Есепшоттың мақсаты: Банктің төлем құжаттарының акцепті үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің төлем құжаттарының акцепті үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің төлем құжаттарының акцепті үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомалары олар төленген немесе оларды банктің балансынан есептен шығарған кезде есептен шығарылады.
1841. Банктің кассалық операциялар бойынша көрсеткен қызметі үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістер (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің кассалық операциялар бойынша көрсеткен қызметі үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің кассалық операциялар бойынша көрсеткен қызметі үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша кассалық операциялар бойынша көрсетілген қызмет үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомалары олар төленген немесе оларды банктің балансынан есептен шығарған кезде есептен шығарылады.
1842. Құжаттандырылған есеп айырысулар бойынша мерзімі өткен комиссиялық кірістер (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің құжаттандырылған есеп айырысулар бойынша мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің құжаттандырылған есеп айырысулар бойынша мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің құжаттандырылған есеп айырысулар бойынша мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомалары олар төленген немесе оларды банктің балансынан есептен шығарған кезде есептен шығарылады.
1843. Банктің форфейтинг операциялары бойынша көрсеткен қызметі үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістер (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің форфейтинг операциялары бойынша көрсеткен қызметі үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің форфейтинг операциялары бойынша көрсеткен қызметі үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша форфейтинг операциялары бойынша көрсетілген қызмет үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомалары олар төленген немесе оларды банктің балансынан есептен шығарған кезде есептен шығарылады.
1844. Банктің факторинг операциялары бойынша көрсеткен қызметі үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістер (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің факторинг операциялары бойынша көрсеткен қызметі үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің факторинг операциялары бойынша көрсеткен қызметі үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша факторинг операциялары бойынша көрсетілген қызмет үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомалары олар төленген немесе оларды банктің балансынан есептен шығарған кезде есептен шығарылады.
1851. Салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер бойынша есеп айырысулар (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банк аванс ретінде төлеген салықтардың және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банк төлеген аванстық салықтар төлемдерінің және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша аванс ретінде төленген салықтардың және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің сомалары оларды N 2851 есепшотпен сальдолау кезінде есептен шығарылады.
1852. Брокерлермен есеп айырысу (актив).
Есепшоттың мақсаты: Брокерлер көрсеткен қызмет үшін оларға аванс ретінде төленген ақша сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша брокер көрсеткен қызмет үшін оған аванс ретінде төленген ақша сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша банк бұрын төлеген ақша сомалары есептен шығарылады.
1853. Акционерлермен есеп айырысу (дивидендтер бойынша) (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің акциялары бойынша алдын ала төленген дивидендтердің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің акциялары бойынша алдын ала төленген дивидендтердің сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша акциялар бойынша алдын ала төленген дивидендтердің сомалары N 2853 баланстық есепшотпен сальдолау арқылы жыл жабылған немесе ағымдағы жылдың шығындарына жатқызылған кезде есептен шығарылады.
1854. Банктің қызметкерлерімен есеп айырысу (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің өз қызметкерлеріне іссапар және басқа шығыстар бойынша төлеген аванс төлемдерінің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің өз қызметкеріне іссапар және басқа шығыстар бойынша төлеген аванс төлемдерінің сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша іссапар және басқа шығыстар бойынша төлеген аванс төлемдерінің сомалары аванстық есеп алынған немесе қызметкер алынған авансты қайтарған кезде есептен шығарылады.
1855. Құжаттандырылған есеп айырысу бойынша дебиторлар (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің құжаттандырылған есеп айырысулар бойынша дебиторлық берешегінің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің құжаттандырылған есеп айырысулар бойынша дебиторлық берешегінің сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің құжаттандырылған есеп айырысулар бойынша дебиторлық берешегінің сомалары клиенттен ақша түскен кезде немесе есеп айырысудың мерзімі өткен кезде құрылған провизиялардың (резервтердің) есебінен есептен шығарылады.
1856. Күрделі салымдар бойынша дебиторлар (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің күрделі салымдары бойынша дебиторлық берешегінің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің күрделі салымдары бойынша дебиторлық берешегінің сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің күрделі салымдары бойынша дебиторлық берешегінің сомалары негізгі құрал-жабдықтарды және материалдық емес активтерді кіріске алған немесе пайдаланылмаған сомаларды банкке қайтарған кезде есептен шығарылады.
1857. Мерзімінен бұрын төленген табыс салығы (актив).
Есепшоттың мақсаты: Мерзімінен бұрын төленген табыс салығының сомаларын есепке алу (салық салынған кірістің және бухгалтерлік кірістің арасындағы уақытша айырманың салықтық әсері).
Есепшоттың дебеті бойынша мерзімінен бұрын төленген табыс салығының сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша мерзімінен бұрын төленген табыс салығының сомалары кірістер алған және декларация жасаған кезде, сондай-ақ салық органдары артық аударылған салық сомаларын қайтарған кезде есептен шығарылады.
1858. Банктің шетел валютасы бойынша валюталық қысқа позициясы (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің шетел валютасындағы міндеттемелерінің оның осы шетел валютасындағы активтерінен асып кеткен сомаларды есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банк сатып алған немесе алған шетел валютасының сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша банк сатқан немесе жұмсаған шетел валютасының сомалары есептен шығарылады.
1859. Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы құны (ұзақ валюталық позиция) (актив).
Есепшоттың мақсаты: Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы құнының N 2858 баланстық есепшотта есепке алынған сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы құнының сомалары оны банк сатқан кезде жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы құнының сомалары оны банк сатып алған кезде есептен шығарылады.
1860. Банктік қызмет бойынша өзге дебиторлар (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банк қызметі бойынша өзге дебиторлық берешектің түскен сәтінде басқа баланстық есепшоттар бойынша жазылмайтын сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банк қызметі бойынша өзге дебиторлық берешектің сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша банк қызметі бойынша өзге дебиторлық берешектің сомалары оларды өтеген немесе шығындарды тиісті баланстық есепшотқа жатқызған кезде есептен шығарылады.
1861. Кепілдіктер бойынша дебиторлар (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банк берген кепілдіктер бойынша дебиторлық берешектің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банк берген кепілдіктер бойынша дебиторлық берешектің сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша банк берген кепілдіктер бойынша дебиторлық берешектің сомалары оларды өтеген, несиелік берешекке қайта ресімдеген немесе оларды банктің балансынан есептен шығарған кезде есептен шығарылады.
1864. Банктің акцептелген вексельдер үшін клиентке талаптары (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің акцептелген вексельдер үшін клиентке қоятын талаптарының сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің акцептелген вексельдер үшін клиентке талаптарының сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша акцептелген вексельдер үшін клиентке талаптардың сомалары олар өтелген немесе оларды банктің балансынан есептен шығарған кезде есептен шығарылады.
1865. Туынды қаржы құралдарын қайта бағалаудың оң айырмасы (бағамдық айырмасы) (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің туынды қаржы құралдарын қайта бағалаудың оң айырмасының (бағамдық айырмасының) сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің туынды қаржы құралдарын қайта бағалаудың оң айырмасының (бағамдық айырмасының) сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша кірістер есепшоттары бар корреспонденциядағы мәміленің аяқталу сәтіндегі туынды қаржы құралдарын қайта бағалаудан (бағамдық айырмадан) болған оң айырманың сомалары есептен шығарылады.
1867. Банктік емес қызмет бойынша өзге дебиторлар (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің шаруашылық қызметі бойынша, сондай-ақ уақытша және кездейсоқ сипаты бар дебиторлық берешектің сомаларын, анықталмаған мақсаттағы, түскен сәтінде басқа баланстық есепшоттарға жазылуы мүмкін дебиторлық берешектің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің шаруашылық қызметі бойынша, сондай-ақ уақытша және кездейсоқ сипаты бар дебиторлық берешектің сомалары, анықталмаған мақсаттағы, түскен сәтінде басқа баланстық есепшоттарға жазылуы мүмкін дебиторлық берешектің сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша дебиторлық берешектің сомалары олар өтелген немесе шығындарды тиісті баланстық есепшотқа жатқызылған кезде есептен шығарылады.
1868. Банктің құжаттандырылған есеп айырысулар бойынша есептелген сыйақысы (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің құжаттандырылған есеп айырысулар бойынша есептелген сыйақысының сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің құжаттандырылған есеп айырысулар бойынша есептелген сыйақысының сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша құжаттандырылған есеп айырысулар бойынша есептелген сыйақының сомалары олар төленген немесе төлеу мерзімі асып кеткен кезде есептен шығарылады.
1869. Банктің берілген кепілдіктер бойынша көрсеткен қызметі үшін есептелген сыйақы (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің берілген кепілдіктер бойынша көрсеткен қызметі үшін есептелген сыйақы сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің берілген кепілдіктер бойынша көрсеткен қызметі үшін есептелген сыйақы сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша берілген кепілдіктер бойынша көрсеткен қызметі үшін есептелген сыйақы сомалары олар төленген немесе төлеу мерзімі асып кеткен кезде есептен шығарылады.
1870. Банктің басқа транзиттік есепшоттары (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің анықталғаннан кейін есептен шығарылатын транзиттік есепшоттарындағы өзге ақша сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің транзиттік есепшотына түскен өзге де ақша сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің транзиттік есепшотынан өзге ақша сомалары оларды банк тиісті баланстық есепшоттарға бөлген кезде есептен шығарылады.
1871. Банктің құжаттандырылған есеп айырысу бойынша мерзімі өткен сыйақысы (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің құжаттандырылған есеп айырысулар бойынша мерзімі өткен сыйақысының сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің құжаттандырылған есеп айырысулар бойынша мерзімі өткен сыйақысының сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша құжаттандырылған есеп айырысулар бойынша мерзімі өткен сыйақысының сомалары олар төленген немесе оларды банктің балансынан есептен шығарған кезде есептен шығарылады.
1872. Банктің берілген кепілдіктер бойынша көрсеткен қызметі үшін мерзімі өткен сыйақысы (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің берілген кепілдіктер бойынша көрсеткен қызметі үшін мерзімі өткен сыйақы сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің берілген кепілдіктер бойынша көрсеткен қызметі үшін мерзімі өткен сыйақы сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша берілген кепілдіктер бойынша көрсетілген қызмет үшін мерзімі өткен сыйақы сомалары олар төленген немесе оларды банктің балансынан есептен шығарған кезде есептен шығарылады.
1873. Банктің тазартылған қымбат металдар бойынша қысқа позициясы (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің тазартылған қымбат металдар түріндегі міндеттемелерінің оның тазартылған қымбат металдар түріндегі активтерінен асқан сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банк сатқан немесе жұмсаған тазартылған қымбат металдардың құны жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша тазартылған қымбат металдар бойынша банктің тазартылған қымбат металдар сатып алуы есебінен қысқа позиция жабылады.
1874. Тазартылған қымбат металдардың теңгемен көрсетілген қарсы құны (тазартылған қымбат металдар бойынша ұзақ позицияның) (актив).
Есепшоттың мақсаты: Тазартылған қымбат металдардың N 2872 баланстық есепшотта есепке алынған қарсы құнының сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банк сатып алған тазартылған қымбат металдардың қарсы құнының сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша тазартылған қымбат металдардың қарсы құнының сомалары банктің тазартылған қымбат металдарды сатуы есебінен ұзақ олар бойынша позицияны жабу кезінде есептен шығарылады.
1875. Шартты міндеттемелер бойынша шығындарды өтеуге арналған арнайы резервтер (провизиялар) (қарсы актив).
Есепшоттың мақсаты: Шартты міндеттемелер бойынша шығындарды өтеуге арналған арнайы резервтердің (провизиялардың сомаларын) есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша шартты міндеттемелер бойынша шығындарды өтеу үшін құрылған арнайы резервтердің (провизиялардың) сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша құрылған арнайы резервтердің (провизиялардың) сомалары олар жойылған немесе банк баланстан есептен шығарған кезде есептен шығарылады.
1876. Өзге де банктік қызметтің шығындарын өтеуге арналған арнайы резервтер (провизиялар) (қарсы актив).
Есепшоттың мақсаты: өзге де банктік қызметтің шығындарын өтеуге арналған арнайы резервтердің (провизиялардың) сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша өзге де банктік қызметтің шығындарын өтеу үшін құрылған арнайы резервтердің (провизиялардың) сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша құрылған арнайы резервтердің (провизиялардың) сомалары олар жойылған немесе банк баланстан есептен шығарған кезде есептен шығарылады.
1877. Банктік қызметке байланысты дебиторлық берешек бойынша шығындарды өтеуге арналған арнайы резервтер (провизиялар) (қарсы актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктік қызметке байланысты дебиторлық берешек бойынша шығындарды өтеуге арналған арнайы резервтердің (провизиялардың) сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша дебиторлық берешек бойынша шығындарды өтеуге арналған арнайы резервтердің (провизиялардың) сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша құрылған арнайы резервтердің (провизиялардың) сомалары олар жойылған немесе олар дебиторлық берешектің балансынан есептен шығарылған кезде есептен шығарылады.
1878. Банктік емес қызметке байланысты дебиторлық берешек бойынша шығындарды өтеуге арналған арнайы резервтер (провизиялар) (қарсы актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктік емес қызметке байланысты дебиторлық берешек бойынша шығындарды өтеуге арналған арнайы резервтердің (провизиялардың) сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктік емес қызметке байланысты дебиторлық берешек бойынша шығындарды өтеу үшін құрылған арнайы резервтердің (провизиялардың) сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша құрылған арнайы резервтердің (провизиялардың) сомалары оларды банк жойған немесе олар дебиторлық берешектің балансынан есептен шығарылған кезде есептен шығарылады.
1891. Фьючерс операциялары бойынша талаптар (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің фьючерс операциялары бойынша дебиторлық берешегінің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің фьючерс операцияларын жасау нәтижесінде құралған дебиторлық берешегінің сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің құралған дебиторлық берешегінің сомалары оларды клиент төлеген немесе банктің балансынан есептен шығарылған кезде есептен шығарылады.
1892. Форвард/спот операциялары бойынша талаптар (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің форвард/спот операциялары бойынша дебиторлық берешегінің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің форвард/спот операцияларын жасау нәтижесінде құралған дебиторлық берешегінің сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша құралған дебиторлық берешектің сомалары оларды клиент төлеген немесе банктің балансынан есептен шығарылған кезде есептен шығарылады.
1893. Опциондық операциялар бойынша талаптар (актив).
Есепшоттың дебеті бойынша банктің опциондық операциялар жасау нәтижесінде құралған дебиторлық берешегінің сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша құралған дебиторлық берешектің сомалары оларды клиент төлеген немесе банктің балансынан есептен шығарылған кезде есептен шығарылады.
2011. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің корреспонденттік есепшоттары (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банкте ашылған корреспонденттік есепшоттарындағы ақшасының сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банкте ашылған корреспонденттік есепшотына түскен ақша сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банкте ашылған корреспонденттік есепшотынан ақша сомалары есептен шығарылады.
2012. Шетелдік орталық банктердің корреспонденттік есепшоттары (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Шетелдік орталық банктердің банкте ашылған корреспонденттік есепшоттарындағы ақша сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша шетелдік орталық банктің банкте ашылған корреспонденттік есепшотына түскен ақша сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша шетелдік орталық банктің банкте ашылған корреспонденттік есепшотынан ақша сомалары есептен шығарылады.
2013. Басқа банктердің корреспонденттік есепшоттары (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Корреспондент банктердің банкте ашылған корреспонденттік есепшоттарындағы ақша сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша корреспондент банктің банкте ашылған корреспонденттік есепшотына түскен ақша сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша корреспондент банктің банкте ашылған корреспонденттік есепшотынан ақша сомалары есептен шығарылады.
2014. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік есепшоттары (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банкте ашылған корреспонденттік есепшоттарындағы ақша сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банкте ашылған корреспонденттік есепшотына түскен ақша сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банкте ашылған корреспонденттік есепшотынан ақша сомалары есептен шығарылады.
2021. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талап еткенге дейінгі салымдары (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банк Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінен банктік салым шарты бойынша қабылдаған талап еткенге дейінгі салымдар сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банк Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінен банктік салым шарты бойынша қабылдаған талап еткенге дейінгі салымдар сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша қабылданған талап еткенге дейінгі сомалар оларды банк қайтарған кезде есептен шығарылады.
2022. Шетелдік орталық банктердің талап еткенге дейінгі салымдары (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банк басқа банктерден банктік салым шарты бойынша қабылдаған талап еткенге дейінгі салымдар сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банк басқа банктерден банктік салым шарты бойынша қабылдаған талап еткенге дейінгі салымдар сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша қабылданған талап еткенге дейінгі салымдар сомалары оларды банк қайтарған кезде есептен шығарылады.
2023. Басқа банктердің талап еткенге дейінгі салымдары (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банк басқа банктерден банктік салым шарты бойынша қабылдаған талап еткенге дейінгі салымдар сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банк басқа банктерден банктік салым шарты бойынша қабылдаған талап еткенге дейінгі салымдар сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша қабылданған талап еткенге дейінгі салымдар сомалары оларды банк қайтарған кезде есептен шығарылады.
2024. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың талап еткенге дейінгі салымдары (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан банк банктік салым шарты бойынша қабылдаған талап еткенге дейінгі салымдар сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан банк қабылдаған талап еткенге дейінгі салымдар сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша қабылданған талап еткенге дейінгі салымдар сомалары оларды банк қайтарған кезде есептен шығарылады.
2034. Қазақстан Республикасының үкіметінен алынған қысқа мерзімді заемдар (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің Қазақстан Республикасының үкіметінен бір жылды қоса алғандағы мерзімге банк алған қысқа мерзімді заемдардың сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша Қазақстан Республикасының үкіметінен алынған қысқа мерзімді заемдардың сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша алынған қысқа мерзімді заемдардың сомалары оларды банк өтеген кезде есептен шығарылады.
2036. Қазақстан Республикасының үкіметінен алынған ұзақ мерзімді заемдар (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің Қазақстан Республикасының үкіметінен бір жылдан астам мерзімге банк алған заемдардың сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің Қазақстан Республикасының үкіметінен алған ұзақ мерзімді заемдардың сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша алынған ұзақ мерзімді заемдардың сомалары оларды банк өтеген кезде есептен шығарылады.
2038. Банктің Қазақстан Республикасының үкіметінен алған заемдар бойынша мерзімі өткен берешегі (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің Қазақстан Республикасының үкіметінен алған заемдар бойынша мерзімі өткен берешегінің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша Қазақстан Республикасының үкіметінен алған заемдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша банктің мерзімі өткен берешегінің сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша алынған заемдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша банктің мерзімі өткен берешегінің сомалары оларды банк өтеген кезде есептен шығарылады.