған инвестициялардың сомалары олар өтелген кезде есептен шығарылады.
1476. Өзге инвестициялар (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің оның еншілес немесе тәуелді ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарға салған инвестицияларының сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің оның еншілес немесе тәуелді ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарға салған инвестицияларының сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша салынған өзге инвестициялардың сомалары оларды банк сатқан кезде есептен шығарылады.
1551. Басқа банктермен есеп айырысу (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банк және корреспондент банк арасындағы клиринг кезінде қарама қарсы сомаларды есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша корреспондент банк төлеу үшін ұсынған төлем құжаттарының сомалары, сондай-ақ банктің пайдасына түскен ақша сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша сомалар оларды N 2551 баланстық есепшотпен сальдолау және ақша сомаларының қалдығы банктің корреспонденттік есепшотына есепке алу кезінде жазылады.
1552. Клиенттермен есеп айырысу (актив).
Есепшоттың мақсаты: Клиенттер арасындағы клиринг кезіндегі қарама-қарсы сомаларды есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша клиентпен акцепт үшін банкке түскен төлем құжаттарының сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша клиентпен акцептелмеген төлем құжаттарының сомалары жазылады немесе клиентпен акцептелмеген төлем құжаттарының сомаларын оларды N 2552 баланстық есепшотпен сальдолау кезінде клиенттің банктік есепшотынан есептен шығарылады.
1601. Тазартылмаған қымбат металдар (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің қоймасында сақтаудағы тазартылмаған қымбат металдардың құнын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банк кіріске алған тазартылмаған қымбат металдардың құны жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша кіріске алған тазартылмаған қымбат металдардың құны олар банктің балансынан шығарылған кезде есептен шығарылады.
1602. Өзге тауар-материалдық қорлар (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің әкімшілік-шаруашылық қызметін, оның үйлерін (меншікті, жалданған) жөндеуді қамтамасыз етуге арналған, сондай-ақ өзге де мақсаттарға арналған өзге тауар-материалдық қорлардың құнын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банк сатып алған және оның қоймасындағы өзге тауар-материалдық қорлардың құны жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша сатып алынған өзге тауар-материалдық қорлардың құны олар банктің қоймасынан мақсаты бойынша шығарылған кезде есептен шығарылады.
1651. Салынып жатқан (орнатылып жатқан) негізгі құрал-жабдықтар (актив).
Есепшоттың мақсаты: Жылжымайтын мүлік объектілерін салуға, қайта құруға, күрделі жөндеуге жұмсалған шығындардың құнын есепке алу, басқа негізгі құрал-жабдықтарды пайдалануға енгізу жөніндегі жұмыстардың құнын есепке алу (көлік шығыстары, жабдықтарды құрастыру шығыстары және басқа үстеме шығыстар).
Есепшоттың дебеті бойынша жылжымайтын мүлік объектілерін салуға, қайта құруға, күрделі жөндеуге жұмсалған шығындардың құны, басқа негізгі құрал-жабдықтарды пайдалануға енгізу жөніндегі жұмыстардың құнын есепке алу жазылады (көлік шығыстары, жабдықтарды құрастыру шығыстары және басқа үстеме шығыстар).
Есепшоттың кредиті бойынша аяқталған жұмыстарды қабылдау актісі негізінде орын алған шығындардың құны есептен шығарылады.
1652. Жер, үйлер және ғимараттар (актив).
Есепшоттың мақсаты: Сатып алу-сату туралы шарт немесе жер пайдалану актісі негізінде банк сатып алған жердің, үйлердің және ғимараттардың, сондай-ақ банктің оларды мақсатты пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтіруге тікелей байланысты шығыстарды (ресімдеу, заңгерлердің қызмет көрсетуі және басқалары) құнын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша сатып алу-сату туралы шарт немесе жер пайдалану актісі негізінде банк сатып алған жердің, үйлердің және ғимараттардың, сондай-ақ банктің оларды мақсатты пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтіруге тікелей байланысты шығыстарды (ресімдеу, заңгерлердің қызмет көрсетуі және басқалары) құны жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша есептен шығару туралы акті, сатып алу-сату шарты негізінде және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздерде жердің, үйлердің және ғимараттардың құны есептен шығарылады.
1653. Компьютерлік жабдық (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің компьютерлік жабдығының құнын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банкке пайдалануға қабылдау туралы акті немесе басқа рұқсат беру құжаттары негізінде түскен компьютерлік жабдықтың құны жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша түскен компьютерлік жабдықтың құны ол есептен шығару туралы акті немесе сатып алу-сату шарты негізінде банктің балансынан шығарылған кезде есептен шығарылады.
1654. Өзге негізгі құрал-жабдықтар (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің материалдық емес активтерге, үйлерге, ғимараттарға және банктің балансына қабылданып салынған мүлікке қатысты емес өзге негізгі құрал-жабдықтарының құнын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша пайдалануға қабылдау туралы акті немесе басқа да рұқсат беру құжаттары негізінде банкке түскен өзге негізгі құрал-жабдықтардың құны жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша түскен өзге негізгі құрал-жабдықтардың құны олар есептен шығару туралы актінің немесе сатып алу-сату шартының негізінде банктің балансынан шығарылған кезде есептен шығарылады.
1655. Қаржы лизингіне қабылданған негізгі құрал-жабдықтар (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банк қаржы лизингіне қабылдаған негізгі құрал-жабдықтардың құнын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банк қаржы лизингіне қабылдаған негізгі құрал-жабдықтардың құны жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша қабылданған негізгі құрал-жабдықтардың құны қаржы лизингінің қолданылу мерзімі аяқталған кезде есептен шығарылады.
1656. Жалға тапсыруға арналған негізгі құрал-жабдықтар (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банк жалға тапсыратын негізгі құрал-жабдықтардың құнын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банк жалға тапсыратын негізгі құрал-жабдықтардың құны жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша негізгі құрал-жабдықтардың құны мүліктік жалдау шартының қолданылу мерзімі аяқталған кезде есептен шығарылады.
1657. Жалға алынған үйлер бойынша күрделі шығындар (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банк жалға алған үйлердің, ғимараттардың, құрылыс жұмыстарын аяқтауға, кеңейтуге, қайта құруға, күрделі жөндеуге жұмсалған күрделі шығындардың құнын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банк жалға алған үйлердің, ғимараттардың, құрылыстардың құрылыстарын аяқтауға, кеңейтуге, қайта құруға, күрделі жөндеуге жұмсалған күрделі шығындардың құны жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша орын алған күрделі шығындардың құны мүліктік жалдау шартының қолданылу мерзімі аяқталған кезде есептен шығарылады.
1658. Көлік құралдары (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің көлік құралдарының құнын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша пайдалануға қабылдау туралы актінің немесе басқа да рұқсат беру құжаттарының негізінде банкке түскен көлік құралдарының құны жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша түскен көлік құралдарының құны олар есептен шығару туралы акті немесе сатып алу-сату шарты негізінде банктің балансынан шығарылған кезде есептен шығарылады.
1659. Материалдық емес активтер (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің материалдық емес активтерінің құны есепке алынады.
Есепшоттың дебеті бойынша пайдалануға қабылдау туралы актінің немесе басқа құжаттарының негізінде банкке түскен материалдық емес активтердің құны жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша материалдық емес активтердің құны олар есептен шығару туралы актінің немесе сатып алу-сату шартының негізінде банктің балансынан шығарылған кезде есептен шығарылады.
1660. Өз күшімен құрылған (әзірленген) материалдық емес активтер (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің өз күшімен материалдық емес активтерді құруға (әзірлеуге) жұмсалған шығындардың құнын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің өз күшімен материалдық емес активтерді құруға (әзірлеуге) жұмсалған шығындардың құны жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша аяқталған жұмыстарды қабылдау туралы тиісті құжаттар негізінде орын алған шығындардың құны есептен шығарылады.
1692. Үйлер және ғимараттар бойынша амортизацияны есептеу (қарсы актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің үйлері мен ғимараттары бойынша есептелген амортизацияның сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің үйлері мен ғимараттары бойынша есептелген амортизацияның сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің үйлері мен ғимараттары бойынша есептелген амортизацияның сомалары олар банктің балансынан шығарылған кезде есептен шығарылады.
1693. Компьютерлік жабдық бойынша есептелген амортизация (қарсы актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің компьютерлік жабдығы бойынша есептелген амортизацияның сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің компьютерлік жабдығы бойынша есептелген амортизацияның сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің компьютерлік жабдығы бойынша есептелген амортизацияның сомалары олар банктің балансынан шығарылған кезде есептен шығарылады.
1694. Өзге негізгі құрал-жабдықтар бойынша есептелген амортизация (қарсы актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің өзге негізгі құрал-жабдықтары (банктің қаржы-шаруашылық қызметіне қатыспайтын мүліктен басқасы) бойынша есептелген амортизацияның сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің өзге негізгі құрал-жабдықтары (банктің қаржы-шаруашылық қызметіне қатыспайтын мүліктен басқасы) бойынша есептелген амортизацияның сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің өзге негізгі құрал-жабдықтары (банктің қаржы-шаруашылық қызметіне қатыспайтын мүліктен басқасы) бойынша есептелген амортизацияның сомалары олар банктің балансынан шығарылған кезде есептен шығарылады.
1695. Қаржы лизингі бойынша алынған негізгі құрал-жабдықтар бойынша есептелген амортизация (қарсы актив).
Есепшоттың мақсаты: қаржы лизингі бойынша банк алған негізгі құрал-жабдықтар бойынша есептелген амортизацияның сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша қаржы лизингі бойынша банк алған негізгі құрал-жабдықтар бойынша есептелген амортизацияның сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша алынған негізгі құрал-жабдықтар бойынша есептелген амортизацияның сомасы қаржы лизингінің қолданылу мерзімі аяқталған кезде есептен шығарылады.
1696. Жалға тапсыруға арналған негізгі құрал-жабдықтар бойынша есептелген амортизация (қарсы актив).
Есепшоттың мақсаты: Жалға тапсыруға арналған негізгі құрал-жабдықтар бойынша есептелген амортизацияның сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша жалға тапсыруға арналған негізгі құрал-жабдықтар бойынша есептелген амортизацияның сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша жалға тапсыруға арналған негізгі құрал-жабдықтар бойынша есептелген амортизация сомалары олар банктің балансынан шығарылған кезде есептен шығарылады.
1697. Жалға алынған үйлер бойынша күрделі шығындар бойынша есептелген амортизация (қарсы актив).
Есепшоттың мақсаты: Банк жалға алған үйлер бойынша күрделі шығындар бойынша есептелген амортизация сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банк жалға алған үйлер бойынша күрделі шығындар бойынша есептелген амортизацияның сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша банк жалға алған үйлер күрделі шығындар бойынша есептелген амортизациясының сомалары олар банктің балансынан шығарылған кезде есептен шығарылады.
1698. Көлік құралдары бойынша есептелген амортизация (қарсы актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің көлік құралдары бойынша есептелген амортизацияның сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің көлік құралдары бойынша есептелген амортизацияның сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің көлік құралдары бойынша есептелген амортизацияның сомалары олар банктің балансынан шығарылған кезде есептен шығарылады.
1699. Материалдық емес активтер бойынша есептелген амортизация (қарсы актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің материалдық емес активтері бойынша есептелген амортизацияның сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің материалдық емес активтері бойынша есептелген амортизацияның сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің материалдық емес активтері бойынша есептелген амортизацияның сомалары олар банктің балансынан шығарылған кезде есептен шығарылады.
1705. Банктің корреспонденттік есепшоттары бойынша есептелген кірістер (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің корреспонденттік есепшоттары бойынша осы кезеңге қатысты, түсуі болашақта күтілетін есептелген кірістерінің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің корреспонденттік есепшоттары бойынша есептелген кірістерінің сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің корреспонденттік есепшоттары бойынша есептелген кірістерінің сомалары оларды корреспондент банк төлеген немесе төлеу мерзімін өткізіп алған кезде есептен шығарылады.
1710. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған салымдар бойынша есептелген кірістер (актив).
Есепшоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған салымдар бойынша осы кезеңге қатысты, түсуі болашақта күтілетін есептелген кірістерінің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған салымдар бойынша есептелген кірістердің сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша орналастырылған салымдар бойынша есептелген кірістердің сомалары оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлеген кезде есептен шығарылады.
1725. Басқа банктерге орналастырылған салымдар бойынша есептелген кірістер (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің басқа банктерге орналастырған салымдар бойынша осы кезеңге қатысты, түсуі болашақта күтілетін есептелген кірістерінің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің басқа банктерге орналастырған салымдар бойынша есептелген кірістерінің сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша орналастырылған салымдар бойынша оларды басқа банк төлеген немесе төлеу мерзімін өткізіп алған кезде есептен шығарылады.
1726. Басқа банктерге орналастырылған салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақы (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің басқа банктерге орналастырған салымдары бойынша мерзімі өткен сыйақының сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің басқа банктерге орналастырған салымдары бойынша мерзімі өткен сыйақының сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша орналастырылған салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақының сомалары оларды басқа банк төлеген немесе оларды банктің балансынан есептен шығарылған кезде есептен шығарылады.
1730. Басқа банктерге берілген заемдар және қаржы лизингі бойынша есептелген кірістер (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің басқа банктерге берген заемдар және қаржы лизингі бойынша осы кезеңге қатысты, түсуі болашақта күтілетін есептелген кірістерінің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің басқа банктерге берген заемдар және қаржы лизингі бойынша есептелген кірістерінің сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша берілген заемдар және қаржы лизингі бойынша есептелген кірістердің сомалары оларды басқа банк төлеген немесе төлеу мерзімі өтіп кеткен кезде есептен шығарылады.
1731. Басқа банктерге берілген заемдар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақы (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің басқа банктерге берген заемдар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақының сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің басқа банктерге берген заемдар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақының сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша берілген заемдар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақының сомалары оларды басқа банк төлеген немесе төлеу мерзімі өтіп кеткен кезде есептен шығарылады.
1732. Басқа банктерге "Кері РЕПО" операциялары берілген заемдар бойынша есептелген кірістер (актив).
Есепшоттың мақсаты: Басқа банктерге "Кері РЕПО" операциялары берілген заемдар бойынша осы кезеңге қатысты, түсуі болашақта күтілетін есептелген кірістерінің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша басқа банктерге "Кері РЕПО" операциялары берілген заемдар бойынша есептелген кірістерінің сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша берілген заемдар бойынша есептелген кірістердің сомалары оларды басқа банк төлеген немесе төлеу мерзімін өткізіп алған кезде есептен шығарылады.
1735. Банктің бас офисінің және оның филиалдарының арасындағы есеп айырысу бойынша есептелген кірістер (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің бас офисінің және оның филиалдарының арасындағы есеп айырысу бойынша осы кезеңге қатысты, түсуі болашақта күтілетін есептелген кірістердің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің бас офисінің және оның филиалдарының арасындағы есеп айырысу бойынша есептелген кірістердің сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің бас офисінің және оның филиалдарының арасындағы есеп айырысу бойынша есептелген кірістердің сомалары оларды филиал төлеген немесе төлеу мерзімін өткізіп алған кезде есептен шығарылады.
1740. Клиенттерге берілген заемдар және қаржы лизингі бойынша есептелген кірістер (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің клиенттерге берген заемдар және қаржы лизингі бойынша осы кезеңге қатысты, түсуі болашақта күтілетін есептелген кірістерінің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің клиенттерге берген заемдар және қаржы лизингі бойынша есептелген кірістердің сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша берілген заемдар және қаржы лизингі бойынша есептелген кірістердің сомалары оларды клиент төлеген немесе төлеу мерзімін өткізіп алған кезде есептен шығарылады.